ХІХ ғасыр әдебиеті

  • Пәннің мақсаты – білім алушыларға ХІХ ғасыр әдебиетінің басты ерекшелігі және сол кезеңдегі тарихи-әлеуметтік жағдайлар мен әдебиеттің дамуы, әдебиеттегі ағымдар маңызын түсіндіру, осы дәуірдегі қаламгерлердің шығармашылығынан терең әдеби-теориялық білім беру. Негізгі тақырыптар: ХІХ ғасыр әдебиетінің басты ерекшелігі, тарихи-әлеуметтік жағдайлар және әдебиеттің дамуы, әдебиеттегі ағымдар. Зар заман ақындары шығармаларындағы басты идея. Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы толғаулары. Мұрат Мөңкеұлы шығармашылығындағы ата қоныс мәселесі. Әбубәкір Кердері шығармашылығы, Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісі және әдебиет. Ш.Жарылғасұлы, А.Азаматқызы шығармашылығы. ХІХ ғасырдағы айтыс өнері және ақындық, әншілік-композиторлық дәстүр. Ш.Уәлихановтың зерттеу еңбектері. Ы.Алтынсарин және ағартушылық идея. Абай – ұлы ақын, қазақ әдебиетінің классигі.
  • Образовательная программа 6B01721 Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 3
  • Семестр 2
Top