Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01705 Қазақ, орыс тілдері мен әдебиеті в Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Пәндер

  • Филологияға кіріспе

    Бұл пән тіл білімі мен әдебиеттану дамуының негізгі кезеңдерінің пайда болуы мен қызмет ету тарихын қарастырады; тіл білімі мен әдебиеттану туралы идеяны тілдік және әдеби пәндердің жиынтығы ретінде қалыптастырады; қазіргі филологияның негізгі объектілерімен таныстырады; Бұл базалық пән, филологтың негізгі концептуалды аппаратын қалыптастыруға және тіл мен әдебиет ғылымының ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Пәнаралық білім беру модулі (Қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік негіздері, Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, Экология және өмір қауіпсіздігі)

    Модуль пәндері қаржы өнімдерін тұтыну кезінде туындайтын мәселелердің ықтималдығын азайту мақсатында қаржылық сауаттылық бойынша, кәсіпкерлік қызмет негіздері, экономикалық ойлауды қалыптастыру және өз ісін құру, құқық негіздері, құқықтық өзін-өзі тануды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, экология және экологиялық мәдениет негіздері, тіршілік қауіпсіздігі бойынша білім алушылардың білімі мен дағдыларын игеруіне арналған

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі орыс тілінің фонетикасы мен лексикологиясы

    Бұл пән қазіргі орыс тілінің фонетикалық жүйесін қарастырады, артикуляциялық, жүйелік-құрылымдық және функционалдық көзқарастар тұрғысынан тілдің фонетикалық бірліктерін сипаттайды, фонетикалық теорияның негізгі бағыттарымен таныстырады, интонация түсінігі мен ерекшеліктерін зерттейді, ауызша, ішкі және жазбаша сөйлеу арасындағы тығыз байланысты ашады, филолог студенттердің ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін жетілдіруге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы

    Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы курсын оқытудағы мақсат педагогикалық бағыттағы білім алушылардың білімін профильдеу. Әртүрлі жастағы оқушылардың анатомо-физиологиялық жүйелерінің даму заңдылықтары туралы білімді қалыптастырады. Физиологиялық дамудың жас ерекшелік заңдылықтарын білу, даму заңдылықтарының заманауи проблемаларына сүйене отырып, оқу процесін, оқыту гигиенасын ұйымдастыру, оқытуда психологиялық мәселені қалыптастыру мәселелерін үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Педагогика

    Пәнді оқу барысында адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың алатын орны, оның зерттеу пәні және негізгі ұғымдары туралы айтылады. Педагогикалық үдерістің құрамды компоненттері, мәні мен оларды жүзеге асыру заңдылықтары, қағидалары, формалары және әдіс-тәсілдері, құралдары, ерекшелігі баяндалады. Бүгінгі педагогика ғылымындағы адам капиталын қалыптастырудағы басты талаптар мен мәселелер, инновациялық технологиялар, білім беру жүйесін басқару қағидалары меңгертіледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Инклюзивті білім беру

    Пән білім алушыларға инклюзивті білім берудің негізгі міндеттері, ерекшеліктері мен принциптері ұғымдарын меңгеруге, жинақталған халықаралық тәжірибені жинақтауға, инклюзивті білім берудің даму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Пәннің мазмұнында "Білім баршаға" бағдарламалары, Қазақстандағы инклюзивті білім беру мәселелері, мемлекеттік бағдарлама негізінде инклюзивті білім беруде инновациялық тәсілдерді іске асыру жолдары қарастырылған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы

    Пән фонетикалық және лексикалық жүйелер және олардың тілдің басқа деңгейлерімен байланысы туралы түсінік қалыптастырады; қазақ тілі фонемаларының құрамы мен сапасын зерттейді; қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, фонологиясы, лексикасы мен фразеологиясы туралы түсініктерді ашады; Қазіргі лексикография деректерін пайдалануды ескере отырып, бұл бірліктерді зерттейді; Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық және лексикалық жүйесінің даму тенденциялары мен болашағын қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Халық ауыз әдебиеті

    Бұл пән халықтың фольклорлық мұраларды терең, жан-жақты таныстыруды мақсат етеді, фольклор мен халық ауыз әдебиеті атауларының мағыналық айырым жігі, фольклордың салалары, жанрлық түрлері, ерекшелігі, салыстырмалы-салғастырмалы негізі, бастау арналары зертеледі. Фольклорды жаңаша бағытта зерттей отырып, фольклористиканың тарихын, теориясын жаңаша көзқарас тұрғысынан қарастырады. Фольклорды синкертті сала ретінде танып, эстетикалық, тәрбиелік, утилитарлық қызметтерін айқындап, әдебиеттану саласының жаңа бағыты ретінде қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Нормативті қазақ тілі

    Нормативті қазақ тілі курсы тіл, әдебиет мамандарын дайындау үшін оқылатын лингвистикалық пәндердің негізгісі болып есептеледі. Курс бүгінгі күні жалпыхалық қолданып жүрген қазақ әдеби тілінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жүйесін ғылыми-теориялық негізін танытуды міндет етеді. Бұл ғылыми-теориялық негіз маманға тілдегі барлық фактілерді,құбылыс,процестердідұрыс танып, еркін түсіндіруге мүмкіндік береді, сондықтан «Нормативті қазақ тілі» курсы іргелі, практикалық сипатта оқытылады. Бұл курс берген білім қазақ тілінің тарихын, түрлі стильдік, функционалды жанрларын, оқыту әдістемесін орфоэпия, емле, пунктуация т.б. мәселеріне арналған пәндерді оқып, меңгеруіне тірек болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ежелгі дәуірден ХІХ ғасырға дейінгі орыс әдебиеті тарихы

    Бұл пән ежелгі орыс әдебиетінің тарихын 19 ғасырға дейінгі дамуының бастапқы кезеңі ретінде қалыптастырады; осы кезеңдегі әдебиеттердегі әдеби бағыттар мен ағымдардың жұмыс істеу ерекшеліктерімен таныстырады; орыс әдебиетінің басқа кезеңдерімен байланысын көрсетеді; зерттелген дәуірлердің, әдеби бағыттардың көркем туындыларын талдау, салыстыру дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы

    «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы» пәні қазіргі қазақ әдеби тілінің сөзжасамдық және морфологиялық жүйесі туралы, қазақ тілінің қазіргі даму кезеңінде бұл жүйенің қызметі туралы түсініктер қалыптастырады. Сөздің құрамын, оның түрлерін және сөздің лексикалық-грамматикалық топтарын меңгертеді. Сөйлем мүшелерінің жүйесін,қазіргі қазақ тіліндегі қалыптасу және сөз өзгерістерінің жолдарын, сөйлемдегі және мәтіндегі грамматикалық формалардың қызметін таныстырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Оқу курсы ғылыми зерттеудің мазмұны мен әдістері, академиялық жазу және академиялық адалдық туралы жүйелі түсініктерді қалыптастыруға, түрлі салаларда зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін білім, дағды, технологиялар мен әдістерді игеруге бағытталған. Пән бағдарламасы ғылыми зерттеу тақырыбын, мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды; теориялық және эксперименттік зерттеулердің әдіснамасын зерделеу; зерттеулерді талдау және тұжырымдар мен ұсыныстар беруді қамтиды. Ғылыми зерттеулердің енгізілуі мен тиімділігіне, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және оқуды бітіру жұмыстарын рәсімдеу ережелеріне көп көңіл бөлінеді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ұлттық руханият

    Курс рухани құндылықтар жүйесін, қазақтың ұлттық болмысын, руханияттың этномәдени бастауларын, ұлттық сананы, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, дүниетанымды, діни шыдамдылықты, салт-дәстүрлерді, өнерді, әдебиетті, ұлттық тәрбиені, дәстүрлі мәдениетті, жоғары сананы тәрбиелейтін рухани мұраны зерттейді. Пән әлемдік және жалпыадамзаттық құндылықтарды, халықтық дәстүрлерді, ата-баба мұрасын құрметтеу рухында тәрбиеленген рухани-адамгершілік тұлғаны қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазіргі орыс тілінің сөзжасамы мен морфологиясы

    Бұл пән сөзжасам мен морфологияның негізгі терминдеріне сипаттама береді, сөз туралы грамматикалық ілім ретінде морфемиканы сипаттайды; морфология саласы бойынша теориялық білім беріп, сол теориялық түсінікті пайдаланып, тілдік элементтердің құрылымдық ерекшеліктерін талдаулар жасау арқылы ерікін пайымдай алатындай дәрежеде білім беру,туынды сөз бен сөздің құрылымын сипаттау үшін морфемалық, сөзжасамдық, диахрондық, морфологиялық талдаулар рәсімдерінің ерекшеліктерін ашады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Орыс тілі мен әдебиетін оқытудың инновациялық технологиялары

    Бұл пән оқытудың инновациялық әдістерінің міндеттерін қарастырады. Оқытудың белсенді және интерактивті әдістерінің теориялық және практикалық негіздерін сипаттайды. Белсенді және интерактивті оқыту мазмұнын зерделейді. Оқытудың әртүрлі интерактивті әдістерінің мәнін ашады. Оқу процесінде интерактивті оқыту әдістерін тиімді пайдалану туралы ақпаратты қамтиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ежелгі дәуірден ХІХ ғасырға дейінгі қазақ әдебиетінің тарихы

    Пән қазақ әдебиетінің ежелгі және орта ғасырлардағы тарихы қарастырады, заманымыздан бұрынғы сақ, ғұн, түркі әдебиеті мұралары, тұлғалары зерттеліп, ескі ескерткіштерге мәтіндік негізде жұмыстар жүргізеді. Аталған дәуірдің бағыттары, бөлімдері негізінде ғылыми-филологиялық талдаулар жасалып, көне түркілік көркем сөзбен өрнектелген ой-жүйені, олардың тағылымдық қасиетін ұғынады. Пәнді игеру барысында студенттер әдебиетіміздің көне қатпары – сақ-ғұн-түркі дәуіріндегі үлгілерімен танысады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі

    Бұл пән қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін қарастырады; Оқыту технологияларымен, сабақтың формалары мен түрлерімен, оқыту әдістерімен таныстырады. Қазақ тілі мен әдебиетін оқуға қызығушылықты оятатын заманауи білім беру технологияларын саналы түрде таңдауды жүзеге асыруғ адайындайды; қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тұжырымдамалық-әдістемелік тәсілдеріне тұтас көзқарас қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі

    «Орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні орыс тілінің оқыту әдістемесінің мазмұны мен құрылымын қарастырады.Мектептегі орыс тілі мен әдебиеті курсының мазмұны мен құрылымын сипаттайды. Орта мектептердегі орыс тілі мен әдебиетін оқытуда қолданылатын негізгі әдістер мен тәсілдерді меңгертеді. Күнтізбелік-тақырыптық және сабақ жоспарларының, сабақтың конспектілік жоспарларының құрылу ерекшеліктерін, сабаққа қажетті дидактикалық материалдарды, оқытудың әдіс-тәсілдерін қалай іріктеу керектігін айқындап береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық

    "Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық" пәні білім беру жүйесіндегі негізделген қажеттілік ретінде еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап береді, нақты жағдайларды талдау және диагностикалау дағдыларын дамытады. Пәнді оқытудың мақсаты білім берудегі көшбасшылықты ұйымды басқару құралы ретінде қолдану аясында қарастыруға негізделген және болашақ мамандардың көшбасшылық әлеуетін психологиялық-педагогикалық құрал ретінде дамытуға, болашақ білім беру көшбасшысы ретіндегі білім алушының рефлексивті құзыреттілігін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу барысында білім алушы ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер қабылдау дағдыларын меңгереді, білім берудегі барлық мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынас жасау дағдылары қалыптасады және жетілдіріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары

    Оқу-тәрбие процесінде білім алушылардың білім деңгейін анықтауда критериалды бағалаудың маңызы ерекше. Білім беру процесінде білім алушылардың білім көрсеткішін арттырумен қатар олардың жеке тұлғалық қасиеттері мен құзыреттіліктеріне, қоршаған ортада қарым-қатынас жасай білу қабілеттіліктеріне, өзін-өзі жетілдіру бағыттарына да үлкен мән беру қажет. Критериалды бағалау алдын ала белгілі өлшемдерге сәйкес білім алушының жеке оқуын түзетуге мүмкүндік беруді, оқу мақсаттарына сәйкес күтілетін нәтижеге жетуде білім алушылардың білімін бағалауды қамтиды. Критериалды бағалау сабақтың барлық кезеңінде жүзеге асырылып, интерактивті оқытудың ұжымдық, топтық, жұптық түрлерінің барлығына өз тиімділігін көрсетеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі ІТ және цифрлық ресурстар

    Пәннің мақсаты - қоғамда бәсекеге қабілетті, әрі цифрлық сауаттылығы қалыптасқан тұлғаны қалыптастыру, болашақ педагогтерге заманауи жаңа цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін қашықтықтан оқытуда пайдалануды меңгерту. Жаһандану заманында цифрлық қоғам мен білім беруді цифрландыру және электрондық оқыту (e-learning) жүйесін педагогтердің қашықтықтан білім беру біліктілігін арттырады, педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығы қалыптасады, онлайн интерактивтік дәрістерді, инновациялық технологияларды, жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үрдісіне қолдана алады. Электрондық портфолионы толтыру алгоритмін үйренеді, электрондық оқыту жүйесінің платформаларымен жұмыс жасау деңгейі қалыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • ХХ-ХХІ ғ. басындағы қазақ әдебиеті

    Бұл курста студенттер ХХ - ХХІ ғасырдың басындағы әдеби мұра,басты өкілдерінің шығармашылық ғұмырбаянымен танысады. Діни-ағартушылық, ағартушы-демократтық, азатшылдық ағым, ҰОС және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиет, 60-80 жылдардағы, тәуелсіздік жылдардағы қазақ әдебиеті бағыттары, басты өкілдері қарастырылады. Студенттер ғасыр басындағы қоғамдық-әлеуметтік басты мәселелердің көркем шығармаларда көрініс табу заңдылығын тануды үйренеді, тарихи шындықтың көркем шындыққа айналу процесімен танысады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі білім беру кеңістігіндегі билингвизм

    Пән билингвизм мәнін түсінуді, оның пайда болуын, қазіргі білім беру кеңістігінде қостілді тұлғаның дамуын және қызмет етуін қарастырады. Оның типологиялық сипаттамасымен, қостілділіктегі (қазақ, орыс) өзара әрекеттесу үдерістерімен таныстырады. Билингвизмнің қалыптасуы мен қызмет етуінде ана тілінің рөлі мен орнын ашып көрсетеді. Билингвизмнің қалыптасуында тілдік, мәдени, психологиялық және әлеуметтік механизмдерін зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • ХХ-ХХІ ғ. басындағы орыс әдебиеті

    Пәннің мақсаты - ХХ-ХХІ ғ. басы аралығындағы әдеби процестің заңдылықтары мен дамуы туралы түсінік қалыптастыру; тарихи-мәдени процесс контекстінде жаңа типтегі көркем шығарманы талдау дағдыларын, қазіргі дәуірдің жаңа әдебиеттерін талдау және түсіндіру үшін терминдер мен ұғымдардың тұжырымдамалық аппаратын қалыптастыру; зерттелетін кезеңдегі орыс әдебиетіндегі негізгі идеологиялық және эстетикалық бағыттарды көрсету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілі мен әдебиетін жаңартылған білім бағдарламасы бойынша оқыту әдістемесі

    Пән қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың қазіргі технологиясы, әдіс-тәсілдер, жаңа сабақ үлгілерін қарастырады. Жаңартылған тиімді әдістері бойынша білім беруді көздейді; қазақ тілі мен әдебиеті бойынша игерген білімдерін бақылау және бағалау негіздерін игертеді, оқу дағдыларын қалыптастырады., Бірлесіп әрекет ету, түрлі жабдықтар мен құралдарды пайдалану арқылы жаңартылған білім бағдарламаларын қолдану дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Стилистика және тіл мәдениеті

    «Стилистика және тіл мәдениеті» ғылымының теориялық, қолданбалы, прагматикалық негіздерімен таныстыра отырып, қазақ әдеби тілінің мәдениеті мен стилистикалық құралдары, стильдік тармақтары туралы мәлімет беріледі. Стиль түрлерін ажыратудың жолдарын оқытып, меңгертеді. Қазақ әдеби тілінің функциональды (мақсатты) стиль түрлері, классификациялау, дәстүрлі классификация, жалпы және жеке тіл біліміндегі бағыт-бағдары бойынша кең түрде мәлімет беріледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Аударма теориясының негіздері

    Пәннің мақсаты - студенттерді аударма теориясының негізгі ережелерімен таныстыру және осыған байланысты дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету. Пәнді менгеру барысында аударманың жалпы және жеке теориясының негізгі ережелерін, көркем аударма әдістерін, аударманың пәндік саласының терминологиясын біледі, мәтіннің түрі мен стилін ескере отырып, тілдік жұптағы сөздердің, грамматикалық құрылымдардың және сөйлеу фигураларының баламаларын анықтауды үйренеді және аударма жасау барысында жасанды интеллект мүмкіндіктерін қодана алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ-орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы

    Қазақ және орыс тілдерінің грамматикалық ерекшеліктері мен ұқсастықтары, олардың даму тарихы, жалпы проблемалары, дыбыс жүйесі, лексика, ауызша құрамы мен фразеологизмі туралы білім алған студенттер енді осы тілдік бірліктерді жазу, сөйлеу процесінде пайда болатын құбылыстармен танысады. Қазақ және орыс тілдерінің грамматикасы мен ұқсастықтарын, олардың даму тарихын, жалпы мәселелерін зерттейді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі

    Қазақ тілінің өзінің грамматикалық-синтаксистік жүйесі бар. Тіліміздің сөйлем жүйесін қарастыратын синтаксис саласы сөз тіркесі синтаксисі мен сөйлем синтаксисінде зерделенеді. Бұл екеуінің арасында табиғи байланыс сақталған. Сатылы құрылым –әуелі сөздер байланысынан тұратын тіркес, одан әрі сырттан болған әсерді тұтас ойға әкелетін құрылымға түсіреді. Яғни бұл курста зерттеу обьектісінің сипатына қарай синтаксис ілімі төрт салаға ( сөз және оның формасының синтаксисі, сөз тіркесі синтаксисі, сөйлем және мәтін синтаксисі) бөлініп қарастырылады. Нақтырақ айтқанда, сөздердің тіркесімдік қасиеттерін, сөз тіркесінің құрамын, сөйлемнің құрылу принциптерін, олардың түрлері мен жасалу жолдарын, мәтіндердің құралу ерекшеліктерін, құрамындағы сөйлемдердің байланысу заңдылықтарын түсіндіріп береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әдебиет теориясы

    Бұл пән студенттердің көркем әдебиеттің ерекшеліктері туралы білімдерін жүйелейді; әдеби шығармашылықтың, әдеби процестің генезисін қоғамдық-тарихи процестің ерекше бөлігі ретінде, оның динамикасын, әртүрлі әдіснамалық мектептер мен бағыттардың жетістіктерін қарастырады; «көркем әдіс», «жанр», «стиль», «әдіс» ұғымдарының пайда болуымен және эволюциясымен байланысты проблемалық мәселелерді зерттейді; әдебиеттану ғылымының тарихын тереңірек түсінуді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қазақ-орыс әдеби байланыстары (ХІХ ғ.)

    Орыс-қазақ әдеби қарым-қатынастарының даму заңдылықтарымен және ерекшеліктерімен таныстыру, қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуы мен дамуының жалпы көрінісін түсіну және дұрыс түсіну, оны көркемдік тәжірибемен және 19 ғасырдағы орыс әдебиетінің демократиялық дәстүрлерімен байыту. Курс типологиялық ортақтықты анықтау, көркем мәтіндерді талдау және түсіндіру, қазақ және орыс әдебиеттерінің байланысы мен бірлігін ажырату қабілетін қалыптастыруға тиіс.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мәдениетаралық коммуникация

    Пәннің мақсаты - мәдениетаралық коммуникацияның пайда болу тарихы мен тұжырымдамалық негіздерін зерттеу, мәдениетаралық коммуникацияның негізгі формаларын сақтау және өзге мәдениет өкілдерімен мәдениетаралық коммуникация негіздерін қалыптастыру. Пән студенттердің мәдениетаралық коммуникация, мәдениетаралық сана және «өзгелерді» мәдениетаралық сипатта түсіну құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қазіргі орыс тілінің синтаксисі

    Орыс тілінің қазіргі синтаксистік теориясының пікірталас мәселелерін қарастырады, синтаксисті зерттеудің пәні мен нысандарын сипаттауда дәстүрлі және қазіргі заманғы синтаксистік тұжырымдамалардың жан-жақты қамтылуын ұсынады; тіл мен сөйлеудің синтаксистік бірліктері; синтаксистік үйлесімділік пен синтаксистік әдіснаманың проблемасын ашады; сөз бен сөз тіркестерінің, қарапайым және күрделі сөйлемдердің, мәтіннің синтаксисі туралы ғылыми мәліметтерді қамтиды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жалпы тіл білімі

    Тіл ғылымындағы сабақтастық, оның дамуы жөніндегі қисыны, бірегейлігі мен көп аспектілігі туралы мәліметтермен танысып, жалпы тілдік функциялары мен тіл табиғатын, олардың қоғам өміріндегі рөлі мен мәселелерін, тілдерді зерттеу әдістерінің бүгінгі бағыттарын ажырата біледі, әлемдік тіл біліміндегі жетекші ғалымдардың еңбегімен танысады, жалпы және жеке тіл біліміне тән ортақ заңдылықтарды жобалауға, дайындауға үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Тіл білімі мен әдебиеттану саласы, әдебиет тарихы, менеджмент және көшбасшылық бойынша алдыңғы қатарлы білім элементтерін, түсінеді, көрсете біледі, оны кәсіби деңгейде қолданады.
  • Кәсіби бағыттағы филологиялық, педагогикалық білімдерін еңбек нарығындағы нақты сұраныстарға, инклюзивтік білім беру бағытында, экономикалық талаптарға сай кәсіпкерлік мақсатқа және бизнес, менеджмент салаларына құқықтық нормалар аясында пайдаланады және қолданады
  • Лингвистикалық бағыттағы және аймақтық, қазақ, орыс әдебиеті бойынша материалдарды жинаудың, аударматанудың, мәтінді қажетті деңгейде түсіндірудің базалық дағдыларын меңгереді.
  • Әдебиет тарихын, салғастырмалы тіл біліміне қатысты мәселелерді, оқылатын тілде әдеби көркем сөйлеу, осы тілдегі ауызша және жазбаша қарым-қатынастың негізгі әдістері мен тәсілдерін, бағалаудың өлшемдік технологияларын игереді.
  • Тіл білім және әдебиет тарихы, оқыту әдістемесі, оқытудың жаңа технологиялары бойынша озық ғылыми нәтижелерді игеріп, ақпараттық коммуникациялық технологияларды өзінің кәсіби қызметінде еркін қолданады.
  • Кәсіби қызметке және магистратурада оқуды жалғастыруға қажетті тіл білімі мен әдебиеттану, әдебиет теориясы бойынша жаңа білімді, ұлттық рухани құндылықтарды, тіл заңдылықтарын, жасанды интеллект жетістіктерін, құқық негіздері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет талаптарын, өмір қауіпсіздігі және жас ерекшелік физиологиясы негіздерін меңгереді.
  • Тіл білімі мен әдебиеттану қазіргі ғылыми парадигманың және оның даму динамикасы, зерттеулердің, ғылыми зерттеу негіздерінің әдіснамалық принциптері мен әдістемелік тәсілдерін, мәтінді қажетті деңгейде стилистикалық талаптарға сай түсіндірудің базалық дағдыларын игергендігін көрсете алады.
  • Өзін-өзі дамыту және кәсіпкерлік мансаптық дәрежеде өсу қағидаларын, өмір қауіпсіздігі ережелерін біледі, ұлттық рухани сипаттағы, филологиялық теориялық, әдеби байланыстар бойынша білімін терең, жан-жақты көрсете алады.
Top