Салыстырмалы әкімшілік жүйелер

  • Пәнді оқу нәтижесінде магистрант қабілетті болады: -қазіргі заманғы елдердің әртүрлі әкімшілік институттарының қызметтерінің ерекшеліктері, әкімшілік басқарудың қазіргі жүйесінің тиімділік стандарттарын, әкімшілік жүйе, оның құрылымы және қоршаған ортамен өзара байланыс принциптері (механизмдері) туралы терең қазіргі заманғы білімі мен түсінігін көрсете алу қабілеін иелену; -саяси-құқықтық институттар арасындағы ұқсастақтар мен айырмашылықтарын, АҚШ, Скандинавия, Батыс Еуропа, елдерінің әкімшілік жүйелерінің көрініс беретін жағдайларын, артықшылықтары мен ұстанымдарын анықтай алу; -саяси-құқықтық институттар арасындағы ұқсастақтар мен айырмашылықтарын, АҚШ, Шығыс елдерінің әкімшілік жүйелерінің көрініс беретін жағдайларын, артықшылықтары мен ұстанымдарын анықтай алу; -саяси-құқықтық институттар арасындағы ұқсастақтар мен айырмашылықтарын, АҚШ, Латын Америкасы елдерінің әкімшілік жүйелерінің көрініс беретін жағдайларын, артықшылықтары мен ұстанымдарын анықтай алу; -әлемдік тәжірибені ескере отырып ішкісаяси мәселелерді шешу дағдысына ие болу. Қазіргі әлем жағдайындағы әкімшілік жүйелерді салыстырмалы талдау осы жүйелердің қалыптасу мен қазіргі жағдайының тарихи ерекшеліктерін ескере отырып келешегі бар және тиімді әкімшілік жүйені анықтауға бағытталған. Басқарудың әкімшілік жүйесінің модельдерін ортақ мәдени, құқықтық және саяси дәстүрлер мен тәжірибелері бар мемлекеттер топтары арқылы қарастыру: англосаксондық модель, «наполеондық» елдер моделі; солтүстіктегі елдерге тән модель; «германдық» елдер моделі. Әкімшілік жүйелердің құрылымындағы, құрамдас бөліктерінің құқықтық жағдайындағы, ұйымдастыру формаларындағы және қызметтеріндегі айырмашылықтарын, орталық, аймақтық, жергілікті қоғамдық билік органдарының өзара қатынас сипатын, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау.
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 3
Top