Костюм дизайнындағы ЖИ цифрлық құралдары

  • Бұл курс театр мен киноға арналған костюм жасауда жасанды интеллектінің цифрлық құралдарын меңгеруге бағытталған. Студенттерге жасанды интеллекттің тарихи дәл немесе стильдік жағынан әсерлі бейнелік дизайнды генерациялау, концепцияларды визуализациялау және қойылған драматургиялық шарттарға сай түрлі нұсқалық шешімдер жасау мүмкіндіктері оқытылады. Эскиздер, мудбордтар, текстуралар мен материалдар әзірлеу үшін нейрожелілік платформалармен жұмыс істеуге, сондай-ақ жасанды интеллекет құралдарын театрлық және кинематографиялық өндірістің кәсіби процестеріне интеграциялауға ерекше назар аударылады. Костюмнің көркемдік әсерін күшейтуге, кейіпкердің бейнелік сипатын ашуға, режиссердің түпкі ойын визуализациялаудағы жасанды интеллекттің мүмкіндіктеріне ерекше көңіл бөлінеді.
  • Образовательная программа 6B02100 Сән және костюм дизайны
  • Несиелер 3
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 4
  • Семестр 1
Top