Биологиялық жіктеудің принциптері мен әдістері

  • Пән болашақ магистрлердің биоло-гиялық әртүрлілікті анықтау және жіктеу бойынша кешенді дағдыла-рын қалыптастыруға, сондай-ақ биологиялық процестерді зертте-удің заманауи әдістемелік тәсілдерін түсінуге бағытталған. Тәжірибелік сабақтар келесі іс-әрекеттерді қамтиды: организмдерді анықтау; морфологиялық белгілерін зерттеу үшін бинокуляр мен микроскоппен жұмыс жасау; таксономия, эволюция, экология және ғылым методологиясы мәселелері бойынша пікірталастар мен конференциялар өткізу; баяндама дайындау және оны ұсыну. Магистранттардың өздік жұмысы мыналарды қамтиды: өсімдіктер мен жануарларды жіктеу үшін иллюстрацияланған анықтамалықтарды пайдалану; зерттелетін объектілердің суреттері мен цифрлық бейнелерін компьютерлік бағдарламалар көмегімен жасау; биологиялық прогресс мәселелері бойынша эссе жазу және топтық жобаларға қатысу. Қорытынды бақылау биологиялық әртүрлілікті заманауи әдістемелік тәсілдер негізінде талдауды қамтитын зерттеу жобасын қорғау түрінде өткізіледі.
  • Образовательная программа 7M01551 Биология
  • Несиелер 10
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 1
Top