Жаңа білім беру бағдарламасы

8D01504 Физика в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

  • Академиялық жазу

    Бітірушілерге ғылыми деректер қорында ақпаратты іздеуге, мәтіндерді талдауға және қорытындылауға, тұжырымдамалар мен дәлелдерді қолдау немесе теріске шығару үшін академиялық жазудың әртүрлі жанрларымен жұмыс істеуге байланысты кәсіби тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін академиялық жазу дағдыларын меңгеру. Бұған сілтемелерді дұрыс келтіріп, тізбелеп көрсету, сонымен қатар ғылыми және ғылыми-техникалық еңбектерге қысқа және қолжетімді формада стильдік талдау жүргізу де кіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Мақсаты: ғылыми зерттеу дағдыларын дамыту. Мазмұны: Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы, кезеңдері, тұжырымдамалық аппараты және жіктелуі. Жеке және арнайы әдістер, ғылыми зерттеулердің қателіктері. ҒЗЖ жоспарлау. Ғылыми ақпарат жинау. Ғылыми зерттеу этикасы. ҒЗЖ құрылымы. ҒЗЖ бағалаудың аналитикалық әдістері мен құралдары: ақпараттық технологиялар мен ресурстарды пайдалана отырып ҒЗЖ ұйымдастыру және басқару. Құзыреттілігі: ғылыми мақалаларды, докторлық диссертацияны дайындау дағдылары

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Физиканы оқыту әдістемесі және заманауи инновациялық технологиялар

    Мақсаты: Қазіргі заманғы физика ғылымының, сондай-ақ инновациялық технологияларды қолдана отырып пәннің жаңа білім мазмұнын жобалаудың, әдіснамалық мәселелерін талдау. Пәннің мазмұны: Орта кәсіптік білім беру мекемелерінде және әртүрлі бағыттағы сыныптарда физиканы оқытуда сандық және электрондық білім беру ресурстарын қолдану. Қалыптастырылатынқұзіреттіліктер: - физиканы оқытуда қазіргі ғылыми технологияларды қолдану.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі физикалық білімнің мазмұны

    Мақсаты: физикалық білімнің құрылымдық элементтерін және оны меңгерту әдістемесін талдау. Мазмұны: қазіргі физикалық білімнің мазмұнын меңгеруде болашақ мамандарды педагогикалық процесті ұйымдастыруға қажетті қазіргі заманғы әдістермен, практикалық іскерліктермен, дағдылармен қаруландыру. Пәнді оқыту барысында қазіргі физикалық білімнің мазмұнына талдау жасалады. Құзыреттер: физиканың жекелеген тақырыптарын оқыту әдістемесіне сипаттама береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Нанотехнологияның физикалық негіздерін оқыту әдістемесі

    Мақсаты: докторанттарды нанотехнологияның эксперименттік әдістерімен таныстыру. Мазмұны: нанотехнологияның жетістіктері және наноқұрылымды материалдарды зерттеу әдістері,сондай-ақ олардың физикалық негіздері зерделенеді. Өндірістің және медицинаның әртүрлі аумағында, жаратылыстану ғылымдары пәндерінің пәнаралық байланысын меңгеру барысында нанотехнологияның қолданылуы қарастырылады. Құзыреттер: нақты физикалық шарттарды ескере отырып, зерттеудіңмақсаты мен міндетін қоя білу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • физиканың заманауи бөлімдерінде және физиканы оқыту әдістемесінде пайдаланылатын зерттеу әдістерін қолдану шеберлігін көрсетеді;
  • дүниежүзілік тенденциялар мен жоғары білім беруді дамыту стратегияларын ескере отырып, ұлттық деңгейдегі жариялымдар арқылы физика саласындағы білімнің шекарасын кеңейтуге өзінің түпнұсқа зерттеулері арқылы өз үлесін қосады;
  • ғылыми және практикалық міндеттердің өзекті мәселелерін шешу әдістерін таңдайды;
  • физикалық пәндер бойынша зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;
  • білім беру және басқару қызметтерін тиімді ұсынады;
  • оқушылардың, студенттер мен магистранттардың эксперименттік қызметін ұйымдастыру бойынша физика мұғалімдерінің озық тәжірибелерін пайдалану;
  • жаңа технологиялардың, идеялардың, бағыттардың кең ауқымында бағдарлау және оларды өздерінің педагогикалық қызметінде пайдалануға дайын;
  • оқу процесін ағылшын тілінде BL форматта, соның ішінде online режимде ұйымдастыра алу; оқу процесін жоспарлау кезінде оқу нәтижелерін бағалау тәсілдерін қолдану әдістемесі мен тиімділігін анықтайды.
Top