Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M03208 Архивтану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету (РМГУ) в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Бағдарламаның мақсаты басқаруда, іс жүргізуде және архивтерде электронды құжаттармен жұмысты ұйымдастырудың теориясы мен практикасын зерттеу негізінде, ресейлік және қазақстандық тарихи тәжірибелерді және шетелдік тәсілдерді басшылыққа алып, электронды құжат айналымының қазіргі заманғы жүйелерін, әлеуметтік және коммуникациялық желілерді, интернетті, ақпараттық архив жүйелерін және ақпараттық менеджмент әдіснамасын пайдалана отырып, магистранттардың электронды құжатты ақпараттық қоғамдағы әлеуметтік - экономикалық, басқарушылық, құқықтық, тұлғааралық қатынастарды реттеуді қамтамасыз ететін адам өркениетінің қазіргі жетістіктерінің бірі-ақпараттық өнім ретінде туралы нақты түсініктерін қалыптастыру. Бағдарлама «Ақпараттық қоғам», «Ақпараттық Қазақстан – 2020», «Цифрлы экономика», «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаларының ережелеріне сай және электронды үкіметтің, құжат айналымының бірыңғай электронды жүйесінің (ҚАБЭЖ) іс-қимылы мен мемлекеттік қызметтерді электронды түрде іске асыру жағдайында кез келген ұйымдарда, басқару жүйелерінде, ақпараттық жүйелерде және архивтерде электронды құжаттардың басқару саласындағы магистранттардың білімін, машықтарын және дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M069 Кітапхана ісі, ақпаратты өңдеу және архив ісі

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі мен архив қызметінің жұмысын ұйымдастыру, басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету және архив ісі мәселелері бойынша ұйым қызметкерлеріне кеңес беру;
  • Архив ісі, археография және құжаттану салаларында сараптамалық зерттеулерді жүргізуде атсалысу және оларды жұмыс тәжірибесіне енгізу.
  • Архивтердің сараптамалық-тексеру, әдістемелік комиссияларының және басқа кеңес беру органдарының жұмыстарына қатысу;
  • Автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесінің жобасын әзірлеу, техникалық тапсырманы құрастыруға қатысу, мәліметтерді модельдеу дағдыларын меңгеру;
  • Архив ісі, археография және құжаттану салалары бойынша жобалар, құқықтық актілер, ғылыми, әдістемелік құралдарды, нормативтік-әдістемелік материалдарды әзірлеу, олардың талқылануына атсалысу.
  • Электронды құжаттарды тұрақты және ұзақ мерзімді сақтауды ұйымдастыру, құжаттардың бар-жоғын, олардың физикалық жағдайын тексеру бойынша жұмыстар жүргізу, электронды құжаттардың құндылығын сараптау дағдыларын меңгеру;
  • Құрылымдық бөлімшелердегі іс жүргізуге жетекшілік жасау. Құжаттарды уақытысында орындалуын және дұрыс безеңдірілуін бақылау. Ақпаратты қорғау құралдары мен әдістерін меңгеру.
  • Қазіргі заманғы автоматтандыру құралдарын пайдалану негізінде құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету және архив ісінің технологиясын жетілдіру; жаңа технологиялар негізінде ұйымда құжаттарды басқаруды және архивте сақтаудың бірыңғай (корпоративтік) жүйесін құру және жүргізу;
  • Архивтануға тән дәстүрлі жұмыс әдістерінінің сандық ортаға бейімделуі және архивтік ақпаратты ұсынуда жаңа заманауи білімдерін қолдану; құжаттарды басқару және архив ісінде озық шетелдік тәжірибені қолдану, саланы кәсіптік деңгейде жетілдірудің жаңа тәсілдері мен тұжырымдамаларын әзірлеу;
  • Архив ісі және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету салаларында кең көлемді өзгерістер жүргізу, идеяларды тұжырымдау мен инновациялық қызмет нәтижелерін болжамдау.
  • Аналитикалық және зерттеу мәселелерін шешу үшін заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды қолдану;
  • Өткізілетін сабақтарының барлық түрлерін жоспарлау және әдістемелік қамтамасыз ету. Әріптестер және басшылармен кәсіби қарым-қатынас орнату.
Top