Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Сөз мәдениеті және оқыту негіздері
-
Болашақ мұғалімдер сөз сөйлеу ерекшеліктері, лебіздің түрлері: ауызша және жазбаша, монолог және диалог, функционалды-семантикалық түрлері, лебіздің құрылымы, сөйлеу актілері және оның кезеңдері жайлы білімдерін кеңейтіп, өмірде қолдана білуге үйренеді. Сөйлеу шеберлігінің деңгейлерін меңгереді. Лебізді дұрыс қабылдай білу студенттерге ауызша айтылған ғылыми лебізді терең түсініп, көтерілген мәселені бағамдай білуге, өз ойын сауатты түрде жүйелеп, байыпты, орынды диалог құра білуге, көпшілік алдында айтылған сөзді конспект жасауға дағдыландырады. Бұл білім мен дағдының барлығы маманның кәсіби салада қызмет етуі үшін маңызды құралы болып табылады. Пәнді оқып үйрену барысында студент ең алдымен қазақ тілінің дыбыс жүйесін, оның ырғақ, әуездерін, сөзді оның мағыналық қырларын, сөздің тұлғалық құрылымдарын, оның жұрнақ, жалғауларын, сөз тіркесі мен сөйлем жүйелерін, тілдің стильдік құралдарын т.б. әдеби тілдің нормасына сай қолдана білу, дұрыс әрі бедерлі жұмсай білуге үйренеді.
-
Образовательная программа 6B01726 Қазақ тілі мен әдебиеті (ІР)
-
Несиелер 4
-
Селективті тәртіп
-
Оқу жылы 3
-
Семестр 1