Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы
-
Пәннің мақсаты - тоқыма және беймата материалдардың құрамы, құрылысы, құрылымы мен қасиеттерін зерттеу, материалдардың құрылысы, құрылымы мен қасиеттері арасындағы өзара байланысты теориялық және практикалық тұрғыдан меңгеру және текстильді материалдардың сапасын бағалау. Материалдардың құрылымы мен қасиеттерінің негізгі түсініктері мен параметрлері. Тоқыма талшықтары мен жіптерінің жіктелуі. Тоқыма жіптерінің жіктелуі және түрлері. Тоқыма талшықтарының түрлері және оларды тану әдістері. Талшықтар мен жіптердің қасиеттерінің негізгі сипаттамалары. Тоқыма талшықтары мен жіптерінің құрылымдық сипаттамалары. Маталар, трикотаж, бейматаларды өңдіру, олардың құрылысы және құрылымдық сипаттамалары. Тігін жіптері мен иірім жіптердің сызықтық тығыздығы мен құрылымдық көрсеткіштерін анықтау. Бірлік жіп пен тігін жіптерін үзу кезіндегі жартылай циклды сипаттамаларын анықтау. Маталардың сызықтық өлшемдерін, құрылымдық сипаттамаларын және беттік тығыздығын анықтау. Тоқыма жаймалардың сызықтық өлшемдерін, құрылымдық сипаттамаларын және беттік тығыздығын анықтау. Таза былғары мен елтірінің құрылымы мен қасиеттері. Жасанды былғары мен елтірінің, қабыршақты және қосымша материалдардың құрылымы мен қасиеттері. Тоқыма материалдарының негізгі қасиеттері: геометриялық, механикалық, физикалық және технологиялық. Термофизикалық, оптикалық қасиеттері. Материалдардың электрленуі. Материалдарды созудың бір циклді сипаттамаларын анықтау. Материалдардағы релаксация процестері. Материалдардың қыртыстанбауын анықтау. Иілу кезінде материалдардың қаттылығы мен драпталынуын анықтау. Материалдардың тозуы және тозуға төзімділігі. Материалдар мен бұйымдардың ауа өткізгіштігін анықтау. Үйкеліс кезінде материалдардың тозуын анықтайтын негізгі сипаттамалар. Тоқыма материалдарының бояуының беріктілігінің физика-химиялық әсерлерге төзімділігін анықтау.
-
Образовательная программа 6B07204 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
-
Несиелер 5
-
Оқу жылы 2
-
Семестр 1