Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Автокөлік кәсіпорындарын жобалау
-
Мақсаты: болашақ автомобиль көлігі инженеріне өндірістік процестерді қарқындату мен ресурс үнемдеуді ескере отырып, автомобиль көлігі кәсіпорындарының өндірістік - техникалық базасын жетілдіру және дамыту міндеттерін шешу үшін білім мен практикалық дағдылар беру. Мазмұны: Өндірістік-техникалық база (ПТБ) және АКК жобалау тәртібі. АКК өндірістік бағдарламасын, жұмыс көлемін және жұмысшылар санын есептеу әдістемесі. Автомобильдердің ТҚК және АЖ бекеттері мен желілерінің санын есептеу әдістемесі. Автомобильдің ТҚК және АЖ өндірістік процестерін механикаландыру. Өндірістік-қойма үй-жайлары мен автомобильдерді сақтау (тұрақ) аймақтарының аудандарын есептеу. Өндірістік аймақтар мен учаскелерді технологиялық жоспарлау. АКК жалпы жоспары. Жобаларды техникалық-экономикалық бағалау.
-
Образовательная программа 6B07130 Көлік, көліктік техника және технологиялар
-
Несиелер 6
-
Оқу жылы 4
-
Семестр 2