Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D07111 Ғарыштық техника және технологиялар в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Ғарыштық жүйелерді жобалау және пайдаланудың теориялық және әдістемелік негіздерін терең үйрену арқылы, сонымен қатар жақын салалар мен сандық технологиялар туралы білімдерін қолдана отырып, ғарыштық техника және технологиялар, білім салаларында инновациялық қызметке қабілетті; жаңа тұжырымдамалы білім құруға, оны мамандарға дәлелді түрде баяндауға және ғылыми ізденістер қорытындыларын жоғарғы рейтінгілі халықаралық журналдарға мақала түрінде рәсімдеуге қабілетті, жоғарғы білікті ғылыми және ғылыми педагогикалық мамандарды дайындау.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D107 Ғарыштық инженерия

Пәндер

  • Академиялық жазу

    Мақсаты: докторанттарда ғылыми-педагогикалық кадрлардың жеке зерттеу жобаларын, бағдарламаларын жүргізу, олардың нәтижелерін Қазақстан Республикасы және халықаралық академиялық қоғамның заңнамалық нормаларына сәйкес жазбаша түрде көрсету, мемлекеттік және шет тілдерінде жарияланым жасау бесенділігін көрсету қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған сәйкес кәсіби құзыреттіліктерін дамыту болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Ғарыштық аппаратты жобалау және миссиясын жасау

    Пәннің мақсаты: ғарыштық миссияларды әзірлеу және орындау бойынша білім қалыптастыру. Қазақстанның ғарыш саласының мәселелерін шешуде және ғылыми жобаларды әзірлеуде жүйелі дағдыларды қалыптастыру; халықаралық ғарыш миссиялары және жаңа ғарыш жүйелерін пайдалану туралы білім беру; ғарыш саласының перспективалық технологияларын талдау және әртүрлі мақсаттағы ғарыш аппараттары бағдарламаларының жобаларын әзірлеу қабілетін дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғарыш аппаратын басқарудың жердегі автоматтандырылған кешені

    Пәннің мақсаты: ғарыштық жүйелердің жерүсті сегменттерін басқару және жерүсті ғарыш аппараттарын басқаратын жерүсті станцияларын жасау дағдыларын меңгеру. Автоматтандырылған кешенді жобалауды, радиобайланыс бюджетін есептеуді, жабдықты және бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдауды, арна байланысын модельдеуді, сигналдармен жұмыс істеуді және SDR технологияларын қолдануды қамтиды. Докторанттар электрмен жабдықтау жүйелерін әзірлеуді, ұшуларды имитациялауды және ғарыш аппараттарымен ақпарат алмасуды қамтамасыз етуді үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қолданбалы есептердегі серіктік мәліметтерді өңдеу және талдау әдістері

    Пәннің мақсаты: әртүрлі қолданбалы және ғылыми салаларда қолдану үшін серіктік мәліметтерді өңдеу және талдаудың заманауи әдістерін меңгеру. Докторанттар заманауи әдістер мен құралдарды пайдалана отырып, серіктік деректерді өңдей алады, нәтижелерді талдайды және құнды ақпаратты алады, әртүрлі салалардағы мәселелерді шешу үшін спутниктік деректерді қолдана алады және спутниктік деректер негізінде жоғары сапалы ғылыми зерттеулерді әзірлейді және жүргізеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жаһандық позициялау жүйелері

    Пәннің мақсаты: докторанттардың жаһандық объектілерді, оның ішінде ғарыш аппараттарын позициялау жүйелерінің заманауи әдістері мен құралдары туралы білімдерін қалыптастыру. Докторанттар заманауи жаһандық навигациялық жүйелердің алгоритмдері мен құралдарын, серіктік позициялаудың заманауи технологияларын оқиды; жаһандық позициялау мәселелері үшін қажетті алгоритмдер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуді үйренеді; серіктік позициялау жүйелерінің жеке құрамдас бөліктерін жобалауға; әзірленген серіктік позициялау бағдарламаларын тексеруді жүзеге асыруға қабілетті болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сызықсыз жүйелерді басқаруды жобалау

    Пәннің мақсаты: сызықсыз басқару жүйелерін талдау және жобалау қабылеттерін қалыптастыру. Қарастырылатын мәселелер: сызықты және сызықсыз жүйелер, кері байланыстар, динамикалық объектілердің теңдеулері және оны сызықты түрге келтіру, жүйелердің басқарылуын, бақыланымдығын және орнықтылығын зерттеу, басқару жүйесін синтездеудің модальды әдістері, LQR тиімділік әдістері, сызықты және сызықсыз басқару жүйелерін талдауға компьютерлік модельдеу орталарын пайдалану.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғарыш аппараттының ұшуын басқару

    Пәннің мақсаты: докторанттардың әр түрлі мақсаттардағы ғарыш аппараттарын ұшыруды басқарудың теориялық және практикалық негіздері туралы білімдерін қалыптастыру, басқару жүйелерінің негізгі мәселелерімен таныстыру, классикалық және заманауи әдістерге негізделген ғарыш аппараттарының басқару жүйелерін синтездеу мәселелерін қоюды және шешуді үйрету, докторанттарды пән бойынша өз бетінше ғылыми-практикалық жұмыс жасауға дайындау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеудің әдістері

    Пәннің мақсаты: есептің қойылымына сәйкес ғылыми зерттеу әдісін (аналитикалық, эксперименттік, сандық) анықтау, ғылыми мәліметтерді талдау, түсіндіру, мәліметтер қорымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру; модельдеу, эксперимент жасау, бақылау нәтижесінде алынған мәліметтерді өңдеу, визуализация әдістерін қолдану және деректерді статистикалық талдау. Пәннің қысқаша мазмұны: ғылыми зерттеу әдістері, деректерді өңдеу мен талдау әдістері, эмпирикалық ақпаратты өңдеу әдістері, деректерді талдау кезеңдері, алынған мәліметтерді түсіндіру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жетілдірілген серіктік байланыс жүйелері

    Курстың мақсаты заманауи серіктік навигация жүйелері туралы білімді қалыптастыру, олардың жұмыс істеу қағидаларымен, радиобайланыс және хабар таратудың цифрлық технологиясы саласындағы білімді қалыптастыру, жылжымалы объектілерді, соның ішінде ғарыш аппараттарын навигациялау, цифрлық радиобайланыс және навигация жүйелерін жобалау және есептеу дағдыларын игеру, докторанттарды қз бетінше пәндік салада тәуелсіз ғылыми және практикалық жұмыстар жүргізуге дайындау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • қолданбалы есептерде пайдалану үшін қашықтықтан зондтау деректерін өңдеудің нәтижелерін жүйелеу және түсіндіру; жаһандық позициялану жүйелерін жобалау үшін қажетті алгоритмдер мен бағдарламалық қамтаманы синтездеу
  • ғарыштық технологиялар саласындағы әдістемелік көзқарастарды бағалау және оларға сыни талдау жасау, креативті синтездеу, жаңа гипотезалар және зерттеу әдістерін ұсыну
  • пайдаланылатын құраушыларды, күтілетін тәуекелдерді және мүмкін істен шығуларды ескеріп, жобаларды басқару әдістері мен заманауи бағдарламалық құралдарды қолдану арқылы ғарыштық миссиялар мен ғарыштық жүйелерді жобалаудың кезеңдерін жасау
  • ғылыми мәселелерді шешу үшін, қоғамда сыпайы және толерантты қарым-қатынасқа, әлеуметтік қарым-қатынысқа және ынтымақтастыққа дайын болу
  • радиобайланыс пен хабар таратудың сандық технологиялары туралы жүйелі білімді қолдана отырып, әртүрлі мақсаттардағы ғарыш аппараттарының байланыс жүйесін жобалау; жер үсті кешені мен ғарыш аппараты арасындағы ақпарат алмасуды тиімділеу үшін, жасалған автоматты жер үсті басқару кешенін жетілдіру
  • жүргізілген тәжірибелер, бақылаулар, қашықтықтан зондтау негізінде алынған мәліметтер жиынындағы заңдылықтар мен үрдісті анықтау үшін және оларды түсіндіру үшін, заманауи компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ғылыми деректерді талдау
  • таңдаған ғылым саласында өзекті мәселелерді анықтау, ғылыми мақалалар және жобалар жазу және оларды мамандар мен маман еместерге дәлелді түрде баяндау, ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесін халықаралық жоғарғы рейтингті журналдарға мақала түрінде рәсімдеу
  • классикалық және заманауи әдістер арқылы және оларды практикалық жүзеге асыру әдістері арқылы ғарыш аппаратының ұшуын басқару жүйесінің негізгі параметрлерін есептеу және анықтау; заманауи басқару әдістері негізінде ғарыштық жүйелерді сызықсыз басқаруды ситездеу үшін алгоримдер жасау
  • студентке бағытталған оқыту қағидаттарын ескере отырып, оқу үдерісінде оқу-әдістемелік материалдарды, инновациялық және цифрлық технологияларды пайдалана отырып, білім мен ғылымды ықпалдастыра отырып сабақ өткізу
  • ғарыш технологиялары саласында, соның ішінде пәнаралық және халықаралық ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жобаларды жүргізуге қатысу, кәсіпорынды дамыту стратегиясын басқару, топ жұмысын үйлестіру, жоспарларды әзірлеу және жобаны тиімді басқару үшін сапа менеджменті негіздерін қолдану
Top