Топырақтану геология негіздерімен

  • Пәннің мақсаты - студенттерге топырақ түзілуінің факторлары мен негізгі процестері, топырақтың құрамы мен қасиеттері, құнарлылықты реттеу және топырақты қорғау туралы білім беру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: топырақ түзілудің негізгі факторлары мен жағдайлары; топырақ классификациясы; минералдардың классификациясы; тау жыныстары; топырақтың генетикалық қабаты; Қазақстанның геологиялық картасы; топырақ режимінің негізгі түрлері; топырақ үлгілерін алу және талдау жасаудың әдістері; топырақпен жұмыс жасауда қолданылатын құрал-саймандар мен жабдықтар; топырақ құнарлығын және онық құрамын анықтау; топырақтың физикалық қасиеттері; топырақтың химиялық құрамы; топырақтың қышқылдылығын және тұздылығын анықтау әдістері. Курсты игеру нәтижесінде студенттер топырақтың физикалық, механикалық және химиялық жағдайларын сақтауды және оларды арттырудың жолдарын меңгереді.
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 2
Top