Гидродинамика есептерін модельдеу

  • Пәннің мақсаты гидродинамика есептерін модельдеу саласы бойынша білім негізін және кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру, магистранттарды Comsol Multiphysics бағдарламалық кешенінің мүмкіндіктерімен таныстыру болып табылады. Сондай-ақ магистранттар гидродинамиканың проблемаларын модельдеуде негізгі аксиомалар, гипотезалар және заманауи тәсілдермен танысады; дифференциалдық теңдеулерді дискреттеудің айырымдық схемаларын алуды үйренеді. «Гидродинамика есептерін модельдеу» пәні магистранттарды өздігінен гидродинамика есептерінің математикалық және компьютерлік модельдерді құруға және оларға дұрыс шекаралық шарттарын қоюды үйретуге бағытталған. Магистранттар Comsol Multiphysics бағдарламалық пакетін пайдаланып Пуазейль ағысын, Куэт ағысын, кеуекті ортадағы бір фазалық ағыс, кеуекті ортадағы екі фазалық ағыстарды модельдеуді, сонымен қатар скаляр және векторлық өрістерді визуализациялауды, және алынған нәтижелерді талдау және оңтайландыруға есептер шығарады. Сонымен қатар бір-өлшемді тасымал теңдеулеріне бағдарлама жазуды үйренеді (конвекция және диффузия теңдеулерін пайдалануға арналған есептер). Ағыс және құйын сызықтарын шығаруға арналған классикалық каверна есебін қорытып шығарады.
  • Образовательная программа 7M05404 Механика
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 1
Top