Қолданыстағы білім беру бағдарламасы 6B11301 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Темір жол көлігі мамандығына кіріспе
    Несиелер: 5

    Теміржол көлік құралдарының және оның элементтерінің құрылысын, жұмыс істеу принципін үйрену. Теміржол көлік құралдарының (локомотивтердің, дизель-поездардың, вагондардың) жұмыс істеу принціпі туралы білім алу және орындай білу. Темір жол көлігін қолдану түрлі энергия түрлерін, негізінен электр және жылу энергиясын пайдаланады. Теміржол көлігін қорғау құралдарымен жабдықтау статистикасы келтіріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Автомобиль көлігі мамандығына кіріспе
    Несиелер: 5

    Автокөлік құралдарының конструкциясы бойынша білім беру, олар кейін базалық және профильдік пәндерді өткенде және кез келген меншік түріндегі автокәсіпорында инженер болып қызмет атқарғанда қажет болады. Автомобильдік көлік құралдарының номенклатурасында ориентир жасай алу. Автомобиль саласына тиісті стандарттарды білу тиіс.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Көлік психологиясы
    Несиелер: 5

    Көліктік психология" ерекшеліктерді қарастыратын пән болып табылады. Түрлі жол және климаттық жағдайларда автомобильді басқарудың психофизикалық ерекшеліктері. Көлік психологиясы жол апатының мәселесін жан-жақты зерттейді жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға ықпал ететін жүргізушілердің дене және психикалық қасиеттеріне қойылатын талаптарды айқындау мақсатында қозғалысқа қатысушылардың бейімді мінез-құлқын бақылауды жүзеге асырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жоғарғы математика
    Несиелер: 5

    Пән қарапайым есептеуді түсінудің теориялық негізін қамтамасыз етеді. Оқытылатын тақырыптар келесідей: көп айнымалы функциялар, көп айнымалы функциялардың дифференциалдық және интегралдық есептеулері, сандық және функцияналдық қатарлар теориясы, айқындалмаған функциялар теоремалары, дәрежелік қатарлар, жәй дифференциалдық теңдеулер негіздері, математикалық статистика және ықтималдық теориясы элементтері. Бұл курс математикалық талдаудың теориясы мен математиканың есептеу аспектілерін қамтиды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Автокөлік құралдары
    Несиелер: 6

    Көлік құралдарының конструкциялық ерекшеліктерінің әрекеттері, оларды жыйнақтау және жабдықтарды орналастыру принциптері, негізгі техникалық мінездемесі. Білуі тиіс, көлік құралдарын және олардың элементтерін жыйнақтауды, көлік құралдарының техникалық мінездемесін.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көлік түрлерінің карым қатынасы
    Несиелер: 5

    Әртүрлі көлік түрлері арасында жүктерді тасымалдаудың экономикалық мақсатқа сай нұсқасын таңдауда дағдыларды алу. Тасымалдаудың ұтымды нұсқасын таңдау кезінде көліктің әр түрлі түрлерінің кешенді дамуы мен өзара іс-қимылы мәселесін шешудің теориялық және практикалық дайындығы үшін білім алу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көтергіш машиналар
    Несиелер: 6

    Бұл тақырыптың өзектілігі жүк көтергіш машиналар заманауи өндірістің ажырамас бөлігі болып табылады,өйткені олардың көмегімен негізгі процестер мен қосалқы жұмыстарды механикаландыру жүзеге асырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жүктану
    Несиелер: 5

    Жүктердің негізгі қасиеттерін және тасымалдау кезіндегі олардың өзгеру заңдылықтарын, ыдыстарға және жылжымалы құрамға қойылатын талаптарды, жүк орындарын таңбалау тәсілдерін, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың көмегімен терминалдарда және қоймаларда жүктерді өңдеуді механикаландыру және автоматтандыру мәселелерін қарастыру. Алушыға сапалы жеткізу үшін жүктерді тасымалдау мен сақтаудың ұтымды шарттарын әзірлеу

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Поездарды техникалық пайдалану қағидалары және қозғалыс қауіпсіздігі
    Несиелер: 6

    Қазақстан Республикасының қолданыстағы және қайта жаңартылатын электр станцияларының, электр және жылу желілерінің электр қондырғыларын пайдалануға, жөндеуге, монтаждауға, жөндеуге және сынауға байланысты персоналға қолданылатын Қағидалармен танысу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жол көлік оқиғаларын сараптау және талдау
    Несиелер: 6

    Жол көлік оқиғасы кезінде сараптаманы жүргізу мен ұйымдастыруды теориялық, тәжірбиелік және әдістемелік талапқа сай, сонымен қатар ЖКО себебін зерттеу және жол жағдайында жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Теміржол көлігінде автоматика, телемеханика және байланыс
    Несиелер: 6

    Темір жол көлігінің түрлерін оқу, жұмыс көлемін ескере отырып, темір жол көлігінің техникалық жарақтануын тиімді пайдалану саласында білім алу және оның техникалық құралдарын дамыту мәселелерін түсіндіретін қазіргі кездегі пайдалану жағдайында да, жақын және алыс перспективада да шеше білу болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көліктегі тиеу, түсіру жұмыстар технологиясы және механизациясы
    Несиелер: 6

    Тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуді және тексеруді әдетке айландыру. Жүкті жөнелтуге керекті нормативтік құжаттарды білу. Тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуді және тексеруді әдетке айландыру. Көліктегі тиеп-түсіру жүмыстарын үйымдастыру негізін оқытады. Көліктегі қазіргі замандағы тиеп-түсіру жүмыстарын оқытады. Қазіргі кездегі қойма жүмыстарын кешенді механикаландыру және автоматтандыру технологиясының үлгісін талдауда негізгі көрсеткіштерін анықтауын оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әр түрлі көлік түрлерінің қозғалыс теориясы
    Несиелер: 5

    Студенттердің ғылыми және кәсіптік білім мен дағдылар жүйесін келесі бағыттар бойынша қалыптастыру: халыққа көлік қызметтерін ұйымдастыру; жолаушылар тасымалдарын басқарудың ұйымдық құрылымдарының қолданыстағы түрлері; ұйымдық және өндірістік құрылымдардың ерекшеліктері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кәсіпкерлік және бизнес
    Несиелер: 5

    Теориялық, ғылыми және практикалық білім арқылы «Кәсіпкерлік және бизнес» пәні студенттерге бизнес жоспар жасауға, оны ұйымдастыруға және жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызмет жүйесінде нақты және туындайтын мәселелерді шешу үшін құқықытық, экономикалық, басқару мен ұйымдастыру мәселелерін шешудің ғылыми – практикалық ойлау жүйесін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Көліктегі автоматиканың элементтері мен құрылғылары
    Несиелер: 5

    Теориялық білімнің принциптері бойынша көлік ағымын ұйымдастыруға, басқаруға автоматика мен телемеханиканың көмектеріне сүйену. Автоматиканың және телемеханиканың элементерін, конструкциялық құрлыстарын біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экология негіздері және тіршілік қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Адамзаттың басты құндылықтарына бағынышты жеке тұлғаның экологиялық мәдениетін дамыту, экологиялық көзқарасты қалыптастыру арқылы экологиялық ақпараттың жариялылығына сай қазіргі кездегі қоршаған ортаның көптеген экологиялық мәселелерін шешу қоғамның саналы іс-әрекеті мен әрбір адамның жоғары деңгейде экологиялық ой-санасына байланысты.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Көліктегі экспедициялық қызмет
    Несиелер: 5

    Көліктің әр түрлерінде жүктерді жеткізуді ресімдеу. Жұмыс көлемін ескере отырып, көліктің техникалық жарақтануын тиімді пайдалану бойынша білім алу, ағымдағы пайдалану жағдайында да, жақын және алыс перспективада да оның техникалық құралдарын дамыту мәселелерін шеше білу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Біртұтас көлік жүйесі
    Несиелер: 5

    Көлік-жол кешенін басқару жүйесі саласында білімді қалыптастыру- қалалық, өнеркәсіптік, мамандандырылған және дәстүрлі емес көлік түрлерінің қызмет саласы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Көлік құрылыстары мен құрылғыларын жобалау негіздері
    Несиелер: 5

    Қалалардың көліктік жобалануы, көлік тобарын дамыту; қалалар мен аудандардың көлікпен қамтылу жағдайы; көлік торабы мен жылжымалы құрамын дамытудың қажеттілігін анықтау; тасымалдауды ұйымдастыру мен технологиясы саласында білім алушылардың ғылыми мен кәсіби білімдер және дағдылар жүйесін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Цифрлық технологияларды салалар бойынша қолдану
    Несиелер: 5

    Пән қолдану салалары бойынша Қазақстан Республикасының «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын ендіру және жүзеге асырудың негізгі кезеңдерін, электрондық қызметтерді көрсетудің сандық платформаларын, әртүрлі кәсіби салаларда цифрлық ақпаратты өңдірудің түрлі әдістерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
    Несиелер: 5

    "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет" пәні білім алушыларда сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған. "Қазақстан-2050" стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" сынды мемлекеттік құжаттар сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер дәрежесіне көтерді. Бұл пәннің мақсаты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларын, аталған бағыт бойынша тереңдете зерделеу болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Іскери риторика
    Несиелер: 5

    ККурс білім алушылардың жалпы сөйлеу мәдениетін арттыруға, коммуникативтік әрекеттестіктің әртүрлі жағдайындасөйлеу барысында тілдік құралдарды дұрыс қолдану біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Сөйлеу мәдениетінің негізгі белгілері. Сөйлеу мәдениетінің нормативтік, коммуникативтік, этикалық аспектілері. Сөйлеу этикасы. Сөйлеу стратегиясы, әдіс, тәсілдер. Коммуникативтік сәтсіздіктердің себептері. Ауызша іскерлік сөйлеу мәдениеті және жазбаша сөйлеу мәдениеті.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Жылжымалы құрам және көлік құралдарының тартымы
    Несиелер: 5

    Электрмен жабдықтау жүйелерінің білім алушыларын таныстыру, электровоздардың, тепловоздардың, моторвагонды жылжымалы құрамның, газтурбовоздар мен вагондардың құрылғылары мен сипаттамалары, поездардың тартылу теориясының негіздері, тарту есептерінің әдістері мен ережелері, поездарға локомотивтермен қызмет көрсетуді ұйымдастыру және локомотив бригадаларының жұмысын ұйымдастыру, локомотивтердің тиімді пайдаланылу анализі келтірілген, олардың пайдалану сенімділігі, локомотивтердің жұмыс істеу қабілеттілігі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Рухани жаңғыру
    Несиелер: 5

    Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қоғамның рухани дамуының басымдықтары айқындалып, бағдар берілді. Рухани жаңғыруды жедел жүзеге асыру міндеті қойылды. Қазіргі заманның талабына сәйкес қоғам дамуының іргелі қағидасының бірі жастардың білімге, прагматизмге, бәсекеге қабілеттілікке деген ұмтылыс болуы қажет. Білім алушылардың зердесі мен санасының ашықтығы – рухани жаңғыруды тиімді жүзеге асырудың басты шарты болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Теміржол көлігінде жүктерді тасымалдау ережесі
    Несиелер: 6

    Көлік құралдарының көмегімен өнім шығаратынан тұтынушыға дейін жүкті жеткізу принциптерін оқытады. Өнімді өндірушіден соңғы тұтынушыға дейін жеткізудегі принциптер мен заманауи логистикалық әдістерді қолдануды әдетке айлануы

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Теміржол көлігінде пайдалану жұмыстарын басқару
    Несиелер: 5

    Көліктің пайдалану жұмысын, көліктегі техникалық құралдарды, тасымалдау процесін қамтамасыз етуге бағытталған темір жол бөлімшелерінің өндірістік қызметін басқарудың жалпы принциптері, жүк және жолаушылар тасымалына қызмет көрсету бойынша жедел шешімдер бойынша білім алу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жүргізушілердің оқытудың әдістемелік негіздері
    Несиелер: 5

    Автокөлік құралдары жүргізушілерін даярлаудың әдістемелік негіздерін зерделеу бойынша базалық білім алу; автокөлік кешенінде жүргізушіні оқыту орны мен рөлі туралы идеяны қалыптастыру; жұмыс ағынын зерттеу және өздігінен жүретін көлік құралдарын жүргізу дағдыларын қалыптастыру; көлікті басқарып, жол-көлік оқиғаларын болдырмау кезінде қауіп деңгейін төмендетуге бағытталған теориялық білімді игеру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Көліктегі еңбекті қорғау
    Несиелер: 6

    Еңбек туралы заңнаманың негізгі ережелерін, Көліктегі еңбекті қорғауды басқару негіздерін кәсіби білімдерді қалыптастыру. Жұмыс істеушіге жағымсыз факторлардың әсерін зерттеу және жарақаттайтын және зиянды факторларды сәйкестендіру; қауіптерден қорғау әдістері мен құралдары, экобиқорғау техникасы,көліктегі өндірістік жарақаттану мен кәсіби аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар, кәсіби қызмет саласында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету ерекшеліктері; көліктегі өрт қауіпсіздігі ережелері

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Көлік заңдары және құқық
    Несиелер: 6

    Көліктік құқық саласындағы қатынастарды реттеуді, сондай-ақ кәсіптік қызметті жүзеге асыруға жеткілікті көлемде кәсіптік құзыреттерді дамытуды және нығайтуды, студенттердің үнемі өзгеріп келе жатқан заңнаманы өз бетімен оқып-үйрену қабілетін дамыту, сондай-ақ оларды дұрыс құқық қолдануда дағдыларын дамытады. іс-шаралар

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Көлік құралдарын техникалық пайдаланудың негіздері
    Несиелер: 5

    Көлік кәсіпорнында көлік құралдарына техникалық күтімдерді ұйымдастыру әдістері мен принциптерін оқыту.Көлік саласындағы қазіргі қолданатын нормативтік құжаттар. Көлік құралдарындағы техникалық күтімдер мен жөндеулердегі жоспарлы-сақтандыру жүйе., көлік ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру мен технологиясын зерттеу болып табылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру және басқару
    Несиелер: 5

    Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру және осы тасымалдарды басқару мәселелерін зерделеу. Жолаушылардың қозғалуға қажеттілігін зерттеу, тасымалдарды маршруттау, маршруттық желі мен айналмалы емес автомобиль тасымалдарын ұйымдастырудың технологиялық міндеттерін шешу, тарифтерді анықтау және билет жүйесін ұйымдастыру, жолаушылар автомобиль көлігінің жұмысын бақылау және есепке алу әдістері баяндалған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Теміржол көлігінің жұмыс технологиясы
    Несиелер: 8

    Алыс және жергілікті қатынаста жолаушылар тасымалын ұйымдастыруда кәсіби білім алу. Жолаушылар және қала маңындағы поездардың қозғалыс кестелерін құру және олардың айналымы, жолаушылар тасымалын техникалық және технологиялық қамтамасыз ету негіздерін білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Автомобиль тасымалдары
    Несиелер: 8

    Қазіргі кезде жолдар мен жолаушыларды тасымалдау жолымен жоспарлау дағдыларын игеру. Оңтайлы бағыттарды дамыту арқылы тауар жеткізушілерге мен тұтынушыларды қызмет көрсету кезінде көлік компаниясымен жүктерді тасымалдау құралдары туралы ақпарат.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Автомобиль жолдарын пайдалану
    Несиелер: 8

    Конструкциялар мен құрылыстар және олардың кешендерін техникалық және пайдалану көрсеткіштерін экономикалық құрылыс талаптарын сақтап жасау жайында мәселелерді шешуді қамтамасыз ету үшін жолды жобалау терминологиясын игеру, жобалау iciнiн негіздерін ұғу, оның даму тенденцияларын көру қажет

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Лицензиялау мен сертификаттау негіздері
    Несиелер: 7

    ҚР көлік түрлері бойынша сертификаттау және лицензиялаудың құрылымының жалпы жағдайы, өнімді таратудағы лицензиялау мен сертификациялау аймағындағы білімнің керекті дәрежесі және де тауар мен көліктік өнімнің бәсеке қабілеттілігінің салмақтық жасау сапасының лицензиялау мен сертификациялаудың артықшылығымен мүмкіншілігі, республикадағы сыртқы экономикалық іс-әрекеттің дамуымен нарықтық экономиканың қалыптасуы осы бағыттың қажеттілігі қарастырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Темір жолдарының құрылымы мен оны пайдалану
    Несиелер: 8

    Темір жол құрылғылары мен құрылыстарының көп санынан әр түрінің мәнін анықтау бойынша білім алу. Жол шаруашылығы, локомотив және вагон шаруашылығы, сумен жабдықтау және канализация құрылғыларын, қалпына келтіру құралдарын, сигнал беру және байланыс, электрмен жабдықтау құрылыстары мен құрылғыларын зерттеу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Темір жол көлігінде халықаралық тасымалдауды ұйымдастыру
    Несиелер: 7

    Ресурстардың жалпы шығындарын мейлінше төмендету мақсатында берілген үрдістер шегінде орындалатын операцияларды, рәсімдер мен қызметтерді біріктіру мен үйлестіру негізінде материалдық ағымдарды басқарудың нақты ғылыми ұғымдары мен дағдыларын қалыптастыру, жүктер мен жолаушыларды жеткізу әдістерін меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
    Несиелер: 5

    Жолаушылар ағынын тиімді басқаруды қамтамасыз ету мәселелерінде кәсіби дағдыларды қалыптастыру, көлікте қозғалысты ұйымдастыру , көлікті пайдалану қажеттіліктерін толық және сапалы қанағаттандыру (автомобиль, темір жол, құбыр, өзен,әуе) көлік қызметкерлері мен техникалық құралдарды тиімді пайдалану.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Көлікте жүк және коммерциялық жұмыстарың ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Темір жол көлігі жұмысының жекелеген саласын зерделеу осы саланың жұмысын реттейтін негізгі құжаттармен: темір жол көлігінің жарғысымен, жүктерді тасымалдау ережелерімен, жүктерді тиеу және бекітудің техникалық шарттарымен, экспорттық және импорттық жүктерді тасымалдау ережелерімен таныстырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Автомобиль көлігіндегі экономика
    Несиелер: 7

    Қолданыстағы нормативтік және заңнамалық құжаттарды талдау қабілетін дамыту автокөлік қызметін мемлекеттік реттеу жүйесі зерделенеді. Негізгі және айналым құралдарының құрылымы мен құрамымен танысу, автокөлік ұйымдарында оларды сатып алу және қалпына келтіру көздерін қарау. Автокөлік ұйымының қызметінде қаржыны, кірістер мен шығыстарды, сондай-ақ автокөлік ұйымдары қызметінің ерекшелігін ескере отырып инвестициялық саясатты қалыптастыру және пайдалану жүйесінің негіздеріне көп көңіл бөлу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Теміржол станциялары мен тораптары
    Несиелер: 7

    Өндірістік жағдайларда оқылатын пәннің теориялық негіздерін қолдана білу; жұмыстың озық әдістерін пайдалана отырып, көлік объектілері жұмысының озық технологиясын жасау; көлік объектілерінің қызметін талдау негізінде көлік құралдарын тиімді пайдалануды ескере отырып, тасымалдау процесіне қызмет көрсету бойынша жедел жағдайларда шешімдер қабылдау; көлік жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін іс-шаралар бойынша техникалық-экономикалық есептерді орындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Теміржол көлігінде автоматтандырылған басқару жүйелері
    Несиелер: 6

    Көлік саласын энергиямен жабдықтау жүйелерінде электр энергиясының шығынын азайту мақсатында көлікте электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін жобалау және құру мәселелері қаралды. Зерттеу пәні мақсаттарды жобалаудың типтік әдістері, автоматтандыру мен байланыстың техникалық құрылғыларын, электрлік түрлендіргіштерді таңдау, нормативтік құжаттар мен заңнамалық актілерге сәйкес АСКУЭ пайдалану ережелері мен шарттары болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Көлікте қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету
    Несиелер: 5

    Студенттердің көлікте қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі тәсілдеріне, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша автокөлік ұйымдарының қызметін талдау және бағалау әдістеріне дайындығын қалыптастыру. Қазақстан Республикасында жол қозғалысы қауіпсіздігін мемлекеттік басқару жүйесімен, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік базамен, жол-көлік оқиғаларының себептерін есепке алу және талдау жүйесімен таныстыру.Көліктегі апаттылықтың алдын алу бойынша жұмыстарды жүргізе білу

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Теміржол көлік логистикасы
    Несиелер: 5

    Көлік-логистикалық жүйелерді техникалық және коммерциялық пайдалануды ұйымдастыру, жоспарлау және басқару саласындағы технологиялық процестердің ғылыми негіздерін түсіну қабілетін дамыту; көлік-логистикалық жүйелерді техникалық және коммерциялық пайдалануды ұйымдастыру, жоспарлау және басқару саласындағы техникалық және технологиялық мәселелерді сәйкестендіру, қалыптастыру және шешу үшін іргелі білім жүйесін қолдана білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Теміржол көлігіндегі Экономика
    Несиелер: 7

    Темір жол көлігінің техникалық-экономикалық ерекшеліктерін, саланы реформалаудың экономикалық аспектілерін, басқаруды ұйымдастыру, тасымалдауды жоспарлау, жылжымалы құрам жұмысы мәселелерін зерделеу; инновацияларды ынталандыру әдістерін, инвестициялардың тиімділігін, жүк және жолаушылар тасымалдарының сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін және еңбек өнімділігінің өсуін негіздеу; шығыстардың

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдары
    Несиелер: 7

    Жол қозғалысын ұйымдастырудың қазіргі техникалық құралдары, Жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын қолданудың теориялық ережелері мен тәсілдері туралы түсінік беру саласында студенттердің ғылыми және кәсіби білімін қалыптастыру. Жол белгілерін, жол таңбаларын, жол бағдаршамдарын, бағдаршам сигнализациясының жұмыс режимін, бейімдік басқару негіздерін, жаяу жүргіншілер ағынының қозғалысын ұйымдастыру құралдарын зерделеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Теміржол көлік логистикасы
    Несиелер: 5

    Практикалық қолдану саласы: ұсынылатын шешімдер іс жүзінде пайдаланылуы мүмкін. Оның нәтижелерін қолдануы, темір жол көлігінің транзиттік жүк тасымалдаудың экономикалық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасында, теміржол көлігімен халықаралық тасымалдауды ұйымдастыру, және транзитті тасымалдауды ұйымдастыру , оларды жетілдіру жолдарын анықтауды зерттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жүк тарифтері
    Несиелер: 6

    Тарифтерді саралау схемасы, үлестік тарифтік мөлшерлемелер ұсынылған. Тасымалда уақтысын анықтау әдістемесі, тарифтік сыну схемасы бойынша, өтпелі иық әдістемесі бойынша ұсынылған. Сондай-ақ курста бірыңғай транзиттік тарифтің, халықаралық транзиттік тарифтің әдістемесін негізін тасысымалдау ақысын анықтау баяндалады

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Көліктегі ақпараттық басқару жүйесі
    Несиелер: 6

    Көлiк түрлерiндегi жұмыс көлемiн ескере отырып, техникалық жабдықтарды тиiмдi қолдану саласында бiлiм алуға, сонымен қатар жуық және болашақ уақытта техникалық құралдарды тиімді пайдалана отып мәселелерді шеше бiлуге үйрету. Темiр жол станциясы және түйiндердiң жеке элементтерiнiң жобалауының әдiстерiнiң игеруi туралы, олардың мазмұны автомобиль жолдарының негiзгi элементтерi, аэродромдар және әуежайлардың қалалардың орналастыруының қағидалары, негiзгi элементтерi.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    жеке, мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас мәселелерін шешу үшін ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде сөйлесуге; электрондық қызметтерді ұсыну, әртүрлі кәсіби салаларда цифрлық технологияларды енгізу және пайдалану әдістері; Бұл бизнесті қалыптастыру, жүргізу және бизнесті жүргізу бойынша реттеуші, экономикалық, ұйымдық және басқарушылық білімдерді жүйелеу.

  • Код ON2

    ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу

  • Код ON3

    идеологиялық ұстанымдарды қалыптастыру үшін философиялық білімдерді қолдануға, азаматтықты қалыптастыруға қоғамның тарихи дамуының негізгі кезеңдері мен модельдерін талдау, қоғамның жемқорлыққа қарсы білім беруі жастардың моральдық-азаматтық тәрбиесінің ажырамас бөлігі болуы, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіну керек

  • Код ON4

    дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық жағдайдан хабардар болу

  • Код ON5

    заңдылықтың жеткілікті деңгейіне ие болу, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық стандарттары бойынша кәсіби міндеттер мен қағидаттарды сақтау, адамдардың өмір сүру қауіпсіздігін ұйымдастырудың әдістерін меңгеру, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың ықтимал салдарынан қорғау, көліктік қызметтер саласындағы басқа да жағдайлар

  • Код ON6

    жаңа ақпараттық технологияларды, АКТ ережелерін және нормаларын білу, сондай-ақ қарапайым есептеулердің теориялық негіздері бірнеше ауыспалы функцияларды, дифференциалды және интегралды есептеулерді, ықтималдықтар теориясы элементтерін және математикалық статистиканы білу, бірнеше айнымалылардың функцияларын, көптеген айнымалылардың функцияларының дифференциалды және интегралды есептеулерін, сандық және функционалды қатарларды, қуат тізбегін, анықталмайтын функция теоремаларын, қарапайым дифференциалдық теңдеулер элементтерін, ықтималдық теориясының және математикалық статистиканың элементтерін қолдана білу.

  • Код ON7

    темір жол құралдарының (локомотивтердің, дизель-поездардың, вагондардың) жұмыстарын ұйымдастыруды, энергия түрлерін темір жол көлігімен пайдалануды, автокөлік құралдарының конструкциясын, автомобиль саласындағы қолданыстағы стандарттарды білу, автомобиль көлік құралдарының номенклатурасына бағдарлануы, көлік-жол кешенін басқару жүйесінің саласын білу, магистральды қалалық, өнеркәсіптік, мамандандырылған және дәстүрлі емес көлік түрлерінің қызмет саласын білу, тиеу-түсіру жұмыстары мен қоймалық операциялардың сипаттамасы мен ұйымдастырылуын және олардың тасымалдау процесіндегі маңызын білу.

  • Код ON8

    сараптаманы жүзеге асыру қабілеті- жол-көлік оқиғаларының себептерін есепке алу және талдау жүйесі және техникалық құжаттама, жылжымалы құрамның, көлік инфрақұрылымы объектілерінің жай-күйін қадағалау және бақылау, тарту есептерінің әдістері мен ережелері, поездарға локомотивтермен қызмет көрсетуді ұйымдастыру және локомотив бригадаларының жұмысын ұйымдастыру, техникалық құралдарының дамуы және көлік түрлерін пайдаланудың жалпы заңдылықтарын ажырата білу, бірыңғай көлік жүйесіндегі көлік түрлерінің ерекшеліктері, көлік мәселесін және көліктің жекелеген түрлерінің ерекшеліктерін ескере отырып, көлік кешенін қалыптастыру заңдылықтарын ашу қабілеті.

  • Код ON9

    автоматика және телемеханика көмегімен көлік ағындарын ұйымдастыру және басқару принциптерін және темір жол станциялары мен тораптарының жекелеген элементтерін жобалау әдістерін, автомобиль жолдарының негізгі элементтерін, жүктерді жеткізу кезінде қалаларды жоспарлау, агенттік және экспедиторлық қызмет көрсету принциптерін, көліктік-экспедициялық қызмет көрсетудің нормативтік және құқықтық базасын, еңбек туралы заңнаманың негізгі ережелерін, көліктегі еңбекті қорғауды басқару негіздерін және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік базаны білу. Қауіптерден қорғау әдістері мен құралдарын, кәсіби қызмет саласында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету ерекшеліктерін білу.

  • Код ON10

    көлік және көлік-технологиялық машиналар мен жабдықтарды тиімді пайдаланудың техникалық шарттары мен ережелерін, олардың жұмысқа қабілеттілігін тоқтатудың себептері мен салдарын және көлікті пайдалану жұмысын басқарудың жалпы принциптерін білу, жолаушылар құрамын рейске дайындау, жолаушылар және техникалық станциялардың жұмысын ұйымдастыру, жолаушылар тасымалын болжау және олардың біркелкі еместігін, көліктегі техникалық құралдарды білу.

  • Код ON11

    жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және жүктерді тасымалдау кезінде бірыңғай көлік жүйесін құрайтын көлік түрлерінің тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру, қалалар мен өңірлердің көлік кешендерінің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру қабілеті, жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және жүктерді тасымалдау кезінде бірыңғай көлік жүйесін құрайтын көлік түрлерінің тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру, тарифтерді, үлестік тарифтік ставкаларды саралау сызбаларын оқуда кәсіби дағдыларға ие болу және жолаушылардың қозғалыстарға қажеттілігін зерттеу әдістерін қолдана білу

  • Код ON12

    көлік ұйымдары үшін жобаларды әзірлеуге және логистикалық жүйелер мен технологияларды енгізуге қабілетті, экономикалық білім негіздерін меңгеру, экономикалық есептеулер мен көлік құралдарын таңдау негіздемесін шешу менеджмент, маркетинг, қаржы және т. б. туралы ғылыми түсініктері болуы, экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен әдістерін, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін білу және түсіну, белгісіздік және тәуекел жағдайларында экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы шешімдер қабылдау дағдыларын меңгеру және кәсіби қызметпен байланысты әр түрлі жағдайларда икемді және ұтқыр болу және лицензиялау мен сертификаттау жүйесін, кадрларды кәсіби даярлау.

6B11301 6B11301-Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B095 Көлік қызметтері

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B11301 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
Бакалавриат

"Алматы777" Университеті

БББТ: B095 Көлік қызметтері

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B11301 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B095 Көлік қызметтері

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B11301 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
Бакалавриат

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

БББТ: B095 Көлік қызметтері

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B11301 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
Бакалавриат

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: B095 Көлік қызметтері

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B11301 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
Бакалавриат

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

БББТ: B095 Көлік қызметтері

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
Top