Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01407 Бейнелеу өнері және сызу педагогін даярлау в ОҚМПУ

Пәндер

  • Академиялық хат

    Пәнін меңгерудің мақсаты білім алушылардың өзіндік идеяларын құрылымдық түрде баяндау дағдыларын қалыптастыру, академиялық дискурстың ерекшелігін ескере отырып, ғылыми-ақпараттық мәтіндермен жұмыс жасау жолдарын меңгерту. Пән жазу мәдениеті мен сыни ойлау дағдысын және лингвистикалық - прагматикалық құзыреттіліктерін қалыптастырады, жазба тіл мәдениетін жетілдіреді, академиялық адалдық мәдениеті мен принциптері жайлы мағлұмат береді

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми бағыттағы кескіндеме және композицияны оқыту әдістемесі

    Бейнелеу өнерінде ғылыми бағыттағы кескіндеме техникаларын меңгеру, оларды практикада қолдана білу, композиция құрастыру қабілетін дамыту,түрлі техникаларды меңгеру қарастырылады. Маңызды ғылыми процестерді ғылыми көзқараспен жобалау, бағалау, іргелі ізденістерді айқындап, ғылыми мектептерді дамытуда ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүзеге асыру, өздерінің білімдері мен құнды идеяларын, инновацияларын практикада қолдану сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогиканың философиясы және әдіснамасы

    Пән болашақ маманның дүниетанымдық, азаматтық, адамгершілік ұстанымдарын қалыптастыруға бағытталған. Педагогиканың өзекті мәселелерін, даму кезеңдерін, заманауи педагогикадағы тәрбие жұмысының әдістерін, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қарастырады. Педагогикалық ғылым саласының шекарасын кеңейту, зерттеудің кешенді процесін жобалау, ғылыми қоғамдастыққа үнемі кәсіби білімді жетілдіре отырып кәсіптік тұрғыда ықпал ету сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми бағыттағы суретті оқыту әдістемесі

    Пәнді оқытуда ғылыми бағыттағы суретті оқыту әдістемесін зерттеу саласын жүйелі түрде меңгеруі, осы салада қолданылатын дағдыларын сыни тұрғыдан машықтау, бейнелеу өнерін дәйектеу формалары қарастырылады. Маңызды ғылыми процестерді ғылыми көзқараспен жобалау, бағалау, іргелі ізденістерді айқындап, ғылыми мектептерді дамытуда ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүзеге асыру, өздерінің білімдері мен құнды идеяларын, инновацияларын практикада қолдану сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бейнелеу өнеріндегі герменевтикалық тәсілдер әдіснамасы

    Герменевтика- бейнелеу өнерін зерттеу объектісі ретіндегі жаңа қырлары мен сыпаттарын ғылыми-теориялық тұрғыда қарастыру әдісі, бейнелеу өнерін герменевтикалық түсіндіру практикасы, әдістемесі, герменевтика - бейнелеу өнері объектісін әдіснамалық талдау, «Жаңа» көркем өнер тарихын герменевтика шеңберінде қабылданған әдістемелік талдауы қарастырылады. Бейнелеу өнерін жүйелі түрде түсінуін, зерттеу әдістері мен дағдыларын меңгеруін герменевтика тұрғысында сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Пәннің мақсаты - білім алушыны ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуға дайындау және болашақ кәсіби қызметінде зерттеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға кәсіби білімі мен дағдыларын қалыптастыру. Пәннің мазмұнында ғылыми зерттеудің әдіснамалық негіздері туралы білімдер, ғылыми зерттеу әдістері мен логикасы туралы түсініктер, деректерді жинау мен ғылыми ақпаратты өңдеу, мұғалімнің іс-әрекеті мен сабақты зерттеуді ұйымдастыру принциптері және зерттеу нәтижелерін ресімдеу мәселелері қамтылған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бейнелеу өнеріндегі жаңа технологиялардың теориялық негіздері

    Бейнелеу өнеріндегі жаңа технологияларды игеру, сурет салу техникасын жүйелі түрде меңгеру, жанартылған білім мазмұны, жаңа әдіс-тәсілдерді жинақтау қарастырылады. Оқу барысына өнердің жаңа бағыттағы зерттеулерін енгізу, жаңа идеяларды сыни талдау, зерттеудің кешенді процестерін жобалау, бағалау, өздерінің білімдері мен құнды идеяларын инновацияларын практикада іске асыру, қосымша еңбек функцияларын бейнелеу өнерін дәріптеу сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • жаңа идеяларды сыни талдайды, зерттеудің кешенді процестерін жобалайды, бағалайды.
  • өздерінің білімдері мен құнды идеяларын, инновацияларын практикада іске асырады
  • қосымша еңбек функцияларын бейнелеу өнерін дәріптеуде жүзеге асырады
  • бейнелеу өнерін жүйелі түрде түсінуін, зерттеу әдістері мен дағдыларын меңгереді
  • «өмір бойы» білімге негізделген қоғамның технологиялық, әлеуметтік, мәдени дамуына кәсіптік тұрғыда ықпал етеді
  • бейнелеу өнері саласындағы іргелі ізденістерді айқындап, ғылыми мектептерді дамытуда ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүзеге асырады
Top