Түрік тілі 1 (A1 деңгейі)

  • Курстың мақсаты - студенттің түрік тілінің әліппесін үйренуі. Амандасу, қоштасу, танысу секілді қарапайым күнделікті кездесетін сөздерді қолдана алады. Өзін және отбасы мүшелерін таныстыра алады. Дүние жүзіндегі елдер мен ұлттар түрікше қалай аталуын үйренеді. Ай және апта атаулары, жыл мезгілдерін айта алады. Сағат сұрай алады. Сонымен қатар түрік тілі пәні бойынша жеңіл грамматикалық құрылыстарды, жаттаған сөздер мен сөз тіркестерін қолдана алады. Оңай тақырыптарда қысқаша сөйлеу, өзі жайында айту, өтініш сұрау, сұрақ қою, сонымен қатар өзі және басқалар туралы айту, олар не істейтіні, қайда тұратыны жайлы хабарласу дағдыларын қалыптастырады. Түрік тілінің грамматикасы, ерекшеліктері туралы білімдерін нығайтады, оны тілдік қолданыста пайдалана алады. Студенттер түрік тілінде еркін тақырыпта сөйлем құрап ойын еркін жеткізе алады.
  • Несиелер 3
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 1
Top