Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Жерасты гидродинамикасы
-
Пәннің мақсаты жерасты гидродинамикасы саласы бойынша білім негізін және кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру, магистранттарға «Жер асты гидродинамикасы» негіздерін беру, оларды жер асты гидродинамикасының негізгі ұғымдары және тау жыныстарының сипаттамаларымен таныстыру, жерасты гидродинамикасының негізгі теңдеулерін қорытып шығаруды үйрету, негізгі аксиомалар, гипотезалар және жер асты гидродинамикасын модельдеудегі заманауи тәсілдермен таныстыру болып табылады. «Жерасты Гидродинамикасы» пәні арқылы магистранттар жерасты гидродинамикасы есептерінде кездесетін негізгі ұғымдар мен эффектілермен танысады, мысалы абсолюттік және эффективті кеуектілік, абсолютті және салыстырмалы өткізгіштік, дымқылдану, түрлі фазалардың қанықтырылу деңгейі, капиллярлық эффект т.б. Магистранттар аквиферлер/резервуарлардың математикалық және компьютерлік моделін құруды және ұңғыма маңындығы ағыстар, кеуекті ортада ластағыш заттардың таралуы, бір фазаны екінші фазамен ығыстыру, біртекті емес ортаның эффективті өткізгіштігін табу сияқты есептерге шекаралық шарттар қоюды үйренеді.
-
Образовательная программа 7M05404 Механика
-
Несиелер 5
-
Селективті тәртіп
-
Оқу жылы 1
-
Семестр 1