Ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастырушылық және құқықтық қамтамасыз ету

  • Пән шеңберінде келесі мәселелер қарастырылады: Қазақстан Республикасындағы АҚ саласындағы қатынастарды құқықтық реттеудің принциптері мен әдістері, Қазақстан Республикасындағы АҚ қамтамасыз етудің институционалдық (ұйымдық) құрылымы; Қазақстан Республикасының АҚ саласындағы заңнамасына және онда АҚ қамтамасыз ету жөнiнде көзделген шаралар мен ақпараттандыру объектiлерiнiң АҚ саласындағы заңнамалық актiлер мен мiндеттi стандарттар талаптарына сәйкестiгiн растау рәсiмдерiне шолу, АҚ саласындағы заңнама талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау. Пәнді оқу АҚ қамтамасыз ету процестерін жоспарлау, ақпараттандыру объектісін қорғаудың кешенді жүйесін құру және жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, АҚ бойынша техникалық құжаттаманы әзірлеу, АҚ бөлімшелері пайдаланушылары мен қызметкерлерін оқыту және біліктілігін арттыру сияқты ұйымдастыру шаралары мен іс-шараларын іске асыру үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
  • Образовательная программа 6B06301 Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Несиелер 6
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 4
  • Семестр 7
Top