Пәннің мақсаты мемлекеттік аудитті ұйымдастырудың теориялық негіздері мен негізін қалаушы принциптерін оқып үйрену, білім алушыларды мемлекеттік аудитордың кәсіби қызметімен, мемлекеттік аудиттің негізгі концепциялары мен ұғымдарымен таныстыру, мемлекеттік аудиторларды сертификаттау және біліктілігін арттыру тәртібі, мінез-құлықтың этикалық нормалары болып табылады
Селективті тәртіпБұл пән экологиялық құқық түсінігі мен пәні, тарихы, қайнар көзі, табиғат объектілеріне меншік құқығы, табиғатты пайдалану құқығы, табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік басқарудың ұйымдық құқықтық нысандары туралы қарастырады.
Селективті тәртіпПән математикалық аппараттарды меңгеру және қолданбалы есептерді шешу үшін қажет болады Оқытылатын тақырыптар келесідей: сызықтық алгебра, талдамалық геометрия, функция, функцияның шегі, бір айнымалы функциялардың дифференциалдық және интегралдық есептеулері, математикалық статистика және ықтималдық теориясы элементтері,сызықтық регрессиялық модельдерді, сызықтық емес регрессиялық модельдерді қамтиды
Селективті тәртіпПән математикалық аппараттардың негіздерін және оларды қазіргі заманғы экономикалық қолданбаларды қолдану мысалдарын қарастырады: бір және бірнеше айнымалы функцияларды математикалық талдау, сызықтық алгебра элементтері, ықтималдық теориясы негіздері және математикалық статистика, сызықтық бағдарламалау элементтері және оңтайлы басқару
Селективті тәртіпЭкономикалық теория - бұл өз мақсаттарын қанағаттандыру үшін шектеулі ресурстарды пайдалана отырып, жеке тұлғалар, фирмалар, мемлекет жасайтын іс-әрекеттерді зерттейтін ғылым. Қазіргі уақытта экономика-адамның сирек ресурстар проблемасын шешуін зерттейтін дербес ғылым ретінде қарастырылуда. Экономикалық теория екі бөлімнен тұрады: микроэкономика және макроэкономика.
Оқу жылы - 1Азаматтық қарым-қатынасты реттейтін ҚР азаматтық заңнаманы және басқа нормативтік актілер ережелерін оқытады
Селективті тәртіпОқу курсы қолдану салалары бойынша ҚР «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын ендіру және жүзеге асырудың кезеңдерін, электрондық қызметтерді көрсетудің цифрлық платформаларын, әртүрлі кәсіби салалар бойынша цифрлық технологияларды ендіру, қолдану жолдарын қарастырады.
Селективті тәртіпОқу пәнін оқытудың мақсаты құқық және мемлекет категорияларын ашу, ұлттық құқық салалары туралы студенттерге жалпы түсінік беру, Қазақстан Республикасының негізгі құқық нормаларымен, оның ішінде конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық және Қазақстан құқығының басқа салалары саласындағы нормативтік-құқықтық актілермен таныстыру болып табылады.
Селективті тәртіпҚаржылық есептің халықаралық стандарттарының іргелі тақырыптарын оқытады
Селективті тәртіпПәннің мазмұны қаржы саласындағы іргелі экономикалық білімдерге, тұтастай алғанда еліміздің қаржы жүйесін ұйымдастыру мен жұмыс істеу негіздеріне, оның жеке бөлімшелеріне, сондай-ақ қаржылық басқару процестерін және қазіргі заманғы қаржылық заңнаманы талдауға және болжауға арналған негізгі ұғымдар, әдістер мен құралдарды қамтитын бірқатар мәселелерді қамтиды.
Селективті тәртіпБұл курс қауіпсіздіктің кәсіби мәдениетін, экологиялық сананы, өзінің кәсіби қызметі саласында еңбек жағдайларын жақсарту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кәсіби білімді қолдануға дайындығын қалыптастырады. Сондай-ақ адамдардың тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін ұйымдастыру әдістерін меңгерудің теориялық және практикалық дағдыларын дамытады, оларды табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ, туристік қызметтеі өзге де жағдайлардан қорғау негіздерін қалайды. Оқу пәні туристік жорық жағдайында зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің практикалық негіздерін меңгеруді қарастырады.
Селективті тәртіпТеориялық, ғылыми және практикалық білім арқылы «Кәсіпкерлік және бизнес» пәні студенттерге бизнес жоспар жасауға, оны ұйымдастыруға және жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызмет жүйесінде нақты және туындайтын мәселелерді шешу үшін құқықытық, экономикалық, басқару мен ұйымдастыру мәселелрін шешудің ғылыми – перактикалық ойлау жүйесін қалыптастырады
Селективті тәртіпБухгалтерлік есептің принциптері, негізгі түсініктері, әдісінің элементтерін оқытады
Селективті тәртіпҚаржылық құқық, қаржылық-құқықтық саясат Тұжырымдамасының негізгі ережелері аумағында білімдер жүйесін, қалыптастырады
Селективті тәртіпПән табиғат пен социумның қызметіне бағытталған халықаралық, мемлекеттік және жергілікті әкімшілік-шаруашылық, технологиялық, саяси, құқықтық және қоғамдық шаралар кешенін қарастырады. Қоршаған ортаны қорғауды зерттеу аспектілері мен мәселелері, оның экологиямен және басқа да ғылымдармен байланысы, қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негіздері, қоршаған ортаның негізгі ластаушы көздері, атмосфералық ауаны, суды, жер қойнауын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, аграрлық және өндірістік кешендерді қорғауға байланысты негізгі мәселелерді, оларды шешу жолдарын, қоршаған ортаны қорғаудың инженерлік шараларын қарастырады
Селективті тәртіпЕлбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қоғамның рухани дамуының басымдықтары айқындалып, бағдар берілді. Рухани жаңғыруды жедел жүзеге асыру міндеті қойылды. Қазіргі заманның талабына сәйкес қоғам дамуының іргелі қағидасының бірі жастардың білімге, прагматизмге, бәсекеге қабілеттілікке деген ұмтылыс болуы қажет. Білім алушылардың зердесі мен санасының ашықтығы – рухани жаңғыруды тиімді жүзеге асырудың басты шарты болып табылады.
Селективті тәртіпПән мақсаты: ұлттық экономиканың бір тұтас жүйе ретінде қалыптасуында маңызды тетіктері мен негіздері туралы түсінікті студенттерге тереңдете түсіндіру; қолданбалы пәндерді меңгеру үшін методологиялық негіз жасау; болашақ мамандарды елдегі макроэкономикалық саясатты ескере отырып тиімді басқару шешімдерді қабылдауға үйрету.
Оқу жылы - 2Статистикалық мәліметтердің жалпы принциптерін, тәсілдерін, жинау әдістерін, өңдеуді және талдауды зерттейді, бұқаралық құбылыстардың даму заңдылықтарын анықтайды
Селективті тәртіпКвазимемлекеттік секторда қаржылық есеп беру принциптерін, бухгалтерлік есеп қағидаларын, ақпараттарды зерделеу
Селективті тәртіпЭкологиялық геологияның практикалық бағыты-экологиялық ресурстану биотаны қамтамасыз етумен байланысты морфологиялық, ретроспективті сұрақтар мен мәселелерді қарастырады, әсіресе ең алдымен адамзат қоғамын литосфераның минералды шикізатымен және белсенді техногенез дәуірінде адам қажеттілігі үшін геологиялық кеңістіктің ресурстарымен қамтамасыз ету сұрақтарын қарастырады. Экологиялық салдарларды ескере отырып, тұтыну және тиімді пайдалану деңгейін зерттейді
Селективті тәртіпАудиттің заңнамалық және нормативтік базасын ашып көрсетеді, аудитті ұйымдастырудың озық тәжірибесін, аудиторлық тексерулерді жүргізу әдістемесін және аудиторлық қорытындыларды ресімдеу тәртібін зерделейді
Оқу жылы - 2Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізудің қағидаларын, ережелерін, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен шоғырландырылған қаржылық есептілікті құру тәртібін оқытады
Селективті тәртіпЭкологиялық менеджмент және маркетинг пәні экономиканың тұрақты дамуы мен қоршаған ортаның жағдайының жақсару мәселелерін комплексті шешуді қамтамасыз ету мақсатында табиғи және өндірістік жүйелердің өзара әсерінің экономикалық заңдылықтарын қарастырады. Стандарттармен, халықаралық ұсыныстармен және экологиялық менеджмент жүйесінің негізгі түсініктерімен, халықаралық стандарттарға сәйкес түрлі саладағы өндірістерде экологиялық менеджмент жүйесінің қолдану тәжірибелерімен таныстырады
Селективті тәртіпСтатистикалық мәліметтердің жалпы принциптерін, тәсілдерін, жинау әдістерін, өңдеуді және талдауды зерттейді, бұқаралық құбылыстардың даму заңдылықтарын анықтайды
Селективті тәртіпҚаржылық есептілік аудитінің мақсаты мен әдістері, клиенттің қызметі туралы мәліметтерді жинау әдістемесі, өңдеу және жалпыландыру білімін қалыптастырады
Селективті тәртіпӘлеуметтік экология қоршаған ортамен үнемі қарым-қатынаста болатын адам қолымен жасалған заттық ортаның объектілерінің құрылымын, ерекшеліктерін және қызметін зерттейді. Бұл пәнді оқу барысында студенттер биосфера мен адам өркениетінің оптимистік және пессимистік даму модельдерімен, қоршаған ортаға антропогенді әсерлермен байланысты экологиялық мәселелермен танысады, сонымен қатар, әр түрлі деңгейдегі биологиялық және геоэкологиялық жүйелердің тұрақты қызметін қарастырады
Селективті тәртіпГеографиялық ғылымның бұл бағыты табиғи антропогенді геожүйелердің экологиялық жағдайын және кеңістіктік дифференциация заңдылықтарын зерттейді. Геоэкология стратегиясын, техногенез салдары, табиғи компоненттерге антропогенді әсер және табиғи ортадағы негізгі процестерді қарастырады
Селективті тәртіпКурста Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің растығын негізделген Растауды алу үшін қаржылық есептілік аудитінің негіздері қарастырылады
Оқу жылы - 3Бюджет қаражатын, мемлекет активтерін және квазимемлекеттік сектор субъектілерін басқару және пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік аудитті ұйымдастыру мен жүргізудің теориялық және әдіснамалық негіздерін ашады
Оқу жылы - 3Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде аудитті ұйымдастыру және жүргізудің теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу
Селективті тәртіпПәнді оқытудың мақсаты ЕО елдерінде мемлекеттік аудиттің жаңа модельдерінің ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретін мемлекеттік аудит саласындағы білімді кеңейту және тереңдету болып табылады
Селективті тәртіпБюджеттің атқарылуы мемлекеттік аудитінің әлемдік тәжірибесін, Қазақстанда бюджеттің атқарылуы мемлекеттік аудитін ұйымдастыруды бағалау әдістерін оқытады
Селективті тәртіпОсы курс ұйымның мақсатын жүзеге асыруда ішкі мемлекеттік аудиттің қағидалары, жүргізу әдістері және практикасы туралы білім жүйесін қалыптастырады
Селективті тәртіпПән адамның табиғатпен қарым-қатынасының жолдары, ғылыми-техникалық прогрестің мәні, жағымды және жағымсыз жақтары, биосфераның басты компоненттеріне өнеркәсіптік кәсіпорындардың әсері және салдары, өндірістерді экологизациялаудың технологиялық процестерін қарастырады.
Селективті тәртіпҰйымның мақсатын жүзеге асыруда ішкі мемлекеттік аудиттің қағидалары, жүргізу әдістері және практикасы туралы білім жүйесін қалыптастырады
Селективті тәртіпПәннің түсінігі мен мәні, мониторинг деңгейлері, табиғи ортаны ластаушы табиғи және антропогенді көздер қарастырылады. Мониторингтің классификациясы оқытылады: санитарлық-эпидемиологиялыұ, жүйелік-геоэкологиялық, мұздықтар жүйесінің, топырақтың, ормандардың, судың мониторингі. Сонымен қатар мониторингтің біріңғай мемлекеттік жүйесінің ережелері қарастырылады
Селективті тәртіпМемлекеттік қаржылық ресурстарды тиімді басқаруды ұйымдастыру сұрақтарын, мемлекеттік қаражатты қолдану ашықтығын және қаржылық тәртіпті жақсартуды зерттейді
Оқу жылы - 3Мемлекеттік аудит және қаржы бақылау органдарының сараптамалық-талдамалық қызметін, әсіресе, алдын-ала, ағымдағы және кейінгі бағалауды зерттеу
Оқу жылы - 3Бұл пән студенттерді экологиялық қызмет түрлерімен, нормалар мен ережелер жүйесімен, жобалау, қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, экологиялық қауіпсіздік бойынша нормативтік құжаттармен, сонымен қатар экологиялық сараптама, нормалау және ҚОӘБ қызметтерімен таныстырады
Селективті тәртіпТиімділік аудитін реттейтін заңнамалық және нормативтік құжаттарды зерттейді
Оқу жылы - 4Пәннің мақсаты мемлекеттік аудитті жүргізудің тиімділігін, дәйектілігін және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік аудит стандарттарының негізгі талаптарын зерделеу болып табылады
Селективті тәртіпМемлекетті талдау және экономикалық және әлеуметтік жүйелердің дамуын реттейтін заңдарды бағалау үшін эконометриялық модельдерді құру және қолдану әдістемесі мен әдіснамасын зерттеу, олардың ішкі және сыртқы факторларының өзара байланыстары жағдайында
Селективті тәртіпҰйымның құқықтық тәуекелдерді басқару процесін, сондай-ақ практикалық дағдыларды білу: бизнес барысында заң бұзушылық тәуекелдерін анықтау; заң бұзушылық ықтималдылығын бағалаумен тәуекелдік матрицасын құру, сондай-ақ бақылау картасын қалыптастыру ережелерін сақтамау салдарының маңыздылығы, бақылау шараларын әзірлеу; бақыланатын субъектінің басқарылатын бақылау жүйесінің жетілуін бағалау
Селективті тәртіпПән табиғи және басқа ресурстарды сақтау саласындағы саясатты тұрақты дамыту үшін бағдарламалар, жобалар және оқыту курстарын әзірлеу. Онлайн – семинарлар өткізу, инновациялық әдістерді қолдану жоспарлануда. Онлайн-семинарлар қоршаған ортаны қорғау саласындағы сарапшылар/мамандар арасындағы диалогқа, сондай-ақ "жасыл" өсу стратегиясын құруға бағытталған
Селективті тәртіпОсы курсты оқу пәні қазынашылық жүйенің мәні мен қажеттілігін, оның Қазақстанда қалыптасу тарихын, қызмет етудің құқықтық негіздерін және даму перспективаларын қоса алғанда, қазынашылық істі ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері болып табылады
Селективті тәртіп1С:Бухгалтерия бағдарламасында мемлекеттік мекемеде бухгалтерлік есепті жүргізудің әдістемесі мен әдістері туралы білім береді.
Селективті тәртіпСалық міндеттемелерінің орындалуы туралы ақпараттарды өңдеу және берудің ақпараттық жүйелері туралы білім қалыптастырады және ақпараттық жүйедегі салық аудиті
Селективті тәртіпЭкономиканың мемлекеттік секторында сәйкестік аудитін жүргізудің теориясы мен әдістемесі мағлұматын беру
Оқу жылы - 4Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шетел тілдерінде байланыс жасау
Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу
Әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі
Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық жағдайдан хабардар болу
Құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау
ҚР Бюджеттік жүйесінің қызметін және әлеуметтік-экономикалық үрдістерді талдау, Мемлекеттік басқарудың тиімділігін бағалау , макро экономикалық модель негізінде әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өзгеру үрдістерін анықтау дағдыларын меңгеру
Қойылған міндеттерге сәйкес Экономикалық деректерді өңдеу дағдысының болуы, есептеу нәтижелерін талдау және алынған қорытындыларды негіздеу
Мемлекеттік аудит жүргізуді ұйымдастыру, мемлекеттік аудитордың этикалық принциптерін сақтай отырып, мемлекеттік қаржы ресурстарын басқару тиімділігін бағалау дағдыларын меңгеру
Әртүрлі меншік нысанындағы аудит объектісінің есептілігінде қамтылған қаржылық, салықтық және өзге де ақпаратты талдау және түсіндіру дағдыларын меңгеру және алынған мәліметтерді мемлекеттік аудит жүргізу үшін пайдалану
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпаратты талдау және түсіндіру дағдыларын меңгеру және алынған мәліметтерді мемлекеттік аудит жүргізу үшін пайдалану