Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M03111 Саясаттану в Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты -Халықаралық академиялық стандарттарға сәйкес жоғары оқу орындарында бұқаралық саясат, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі саласы үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды қамтамасыз ету. - Түлектер тұрақты теориялық және эксперименталды негізде, саяси ғылымның және аралас ғылыми салалардың жаңа жетістіктеріне негізделген, қазіргі заманғы саяси проблемалардың жағдайын түсіндіре алатын, жинақтай алатын және сыни тұрғыдан бағалай алатын терең жүйелі білім алуы тиіс. -Ішкі саяси және сыртқы саяси мәселелерді шешумен, Еуропалық Одақтың, Еуразия және Орталық Азия аймақтарының геосаяси проблемалары мен мәдени дипломатиясы бойынша, саяси-құқықтық құжаттар мен ұсынымдарды әзірлеумен байланысты кәсіби дағдыларды қалыптастыру. -Саяси талдау мен болжаудың, саяси коммуникацияларды дамытудың қазіргі заманғы технологиялары мен практикалық техникаларын меңгеруді қамтамасыз ету. - Білім алушыларда өз бетінше ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру, болашақ кәсіби қызметтің бағытын саналы таңдау, таңдаған салада табысты жұмысқа орналасу қабілетін қалыптастыру. - Түлектер бірегей нәтижені қамтамасыз ететін, терең теориялық және практикалық техникаларды қажетсінетін ғылыми жобаны орындауы тиіс. - Түлектер Қазақстан Республикасының кез келген жетекші Университетінде немесе басқа елде ғылыми дәреже алу үшін оқуға дайындалуы, саяси білімді қолдануға негізделген мемлекеттік билік және азаматтық қоғам институттарында қоғамдық саяси қызмет пен мәдени дипломатияның жеке бағдарламасын қалыптастыруы тиіс.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M063 Саясаттану және конфликтология
  • Дайындық бағыты 7M031 Әлеуметтік ғылымдар
Top