Көлік техникасының сенімділігі

  • Мақсаты: студенттердің сенімділік теориясы әдістерімен автомобиль көлігінің қолданбалы мәселелерін шешу кезінде ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және беру әдістері туралы білімдердіңқалыптасуы. Мазмұны: Автомобиль көлігіндегі сенімділіктің мәні, рөлі және орны. Сенімділіктің негізгі мәселелері және оларды шешу жолдары. Сенімділік теориясы тоқтаулардың пайда болу заңдылықтарын зерттейтін ғылым ретінде. Объектінің әртүрлі күйлері және оның сенімділігін анықтау әдістері. Тоқтаулардың пайда болу заңдылықтары. Объектінің өмірлік циклі. Пайдалану кезінде объектінің сенімділігін сүйемелдеу. Автокөліктер-дің сенімділігін бағалау, ақпарат жинау және талдау. Сенімділіктің негізгі көрсеткіштері мен сипаттамалары. Машиналардың сенімділігі туралы ақпарат алу. Кездейсоқ шамалардың таралу заңдары. Күрделі жүйелердің сенімділік негіздері.
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 4
  • Семестр 2
Top