Көліктегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету

  • Тәртіп көліктегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі тәсілдеріне, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі көлік ұйымдарының қызметін талдау және бағалау әдістеріне дайындықты қалыптастырады. Қазақстан Республикасындағы жол жүрісі қауіпсіздігін мемлекеттік басқару жүйесімен, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік базамен, жол-көлік оқиғаларының себептерін есепке алу және талдау жүйесімен таныстырады. Көліктегі апаттың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуге үйретеді. Көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі ұғымдарын, көлік қозғалысы жөніндегі нұсқаулықтарды, қозғалыс қауіпсіздігіне басшылық жасауды, оның қамтамасыз етілуін бақылауды қарастырады. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің техникалық құралдарының түрлерін және оларға қойылатын талаптарды сипаттайды.
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 3
  • Семестр 1
Top