Жеткізу тізбегін модельдеу

  • Пәннің мақсаты - магистранттардың логистикалық процестер мен жеткізу тізбектерінің тұжырымдамалық және имитациялық модельдерін құру дағдыларын қалыптастыру. Курс аяқталғаннан кейін магистрант тұжырымдамалық және имитациялық модельдерді құру кезеңдерін, Имитациялық модельдеу әдістерін білуі тиіс; Anylogic имитациялық моделдеу пакеті ортасында жұмыс істеу, имитациялық модельдерді құру, эксперименттер жүргізу, эксперименттер нәтижелерін өңдеу, оңтайлы шешімдер қабылдау дағдыларын меңгеруі тиіс. Пәннің мазмұны: өндірістік және логистикалық процестерді модельдеудің негізгі түсініктері мен принциптері. Имитациялық модельдеудің негізгі түсініктері және тұжырымдамалық модельдің құрылысы. Дискретті оқиғаны (процесті) модельдеу әдісі. Өндірісте және логистикада имитациялық модельдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыздандыру. Anylogic имитациялық модельдеу ортасында модельдерін құру. Эксперименттер жүргізу. Эксперимент нәтижелерін өңдеу.
  • Образовательная программа 7M11301 Көлік қызметтері
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 2
Top