Бастауыш білім беруде жасанды интеллектті оқыту әдістемесі

  • Бұл пән жасанды интеллекттің бастауыш білім беру жүйесінде қолдану мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған. Білімалушылар ЖИ негіздерімен танысып, оны оқушылардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамытуда қолданудың әдістемелерін үйренеді, ЖИ алгоритмдерін түсінеді, бастауыш сыныпта ЖИ құралдарын қолдану стратегияларын әзірлеуге қабілетті болады, жасанды интеллектті оқытудың негізгі принциптерін және құралдарын тәжірибеде қолдануға дайын болады. Курс барысында ЖИ жүйелерінің педагогикалық процестегі рөлі, оны қолданудың жолдары қарастырылады. Сонымен қатар, ЖИ технологияларының білім беру саласындағы этикалық және құқықтық аспектілері талқыланады. Білім алушылар ЖИ құралдарын дамыту, пайдалану және бағалау бойынша практикалық дағдыларды меңгеріп, оқыту процесінде оны тиімді енгізуге дайын болады.
  • Несиелер 6
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 1
Top