Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M06108 Есептеу жүйелері және технологиялары (1,5 ж.) в Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

Оқыту нәтижелері

  • Нақты ғылыми -зерттеулік кәсіби міндеттерін анықтау, есептерді сипаттау және шешімдерін табу, заманауи компьютерлік технологияларды және қолданбалы бағдарламалар пакеттері көмегімен ғылыми өнімнің қорытындыларын рәсімдеу, толық сенімділік тұрғысынан объектінің жұмыс барысын талдау, математикалық модельді құру.
  • Есептеу техникасы мен ақпараттық технологияларды дамытудағы жаһандық үрдістерді білуге негізделген перспективалық зерттеу әдістерін талдау және кәсіби проблемаларды шешу, автоматтандыру объектілерін басқару және жобалау мәселелерін шешудің әдістерін таңдау және алгоритмдерді әзірлеу, бағдарламалық қамтамасыз етудің қазіргі заманғы технологияларын қолдану, әзірленген бағдарламалық өнімдердің сапасын бақылау.
  • Зерттеу жүйесін немесе процессті талдау, модельдеу әдісін таңдау, заманауи компьютерлік құралдарды пайдалана отырып, жүйенің немесе процестің адекватты моделін құру, модельдеу нәтижелерін интерпретациялау және талдау, кірістірілген жүйенің жобалау дағдыларын көрсету.
  • Білім және ғылыми-зерттеу теориясының әдістерін қолдану, Жүйелік тәсілдің сатыларын ұсыну, жүйелік талдау жүргізу кезінде жұмыс дәйектілігін таңдау, CAD қолдану, бағдарламалық қамтаманы сынақтан өткізу.
  • Бұлтты есептеу технологияларын енгізу кезеңдерін анықтау, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуде бұлтты технологияларды қолдануды сипаттау, жүйелерді жобалаудағы бұлтты қолданбаларды бағалау.
Top