Физикадан элективті курстарды өткізудің әдістемесі

  • Пәннің мақсаты-болашақ мамандарды физикадан элективті курстарда қарастырылатын негізгі тақырыптарды меңгертудің жалпы мәселелерін үйрету. Курста треңдетіп оқытудың мақсаты мен принциптері, элективті курстардағы сабақтың түрлері мен әдістері (элективті курстарда зертхана жұмыстарын жүргізу, физика-техникалық молелдерді тиімді қолдану мен физикалық есептер шығару, құрастырушылық тапсырамлар және т.б.) қарастырылады. Сонымен қатар, элективті курста қарастырылатын негізгі тақырыптар («Кинематикадағы салыстырмалылық пен инвариантты шамалар», «МКТ эксперименттік негіздері», «физикалық процестерді термодинамикалық әдіспен зерттеу», «Жартылай өткізгіштер мен олардың қолданысы», «Сызықсыз оптика» және т.б.) да қарастырылады. Курсты меңгерген білім алушы бейінді мектепте тереңдетіп оқытудың жалпы мәселелерін біледі, физиканың тарауларына сәйкес элективті курста қандай тақырыптарды оқыту қажеттілігін талдап, оқушыларға ұсына алады.
  • Образовательная программа 7M01512 Физика
  • Несиелер 4
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 2
Top