Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Қазақ тілі сөзжасамы мен морфологиясы және оқыту негіздері
-
Мектепте білім беруде оқушылардың сауатты сөйлеу мен жазу дағдыларын жетілдіруде, мәтін құрастыруда, көпшілік алдында сөйлеуде сөздерді байланыстыра алу, сөздердің жасалу жолдарын ажырата алу әдістерін үйрету үшін, ойды жетік жеткізудегі қосымшалар қызметін таныту үшін қажет. Сонымен бірге пән жалпы барлық ғылым саласының ғылыми, әдеби теориялық және терминдік негіздерін жасау мен қалыптастыруда басты тілдік теориялық негіздеме болатындығымен маңызды Пәннің оқытылу әдістемесі Дәрістік, дағдыландыру сабақтары; бейне сабақтар, интерактивті тақта арқылы слайдтық таныстыру, түсіндіру сабақтары; кейстік тапсырмалдар, жаттығу жұмыстары, карточкамен жұмыс, СӨЖ тапсырмалары, т.б. арнайы оқыту әдістері, топтық жұмыс, жеке жұмыс, алты технология түрлері бойынша әдістерді қолдану Құзыреттілік Арнайы құзыреттілік – пәннің маман ретінде толыққанды игерілгендігі; кез келген тілдік пәнмен байланысын көрсете алуы мен негізін аша білуі; сөздердің жасалу негізін тани білуі мен морфологиялық түрлену сипатын, қызметін тарихи, логикалық жақтан жеткізе білуі; Ақпараттық құзыреттілік- қазақ тілі сөзжасамы мен морфологиясы бойынша қажетті жалпылама жүйеленген, жинақы әрі нақты ақпараттық мәлімет бере білуі; пәнге қатысты ақпарат ала біліп, оны тұжырымдап, қорытып, қолдана алуы; маман ретінде айналымға түсіріп, жеткізе білуі; Логикалық талдау құзіреттілігі –маман ретінде өз пәніне қатысты білімін жүйелі талдау арқылы көрсете білуі; өз ақыл-ойымен жеке тұжырымы мен көзқарасын танытуы; қызметтік міндетін орындау арқылы өзін өзі таныту қабілетінің көрінуі; өзіндік дамудың болуы; пәндік білім бойынша дүниетанымы мен ой-өрісінің тереңдігі. Бағыттық – пән бойынша білімін, пәннің ішкі кәсіби белгілерін салалық бағытқа негіздей білуі; кәсіби бағдар беруде қолдана білуі, теориялық ерекшеліктерін әдістемелік бағытта оқытуда айқындап алуы; оқытуда «жеңілден – ауырға; ауырдан – жеңілге» әдісімен тәжірибелік, теориялық талдама нәтижелерін қорыта білуі Білім алушыларды бағалау әдістері: аралық бақылау, емтихан, тест және ауызша тапсырмалардан тұрады.
-
Образовательная программа 6B01710 Қазақ тілі мен әдебиеті
-
Несиелер 6
-
Оқу жылы 2
-
Семестр 2