Жаңа білім беру бағдарламасы

7M03107 Мемлекеттік басқару және қоғамдық қауіпсіздік в Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты - Халықаралық академиялық стандарттарға сәйкес жоғары оқу орындарында мемлекеттік билік пен басқару саласы, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды қамтамасыз ету. - Түлектер теориялық және эксперименттік негізде, стратегиялық жоспарлаудың, мемлекеттік әкімшілік пен саяси менеджменттің жаңа жетістіктеріне, аралас ғылыми салаларға негізделген терең жүйелі білім алуы тиіс. - Мемлекеттік қызмет пен басқару мәселелерін шешуге, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және саяси коммуникацияларды дамытуға байланысты кәсіби дағдыларды қалыптастыру. - Мемлекеттік қызметтегі басқарудың, саяси талдау мен болжаудың қазіргі заманғы технологияларын меңгеруді қамтамасыз ету. - Білім алушылардың бойында ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүзеге асыру, қазіргі заманғы мемлекеттік және қоғамдық мәселелердің жағдайын талдау, қорыту және сыни бағалау, болашақ кәсіби қызметтің бағытын саналы таңдау, таңдаған салада табысты жұмысқа орналасу қабілетін қалыптастыру. - Түлектер терең теориялық және практикалық және бірегей нәтижені қамтамасыз ететін техникаларды талап ететін ғылыми жобаны орындауы тиіс. - Бітірушілер Қазақстан Республикасының немесе басқа елдің кез келген жетекші университетінде ғылыми дәреже алу үшін, ұлттық, өңірлік және жергілікті басқару және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында білімді қолдануға негізделген мемлекеттік билік және басқару органдарында басқару функцияларын жүзеге асыру үшін оқуға дайындалуы тиіс.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M063 Саясаттану және конфликтология
  • Дайындық бағыты 7M031 Әлеуметтік ғылымдар
  • Шетел тілі (кәсіби)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Халықаралық стандарттарына сәйкес шетел тілініңдегі коммуникативтік құзыреттілікті арттыру және осы біліктілікті болашақ магистраннтың мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми қызметінде байланыс құралы ретінде пайдалануға үйрету. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді: - жаңа іс-шараларға қатысу және жаңа ақпараттарды өз білім жүйесіне енгізе білу; - шетел тілінің фонетикалық, грамматикалық, лексикалық құрамын және функционалдық жұмыс істеу принциптерін түсіне білу; - өз бетінше жаңа біліктері мен дағдыларды үйрену және өмірде қолдана білу; - кәсіби білімді алу барысында шетел тілін тиімді қолдана білу; - нақты функцияларды орындау үшін шетел тіліндегі ауызша және жазбаша біліктіліктерді қолдана білу; - пікірталаста өз ойларын жеткізе білу және өз көзқарасын шетел тілінде дәлелді түрде қорғай білу. «Шетел тілі (кәсіби)» пәнінің осы оқу жоспары еңбек нарығында бәсекелесуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлауға арналған, себебі шет тілі арқылы болашақ магистр академиялық білімге, жаңа технологияларға және заманауи ақпаратқа қол жеткізеді және сол арқылы табысты кәсіби және ғылыми қызметтің құралы болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын меңгеру негізінде жоғары білікті мамандардың ғылыми дайындығын қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу үрдісінде басқару саласының ең маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық пайдалану үшін алғышарт жасау. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттарда келесі қабілеттерді қалыптастыру: - басқару психологиясының теориясы мен практикасының заманауи жағдайын кейінгі кәсіби іс-әрекетінде қолдану үшін оңтайлы көлемде түсінуге; - басқару үрдістері мен құбылыстарын психологиялық талдаудың әдіснамалық мәселелерін талдауға; - басқару тиімділігін жоғарылату мақсатында жеке тұлғаларды және әлеуметтік топтарды (қауымдастықтарды) зерттеудің психологиялық әдістерін қолдануға және сипаттауға; - басқару объектілері болып табылатын жеке адамдар мен топтар іс-әрекетінің негізгі психологиялық ерекшеліктерін түсіндіруге; - басқару субъектілері іс-әрекетінің негізгі психологиялық ерекшеліктерін жүйелеуге; басқару іс-әрекеті субъектілерінің психологиялық дайындығының мәні мен мазмұнын анықтауға; - басқару тиімділігін жоғарылату мақсатында, басқару үрісінде пайда болатын әлеуметтік-психологиялық құбылыстарды сипаттауға; - басқару субъектілерінің кәсіби маңызды психологиялық қасиеттерін дамыту және жетілдіру әдістері мен тәсілдерін көрсетуге; - әртүрлі басқару мәдениеттерінің байланысы барысында іскерлік және тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға; - ұйымдағы қақтығыстық жағдайларды шешу бағдарламаларын құрастыруға; - басқару психологиясы саласында жобалық зерттеу іс-әрекетін жүзеге асыруға, оның нәтижелерін таныстыруға; - жеке өмірде және кәсіби іс-әрекетте табысты қарым-қатынас стратегияларын жүзеге асыруға; - басқару психологиясы тарапынан өмірлік және кәсіби жағдайларды сыни бағалауға; өзіндік және ұжым потенциалын дамыту үшін басқару психологиясы бойынша білімдерді тиімді пайдалануға. Курс заманауи менеджменттің негізгі бағыттарының білімін береді. Бизнес-технологиялардағы және басқарудағы психологиялық талаптарды ашады. Адамдармен өзара әрекеттестікпен байланысты басқару іс-әрекеті тиімділігінің психологиялық негіздерін анықтайды. Курс аясында басқару психологиясының пәні, негізгі қағидалары, басқару өзара әрекеттестігіндегі тұлға, тұлға мінез-құлқын басқару, құндылықтар бойынша басқару туралы заманауи көзқарастар, топтық құбылыстарды және үрдістерді басқару психологиясы, басшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері, жеке басқару стилі, басқару іс-әрекетіндегі ықпал ету психологиясы, қақтығыстық жағдайларды басқару қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мемлекеттік қызметті басқару технологиялары
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу нәтижесінде магистрант қабілетті болады: -мемлекеттік билік органдарының жағдайын және басқару буынының кәсібилігін бағалау; -мемлекеттік басқарудың қазіргі заманғы технологияларын практикада іске асыру үшін жағдай жасау; -мемлекеттік қызметте басқарудың заманауи технологияларын талдау; - қазақстандық мемлекеттік басқару жүйесіне шетелдік тәжірибенің үздік мысалдарын бейімдеу; -ұлттық мүдделерді ескере отырып, мемлекеттік басқарудың қазіргі заманғы технологияларын пайдалану және оларды тәжірибеде қолдану бойынша басқару шешімдерін әзірлеу. Курс магистранттарда заманауи мемлекеттік басқару технологиялары жайлы білімді қалыптастыруға, ұлттық мүддені ескере отырып тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға дайындауға бағытталған. Пәннің негізгі міндеттері мемлекеттік басқарудың теориялары мен технологияларының, мемлекеттік басқару мен мемлекеттік менеджменттің өзара байланысын анықтау, әкімшілік реформалардың қажетті элементі саналатын жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Берілген курста басқарушылық тәжірибедегі аутсорсинг технологиясы, басқарудың ұйымдастырушылық технологиялары, «жаңа мемлекеттік басқару» концепциялары, мемлекеттік басқаруды зерттеудегі синергетикалық әдістің ерекшелігі мен мазмұны қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Аймақтық және муниципалды басқару
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу нәтижесінде магистрант қабілетті болады: - өңірлік және жергілікті басқарудың негізгі жүйелерін, олардың механизмі мен даму үрдістерін түсінуді көрсету; - саяси феномендер мен фактілердің кең спектрі арасында басқару тігінен қарым-қатынас орнату; - нормативтік-құқықтық реттеуді әзірлеу; - Қазақстан Республикасында біртұтас және Федеративтік жүйелерде өңірлік және жергілікті деңгейлерде мемлекеттік-әкімшілік басқаруды жүзеге асыру; - өңірлік және муниципалдық деңгейдегі органдардың жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Курс магистранттарды Қазақстан Республикасындағы, унитарлы және федеративті жүйелердегі аймақтық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік-әкімшілік басқаруды жүзеге асыруға үйретеді. Пәннің міндеттері: мемлекеттік, аймақтық және муниципалды басқару теорияларының ережелерін терең зерттеу; мемлекеттік, аймақтық және муниципалды басқарудың ресурстық қамтамсыз етілуі және шаруашылық қызметке әсер ету құралдары мен принциптері, әдістері, формаларын талдау; аймақтық және муниципалдық деңгейдегі әлеуметтік процесстерді басқару саласындағы біліктіліктерге ие болу; аймақтық және қалалық мәселелерді зерделей білу қабілетін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: қоғамның жаһандануы жағдайында Қазақстандағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және білім алушының жоспарлау қабілетін қалыптастыру; зерттеу жүргізуде тәжірибелік-эксперименталды жұмысты жобалау. Курсты оқу барысында магистранттердің төмендегідей қабілеттерін қалыптастыру: - педагогикалық зерттеудің логикасы мен құрылымын, ҒЗЖ жүргізу және педагогикалық зерттеуді жоспарлау кезінде педагогикалық зерттеудің әдіснамалық аппаратын сипаттау; - кәсіби қызметте ғылыми қызметтің жалпы технологияларын және ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізу әдістерін таңдау және қолдану; - ғылыми-зерттеу жұмысын жобалау; - Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру және ғылымның дамуы жағдайында магистранттың ғылыми-зерттеу және әдіснамалық мәдениетін меңгеру; - мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі ғылым мен білім беру саласындағы әлеуметтік-гуманитарлық жобалар мен бағдарламалардың сараптамасын жүзеге асыру; - ғылым мен ғылыми зерттеулерді дамытудың халықаралық және ұлттық тәжірибесін бағалау. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттер төмендегі мәселелерді қарастырады: • Пән жаһандану шарттарына сай Қазақстанда ғылыми зерттеу жұмыстарын жоспарлау мен жүргізу; • жоғары оқу орынында зерттеулердің тарихын, заманауи қоғамдағы ғылымның рөлін, қазіргі Қазақстан Республикасындағы ғылымның; • ҚР-да негізгі және бейіндік бағыттағы педагогикалық зерттеу; • ғылыми зерттеудің негізгі әдісі мен әдіснамасын, педагогикалық зерттеудің логикалық құрылымын, ҒЗЖ жүргізу барысындағы ғылыми аппарат пен педагогикалық зерттеуді жоспарлау бағыттарын.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мемлекеттік басқару
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - магистранттардың мемлекеттік басқарудың қазіргі заманғы деңгейлері мен түрлеріне және оның әлеуметтік процестерге әсері туралы тұтас көзқарасын қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант қабілетті болады: -мемлекеттік басқару үдерісінде мемлекет пен қоғам арасындағы өзара әрекеттесу заңдылығын білуге және түсінуге; - мемлекеттік органдардың қалыптасуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын айқындауға; - ғылыми зерттеулерде түрлі ақпарат көздерін талдауға және пайдалануға; - мемлекеттік басқарудағы шешім қабылдау және жүзеге асыру үшін аналитикалық дағдыларды қолдануға; - қоғамдық өмірдің динамикалық қиындықтарына барабар жауаптарды табуға қабілетті болады.. «Мемлекеттік басқару» пәні болашақ мамандардың жалпыға ортақ әмбебап заңдар мен мемлекеттік басқару нысандарын ұлттық экономиканың ерекшелігіне қолдану, объективті шешім қабылдау және даму мүмкіндіктерін ұтымды таңдау мүмкіндігін қалыптастыруға бағытталған. Пәнді зерделеу барысында келесі аспектілер қарастырылады: Мемлекеттік басқару, оның сипаты және әлеуметтік маңызы. Саяси билік және мемлекеттік басқару. Мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі ерекшеліктері. Мемлекеттік басқарудың факторлары, мемлекеттік басқарудың ұйымдастыру принциптері мен функциялары. Мемлекеттік басқарудың жүйелік сипаттамалары Мемлекеттік басқару қызметі. Әлеуметтік саланың мемлекеттік басқару негіздері. Мемлекеттік әл-ауқат. Экономика саласындағы мемлекеттік басқарудың негіздері. Бизнестегі мемлекеттік басқару. Мемлекеттік басқару тиімділігі. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру. Жеке меншік мемлекеттік кәсіпкерлік. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі әлеуметтік серіктестік. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экономикалық және саяси үрдістерді стратегиялық басқару
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу нәтижесінде магистрант қабілетті болады: -экономикалық және саяси үдерістерді стратегиялық басқаруды дайындаудың принциптері мен әдістерін қолдана алу; -экономика мен саясатты дамытудың стратегиялық басқаруымен байланысты іс-шаралардың бағдарламасын құрастыра білу; - арнаулы бағдарламалар мен жобалардың жүзеге асырылуын және басқарудың стратегиялық тиімділігін талдай алу біліктілігіне ие болу; -билік органдарындағы процедуралар мен әкімшілік процесстерді басқарудың моделін жасай білу; -экономикалық және саяси объектілердің жайдайы жайлы нормативті-құқықтық, статистикалық және да басқа да ақпарат көздерімен жұмыс жасай білу. Бұл пәнде экономикалық және саяси процесстерді стратегиялық басқарудың принциптері мен формалары, қоғам дамуының мемлекеттік стратегиясын жүзеге асыру жолдары зерттеледі. Курстың міндеттері экономикалық және саяси үдерістерді мемлекеттік стратегиялық басқаруды жасаудың әдістерін және мемлекеттік стратегиялық басқарудың теориясы мен тәжірибесін зерттеу болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық және саяси үдерістерді басқаруды зерттеудің әдістемелік аспектілері. Әлеуметтік-экономикалық және саяси үдерістерді зерттеудің ғылыми және нақты-пәндік әдістері. Әлеуметтік-экономикалық жүйені талдаудың әдіснамасы. Әлеуметтік-экономикалық саясат және экономикалық параметрлер. Әлеуметтік-экономикалық және саяси процесстерді модельдеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мемлекеттік саясат
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: мемлекеттік саясат туралы жүйелі ғылыми білімді қалыптастыру, өмірдің барлық өзара байланысты салаларында қоғамға мақсатты әсер ету, магистранттардың мемлекеттік саясат және мемлекеттік басқару саласындағы жүйелі ғылыми білімдерін қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант қабілетті болады: -мемлекеттік саясат пен басқарудың сипатын және түрлерін анықтау, мемлекеттік саясатты дамыту тетіктерін түсіндіру; -қазіргі саясатта мемлекеттік саясаттың әртүрлі типтері мен бағыттарының маңыздылығын түсіндіру, саясат пен басқарудың өзара байланысын көрсету; -мемлекеттік саясат және басқару саласында категориялық-тұжырымдамалық аппаратты қолдану; -шиеленістер жағдайында басқару шешімдерін талдау және есептеу; -мемлекеттік басқару саласындағы іскерлік ойындардың және басқа да белсенді әдістердің дағдыларын дамыту. «Мемлекеттік саясат» пәні болашақ мамандардың мемлекеттік саясатты әзірлеу, талдау және жоспарлау, қоғамның әртүрлі салаларында мемлекеттік саясаттың негізгі үрдістері мен проблемаларын білу және мемлекеттік құрылыстың нақты үдерісінде пайдалану мүмкіндігін білу қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Пәндерді зерделеу кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Мемлекеттік саясаттың мәні мен негізгі компоненттері. Мемлекеттік саясатты дамыту тетіктері. Саясат және басқару. Мемлекеттік саясаттың құқықтық және экономикалық негіздері. Мемлекеттік саясаттың типологиясы және институционализациясы. Мемлекеттік мақсатты бағдарламалар. Мемлекеттік өңірлік саясат. Мемлекеттік экономикалық саясат. Мемлекеттік әлеуметтік саясат. Мемлекеттік жастар саясаты. Білім және мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат. Мемлекеттік ақпараттық саясат. Дін және ұлттық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат. Мемлекеттік экологиялық саясат.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Саяси ойлау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: имиджмейкерлік жұмыстың ерекшелігін және имиджмейкерлік технологияларды тиімді пайдаланудың ерекшеліктерін ашу. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант қабілетті болады: - саяси имиджелогияның ғылыми және практикалық мәселелері мен өзекті бағыттарын түсіндіру; - имиджэффект құру тәсілдерін, имиджмейкинг технологиясын тәжірибеде қолдану; - имидждің құндылық және технологиялық қызметтерін саралау, саясаткердің жеке имиджінің жетекші элементтерін анықтау; - имиджін құру кезеңдерін және имиджді модельдеу ерекшеліктерін кешенді талдауды жүзеге асыру; - мемлекеттік басқару саласында имиджмейкерлік технологияларды тиімді пайдаланудың ерекшелігі мен айырмашылықтарын жүйелі бағалау. Мынадай мәселелер қаралатын болады: саяси имиджелогияның негізгі санаттары; саяси имиджелогияның ғылыми және практикалық проблемалары мен өзекті бағыттары; саяси имидждің құрамдас бөліктері және оны қабылдау ерекшеліктері; саяси көшбасшының имиджі; басқару саласындағы имиджемейкерлік жұмыстың технологиялары мен әдістері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Саяси коммуникациялар
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: саясат және басқару саласындағы коммуникация туралы теориялық жүйелік түсінік тұрғысынан коммуникативтік үдерістің ерекшелігін көрсету. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант қабілетті болады: - қазіргі басқару үдерістерін талдау үшін саяси коммуникация әдістерін қолдану; - саяси коммуникациялардың жекелеген иституцияланған арналарының маңыздылығын анықтау; - коммуникацияның заманауи бейресми арналарының қызметін сыни бағалау; - әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елдерінің саяси коммуникацияларының практикалық тәжірибесін жүйелеу және ұғыну; -мемлекеттік саяси-коммуникациялық науқандарды одан әрі дамыту перспективаларын болжау. Мынадай мәселелер қаралатын болады: саяси коммуникацияның мәні мен қызметтері; саяси коммуникациялардың құрылымы мен модельдері; саяси коммуникациялардың қазіргі заманғы иституцияланған арналары; саяси коммуникацияның негізгі түрлері мен кезеңдері; қазіргі заманғы саяси процестерді талдау үшін саяси коммуникация әдістері; әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елдерінің саяси коммуникацияларының тәжірибесі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: магистранттардың бойында рационалды-теоретикалық ойлаудағы негізгі дүниетанымдық және әдістемелік мәселелерді құраушы ғылыми білімнің ерекше түрі ретіндегі заманауи ғылым философиясы туралы терең түсінік қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді: - әлеуметтік институт пен әрекеттің, білімнің ерекше түрі ретіндегі ғылымның ерекшеліктерін анықтау; - ғылым дамуының заңдылықтары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің стратегиясы мен әдістері туралы пікір-таластар мен негізгі мәселелерді жүйелеу; - зерттеу тақырыбына неғұрлым қатысы бар зерттеу әдістерін және стратегияларын таңдап, оларды кәсіби қызметте ұстану; - заманауи ғылыми жетістіктерді сыни бағалауға ие болып; - пәнаралық іздеудің ең тиімді стратегияларын таңдауға бағытталу; - ғылымды дамытудағы қазіргі кезеңнің өзекті мәселелеріне қатысты өзінің этикалық позициясын қалыптастыру және оны сауатты түрде пікір-таласта дәлелдей алу. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылымның тарихы және философиясының пәні, Ғылымның көзқарастық негіздемелері, Ғылымның қызметтері, Ғылымның пайда болуы және қалыптасуы. Ежелгі дүниедегі, Орта ғасырдағы және Қайта Өркендеу дәуіріндегі ғылым, Жаңаеуропалық ғылым – ғылымның дамуының классикалық кезеңі, Ғылымның дамуының классикалық емес және постклассикалық емес кезеңінің негізгі концепциялары және бағыттары, Ғылыми танымның құрылымы мен деңгейлері, Ғылымның мамандық ретінде қалыптасуы. Ғылымның идеалдары мен нормалары, Ғылымның философиялық негіздемелері және дүниенің ғылыми бейнесі, Ғылыми дәстүрлер және ғылыми революциялар, Жаратылыстану ғылымдары мен техникалық ғылымдардың тарихы мен философиясы, Әлеуметтік және гумантарлық ғылымдардың тарихы мен философиясы, Қазіргі заманғы жаһандық өркениет дамуының философиялық мәселелері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мемлекеттік бағдарламаларды басқару
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу нәтижесінде магистрант қабілетті болады: -мемлекеттік бағдарламалардың түрі мен түсінігін, оларды даярлаудың принциптері мен әдістерін, өмірлік циклы мен бағдарлама кезеңдерін білу; -мемлекеттік бағдарламаларды жоспарлай алу, сонымен қатар бағдарламалық басқару саласындағы қазіргі заманғы қазақстандық және шетелдік стандарттар негізінде қадағалай алу; -стратегиялық ойлау қабілетін дамыта білу; -әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік бағдарламалардың әлеуметтік- экономикалық тиімділігіне сандық баға беру әдістерін меңгеру; -бағдарламалардың тәуекелділік көрсеткішін анықтау және диагностика жасай білу, оларды басқарудың алгоритмін дайындау біліктілігін меңгеру. Курс мемлекеттік бағдарламаларды басқарудың мәселелері бойынша тәжірибелік біліктілікті жетілдіруге бағытталған. Курстың міндеті болып мемлекеттік бағдарламаларды басқаруды тиімді ұйымдастыру процесстерін зерттеу табылады. Модуль магистранттарды «мемлекеттік бағдарлама», «бағдарламаны жоспарлау және қадағалау» түсініктерімен таныстырады. Мемлекеттік бағдарламалары жүзеге асыру мен даярлау бойынша әдістемелік нұсқаулар. Мемлекеттік басқару саласында бағдараламалық-мақсаттық әдісін қолдану. Республикалық, облыстық және жергілікті стратегиялық жоспарлаудың құжаттарының өзара байланысы. ҚР стратегиялық құжаттарының құрылымы. Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын қадағалау. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бағалары нәтижелерін пайдалану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: жоғары мектеп оқытушысының кәсіби-педагогикалық мәдениетінің негіздерін меңгеру, жоғары мектеп дидактикасы, тәрбие теориясы және білім беру менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде ЖОО мен колледждердегі педагогикалық іс-әрекет қабілетін, педагогикалық құзыреттілікті қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді: - әлемдік білім беру кеңістігін және Болон үдерісін білім беруді дамытудың қазіргі заманғы стратегиясы ретінде сипаттау; - тұтас педагогикалық процесс теориясы тұрғысынан оқу-тәрбие жағдайларын талдау және бағалау (жағдайларды кешенді, жүйелі талдау); - білім беру заңдылықтары мен принциптеріне сәйкес тұтас педагогикалық процесті жобалау; -  байланыс арқылы оқыту процесінің даму динамикасын және оның компоненттерінің тәуелділігін түсіндіру: жүйелік көзқарас тұрғысынан; критериалды бағалау тұрғысынан; оқыту нәтижелеріне қол жеткізу; - әдіснамалық тұғырлар (іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлы, құзыреттілік, кредиттік жүйе және т.б.) негізінде оқыту процесін динамикалық жүйе ретінде құру; - оқытудың кредиттік жүйесі негізінде оқытудың әр түрлі стратегиялары мен әдістерін қолдана отырып, дәріс, семинар, практикалық, зертханалық сабақтарды жобалау. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттер төмендегі мәселелерді қарастырады: педагогикалық ғылым және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі орны; жоғары білім берудің заманауи парадигмасы, білім беруді дамытудың мегатенденциясы және Болон процесі; Қазақстандағы жоғары кәсіптік білім беру жүйесі. Педагогикалық ғылымның әдіснамасы; жоғары мектеп оқытушысының кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігі; жоғары мектептегі оқыту теориясы (дидактика); жоғары білім беру мазмұны; білім берудің TLA-стратегиясын жобалау, оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі және инновациялық әдістері мен формаларын қолдану, Жоғары мектептегі жаңа білім беру технологиялары, Кредиттік технология жағдайында магистранттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру; оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру технологиясы; жоғары мектептің ғылыми қызметінің теориясы. СҒЗЖ; жоғары білім беру жүйесіндегі куратор-эдвайзердің қызметі; білім берудегі менеджмент.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Саяси PR
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: PR-практиканың негізгі сипаттамаларын, оның заңдарын, саясатта PR технологияларды тиімді пайдаланудың формалары мен әдістерін ашу. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант қабілетті болады: - саяси PR қалыптасуы мен дамуының принциптері мен заңдылықтарын түсіндіру; - теориялық білім және қолданбалы технологиялар саласы ретінде саяси PR кешенді талдауды жүзеге асыру; - PR-акциялар мен PR-компанияларды жоспарлау және өткізу технологиялары мен әдістерін қолдану; - БАҚ-пен PR-да жұмыс тиімділігін жүйелі бағалау; - қазіргі қоғамдағы PR-қызмет саласын кеңейту үрдісін ғылыми зерттеуді жүзеге асыру. Келесі мәселелер қарастырылатын болады: PR ұғымдық аппараты және негізгі бағыттары; саяси PR қалыптастыру мен дамытудың қағидаттары мен заңдылықтарының ерекшелігі; PR-технологияларды зерттеу әдістері мен қолдану саласы; PR-акциялар мен PR-компанияларды жоспарлау және өткізу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қоғамдық сектордағы менеджмент
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу нәтижесінде магистрант қабілетті болады: -қоғам өміріндегі қоғамдық сектордың генезисі, қызметтері, құрылымы, әлеуметтік мәні мен рөлі туралы білімін көрсете алу қабілетінің болуы; -азаматтық қоғам негізін құру процесіне қоғамдық сектордың ықпалы мен беделі деңгейін анықтай алу; -мемлекет пен ҮЕҰ, бизнес пен ҮЕҰ тиімді әріптестігіне мысал келтіру, олардың заңдылықтарын түсіндіре алу; -қоғамдық сектордың дамуындағы дағдарыс пен тәуекелдерді болжау; -Қазақстан Республикасындағы қоғамдық сектордың қазіргі жағдайын сыни талдау дағдысына ие болу. Пәнді оқытудың мақсаты қоғамдық секторды, оның ерекшеліктері, сипаты, құрылымы және қызметтері, институционалдық негіздерін зерттеу болып табылады. Сонымен қатар, қоғамдық ұйымдарды жүйелеу және түрлерін анықтау, қоғамдық сектордың ауқымы мен қозғалысын, қоғамдық секторды ұйымдастыру менеджментінің ерекшеліктерін, қоғамдық секторды басқару жүйесіндегі мемлекеттік және қоғамдық қызметтің рөлін, осы жүйедегі жергілікті өзін-өзі басқарудың ерекшеліктерін, басқару үдерісіндегі әлеуметтік әріптестік институттарының өзара қатынастарының тұрақтылық деңгейін анықтау. Міндеттері: - әртүрлі деңгейдегі қоғамдық сектор субъектілерінің мүдделерінің келісімі принципі жүйесін зерттеу; - мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы әріптестіктің негізгі бағыттарын зерттеу; - азаматтық қоғам институты ретіндегі отандық ҮЕҰ мен КЕҰ-ны басқарудың мүмкіндіктері мен маңызын зерттеу; - мемлекет пен ҮЕҰ, мемлекет пен бизнестің арасындағы әлеуметтік әріптестіктің маңызын ашып көрсету; - Қазақстан Республикасындағы қоғамдық секторының тиімді менеджменті принциптерін анықтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Саясатта заманауи консалтинг
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: саяси консалтингті басқару технологиясы ретінде мәнін ашу. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант қабілетті болады: - саяси консалтингтің заманауи теориялары мен тәжірибелерін түсіндіру; - клиентке консалтингтік қызмет көрсету бағдарламасын құру; - консалтингтік қызмет көрсетудің әдістері мен тәсілдерін меңгеру; - саяси жағдайды зерттеу бағытын анықтайтын ақпаратты іздеу және өңдеу; - клиентке терең және жан-жақты кеңес беру. "Саясаттағы қазіргі консалтинг" оқу пәні бойынша саяси консалтинг тамыры берілген, оның мәні, қызмет аясы және өзара іс-қимыл субъектілері анықталады. Оқу міндеттерін ескере отырып, саяси консалтингтің мақсаты, ауқымы, қолданылатын әдістердің ерекшелігі және басқа да маңызды параметрлері бойынша ерекшеленетін аналитикалық, арнайы және ұйымдастырушылық технологиялары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Салыстырмалы әкімшілік жүйелер
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу нәтижесінде магистрант қабілетті болады: -қазіргі заманғы елдердің әртүрлі әкімшілік институттарының қызметтерінің ерекшеліктері, әкімшілік басқарудың қазіргі жүйесінің тиімділік стандарттарын, әкімшілік жүйе, оның құрылымы және қоршаған ортамен өзара байланыс принциптері (механизмдері) туралы терең қазіргі заманғы білімі мен түсінігін көрсете алу қабілеін иелену; -саяси-құқықтық институттар арасындағы ұқсастақтар мен айырмашылықтарын, АҚШ, Скандинавия, Батыс Еуропа, елдерінің әкімшілік жүйелерінің көрініс беретін жағдайларын, артықшылықтары мен ұстанымдарын анықтай алу; -саяси-құқықтық институттар арасындағы ұқсастақтар мен айырмашылықтарын, АҚШ, Шығыс елдерінің әкімшілік жүйелерінің көрініс беретін жағдайларын, артықшылықтары мен ұстанымдарын анықтай алу; -саяси-құқықтық институттар арасындағы ұқсастақтар мен айырмашылықтарын, АҚШ, Латын Америкасы елдерінің әкімшілік жүйелерінің көрініс беретін жағдайларын, артықшылықтары мен ұстанымдарын анықтай алу; -әлемдік тәжірибені ескере отырып ішкісаяси мәселелерді шешу дағдысына ие болу. Қазіргі әлем жағдайындағы әкімшілік жүйелерді салыстырмалы талдау осы жүйелердің қалыптасу мен қазіргі жағдайының тарихи ерекшеліктерін ескере отырып келешегі бар және тиімді әкімшілік жүйені анықтауға бағытталған. Басқарудың әкімшілік жүйесінің модельдерін ортақ мәдени, құқықтық және саяси дәстүрлер мен тәжірибелері бар мемлекеттер топтары арқылы қарастыру: англосаксондық модель, «наполеондық» елдер моделі; солтүстіктегі елдерге тән модель; «германдық» елдер моделі. Әкімшілік жүйелердің құрылымындағы, құрамдас бөліктерінің құқықтық жағдайындағы, ұйымдастыру формаларындағы және қызметтеріндегі айырмашылықтарын, орталық, аймақтық, жергілікті қоғамдық билік органдарының өзара қатынас сипатын, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Саяси менеджмент тарихы мен теориясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: саяси менеджменттің генезисісін, теориясы мен тәжірибесінің қалыптасуы мен дамуын ашу. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант қабілетті болады: - саяси менеджменттің заманауи теорияларын жүйелеу және сыни тұрғыдан түсіну және басқару қызметінің практикалық тәжірибесін жалпылау; - саяси менеджмент саласындағы оқиғаларды бағалау үшін негізгі теориялық білімді қолдану; - саяси менеджментте шешім қабылдау және басқару әсерінің жеке технологияларын қолдану; - саясат саласындағы нақты басқарушылық шешімдердің маңыздылығын бағалау, басқарушылық міндеттерді шешу жолдарын болжау; - саяси менеджменттің одан әрі даму перспективаларын анықтау және жергілікті жерлердегі басқару жағдайын тұрақтандыру бойынша ұйымдастырушы ретінде әрекет ету. Келесі мәселелер қарастырылатын болады: әлеуметтік институт ретіндегі менеджменттің тарихы; менеджменттің мәні; саяси менеджменттің объектісі мен мәні; қазіргі заманғы менеджменттің мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары; саяси менеджменттің әдіснамалық негіздері, саяси менеджменттің негізгі бағыттары мен әдістері; басқарудың практикалық тәжірибесі және қазіргі заманғы тұжырымдамалары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қоғамдық қауіпсіздік
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу нәтижесінде магистрант қабілетті болады: -қоғамдық қауіпсіздік концепциясын, оның типтік ерекшеліктерін, қауіп-қатерлер индикаторларының жүйесін білу және түсіну; -мемлекеттің ұлттық және қоғамдық қауіпсіздігіне келетін ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерін, Қазақстан Республикасының ұлттық мүддесінің қауіптерін ажырата білу, - бейбітшілікті қолдау мақсатында саяси әдістер мен құралдарды барабар қолдану; - ұлттық қауіпсіздік мәселелерін, соның ішінде дағдарыс жағдайында бағалау; - қоғамдық қауіпсіздік саласында қазақстандық саясаттың құралдарын меңгеру. Пәнді оқытудың мақсаты қоғамдық қауіпсіздік теориясы, оны қамтамасыз ету механизмдері туралы жүйелі ғылыми білімді қалыптастыру болып табылады. Пәннің негізгі міндеттері: ұлттық және қоғамдық қауіпсіздіктің теоретикалық және тәжірибелік аспектілерін, жаһанданудың негізгі қатерлерін, шешім қабылдау механизмдерін, сонымен қатар, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен тәсілдерін зерттеу болып табылады. Аталмыш курста Қазақстанның қауіпсіздік, ұлттық мүдде және стратегиялық ұлттық басымдықтар саласындағы саясатына талдау жасалады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Саясаттағы лоббилік қызмет
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: лоббизмді қоғамдық-саяси қызмет ретінде мәнін ашу. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант қабілетті болады: - мемлекеттік басқарудағы лоббистік қолдау қызметінің оң және теріс жақтарын саралау; - лоббистік қызметтің әдістері мен тәсілдерін тәжірибеде қолдану; - мүдделердің саяси өкілдігінің ерекше нысаны ретінде лоббизмді сыни талдауды жүзеге асыру; - лоббистік қызметті құқықтық реттеуге және кәсіби лоббизмді дамытудың әлемдік тәжірибесіне баға беру; - авторитарлық, тоталитарлық және демократиялық қоғамда лоббистік қолдау болашағын болжау. Мынадай мәселелер қаралатын болады: қысым топтары, қысым тетіктері; "лоббизм" терминінің шығу тегі; мүдделердің саяси өкілдігінің ерекше нысаны ретінде лоббизмнің сипаттамасы; лоббизм және мүдделер топтары; лоббистік қызметті ұйымдастыру және әдістері; лоббистік қызметтің оң және теріс жақтары; тоталитарлық және демократиялық қоғамдағы лобби жасау; лоббистік қызметті құқықтық реттеу; кәсіби лоббизмді дамытудың әлемдік тәжірибесі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Антидағдарыстық басқару
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу нәтижесінде магистрант қабілетті болады: -мемлекеттік басқарудағы дағдарыстың себептері мен салдарларын, анти дағдарыстық басқару технологияларының терең заманауи білімін көрсету қабілетіне ие болу; -анти дағдарыстық басқарудағы жанжалдар мен тәуекелдерді анықтай алу; -дағдарыстық жағдайды мемлекеттік реттеудің түрлерін анықтай алу; -анти дағдарыстық басқаруда маркетинг құралдарын пайдалану дағдысына ие болу; -анти дағдарыстық басқарудағы менеджер қызметін білу. Пәннің мақсаты әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудағы дағдарыс түсінігін және пайда болу себебін зерттеу болып табылады. Сонымен қатар, дағдарыстың белгілері мен түрлерін, антидағдарыстық басқарудағы адам факторының рөлін, дағдарыстық жағдайды мемлекеттік реттеуді, мемлекеттік басқарудағы дағдарыстың ерекшеліктерін, антидағдарыстық басқару мазмұны мен негізгі белгілерін, басқару үдерісіндегі дағдарысты диагностикалау, антидағдарыстық басқарудағы тәуекелдерді, технологияларды, әртүрлі елдердегі антидағдарыстық басқару тәжірибесін қарастыру. Курстың міндеттері: - микро және макродаму үрдістеріндегі дағдарыстың мәнін, мазмұнын және көрінісін зерттеу; - антидағдарыстық басқару мазмұнына, мүмкіншіліктеріне және қажеттіліктеріне талдау жасау; - ұйымды және антидағдарыстық стратегия мен тактиканы жүзеге асыруды зерттеу; - тиімді антидағдарыстық басқарудың негізгі факторларын анықтау; - шетелдердегі және Қазақстан Республикасындағы антидағдарыстық басқару тәжірибесін зерттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Код ON1

    мемлекеттік басқару және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің қазіргі жай-күйін, жеке ғылыми зерттеулер саласын және кәсіптік практика саласын көрсететін проблемаларды, көзқарастар мен үрдістерді терең білуін көрсету;

  • Код ON2

    зерттеулер мен талдаудың қазіргі әдістері жаңа білімді жасау және түсіндіру үшін қалай қолданылатынын түсінумен қатар, бар білімдерді оңтайлы қолдана алу;

  • Код ON3

    мемлекеттік басқару және менеджмент саласындағы заманауи ғылыми мектептерді, ғылыми ізденістерді және теорияларды сыни бағалауға мүмкіндік беретін жүйелі түсінікке ие болу;

  • Код ON4

    өзінің ғылыми зерттеулеріне қолданылатын әдістерді, тәсілдерді және техникаларды меңгеру, сыни талдау және алынған нәтижелерді түсіндіру, жаңа гипотезалар ұсыну;

  • Код ON5

    күрделі қоғамдық-саяси проблемаларды шешуде жүйелі және креативті тәсілді көрсету, толық деректер болмаған жағдайда негізделген қорытынды жасау және өз қорытындыларын мамандар үшін де, кәсіби емес аудитория үшін де баяндау;

  • Код ON6

    мемлекеттік билік органдары мен қоғамдық ұйымдардағы басқару процестерін бағалау, міндеттерді кәсіби деңгейде өз бетінше жоспарлау және шешу; өздігінен білім алуға және мансаптық өсуге дайын болу;

  • Код ON7

    жаңа және бейтаныс мәнмәтіндерде қазіргі халықаралық қатынастар дискурсында мемлекеттік бағдарламаларды басқару және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде ғылыми негізделген технологиялық шешімдер табу;

  • Код ON8

    саяси сараптамаларды, саяси диагностиканы жүзеге асыру, мемлекеттік және қоғамдық секторлардың дамуындағы дағдарыстар мен қауіп-қатерлерге дербес болжам жасау;

  • Код ON9

    стратегиялық және тактикалық сипаттағы мемлекеттік бағдарламаларды, тәуекелдерді басқару және дағдарысқа қарсы даму жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу, PR-технологияларды тиімді пайдалану;

  • Код ON10

    мемлекеттік шешімдер қабылдау және әлеуметтік-саяси жағдайларды талдау үшін деректер базасын құру, оларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

  • Код ON11

    консалтингтік қызметтер көрсету және саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, бизнес-құрылымдар, БАҚ және қоғамдық-саяси үдерістің басқа да акторларының қызметінде талдамалық сүйемелдеуді жүзеге асыру;

  • Код ON12

    жоғары мектепте білім беру қызметін жүзеге асыру, әлеуметтік-саяси пәндерді оқытудың классикалық және инновациялық әдістері негізінде білім беру процесінің нәтижелілігін қамтамасыз ету.

Top