Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Жалпы және құрылымдық геология
-
Пәннің мақсаты: Геология ғылымы және оны зерттеу әдістері мен нысаналары таужыныстары түзуші өзгертуші эндогендік пен экзогендік процестер жайлы жалпы түсініктер мен заңдылықтарын түсініп білу; жер қыртысындағы таужыныстардың жатыс пішіндерін, олардың орналасу заңдылықтары мен бір-бірімен арақатынастылығын және геологиялық пайда болу жағдайларын анықтау; геологиялық, тектоникалық және құрылымдық карталарды, геологиялық қималар мен блок-диаграммаларды, стратиграфиялық бағаналарды түсіру мен оқытудың негізгі әдістерін меңгеру; таужыныстардың құрылымдық пішіндерін зерттеудің геологиялық барлау практикасы мен теориялық геология үшін маңызын түсініп білу; таужыныстарының реттілікпен қабаттасуын, жаратылу жағдайын және жасын анықтаудың негізгі әдістерін зерттеу; Пәнді оқудың негізгі міндеттері: жер қыртысындағы таужыныстар пішіндерінің құрылысын, пайда болу тегін және бір-бірімен арақатынастылығын меңгеру; Әр түрлі масштабты геологиялық, тектоникалық және құрылымдық карталарды еркін оқуға мүмкіндік беретін геологиялық құрылымдар элементтері жайлы мағлұматты болу; геологиялық карталарда әртүрлі құрылымдардың мөлшерлік арақатынастарын көрсетуге дағдылану (блок диаграмма, қималар, геодинамикалық профиль, компютерлік модельдеу, геологиялық құрылымдар); жердің құрамы, құрлысы, жер қыртысын зерттеу әдістерін далалық оқу және өндірістік практикаларды өтуге даярлану.
-
Образовательная программа 6B07214 Drilling Engineering
-
Несиелер 5
-
Оқу жылы 2