Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01505 Биология мұғалімдерін даярлау в "Сырдария" университеті

  • Биологияға кіріспе
    Несиелер: 4

    Пән тірі организмдердің өмірін, оның заңдылықтары мен көрініс беру формаларын, тіршілік етуі мен кеңістікте таралуын қарастырады. Ол тіршіліктің пайда болуы, оның мәнін, дамуын, өзара байланыстарын, көптүрлілігін зерттейді. Курс студенттердің биологиялық білімдерін кеңейту мен тереңдетуге және жаратылыстану-ғылыми әлем тануына бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Зоология
    Несиелер: 5

    Омыртқасыздар зоологиясы: қара-пайымдылар және омыртқасыз жануарлар әлемі туралы, оның шығу тегі, дамуы,кәзіргі жағдайы,биосфера мен адам өміріндегі маңызы туралы комплексті ілім. Түрдің анықтамасы. Хордалылар. Хордалы жануарлардың адамзат үшін маңызы. Acrania бассүйексіздер. Омыртқалылар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы
    Несиелер: 4

    Пән өсімдіктердің және оларды құрайтын огандардың сыртқы және ішкі құрылысын қарастырады. Өсімдіктер өз денесін қалыптасу заңдылықтарына сәйкес даму барысында түзеді. Пәннің мазмұны білім алушыларға өсімдіктердің жеке және эволюциялық дамуы барысында қалаптасу үрдісі мен құрылымдық заңдылықтары негізінде білім беруге бағытталған. Пән өсімдіктердің ұлпалары, органдар жүйесі туралы ғылыми түсініктерді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Өсімдіктер физиологиясы
    Несиелер: 4

    «Өсімдіктер физиологиясы» курсының мақсаты өсімдік өмірінің, биохимиялық, молекулярлық және генетикалық негіздерін кешенді функциялар мен өзара ағзаның барлық организмдеріндегі механизмдерін, зертханалық талдаулар мен өсімдік ағзаларын зерттеудегі эксперименттердің кәсіби дағдыларының негізгі тетіктерін түсіну болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Өсімдіктер систематикасы
    Несиелер: 3

    Систематиканың негізгі мақсаты өсімдіктердің көптүрлілігін классификациялау және реттеу арқылы өсімдіктер әлемін танып білуге, зерттеуге және пайдалануға мүмкіндік беру. Пән білім алушыларды өсімдіктердің жер бетіне таралуы мен систематикалық бірліктер және таксономиялық категориялар туралы біліммен қамтамасыз етеді. Студенттерде рангтар туралы, яғни табиғаттағы өсімдіктердің топтары туралы білім қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 5

    Бағдарламаның құрылымы, оқыту мақсаттары және міндеттерімен, педагогикалық әдістермен танысады. Блум таксономиясының таным деңгейлерін анықтай алады, ресурстарды, кері байланысты тиімді пайдаланады, оқыту мақсаттарына қол жеткізу үшін сыни ойлауда критериалды бағалау жүйелерін қолдануда XXI ғасыр дағдыларын ескереді, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Цитология және гистология
    Несиелер: 4

    Цитология және гистология пәні - биологияның іргелі бөлімдеріне жатады, өйткені тіршіліктің негізгі көзі болып табылатын жасушаны зерттейді және сипаттайды. Пәннің мазмұны студенттерде жасушаның құрылысы мен физиологиясының негізгі заңдылықтары, ағзадағы негізгі ұлпалар жүйесі мен жіктелуі туралы түсініктерді қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Дәрілік өсімдіктер
    Несиелер: 3

    Дәрілік өсімдіктер пәні жер шарына таралған емдік өсімдіктердің алуан түрлілігімен танысу, медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолдануды, олардың құрылысын зерттеуді, шөптесін өсімдіктердің дәрілік қасиетін зерттеп, фармакогнозия ғылымымен салыстыра білуді үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы
    Несиелер: 5

    Оқушылардың физиологиялық- психологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде ба-лалар, жасөспірімдердің анато-мия-физиологиялық, психология-лық ерекшеліктеріне, жеке басы-ның қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәсе-лелер қарастырылады. Оқушылар-дың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастыру-дың, балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастыру-дың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Жалпы экология негіздері. Қазіргі заманның экологиялық проблемалары. Түрлі салалардың ластану көздері мен сипаттамалары. Экология және тұрғын халық проблемасы. Урбоэкология: қаладағы адам, төтенше жағдайлар жағдайындағы экология. Қоршаған ортаны қорғау мәселелерінде мектепте және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 5

    Педагогика ғылымының негізінде анықталған оның мақсат-міндет-тері, категориялары, құрылымы, әдіснамалық негіздері, негізгі даму кезеңдері, педагогикалық процестің түсініктері, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдіс-тері, құралдары қарастырылады. Педагогика ғылымының өзекті мәселелері, ҚР қазіргі заманауи тәрбие тұжырымдамалары, мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі, тәрбие жұмысының диагностикасы сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Адам физиологиясы
    Несиелер: 4

    Адам физиологиясы - бұл ағза мен оның жүйелерінің өмірлік белсендік механизмдері және қызметтері туралы ғылым. Жалпы физиология қоздырғыш тіндердің белсенділігін, олардың ынталандырылу заңдарын, қозуларын және т.б. әрекеттерін зерттейді. Жеке физиология түрлі органдардың өмірлік көріністерін және бүкіл организмнің жүйелік ұйымдарында өзара әрекеттесуін, ағзаның функцияларын зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Адам анатомиясы
    Несиелер: 4

    Адам анатомиясы - бұл адам денесінің пайда болуы мен дамуы, формалары мен құрылысы туралы ілім. Анатомия адам ағзасы және оның бөліктерінің сыртқы формаларымен пропорцияларын, жекелеген мүшелді және микроскопиялық құрылысын зерттейді. Эволюция үдерісінде адамның дамуының негізгі кезеңдерін, жеке органдардың құрылымдық ерекшеліктерін, қоршаған ортаның жағдайында адам ағзасының қалыптасуын зерттеуді қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі
    Несиелер: 4

    Тілдерді меңгеру деңгейі - В1-В2. Мамандықтың пәндік саласына шет тілінің кәсіби-бағдарланған тілінде кіріспе. Базалық категориялық ұғымдық аппарат және оның шет тіліндегі нұсқалары. Кәсіби және ғылыми терминология. Арнайы кәсіби-бағдарланған материал және оны берілген кәсіби жағдайларда пайдалану. Мамандық бойынша пәндік сала мазмұнының шет тіліндегі сипаттамасы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Биологиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
    Несиелер: 3

    Бұл пәнді игеру нәтижесінде студенттер биологиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруды үйренеді, сабаққа қажетті көрнекіліктерді жасай және қолдана алады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту және тәрбиелеу формаларын: топсеруендер, олимпиадалар, биологиялық кештер, үйірмелер т.б. өткізу ерекшеліктері мен критериалды бағалау әдістерін қолдана алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кәсіби қазақ (орыс) тілі
    Несиелер: 4

    Қатынастық-дискурстық аспекідегі қазақ (орыс) тілі, кәсіп пен маман-дықтың негіздері, іскерлік қатынас мәдениеті. Ғылыми мәтіндермен жұмыс істеуге, көпшілік алдында сөз сөйлеуге арналған қазақ/орыс тілдеріндегі ауызша, жазбаша тіл. Алуан түрлі мәдени ортада кәсіби қызметті ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Адам және жануарлар физиологиясы
    Несиелер: 6

    «Адам және жануарлардың физиологиясы» пәнінің мазмұны адам ағзасының және оның жеке бөліктерінің: жасушалар, тіндер, органдар және функционалдық жүйелердің өмірлік процестерін шолуды қамтиды. Онда тірі организмнің қызметтері, оларды жүзеге асыру механизмдері, өзара қарым-қатынасы, реттелу және сыртқы ортаға бейімделу, жеке тұлғаның эволюция процесінде пайда болуы және жеке дамуы талқыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Биологияны оқыту әдістемесі
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға орта мектептегі биологияны оқыту мақсаттары мен міндеттерін жəне мектеп биология курсының мазмұны мен құрылымын, заманауи педагогикалық технологияларды қолдану ерекшеліктерін, оқу-тəрбие үрдісін ұйымдастыру нысандары мен бағалау әдістерін үйрету болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Микробиология және вирусология
    Несиелер: 6

    «Микробиология және вирусология» курсының мақсаты – студенттерді микроорганизмдер әлемімен және олардың негізгі қасиеттерімен таныстыру, микробиология саласындағы жетістіктердің жалпы биологиялық маңыздылығын анықтау, микробиологияның басқа биологиялық салаларымен байланысын айқындау болып табылады. Зертханалық сабақтарда микроорганизмдерді бөліп алу мен дақылдауды практикалық дағдыларына, микроорганизмдермен жұмыс істеу ережелерін сақтауға дағдылануы қажет.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Генетика
    Несиелер: 6

    Генетика – тірі материяның екі іргелі қасиеттерін, яғни тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін біріктіруші биологиялық пән. Генетиканың біріктіруші рөлі, ол – тірі материяның әмбебап қасиеттерін барлық (молекулалық, жасушалық, ағзалық, популяциялық) ұйымдасу деңгейлерінде және ағзалардың барлық таксономиялық топтарында (соның ішінде адамды) зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жалпы химия
    Несиелер: 5

    Жалпы химия пәнінің мазмұнында зат құрылысы туралы қазіргі заманғы ұсыныстар (периодтық заң және атом құрылысы, химиялық байланыс түрлері, заттың агрегаттық күйі, полимерлі және дисперсті жүйелер, заттың сапалық және сандық қасиеттері) және химиялық процестер (химиялық реакциялардың классификациясы мен кинетикасы және химиялық тепе-теңдік) қарастырылған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Микробиология
    Несиелер: 6

    «Микробиология» курсының мақсаты – студенттерді микроорганизмдер әлемімен, олардың көптүрлілігімен,таралуымен, қоршаған ортаға әсерімен және олардың негізгі қасиеттерімен таныстыру, микробиология саласындағы жетістіктердің жалпы биологиялық маңыздылығын анықтау, микробиологияның басқа биологиялық салаларымен байланысын айқындау болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Өсімдіктер және жануарлар экологиясы
    Несиелер: 5

    Пәнді игерудің мақсаты студенттерді "өсімдіктер және орта", "жануарлар және орта" жүйелеріндегі негізгі үрдістер, өзара әрекеттесу механизмдері және функционалдық байланыстары туралы және осы ғылымның өзекті мәселелері туралы түсінік беретін қазіргі заманғы кешендік ғылымдар ретінде өсімдіктер мен жануарлар экологиясы негіздері-мен таныстыру болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Экология
    Несиелер: 5

    Пәнді игеру нәтижесінде студент экологияның негізгі ұғымдарын ғылым ретінде меңгереді (биосфера, заттардың жаһандық айналымы және табиғатта энергияның трансформациясы, экожүйе, антропогендік әсер), кәсіптік қызмет үшін жеткілікті мөлшерде негізгі экологиялық білімді иеленеді және қазіргі жаhандық экологиялық мәселелермен күресу шараларын біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Білім беру жүйесін жаңғыртудың заманауи жағдайындағы инклюзивті білім беру мәселесі жоғары оқу орындарына инклюзивті білім беру мамандарын дайындау міндетін жүктеп отыр. Инклюзивтік білім берудің ерекшелігі – білім беру процесін жобалау мен ерекше білім беру қажеттілігі бар балаға жеке оқу маршрутын құра білу және инклюзивті білім беруді ұйымдастыруға қабілетті кадрларды дайындау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Селекция негіздері
    Несиелер: 6

    Жануарлардың жаңа тұқымдарын, өсімдіктер сорттарын, микроорганизм штамдарын жасау және бар тұқымдарын жақсарту әдістері зерттеледі. Өсімдіктер мен жануарларға әсер ету тәсілдерін адам үшін қажетті бағытта олардың тұқым қуалаушылық қасиеттерін өзгерту мақсатында әзірлеу қарастырылады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдары мен мал тұқымдарының сорттары мен будандарын өсірумен айналысатын ауыл шаруашылығы саласы зерттеледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы заманауи педагогикалық технологиялар
    Несиелер: 5

    Заманауи қоғамның зиялы азаматына білім беру, сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Биоалуантүрлілікті сақтау заңдары
    Несиелер: 5

    Студенттерге биологиялық және әлеуметтік экожүйелердің тіршілік етуінің жалпы зандылықтары туралы білім беру, мекен ету ортасын қорғау мен қалыптастыру механизмдерін көрсету, адам қызметінің жалпы экология зандарымен үйлесімділігінің дәрежесін көрсету, қазіргі әлемдегі экологиялық мәселелердің сараптамасын беру, экологиялық дағдарыстан шығу жолдарын көрсету

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Биологияның негізгі ұғымдары
    Несиелер: 6

    Тұрақты танымдық мүдделерді ескере отырып, жануарлар дүниесіне деген көзқарас пен ережелерді білу, салауатты өмір салты мен денсаулық негіздерін білуді ескере отырып, доктринаға жауапты көзқарасты қалыптастыру. Кәсіптер мен кәсіптік бейімділікке негізделген қосымша жеке білім беру жолын қалыптастыру. Когнитивтік мүдделерді, мотивтерді және интеллектуалды дағдыларды дамыту, сананың, құзыреттілікті және эстетикалық сана-сезімді дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қолданбалы биология және топырақтану негіздері
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты студенттерге арналған тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қажетті ауыл шаруашылық және психологиялық-педагогикалық білімдер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Болашақ мұғалімнің ауыл шаруашылық оқытуы жалпы білім беру білімінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бағдарламалық материалдарды зерттеу мамандандырылған арнайы пәндермен тығыз байланысты: ботаника, өсімдіктер физиологиясы, биохимия, бейорганикалық және аналитикалық химия, генетика, микробиология және т.б.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ихтиология
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты бакалаврларда балықтардың морфологиялық, анатомиялық, физиологиялық, экологиялық ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру болып табылады. Пәнді оқу барысында студенттер балықтардың түрлік белгілерін анықтау, олардың жынысын, жасын, қоңдылығын, гонадалардың даму сатысын анықтау дағдыларын меңгереді. Пәнді меңгеру кезінде балықтарды экстерьерін және интерьерін бағалау, олардың физиологиялық жағдайын бағалау әдістеріне үйрету жүргізіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Биологиялық терминология
    Несиелер: 6

    Биологияда өсімдіктер мен жануарлардың түрлі түрлерін және топтарын, олардың морфологиялық құрылымдарын және функционалдық тетіктерін және олардың арасындағы қарым-қатынастарды белгілейтін көптеген атаулар мен терминдер бар. Негізгі жүйелік топтардың ерекшеліктері; биологиялық сөздіктерде және анықтамалықтарда - биологиялық терминдердің мағынасы; түрлі көздерде - тірі ағзалар туралы қажетті ақпарат

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Биоорганикалық химия
    Несиелер: 6

    Биоорганикалық химия курсында органикалық қосылыстардың негізгі кластары, олардың физикалық және химиялық қасиеттері және олардың қатысуымен жүретін химиялық реакциялар механизмдері, олардың биологиялық процестердегі рөлі туралы білімді қалыптастыруды қамтиды. Алған білімдерін тірі организмдерде жүретін химиялық процестерге, химиялық реакцияларға негізделген биологиялық процестерді зерттеуде қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Биохимия
    Несиелер: 6

    Биохимия-өмір химиясы, тірі табиғаттағы химиялық құбылыстар туралы ғылым. Биохимия тірі организмдердің химиялық құрамын, олардың тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін химиялық процестерді зерттейді. Биологиялық қосылыстардың –ақуыздардың, нуклеин қышқылдары-ның, көмірсулардың, липидтердің құрылымы мен қасиеттерін, олардың ағзадағы химиялық айналуын, оның тіршілік әрекетінің физика-химиялық негіздерін түсіну үшін осы айналулардың мәнін зерттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Топырақтану
    Несиелер: 6

    Топырақтану пәні – топырақтың құрылысын, құрамын, қасиеттерін, пайда болуымен дамуының заңдылықтарын, географиялық таралуын, қоршаған ортамен байланысын, табиғаттағы маңызын, топырақты жақсарту және құнарсызданудан қорғау, халық шаруашылығында тиімді пайдалану жолдарымен әдістерін және топырақ жамылғысының егін өсіру мәдениетін өзгертуін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Орнитология
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты-құстар класының әр түрлі жүйелі топтарының биология және экология бойынша базалық білім алу. Пәнді оқу барысында бакалаврлар келесі міндеттерді шешеді: құстардың шығу тегі мен эволюциясының мәселелерін зерттеу; құстың түрлі жүйелі топтарының түрлік құрамын қарастыру; құстардың әртүрлі жүйелі топтарының диагностикалық белгілерімен танысу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Молекулалық биология
    Несиелер: 5

    Молекулалық биология - бұл ағзаның тіршілік етудің молекулалық негіздерін зерттейтін ғылым. Зерттеулердің негізгі бағыттары генетикалық ақпараттарды сақтау механизмдері, іске асыру және таратумен байланысты. Молекулалық биологияның негізгі объектілері - дезоксирибонуклеин қышқылы, рибонуклеин қышқылы және ақуыздар болып табылады, сондай-ақ макромолекулалық жиынтықтар биосинтезін қамтамасыз ететін мультиферменттік жүйелер жатады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Экология негіздері және бионика
    Несиелер: 5

    Бұл тірі ағзалардың өмір сүру жағдайларын және ағзалар мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарды зерттейтін пән. Экологияның негізгі бөлігі, оның негізі - кез-келген тірі ағзалар мен қоршаған орта арасындағы өзара қарым-қатынастың жалпы сипаттарын зерттейтін экологияның негізі. Зерттеудің тақырыбы қоршаған ортаға өзара әрекеттесуде организмнің, халыққа тән, биоценотикалық және биосфералық деңгейдегі ұйымдардың объектілері болып табылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Гендік инженерия
    Несиелер: 5

    Гендік инженерия, бұл – теориялық негізі генетика болып табылатын қолданбалы пән. Пәннің мақсаты - рекомбинантты ДНҚ және РНҚ алу, генді ағзадан ажыратып алу, гендермен манипуляция жүргізу және оларды басқа ағзаларға ендірудің теориялық негіздері, методтары және технологияларын; гендік инженерияның қазіргі заманғы жетістіктері мен оның даму перспективаларын студенттерге таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әлем флорасы
    Несиелер: 5

    Пән өсімдіктерді флористикалық аймақтарға бөлудің ғылыми негізін олардың тарихи қалыптасуының экологиялық, геологиялық және тарихи ерекшеліктеріне байланысты жеке сипаттамаларымен жан-жақты таныстыру арқылы оқытады. Сонымен қатар, оларды адам өмірінде және халық шаруашылығында пайдалану жолдарымен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Биогеоценология
    Несиелер: 5

    Биогеоценология пәні биогеоценоз-дардың құрылысы мен қызметін, күрделі табиғи кешендерді, тірі организмдермен табиғат арасындағы өзара байланысты, бейорганикалық ортаның әсерін және онымен материалдық-энергетикалық байланыстарды қарастырады. Пәннің мақсаты студенттерге биогеоценоз-дардың қалыптасуы, дамуы, ондағы табиғи өзгерістердің заңдылықтары және оларды қалпына келтіру шаралары туралы білім беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Эволюция ілімі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты-студенттердің жер бетіндегі тіршіліктің дамуының себептері мен жолдары туралы ғылыми түсінігін қалыптастыру. Эволюция теориясы студенттердің жалпы биологиялық дайындығын нықтайды және барлық басқа биологиялық пәндердің мәліметтерін мысал және дәлел ретінде қамтиды. Курстың негізгі міндеті эволюция теориясын ұйымның барлық деңгейлерінде тірі табиғаттың дамуына көзқарастың біртұтас жүйесі ретінде зерттеу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Геоботаника
    Несиелер: 5

    Геоботаника фитоценоздардың құрылымын, олардың ішіндегі биотикалық қарым-қатынастарын, ішкі ортасының ерекшеліктерін, дамуын, тарихын және фитоценоздарды классификациялауды қарастырады. Геоботаника өсімдік жабынының физико-географиялық ортамен, ең алдымен топырақпен қарым-қатынасын экологиялық ерекшелігін, химиялық құрамы мен практикалық маңызын анықтап ғылымының дамуында ерекше орын алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тірі ағзалардың табиғи сұрыпталуы
    Несиелер: 5

    Пәннің мазмұны тіршілік әрекеті нәтижесінде жақсы белгілері басымдылық көрсететін, ортаға толық бейімделген популяцияда даралардың санының артуын және әлсіз белгілері басым особьтардың санының кемуін көрсететін эволюциялық процесс негіздері туралы түсінік береді. Курс эволюцияның синтетикалық теориясын табиғи сұрыпталу бейімделудің, түр түзілуінің және таксондар пайда болуының негізгі себебі ретінде қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жеке даму биологиясы
    Несиелер: 5

    «Жеке даму биологиясы» - жануарлар ағзаларының эмбрионалдық дамуының жалпы үлгілерін зерттеу. Сонымен қатар, эмбриональды даму - гаметогенез және постембириялық даму - қарастырылады. Студенттер басқа биологиялық пәндер арасында жеке дамудың заманауи биологиясының негізгі бағыттары туралы түсінік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тірі ағзаның қоректенуі және заттар айналымы
    Несиелер: 5

    Бұл пән тірі организмдер арасындағы байланыстарды қамтамасыз ететін өмірдің негізгі қасиеттерін, олардың қозғалғыштығын, тамақтануын және заттардың айналымын зерттейді. Өмірді планеталық құбылыс ретінде сақтауда тұтынылатын заттардың жиынтығымен және қоршаған ортаға шығарылатын қалдықтардан ерекшеленетін оның нысандарының алуан түрлілігі аса маңызды болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Экологиялық биология
    Несиелер: 6

    Пән тірі организмдер мен өмір сүретін ортаның өзара әсерлесуінің жалпы заңдылықтарын қарастырады, қорша-ған ортаға антропогендік әсер етуге байланысты мәселелер шеңберін талдайды,табиғатты қорғау қызметі саласында элементарлық түсініктер қалыптастыру. Экологиялық қауіпсіз-діктің құқықтық негіздерін қарастыру. Пән организмдердің қарым-қатынастарының заңдылықтары, құрылымы, қызметтері және тұрақтылығын зерттеп білуді үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақстан биоресурстары
    Несиелер: 6

    Қазақстан биоресустары – еліміздегі өсімдіктер және жануарлар ресурстарының алуан түрлілігін, олардың өзіндік ерекшелігін, пайдалы өсімдіктер және жануарлардың жеке топтарын, түрлерін зерттеу тарихының кезеңдерін, сонымен қатар шикізат алу тәсілдерін және оларды қолдану жолдарын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Өсімдіктер және жануарлар селекциясының негіздері
    Несиелер: 5

    Пән «Генетика» курсының үйлесімді жалғасы болып табылады және жануарлар қолтұқымдары мен өсімдіктер сорттарын шығарудың методтарын қамтитын селекцияның генетикалық негіздерін оқытады. Биология мұғалімінің генетиканың қолданбалы негіздері мен ауыл шаруашылығы туралы терең білімдері болуы керек. Пәннің мақсаты – өсімдіктер мен жануарлар селекциясының қазіргі заманғы методтары мен бағыттарын игеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жердегі органикалық дүниенің дамуы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - жер бетінде тіршілік етіп жойылып кеткен, осы кезде тіршілік етіп жатқан тірі организмдердің түрлеріне сипаттама беру және даму деңгейін көрсету. Палеонтология ғылымының даму тарихы мен негізгі заңдылықтарымен танысып, органикалық дүниенің тіршілік деңгейлері мен эволюциялық дамуын, соның ішінде Архей, Протерозой, Палеозой, Мезозой, Кайназой дәуірлерінде тіршілік еткен тірі ағзалардың түрлерін зерттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    пәндік және пәнаралық саланың негізгі бөлімдері бойынша білімді түсіну және интеграциялауды көрсету

  • Код ON2

    берілген ақпаратқа сүйене отырып, білімін практикада қолдана алу

  • Код ON3

    оқушыларды сыни ойлауға, проблеманы шығармашылықпен бірлесе шешуге тарту мақсатында пәннің негізгі концепциялары мен зерттеу құралдарын және құрылымын айқындай білу

  • Код ON4

    пәнді оқытуда АКТ-ны және цифрлық білім ресурстарын пайдалану

  • Код ON5

    пән бойынша таңдалған мақсатқа сәйкес оқу жетістіктерін критериалды бағалауды және диагностикалауды қолдана білу

  • Код ON6

    оқушының тұлғалық дамуын қалыптастыру мен өзінің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында өмір бойы білім алуға мән беру

  • Код ON7

    командада, тұлғааралық қарым-қатынаста, тиімді жұмыс істеуде коммуникативтілік көрсете білу

  • Код ON8

    педагогикалық инновациялық технологияларды оқыту мен тәрбиелеудің мақсат-міндеттеріне, күтілетін нәтижелеріне және оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдана білу

  • Код ON9

    кәсіптік саладағы проблемалардың шешімін және қорытындылардың тұжырымдарын талдау

  • Код ON10

    өзінің және басқалардың идеялары, әрекеттері мен пайымдауларына қызығушылық таныту негізінде сыни және жүйелі ойлауын дамыту

  • Код ON11

    ортақ мақсатқа жету үшін командада, көшбасшылықта креативтілік көрсете білу

  • Код ON12

    табиғи биологиялық құбылыстардың, үдерістердің, заңдар мен заңдылықтардың мәнін түсіну үшін шығармашылық қабілеті мен сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамыту

Top