Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B04102 Аудит және салық салу в ОАИУ

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты 1 Білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттері: • есеп жүргізудің құралдары мен нысандарын, сондай-ақ қаржылық айналымды есепке алу өлшемдерін дұрыс ұйымдастыру; • қазіргі заманғы білім берудің жаңғырту талаптарына сәйкес білікті маман қалыптастыруда оқытудың интерактивті тәсілдері мен әдістемелік кешендері арқылы, заманауи білім беру технологияларымен оқыту; • есеп және аудитті меңгеруде кәсіби шеберлігін қалыптастыруға ықпал ететін тілдік құзыреттіліктерін оқу үрдісінде пайдалану. • Бухгалтерлік есеп ұйымдар қызметін тиісті ақпараттар және мәліметтермен қамтамасыз ету. • Бухгалтерлік есеп өрісіндегі көрсеткіштер жүйесін қалыптастырып, бұл үрдісті ұйымдастырудың басты мақсаты-сыртқы пайдаланушылар мен кәсіпорын басшыларын арнайы ақпараттармен қамтамасыз ету. • Бухгалтерлік және қаржылық есептілікті халықаралық қаржы есеп стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B045 Аудит және салық салу
  • Дайындық бағыты 6B041 Бизнес және басқару

Пәндер

  • Кәсіпкерлік дағдылар, инновацияларды қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған пәндер

    Білім беру жүйесіндегі әдіснамалық негіздер мен даму бағыттарын кәсіби шығармашылық деңгейлерінде көтеру. Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық, мәдени сұраныстарды, әлемдік бәсекеге қабілетті теориялық білімдерді іс-тәжірибеде қолдану. Білім берудегі жаңа мазмұндарды ұйымдастыру, педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас жаңашыл бағдарламасын жоспарлау. Жаңашыл идеяларды ұсыну, кәсіби қызметтерді дамыту жолындағы заманауи технологияларды жетілдіру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономикадағы математика

    Экономистерге қажетті іргелі математикалық білім алуды қамтамасыз етіп, экономикалық үрдістерге математикалық әдістерді пайдалануға бағытталған. Матрица және оған амалдар қолданудың экономикалық мағынасын болжау. Экономикада векторлардың қолданылуы және өндірістің бизнес жоспарын векторлар арқылы есептеу. Экономикадағы функция графиктері, тұтыну функциясы және бюджеттік шектеудің сызығы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экономикалық теория

    Экономикалық теория экономиканың қызмет етуінің іргелі мәселелерін қарастырады және зерттейді, сондай ақ, қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму эволюциясын, жеке ұдайы өндірістің заңдылықтарын (микроэкономика), ұлттық экономика деңгейіндегі ұдайы өндірісті (макроэкономика), мезоэкономика және әлемдік шаруашылықты қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ұлттық экономика негіздері

    ҚР Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымымен танысады. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасының мазмұнын, оның мақсаттарын, негізгі бағыттарын анықтай білу. Қазақстан экономикасын тұрақтандыру жөніндегі шаралар жүйесінің мәнін, сыртқы экономикалық қызметін қалыптастырудың негізгі кезеңдері және экономиканы басқару стратегиясы бойынша негізгі терминдерді, ұғымдар мен бөлімдерді біліп және түсінеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қаржыға кіріспе

    Макро және микро деңгейде қаржының теориялық және практикалық негіздерін меңгеру. Қаржының мәні мен функциялары, ұлғаймалы өндіріс үдерісіндегі олардың рөлін теориялық тұрғыдан негіздеу, қаржы жүйесінің құрамы мен мазмұнын ашу. Қаржылық фискалдық және монетарлық саясат жағдайындағы қаржылық басқару негіздерін білу, қаржы нарығы және қаржы делдалдарының қызметтерін сақтандыру ұйымдарымен халықаралық қаржы институттарының даму үдерісін сипаттау болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіби қазақ (орыс) тілі

    Өзінің мамандығы бойынша кәсіби лексиология мен ғылыми терминологияны сұхбат құру барысын еркін қолдану. Түрлі стилдерде жазылған өз мамандығына сәйкес оқулықтар мен ғылыми зерттеулерді оқып, қажетті мәліметті алу дағдыларын қалыптастыру. Әртүрлі тасымалдағыштардағы орыс тіліндегі ақпараттарды тыңдау, түсіну және талдай білу. Орысша өз пікірін ашық білдіру, сөйлеу қабілеттілігін дамыту. Спорт саласындағы құжаттарды сауатты жүргізу. Аударма жасау, кәсіби бағыттағы түсіндірмелік сөздіктерді қолдана алу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Бухгалтерлік есеп негіздері

    Ұйымдағы бухгалтерлік есептің мақсатын, міндеттерін, қағидаларын және жүргізу тәсілін, ҚР-дағы есептің нормативтік реттелу негізін, тарихи аспектілерін, бухгалтерлік есеп негізгі концепцияларын білу. Бухгалтерлік бақылау объектілерін бағалаудың заманауи тенденцияларын, нормативті-құқықтық актілерді, есептік жазбаларды қалыптастыру әдістемесін және орындалған фактілерді құжаттау нысандарын қолдану.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Микроэкономика

    Заманауи микроэкономика – бұл экономикалық ресурстар шектеулі кезіндегі нарықтық субъектілер – үй шараушылығы және фирмалардың оңтайлы қылығы туралы ғылым. Ол үй шаруашылығының, фирманың экономикалық қылығының мақсатын, сонымен қатар олардың нарықтағы экономикалық қарым – қатынасын және үйлестірімдлігі мен өзара әрекеттесуін түсінуге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік экономикалық статистика

    Статистикалық зерттеу, аналитикалық топтауларды тұжырымдау, статистикалық топтаудың негізгі мақсаттары мен міндеттерін, статистикадағы орташа шамалардың мәні мен түсінігін топтастыру, теориялық корреляциялық қатынастарды қоғамдық құбылыстарды зерттеу барысында дұрыс қолдану. Сонымен қатар динамикалық қатарлар, индекстер, арифметикалық және гармониялық индекстер туралы түсіну. Статистиканың көрсеткіштер жүйесін анықтау, халықтың тұрмыс деңгейінің дәрежесін, адам дамуын бағалай алу мүмкіндігіне ие болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Статистика

    Пәнді меңгеру нәтижесінде студент статистиканың экономика саласында, мемлекеттік және жергілікті басқару саласында атқаратын рөлін; халықтың тұрмыс деңгейі, адамдардың дамуы жолында статистикалық мәліметтерді жинақтап, талдау білім мен түсінікті қолдана алады. Статистикалық бақылау жүргізуді, мәліметтерді жинақтау және топтаудың әдістерін, статистикалық топтаудың негізгі мақсаттары мен міндеттерін, статистикадағы орташа шамалардың мәні мен түсінігін анықтайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Макроэкономика

    Студенттер «Макроэкономика» пәні бойынша макроэкономикалық модельдерді құрудың ерекшеліктерін, макроэкономикалық теорияның негізгі концепцияларының принциптері мен құралдары арасындағы айырмашылықты анықтайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Басқару есебі 1

    Басқару есебі - әкімшілікке дұрыс шешім қабылдауына септігін тигізу. Болашақ мамандар бойына кәсіпкерлік іс-әрекеттің бухгалтерлік басқару есебін түсіндіру, кәсіпорынды ұтымды басқару мақсатымен менеджерге толық ақпаратты дайындау мен ұсыну, оның жұмыс қорытындыларын оперативті бақылау мен бағалау, кәсіпорынның дамуын жоспарлау мен үйлестіру жөніндегі теориялық білімді және практикалық дағдыларды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қызметтік қарым қатынастардың этикасы

    Мемлекеттік органдардың кадрлық қызметі саласында негізгі теориялық білімдерді қалыптастыру, тәжірибелік дағдыларды меңгеру, басқару шешімдерін құрастыруға қатысты әдістемелері және әдістік ұстанымдарды зерттеу. Басқару органдары жүйесінде заңдылықтарды, қағидаларды, қызметтерді және басқару әдістерін білу. Мансаптық үрдістерді басқару, кәсіби қызмет облысында өзара әрекеттестікті ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қаржылық есеп 1

    Ұйымдардағы активтерді, міндеттемелерді, капиталды, кірістер мен шығыстарды бағалау, қаржылық есептілікті ұсынудың жалпы қабылданған ережелерін үйрену. Халықаралық қаржылық есеп стандарттарын, қаржылық есептілікті дайындау мен ұсынудың жүйесін қолдану, бухгалтерлік есептің принцптерін қаржылық есептілікте қолдануда қалыптастыру

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мамандыққа кіріспе

    Бухгалтерлік есептің шығу тарихы мен қағидаларын үйрену, бухгалтерлік есеп саласында актив және пассив шоттарды, баланстар мен төлемдерді, құжаттау мен регистр жасау. Актив пен пассив шоттарын, екі жақты жазу жолдарын меңгеру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі

    Кәсіби іс-әрекетке дайындаудың концептуалдық негіздерін әдістемелік-теориялық түрде дамыту. Мамандыққа қатысты лексика мен терминдері, күрделі синтаксистік құрылымдарды пайдалануға дағдыландыру. Ағылшын тілінде өзінің көзқарасын білдіру, оны дәлелді түрде қорғау. Күнделікті өмірде кәсіби салаға қатысты сұхбаттарға еркін араласа алу, сөйлесу дағдыларын қалыптастыру. Кәсіби бағыттағы ақпараттарды түсіну, талдау жүргізу, ғылыми мақала мен баяндамалар жазуға қабілетті болу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Менеджмент

    «Менеджмент» пәні микродеңгейде басқарудың методологиялық әлеуметтік-экономикалық және психологилық аспектілерін логикалық тізбекте қарастырады. «Менеджмент» пәні басқарудың мазмұнын жан-жақты ашады, басқару туралы білімдер кешенін құрайды, әртүрлі басқару қызметін жүзеге асыру, басқару жүйелерін талдау және оларды жобалауда нақтылы дағдыларды тудырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Аралық қаржылық есеп

    Аралық қаржы есептілігінің ең аз мазмұнын айқындау, аралық кезеңдегі толық және ықшамдалған қаржы есептілігін тану және бағалау. Дер уақытындағы және сенімді аралық есептілік инвесторлардың, кредиторлардың пайданы және ақша қаражатының ағындарының құру мүмкіндіктерін анықтау, олардың қаржылық жай-күйі мен өтімділігін бағалау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Нарықтық инфрақұрылым

    Қоғамдық өндірістің қалыпты жұмыс істеуі үшін фирмалардың қызметіне және тұрғындардың өмір тіршілігіне әсер ететін шаруашылық ұйымдарының және коммерциялық емес мекемелердің кешенді жүйесі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Контроллинг

    Ағымдағы мақсаттарға жету үшін тиімділік жүйесін қалыптастырып және кәсіпорынды басқарудың тиімділігін жақсарту, кәсіпорынның өтімділігін қамтамасыз ету, қаржылық есепке алу және ішкі өндірістік есепке сәйкестендіру. Ауытқуларды талдау бойынша мәлімдеме жасау және басқарушылық іс-шаралар бағытында ұсыныстар жасау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Баға және баға белгілеу

    Баға бекіту процессін, фирманың нарықта қолданатын баға белгілеудің әдістерін, салықтардың баға құрушы факторлар ретінде ҚҚС, оның мәнін анықтаудың әдістемесін анықтауды үйрену.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік

    Меншік түріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған және жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызмет.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Салық ісі

    ҚР салық жүйесінің құрылуы мен тарихи дамуының кезеңдерін сараптау, еліміздегі салық реформаларының негізгі концепциялық бағыт-бағдарын, салық саясатының артықшылықтары мен кемшіліктерін және т.б. ой-пікірлерін қалыптастыру қажет.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Маркетинг

    Нарық жағдайындағы кәсіпорынның маркетингтік қызметінің мәні, баға белгілеу механизмі; маркетингтік стратегияны зерттеу. Нарықтық жағдайды бағалау, бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету тауар, баға және өткізу саясатын әзірлеу. Мақсаттары: маркетингтің теориялық негіздерін және түсініктемелік аппаратын оқыту, сонымен қатар маркетинг элементтері мен принциптерін пайдалану бойынша тәжірибелі дағдыларды игеруді қамтамасыз ету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Басқару есебі 2

    Басқару есебінде шығындардың жіктелуін білу, оларды баптар бойынша көрсету, дұрыс шешім қабылдау үшін өндіріс жағдайын бағалау мен талдау дағдысы болу, көрсету және қолдану, шығындар есебінде жағдайларды дұрыс анықтау, дұрыс шешімдер қабылдау, өнімнің өзіндік құнын есептеудің тәсілдерін қолдану арқылы соның нәтижесінде басқару шешімдерін қабылдай алу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Маркетингтік зерттеулер

    Маркетингтік дұрыс шешімдерін қабылдау үшін және фирма әрекетіндегі мәлімсіздік жағдайды төмендету үшін мәліметтерді жинау, оларды өңдеу, талдау үрдісі болып табылады. Маркетинг зерттеулерінің мақсаттары әр түрлі болуы мүмкін. Ең бастысы ол зерттеулер әлеуетті тұтынушыларды анықтауы тиіс, олардың қажеттерін зерттеу, нысаналы рынокты таңдап алу үшін тауарға деген бүгінгі және болашақ сұранысты белгілеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Салық және салық салу

    Салықтар мен салық салу жүйесінің қызмет етуінің теориялық аспектілерін, салықтардың барлық түрлері бойынша ерекшеліктерін, негізгі функцияларын, белгілерін білу; салықтардың және табыстардың салық салынатын түрлерін, шегерімдерді, қағидаларын, салықтардың, алымдардың, төлемақылардың, баждардың негізгі белгілерін ажыратуды, салықтардың барлық түрлері бойынша қолдану аясы білуі және түсініп қолдана алуы қажет.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Инновациялық менеджмент

    Болашақ менеджерлерге инновациялық өзгерістерді дайындау және жүзеге асыру саласында теоиялық білімдерін және практикалық дағдыларын, жаңашылдықтарға бейімділігін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржылық есеп 2

    Қаржылық есептің мақсаты әлеуетті инвесторлардың, акционерлер мен кредиторлардың қаржылық ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында, сол сияқты мемлекеттік, статистикалық, салық қызметтеріне және басқа сыртқы қолданушылардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған дұрыс та тиімді шешімдерді қабылдау үшін сыртқы қолданушыларға толық та шыншыл қаржылық есептілікті ұсыну жатады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіпорын экономикасы

    Өндірістік және өндірістен тыс қатынастардың жиынтығы: айналым қоры, дайын өнім, кәсіпорынның банктегі есеп-шоттары, ақша қаражаты, бағалы қағаздары, меншіктің материалдық емес қорлары (патенттер, лизенция т.б), өнімді өткізу, әр түрлі көрсетілген қызметтерден түскен табыстар мен пайданы анықтау. Кәсіпорынның экономикалық даму деңгейі мен көлемін танып білу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сақтандыру

    Студенттердің қаржы категорияларын, ұғымдарын, терминдерін ұғып алудағы, олардың сыныптамасын, әлеуметтік-экономикалықпроцестердегі маңызы мен орнын біліп алудағы теориялық жәнен практикалық жағынан әзірлігін қамтамасыз ету; қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс-әрекетін және қаржыны қоғамның дамуының нақты жағдайларында қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізуді сипаттайды. Әртүрлі қаржылық-экономикалық міндеттерді шешу барысында аналитикалық ойлау қабілетін қалыптастыру және дамытуды, жеке және мүліктік сақтандыру шарттарына отыру кезінде сақтандыру операциялары мен аудитіне талдау және бағ��лауды, сол сияқты сақтандыру саласындағы кәсіби мүдделерді орындауды қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сақтандыру ісі

    Сақтандыру қызметінің қазіргі кезде дұрыс ұйымдастырылуы және шетелдерде негізгі заңдылықтары ман оның жүргізілу жолдарын талдау мен сақтандыру ісінің даму жүйесінің қалыптасуына, игеруге үлес қосады. Сақтандырудың өзгеше ерекшеліктері мен ұйымдастыру принциптерінің негіздерін білу. Баламалы рыноктық экономикадағы сақтық қорғау түрлерін әзірлеуді үйренеді, сақтандыру бизнесінің теориясы мен практикасын және оның негізгі жағдайларын қолдану.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қаржылық талдау

    Қаржылық талдауды зерттеуде қолданылатын әдістері мен тәсілдерін экономикалық қажеттілігін анықтайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы, пайдасы мен шығындары туралы, активтері мен пассивтерінің құрамындағы өзгерістері туралы сипаттайды. Қаржылық талдаудың мақсатына жету үшін бірқатар бір-бірімен тығыз байланысты аналитикалық баға беру

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экономикалық болжамдау

    Экономиканың келешек кезеңдердегі даму үрдістерін – экономикалық даму қарқынын, экономика құрылымы мен бағаның нарықтық жағдаятын, экономикалық басқару жүйесінің, т.б. өзгеруі үрдістерін алдын ала болжап, көре білу. Экономикалық болжам экономикалық жоспарлаудың белгілі бір уақыт кезеңі бойына жалпы ішкі тепе-теңдік шарттарын алдын ала болжап, көре білуге мүмкіндік беретін негізгі құралдарының бірі болып табылады. Экономикалық болжамның көмегімен бағыттарды айқындап, экономикалық саяс

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бизнес жоспарлау

    Нарықтың экономикалық жағдайындағы бизнестің құнын бағалаудың маңызы мен мәнін зерттеу; шаруашылық субьектілердің бағалау тәртібі мен қағидаларымен танысу; бағалаудың әдістерін қолдануы және бизнестің құнын есептеуді үйрету;

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бизнесті бағалау

    Нарықтың экономикалық жағдайындағы бизнестің құнын бағалаудың маңызы мен мәнін зерттеу; шаруашылық субьектілердің бағалау тәртібі мен қағидаларымен танысу; бағалаудың әдістерін қолдануы және бизнестің құнын есептеуді үйрету;

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бизнесті маркетингтік талдау

    Бизнесті маркетингті талдау түсінігі. Бизнес жоспарды маркетингтік зерттеу. Зерттеудегі өнімнің сұранысы мен ұсынысын болжау әдістері.Сұраныс негіздері және оның түрлері. Маркетинг стратегиясының түрлері. Өткізу және бәсекелес нарығын бағалау нәтижесі бойынша стратегия таңдау. Бизнес жоспарда баға белгілеудің көрсетілуі: бағаның құрылымы, баға факторлары. Түрлі жарнамалардың айырмашылықтары мен жетіспеушіліктері. Жарнама беруге қойылатын талаптар. Сатуды ынталандыру бағдарламасы:мақсаты мәселелері, обьектілері, әдістері, жүргізу мерзімдері, міндеттері және жұмысты реттеу бақылау. Бизнес жоспарлаудың мақсаты м��н мәселелері. Стратегиялық және бизнес жоспар��ау: жалпы ұқсастықтары мен жалпы айырмашылықтарды үйрену

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Басқарушылық талдау

    Басқарушылық талдаудың пәні, міндеті және түрлері. Басқарушылық тәсілдері мен әдістері. Басқарушылық талдауды ақпараттық қамтамасыз ету. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдау. Экономикалық ақпаратты өңдеудің арнайы әдістері мен тәсілдерін меңгеру, шаруашылық субъекттің нақты өндірістік-шаруашылық әрекетін талдап, талдаудың жеке нәтижелерін біріктіріп, тиімді басқару шешімдерді қабылдау мақсатпен сәйкес қорытындыларды шығаруды меңгеру қажет.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Шаруашылық қызметті талдау

    Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың пәні, міндеті және түрлері. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың тәсілдері мен әдістері. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдауды ақпараттық қамтамасыз ету. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдау. білімін тәжірибеде қолдана білу дағдысын қалыптастыру және экономикалық ақпаратты оңдеудің арнайы әдістері мен тәсілдерін меңгеру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қаржылық жоспарлау және жобалау

    Қаржы жоспарларын әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдары қолданылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қаржылық органдардағы есеп және есептілік

    Құжат айналымын жүргізу және қаржылық есептілікті құрастыру, халықаралық қаржылық есеп стандарттарын, қаржылық есептілікті қолдана білу, активтерді, міндеттемелерді, капиталды, кірістер мен шығыстард есептерін жүргізе білуді игеру

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Практикалық аудит

    Тәуелсіз зерттеу, ұйымның қаржылық есептілігін және басқа да экономикалық ақпараттарын талдау, ішкі бақылау жағдайын және бухгалтерлік есепті жүргізудің әрекет ететін заңдылыққа сәйкестігін тексеру, сондай-ақ, әртүрлі сұрақтар бойынша аудиторлық қызметтерді көрсету, нарық жағдайындағы аудиторлық қызметті дұрыс ұйымдастыру, аудиторлық тексеруді жүргізу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ауылшаруашылығындағы есеп

    Қаржылық есептін тұжырымдамалары мен негізгі қағидалары; каржылық есептің стандарттарына сәйкес қаржылық есептіліктің барлық нысандарын дайындау; біріктірілген қаржылық есептілікті дайындау; ақшаның уақытша құны теориясын қолдану; серіктестіктердегі капитал есебі; корпорациялардағы капитал есебі; қаржылық құралдар бойынша теориялык білімдері мен тәжірибелік дағдылары болу

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Салық есеп және есептілік

    Салық есебі және есептілік жүйесінің қызмет етуінің теориялық аспектілерін оқып-үйрену, яғни салықтардың экономикалық мазмұнын қарастырумен бірге салықтардың функциялары мен принциптерін, Қазақстан Республикасында салықтар мен салық жүйесінің құрылуы мен тарихи дамуының кезеңдерін, еліміздегі салық реформаларының негізгі концепциялық бағыт-бағдарын және т.б. оқыту.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • 1C: бухгалтерия

    Бухгалтерлік есепте қолданылатын компьютерлік бағдарлама жасау, кәсіпорындағы 1С Бухгалтерия бағдарламасының конфигурациясы мен құрылымын білу, 1С-бухгалтерия бағдарламасы негізінде бухгалтерлік есепті тиімді жүргізу үшін қажетті бағдарлама үлгісін таңдап алу, бухгалтерлік есепте компьютерлік бағдарламаны пайдаланып шаруашылық операциялар мен есепті құрастыру және шаруашылық операцияларды еңгізу және қаржылық есептілікті қалыптастыру

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Басқару аудиті

    Бос қаржыларын өндiрiстiң өркендеуiне бағыттау, қаржы-кредиттiк қатынастарға жұмсау және инвестицияларды жарғылық жұмыс капиталдарының қорлануына бағыттау, аудит, аудиттің басқа аудит түрлерінен ерекшелігін, дәлелдемелер, қорытынды, құжаттар және стандарттар туралы түсініктерді білу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Салық ісін ұйымдастыру

    Салықтардың даму тарихы. Қосымшалар мен есеп шоттарды есептеу. Салық салу жүйесінің қызмет етуінің теориялық аспектілерін оқып-үйрену, яғни салықтардың экономикалық мазмұнын қарастырумен бірге салықтардың функциялары мен принциптерін, Қазақстан Республикасында салықтар мен салық жүйесінің құрылуы мен тарихи дамуының кезеңдерін, еліміздегі салық реформаларының негізгі концепциялық бағыт-бағдарын және т.б. оқыту.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Салықтық есеп

    ҚР салық салудың практикасын терең қарастырумен қатар, нақты салық түрлерінің практикалық есептелуін жетік үйрену, бюджет жүйесі арасында салықтар мен алымдардың бюджетаралық бөліну, салықтардың негізгі топтарының қалыптасуы мен оларды есептеу мен төлеу механизмінің ерекшеліктерін терең меңгеру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Аудит

    Аудитті ұйымдастыру мен аудиторлық жұмысты жоспарлау жүйесін құрылу сызбасын білу, аудиторлық тексерудің негізгі тәсілдері мен есептің жалпы экономикалық әдістемесін қолдану, және қорытынды жасау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржылық бақылау және аудит

    Мемлекеттік ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және мемлекеттік ақша қорларын қаражаттарын пайдалану процестерінің заңды түрде, сондай-ақ мақсатқа сәйкес жүргізілуін тексеру. Министрліктің бақылау-ревизиялық органдар және ведомствасы, аудиторлар және аудиторлық фирмалар қызметі туралы заңдары және ережелерін меңгеру, ғылыми және практикалық негізін оқып үйрену экономиканы басқару.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бухгалтерлік есептегі ақпараттық жүйе

    Kәсіпорынның қаржылық- экономикалық операцияларын халықаралық стандартқа сәйкес ақпараттарды жүйелеп студенттерге қажетті теориялық білім мен тәжірибелік дағдылардың жиынтығын беру. - ұйымдардағы қаржылық есептің әдістемелігімен және әдісімен студенттерді таныстыру қажет; - қаржылық есепті ұйымдастыруды және қаржылық есептілікті оқыту керек.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Мемлекеттік мекемелердегі есеп және есептілік

    Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ақпараттарды зерттеп экономикалық өмірде қолдану, бухгалтерлік есепке тəн əдістерді, арнайы қолданбалы элементтердің маңызы мен мақсатын терең түсініп, күнделікті экономикалық өмірге пайдалану. Есепке алынатын объектілерді есепке алу жəне бағалаудың балама əдістерінің барлығының егжей-тегжейлі сипаттамасын қамтиды, олардың ішінен бюджеттердің барлық деңгейлерінің барлық мемлекеттік мекемелері үшін бірыңғай болып табылатын тəжірибелік қолдану

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржылық ұйымдардағы аудит

    Шаруашылық операцияларының заңдылығын белгілеу үшін қаржы бақылауы ең маңызды құрал болып саналады, мемлекеттік, өндіріс, коммерциялық, инвестициялық, банктік, сақтандыру және нарық ұйымдары мен мекемелерінде қаржы ресурсынын қалыптасу мен қолдану деректерінің анықтығы белгіленеді. Қаржы бақылауы мен аудиттың даму мәселесі нарық жағдайында бақылау-тексеріс бағыты ретінде әрі қарай зерделеу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Салалардағы есеп

    Ұйымның салалық ерекшелігін білу; салалық айырмашылығына қарай бухгалтерлік есеп жүргізу; бухгалтерлік шоттарды жіктей алуы, бухгалтерлік балансты құрамы бойынша зерттей алу керек және стандарттарына сай дайындай білу, салалардағы шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыра білу және ХҚЕС сәйкес мекемелер үшін қаржылық есептілікті дайындай білуді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • - Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беру жүйесін ақпараттандыру. - Жан- жақты дамыған, заман талабына сай тұлғаны қалыптастыру. - Дербестік, мақсаттылық, шығармашылық, бастамашылыққа бағыттайтын инновациялық технологияларды меңгеру. - Оқыту үдерістерін ізгілендіре білу - Білім алушылардың білімін бақылаудың жаңа әдістерін қолдану. - Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру. - Топпен жұмыс жасау, сыни тұрғыда ойлау, жобалау, интеграциялану жұмыстарын жүргізе білу. - Зерттеу жұмыстарын жүргізу, нәтижелерін талдау және сипаттау.
  • - Студенттерге маман ретінде болашақ кәсібімен байланысты әртүрлі құбылыстар мен процестерді оқытып талдауға мүмкіндік беретін математикалық әдістерді меңгеру - Экономикалық мәселені өз бетімен зерттеу біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру, өз жұмысын жетілдірудің ғылыми жолдарын іздеуге ынталандыру. - Логикалық және алгоритмдік ойлауын қалыптастыру. - Математикалық есептерді зерттеп шешу жолдарын меңгерту. - Қарапайым сандық әдістерді меңгеру.
  • - Экономикалық деректерді жинақтау және оны интерпретациялауға, экономикалық теорияның негізгі білімдеріне сәйкес ақпаратты қабылдауға және талдауға қабілетті болу. - Ситуациялық және практикалық тапсырмаларды шешуде экономикалық теория білімін қолдануға қабілетті болу. - Экономикалық мәселелер бойынша ғылыми мұрада жиналықтаған негізгі теориялық көзқарастарды білу. - Кәсіби жауапкершілік қағидаларын басшылыққа ала отырып, кәсiби қызмет, бизнес құру және таңдау әрекеттерін жасау. - Жаңа идеялар мен өнімдерді түбегейлі қалыптастыру, шығармашылық және бастамашылыққа ие болу. - Кәсіптік қызметтегі технологиялық талаптар мен стандарттарды енгізу, сипаттау және жауапкершілікпен қадағалауды меңгеру.
  • - Ақпараттық ағынды бағдарлауға, әр түрлі ақпарат көздері бойынша белгілі бір өлшем табу және жүйелеу, түрлендіру және жүйелеу, ақпаратты сақтау, жандандыру, оңтайлы пайдалану тәсілдерін білу. - Топта жұмыс істей білу, өзінің көзқарасын нақты білдіру және жаңа ұсыныстар жасауға қабілетті болу; - Жанжалды шеше білуге және келіссөздер жүргізуге қабілетті болу; - Ұжым мен өз пікірін ұштастыра білу, мәмілеге келуге қабілетті болу; - Шешім қабылдауға және өзіне жауапкершілік алуға қабілетті болу, бірлесіп шешім қабылдауға қатысу; - Ұжымның жұмысына дайын болу, өзінің шығармашылық міндеттерін орындау және ұжымның басқа мүшелерімен араласа білу
  • - Мекемелердегі есептілік саясатын құрастыруды және экономика салаларындағы есептілікті, есеп принциптерін және ролін сипаттай білу, сонымен қатар бухгалтерлік есептің әдістемесін түсіну. - Бухгалтер кәсібінің даму тарихын, бухгалтерлік ойдың дамуын білу; - Ұйымның активтерінің сақталуын және қаржылық мәліметтердің нақтылығы мен тұстастығын қамтамасыз ететін бақылау үрдісінің тұжырымдамалары мен әдістерін білу; - Бухгалтер мен аудитордың этикалық және кәсіби жауапкершілігін түсіну; - Статистикалық зерттеу, аналитикалық топтауларды тұжырымдау, статистикалық топтаудың мақсаттары мен міндеттерін, статистикадағы орташа шамалардың мәні мен түсінігін топтастыру.
  • Деректерді жинақтау және оны интерпретациялауға, экономикалық теорияның негізгі білімдеріне сәйкес ақпаратты қабылдауға және талдауға; ситуациялық және практикалық тапсырмаларды шешуде экономикалық теория білімін қолдануға қабілетті болу. - Бағытталған нарықтық экономиканың Қазақстандық үлгісін институционалды ерекшіліктеріне сәйкестендіріп, әлеуметік –экономикалық проблемаларды шешіп үйрену. - Экономиканың негізгі факторлары, өндірістік мүмкіндіктер қисық сызығы, қазіргі экономикадағы меншік түрлері мен нысандары, мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: кезеңдері, формалары,әдістерін, проблемаларын білу.
  • - Әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі экономикалық санаттарды пайдалану. - Қолданыстағы заңнама және экономикалық субъектінің экономикасын нығайту қағидаттарына сәйкес тиімді есеп саясатының таңдау негізінде бухгалтерлік есеп және есептілікті рационалды жүйесін дамыту; - Кәсіби кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылық қызметінің практикасы мәселелерін шешу. - Құрылтай құжаттарын және коммерциялық келісім-шарт жасау үшін іскерлік кездесулер мен пікірталас жүргізу, - Шектелген ресурстарды және жоспарлау жұмысымен басымдықтарды белгілеу.
  • - Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің теңдіктерімен таныстыру, экономикалық стратегия және экономикалық саясат үшін макроэкономикалық теорияның маңызын білу. - ЖҰӨ және ЖІӨ, оларды өлшеу тәсілдерін, ұлттық шоттар жүйесінің негізігі көрсеткіштерін меңгеру. - Мемлекет бюджеттің тапшылығы және мемлекеттік бюджетттің тапшылығын қаржыландыруды үйрену. - Шаруашылық жүргізуші субъектілердің, сақтандыру компанияларының, екінші деңгейлі банктердің, бағалы қағаздар нарығының, жергілікті бюджеттердің және кәсіпорындардың бухгалтерлік есептерін әзірлеу және жетілдіру. - Кәсіпорынның, сақтандыру ұйымдарының, ұйымдардың жағдайын бағалау үшін бухгалтерлік есептеулер жасау.
  • - Салықтардың және табыстардың салық салынатын түрлерін, шегерімдерді, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дұрыс есептеу; - ҚР салық салудың практикасын терең қарастырумен қатар, нақты салық түрлерінің есептелуін жетік үйрену, салықтардың негізгі топтарының қалыптасуы мен төлеу механизмінің ерекшеліктерін терең меңгеру; - Бағаның құрамы мен құрылымын қалыптастыру, өндiрiс шығындарының сипаттамасы, оларды калькуляциялау әдiстерiн үйрену, пайданы есептеу және талдау әдiстерiн үйрену
  • - Негізгі экономикалық түсініктерді білу, нарықтағы өзгермелі жағдайларға бейімделу. - Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін сипаттайтын экономикалық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін есептеу үшін қажетті деректерді жинау және талдау; - Экономикалық, жоспарларын дайындау үшін қажетті есептеулерді орындау, оларды ақтауға, және қабылданған стандарттарға сәйкес нәтижелерін ұсыну;
  • - Материалдық өндірістің негізгі салаларындағы, қаржылық, банктік сақтандыруды жаңа технологиялық үрдісте жүргізу. - Қаржылық және сақтандыру нарықтарындағы қатысушылардың өтініштерін дайындау; - Ықылас таныта білу және мәселе бойынша ұйымдастырушылық-басқарушылық шешім таба білу.
  • - Бизнес жүргізудегі этикалық құндылықтарды ұстана отырып, әр түрлі бизнес туралы ақпаратты пайдалану тұрғысынан халықаралық контексте жұмыс істей білу. - Нарық сегментінде өз орнын табуы үшін бизнесті жоспарлау, оны құрудың негізгі принциптерін меңгеру, компания миссиясын қалыптастыра алу; - Бизнесті жоспарлаудың технологиясын терең қарастыру; - Бизнесті жоспарлаудың түрлерінің практикалық есептелуін жетік үйрену; - Бизнесті жоспарлаудың заңдарын жан-жақты оқып-үйренумен бірге, бизнесті жоспарлау тетіктеріне әсер етуін білу.
  • - Кәсіпорындағы 1С Бухгалтерия бағдарламасының конфигурациясы мен құрылымын білу; - Бухгалтерлік есепте компьютерлік бағдарламаны пайдаланып шаруашылық операциялар мен есепті құрастыру; - Шаруашылық операцияларды еңгізу және қаржылық есептілікті қалыптастыру; - Бухгалтерлік есепті және қаржылық есептілікті жасаудың қағидаттары мен негізгі сапалық сипаттамаларын білу; - Мемлекеттік мекемелерді ұзақ мерзімді активтермен және қорлармен орталықтандырылған операцияларды есепке алу тәртібін білу; - Мемлекеттік мекемелерде қаржылық есептілікті жасау және ұсыну;
  • - ХАС сәйкес аттестациялауды талап ететін аудиттің және басқа да қызметтердің сипатын түсіну; - экономика, бухгалтерлік есеп және аудит ғылымдардың теориялық-әдістемелік білімдерді меңгеру; - қаржылық есептілік пен аудиттің халықаралық стандарттарын білу; - аудитті жүргізудің жоспары мен бағдарламасын дайындау, практикада алған тәжірибесін іс жүзінде қолдану.
  • - бюджетке төленетін салықтардың, басқа да міндетті төлемдер мен алымдардың қолдану аясын білу және қолдана алу; - Салалардағы есепті дайындаудың технологияларын және ХҚЕС сәйкес қаржылық есепті дайындау және тәжірибеде қолдана білу; - Мекемелердегі есептілік саясатын құрастыруды және экономика салаларындағы есептілікті, есеп принциптерін және ролін сипаттай білу, сонымен қатар бухгалтерлік есептің әдістемесін түсіну; - Тауар айналымына ҚҚС салу және салалардағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу.
Top