Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Кеңестік кезең тұсындағы қазақ әдебиеті және оқыту негіздері
-
Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінің даму бағыты; сол кезеңдегі тарихи, қоғамдық, саяси-әлеуметтік жағдайдың әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Осы дәуірдегі әдебиеттің тарихи, идеялық-көркемдік табиғатын жаңаша танытудағы ғылыми-сыни еңбектер. Кеңестік дәуір әдебиетінің ішінара кезеңдерге бөлінісі. Әр кезеңдегі қазақ кеңес әдебиетінің даму бағыты. Жанр табиғаты, шығарманың көркемдік әлемі, туындының жазылу тарихы, типтендіру мәселелері. С.Сейфуллиннің шығармашылық өмірбаяны. Сәкен поэзиясының өзіндік ерекшеліктері. Б.Майлин - әңгіме жанрының шебері. Б.Майлин повестерінің тақырыбы, идеясы, бейне және тип. М.Жұмабаевтың поэзия әлеміндегі көркемдік ізденістері. Ақын поэмаларындағы шеберлік. Образдардың сомдалуы, сиволикалық мәні. ҰОС және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері, белгілі қаламгерлер М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқановтардың әдеби үрдістегі орны. Олардың шығармашылық мұрасын бүгінгі күн тұрғысынан талдау. ХХ ңасырдың 60-90 жылдардағы әдебиеттегі «жылымы» кезеңі, идеялық-тақырыптық және көркемдік ізденістер. Оқыту әдістері мен оқыту: активті, интерактивті, репродуктивтік. Студент белсенділігі: дәуірлік кезеңдегі көркем әдебиеттің өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету үшін көркем мәтінді талдай алу әрекетіндегі студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ), дәрістен алған теориялық білімін жинақтап, ғылыми ойлауын арттыру үшін студенттің оқытушының бірлесіп жұмысы (СОӨЖ). Бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету: интерактивті тақта, АКТ. Білім алушыны бағалау тәсілдері: аралық бақылау ауызша, қорытынды бақылау ауызша емтихан.
-
Образовательная программа 6B01710 Қазақ тілі мен әдебиеті
-
Несиелер 6
-
Оқу жылы 3
-
Семестр 2