Абайтану

  • Курс ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы қағидаларды әдеби тұрғыдан талдауға, ұлттық танымды қалыптастыруға бағытталған. Курста кемеңгер ақынның өмірі мен шығармашылық өнері, философиялық, қоғамдық, эстетикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектері қарастырылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдайды; абайтану мектебінің қалыптасу жолдарын сипаттайды; ақынның шығармашылық еңбегінің өміршеңдігін талдайды; шығыс пен батыс ақындарының дәстүрімен үндестігін анықтайды; абайтанудың қазақ мәдениеті мен әдебиеті тарихындағы орнын сын тұрғысынан бағалайды.
  • Образовательная программа 6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 4
  • Семестр 2
Top