Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары ІI

  • Мақсаты: жұқпалы ауруларға байланысты індеттік ахуалды анықтау, індетке қарсы жүргізілген шаралардың нәтижелерін бақылау, бағалау және індеттанулық болжау әдістерін қолдану. Мазмұны: індеттанулық зерттеу және оның актісін жасау, жұқпалы ауруға нозологиялық және індеттанулық диагноз қою мен сауықтыру шараларының жоспарын жасау, карантин және шектеу шараларын ұйымдастыру және іске асыру, жануарларға вакцина егу, зертханаға жіберу үшін патматериал алу, бірнеше түліктерге ортақ, күйістілердің, шошқаның, төлдің, құстың, ет қоректілердің, ара мен балықтың жұқпалы ауруларын дер кезінде анықтау, олардың пайда болу себептерінің заңдылықтарын эксперимент түрде зерттеу, жұқпалы ауруларға бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық және аллергиялық зерттеулер жүргізу, дезинфекция және дератизация шараларын іске асыру.
  • Образовательная программа 6B09111 Ветеринарлық медицина
  • Несиелер 4
  • Оқу жылы 5
  • Семестр 1
Top