6B04106 Бағалау в Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Кең іргелі білімді игерген, бастамшыл, еңбек нарығы мен технологияларының өзгеріп тұратын тлаптарына бейімделген, ұжымда жұмыс істей алатын жаңа формациядағы маманды дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B046 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және География
-
Білім беру саласы 6B04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 6B041 Бизнес және басқару
-
Сапа менеджменті жүйесі
Несиелер: 5Осы пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар сапаны қамтамасыз етудін даму кезеңдерін, сапа менеджмент жүйесін кұжаттандыруды, Қазакстан Республикасында сапа менеджмент жүйесін енгізу және сертификаттау тәртіптерін оқып үйренеді.
Селективті тәртіп
-
Экономикадағы математика
Несиелер: 3Осы пәнді оқу барысында білім алушылар экономикалық есептердi модельдеуге, талдауға, шешуге мүмкiндiк беретiнматематикалық аппаратты меңгереді; болашақ кәсiбiмен байланысты әр түрлi құбылыстар мен процесстердi оқып талдауға мумкiндiк беретiн математикалық әдiстердi меңгереді; экономикалық мәселенi өз бетiмен зерттей бiлуi мен дағдысын қалыптастырады, өз жұмысын жетiлдiрудiң ғылыми жолдарын iздеуге ынталанады.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Экономикалық теория
Несиелер: 3қазіргі экономикадағы күрделі процестерді түсіну үшін негізгі экономикалық категорияларды, объективті заңдарды біледі
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Менеджмент және маркетинг
Несиелер: 5басқарушылық шешімдердің түрлерін және оларды қабылдау әдістерін, ұйымның негізгі қаржылық есептерінің мақсатын, құрылымын және мазмұнын сипаттайды, таңдайды
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Қаржы
Несиелер: 2мемлекеттің ақша, қаржы және несие жүйелерінің теориялық және қолданбалы сипаттамалары үшін пайдаланылатын Қаржы теориясын, санаттар мен ұғымдарды айқындайды
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Микроэкономика
Несиелер: 4микродеңгейде қазіргі экономиканың қызмет ету заңдылықтарын сипаттайды
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Кәсіпкерлік:теория, үдеріс, тәжірибе
Несиелер: 4Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың теориялық және тәжірибелік негіздерін, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың әртүрлі нысандарының қызмет ету механизмін меңгеру
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Макроэкономика
Несиелер: 5макроэкономика мен қолданбалы экономикалық пәндердің негізгі түсініктерін, санаттары мен құралдарын атап көрсетеді
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері және еңбек қорғау
Несиелер: 2Білім алушыларға адамдардың өлім-жітімі мен денсаулығының сыртқы факторлар мен себептерден жоғалуын төмендетуге бағытталған білімді қалыптастыру және насихаттауды, техникалық жүйелерде және шаруашылық жүргізу нысандарының тұрақтылығын есепке ала отырып, қазіргі талаптарға сәйкес жаңа техника мен технологиялық процестердің қауіпсіз жағдайларын жобалауды үйрету.
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Экономика және жылжымайтын мүлікті басқару
Несиелер: 4Осы пәнді оқу барысында білім алушылар жылжымайтын мүлік ұғымы және оның түрлерін, жылжымайтын мүлік нарығын, мүлік құнын бағалауды, мүлікті басқару тәсілдерін меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Бухгалтерлік есеп және аудит
Несиелер: 5бухгалтерлік есеп теориясын, әдіснамалық негіздерін, оның шоттары мен қос жазбасын, бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын айқындайды
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Математика
Несиелер: 4Осы пәнді оқу барысында білім алушы математиканы оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсат-мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, методикалық зерттеулерді, есеп шығаруды және оларды түсіндірудің жолдарын оқытудың техникалық және көрнекі құралдарын оқу процесінде пайдалану әдістемесін, педагогика ғылымы мен озат тәжірибе жетістіктерін практикасына батыл енгізу тәсілдерін игереді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Философия
Несиелер: 2Философия – ғылымы адамзат мәдениетінің қайталанбас және ерекше құбылысы.
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Еңбек экономикасы мен әлеуеті
Несиелер: 4Осы аталған пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар адам ресурстарын басқару саласындағы ғылыми негіздерді, нарықтық экономика жағдайында жаңа әлеуметтік-еңбек қатынастарын құру кезінде әрбір адам мен жалпы қоғамның еңбек әлеуетін қалыптастыру және ұтымды пайдалануды зерттеп меңгереді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Бағалау фирмасын басқару технологиясы
Несиелер: 5Осы пәнді оқу барысында білім алушылар бизнестің нарықтық құнын бағалауды, Бизнестің әлеуетті мүмкіндіктерін, сауатты стратегиялық және басқарушылық шешімдер қабылдау туралы шынайы түсінік беретін бағалау компанияларын қызметтерін жүргізуді жүзеге асырады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Тауарлар қозғалысын басқару
Несиелер: 5Осы пәнді оқу барысында білім алушылар тауар қозғалысы немесе маркетинг-логистика-тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және пайда алу мақсатында таңдалған арна бойынша тауарды өндірушіден тұтынушыға дейін жылжытуды қоса жүретін барлық ағын түрлерінің (материалдар, дайын бұйымдар, ақпарат) физикалық ауысуын жоспарлау, орындау және бақылау жөніндегі қызметтерді оқып үйренеді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Еңбек нарығы экономикасы
Несиелер: 4Осы пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар еңбек нарығы қызметінде басқаруды, жоспарлауды, ұйымдастыруды, болжауды, халық шаруашылығы ресурстарын қалыптастыруды және пайдалануды, қазіргі жағдайда еңбектің экономикалық тиімділігін бағалау оқып игеріп шығады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Бағалаудың теориялық негіздері
Несиелер: 2Осы пәнді оқу барысында білім алушылар бағалаудың мәнін, функцияларын, нарықтық экономикада бағаны анықтайтын факторларды оқып меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
ЭАЖ-гі жаңа технологиялар
Несиелер: 5Осы пәнді оқу барысында білім алушылар жаңа деректер базасын, ақпаратты өңдеу жүйелерін, автоматтандырылған басқару жүйелерін әзірлеу және дамытуға арналған қажеттіліктер мен талаптарға жүйелік талдау жүргізуді үйренеді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Бағалаудың компьютерлік технологиялары
Несиелер: 5Осы пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар ақпараттық-компьютерлік сараптама жүргізуді ұйымдастыру және методологияның теориялық және практикалық негіздерін, Компьютерлік ақпаратпен байланысты мәселелерді қарастыруды, компьютерлік жүйеде және т. б. ақпараттық процестерді ұйымдастыру үшін пайдаланушы дайындаған немесе құрылған (құрылған) бағдарламалармен дайындалған ақпаратты іздеуді, табуды, талдауды және бағалау әдістерін оқып меңгеріп шығады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Кәсіби практика (Өндірістік практика)
Несиелер: 4Жоғары оқу орындарының студенттерінің білім беру (таныстыру) тәжірибесінің мақсаты – оқу процесінде алынған теориялық білімдерді шоғырландыру және тереңдету, алғашқы дағдыларды меңгеру, іскерлік хат алмасу қабілетін меңгеру, мамандыққа сәйкес практикалық білімі мен дағдыларын меңгеру сияқты негізгі кәсіби ерекшеліктерді игеру, оқу.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Мемлекеттік тұрақты даму стратегиясы
Несиелер: 5табиғи ресурстарды пайдалану, Инвестициялар бағыты, ғылыми-техникалық дамудың бағдары, жеке тұлғаны дамыту және институционалдық өзгерістер бір-бірімен келісілген және адами қажеттіліктер мен ұмтылыстарды қанағаттандыру үшін қазіргі және болашақ әлеуетті нығайтатын экономикалық және әлеуметтік өзгерістер процесі
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Баға және баға белгілеу
Несиелер: 2Осы пәнді оқу барысында білім алушылар баға белгілеудің теориялық негіздерін;-бағаның құрамы мен құрылымын;-бағалардың атқаратын функцияларын;-бағаларға әсер ететін факторларды;-кәсіпорындардың баға белгілеу әдістерін;-мемлекеттің баға белгілеудегі рөлі;-қазіргі қазақстандық экономикадағы бағалар динамикасын оқып игеріп шығады.
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Еңбек ресурстарын басқару
Несиелер: 4Осы пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар еңбек ресурстарының қалыптасуын, дамуын, еңбек ресурстарын басқаруды талдауды, еңбек ресурстарын басқаруды жетілдіруді оқып үйренеді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Статистика
Несиелер: 4Осы пәнді оқу барысында студенттер бүкіл әлемде болып жатқан құбылыстарды статистиканың әдістері мен тәсілдері арқылы зерттеп салыстырып отыруды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Жылжымайтын мүлік экономикасы
Несиелер: 4Осы пәнді оқу барысында білім алушылар жылжымайтын мүліктің түсінігін, мәнні, белгілерін және жіктелуін; жылжымайтын мүлік нарығының мәнін, функциялары және негізгі сипаттамаларын; жылжымайтын мүлік нарығының негізгі операциялары және оларды заңнамалық реттелуін; жылжымайтын мүліктің әр түрлі объектілерін бағалау әдістерін; қазіргі жағдайда жылжымайтын мүлікті басқарудың негізгі принциптерін оқып біліп меңгеріп шығады.
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
1С Бухгалтерия
Несиелер: 4Осы пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар Қазақстан республикасы кәсіпорындардағы бухгалтерлік және салық есебінің автоматтандырылуын оқып үйренеді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Коммерциялық қызмет
Несиелер: 4Білім алушы осы пәнді оқу нәтижесінде кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың теориялық негіздерін;кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және қызмет етуі бойынша дұрыс, нақты шешімдерді қабылдай алуды;бизнесті басқарудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін қолдануды меңгеріп шығады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Қызметтерді стандарттау, сертификаттау
Несиелер: 5Осы пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар стандарттау бойынша нормативтік қүжаттар және оларға койылатын талаптарды;Стандарттарды әзірлеу тәртібін; Қазақстан аумағында ТМД елдерінің стандарттау бойынша нормативтік күжаттарын қолдану тәртібін;Стандарттау әдістерін;Сертификаттау саласындағы мемлекеттік реттеу және басқаруды оқып үйреніп шығады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Шығындарды басқару
Несиелер: 5Осы пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар шығындарды талдаудың негізгі әдістемелік жағдайларын, кәсіпорын шығындарын CVP жүйесінде жүйелі басқаруды, кәсіпорын шығындарын стратегиялы басқаруды меңгеріп шығады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Корпоративтік қаржы
Несиелер: 4Осы аталған пәнді оқу барысында білім алушылар негізгі және айналмалы капиталдың құрылуын, корпорациялардың ақшалай қаражат қорларының және олардың бөлінуі мен пайдаланылуы процесінде пайда болатын қаржылық немесе ақшалай қозғалыстарды оқып меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Жылжымайтын мүлікті бағалау
Несиелер: 4Осы пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар мүліктің құнын анықтауды, жылжымайтын мүлік объектісінің нарықтық құнын анықтауды, бағалау объектісінің сипаттамасын оқып игеріп шығады.
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Салық және салық салу
Несиелер: 4Осы пәнді оқу барысында білім алушылар салық төлеушілердің жекелеген санаттарына арнайы салық режимдерін қолдану ерекшеліктерін;Қазақстан республикасындағы салық жүйесіндегі алымдар,баждар мен басқа да міндетті төлемдерді есептеудің ерекшеліктерін оқып меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Инвестициялық талдау және бағалау
Несиелер: 5Осы пәнді оқу барысында білім алушылар инвестицияның экономикалық тиімділігін, оны бағалау әдістерін, инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауда қолданылатын негізгі көрсеткіштерді біліп шығады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Экология және тұрақты даму
Несиелер: 3Қоршаған ортаны қорғау, оның адамзатқа әсерін, экологиялық қауіпсіздік шараларын пайдалануға дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Ұйымдағы өзгерістерді басқару
Несиелер: 5Пәнді оқу барысында білім алушылар экономикалық жағдайды, заңдарды, өндірістің даму принциптерін, менеджер ретінде пайда болған мәселелерді бағалауды, өзгерістер менеджменті саласындағы білімді игереді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Қызметшілерді басқару
Несиелер: 4Осы пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар ұйымдағы қызметшілер жұмыстарын ұйымдастыруды, оларды жұмысқа ынталандыру тәсілдерін, оларды басқару әдістерін жан жақты қарастырып үйренеді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Бағалаудың халықаралық стандарты
Несиелер: 5Осы аталған пәнді оқу барысында білім алушылар бағалаушыларға олардың клиенттері үшін келісімді есепті дайындауға көмектесуді; келісімді бағаны бағалау үшін нарықтағы құнды стандартты анықтауды қолдану арқылы жерді жəне құрылыс ресурстарын ұтымды пайдаланудың экономикалық талқылау үшін бекемдеу негізін; бағалаушы рөлінің түсінігін жоғарылатуды; ұлттық заңнама жəне Халықаралық стандарт бағамен бухгалтерлік есепке сəйкес құнның түпкілікті, бір мағыналы жəне түсінікті анықтамасын қамтамасыз ететін үрдістерді құрастыруды үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Орта және сыртқы бизнесті ұйымдастыру
Несиелер: 5Осы пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар орта және сыртқы бизнесті ұйымдастыру қызметінің экономикалық тиімділігін есептеу тәсілдерін; инвестициялық жобалардың техника-экономикалық түсініктемесін және бизнес-жоспарлау тәсілдерін; - экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы есептерді шешумен байланысты арнайы теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдылар кешенін оқып игереді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
ҚР-ң ұлттық бағалау стандарттары
Несиелер: 5Осы пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар жылжымалы мүлікті бағалаудың әдістерін, жылжымалы мүліктің ерекше обьектілерін бағалау ерекшеліктерін, бағаланатын обьектінің нарықтық құнын анықтауды меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Стратегиялық өзгерістерді басқару
Несиелер: 4Осы пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар менеджменттің теориялық концепциясын, ұйымдастыру өзгерістерін жүргізудің қазіргі құрадарын пайдалануды, бизнес-үрдістер негізіндегі басқарудың негізгі сатыларын игеріп шығады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Өндірістік практика
Несиелер: 6Іс-тәжірибе нәтижесінде білім алушылар заңдық, нормативтік материалдармен жұмысты өңдеуді;Кәсіпорын мен ұйымның өндірістік-каржылық қызметінің экономикалық талдау әдістерін, соңдай-ақ оның қаржы экономикалық жағдайын бағалау әдістерін; Кәсіпорынның кұкықтық дәрежесін, оның ұйымшылық құрылымын және кәсіпорын мүшелерін басқару үрдісін; Кәсіпорын қызметін стратегиялық және тактикалық жоспарлау тәжірибесін және андикативті жоспарлау әдістерін оқып үйренеді және меңгереді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Фирманың экономикалық қауіпсіздігі
Несиелер: 5Ұлттық экономиканың экономикалық қауіпсіздігін қалыптастыру мен дамытудың теориялық және тәжірибелік аспектілерін, кәсіпорындар мен ұйымдардың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету факторларын оқып меңгереді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Салық есебі
Несиелер: 4Осы пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар салықтың түрлерін, салықтарды есептеу механизмдерін, салықтарды есептеуді ұйымдастыруды меңгеріп шығады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Бағалау квалиметриясы
Несиелер: 4Осы пәнді оқу барысында білім алушылар өнім сапасын басқару мен стандарттауда қабылданатын шешімдерді негіздеу үшін қолданылатын, сандық бағалау әдістерін меңгеріп шығады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Консалтинг негіздері
Несиелер: 5Осы пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар нарықта тауарларды болжауды, қызмет және инновацияны зерттеуді, фирманы тізімдеу және жасауды, сыртқы экономикалық байланыс, қаржы, сатып алушыларға кең көлемдегі экономика төңірегіндегі сұрақтарға жауап беруді, сатушылар, өндірушілерге қорытындылаушы кеңес беру жөніндегі жұмыстарды оқып меңгереді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Метрология және сертификаттау
Несиелер: 5Пәнді оқу барысында білім алушылар стандарттау, сертификаттау мен метрология жөніндегі жұмыстарды жоспарлау мен жүргізудің компьютерлік технологиясын; өлшемдердің нәтижелерін өңдеу мен олардың дұрыстығын талдау әдістерін; - өнімді сертификаттау жұмыстарын жүргізу кезінде өнімнің және процестердің сапасын бақылау әдістерін меңгеріп шығады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Еңбек ақы
Несиелер: 5Осы пәнді оқу барысында білім алушы нарықтық қатынастыр жүйесіндегі жалақының мәнін, еңбек ақы жүйесінің және формасының экономикалық мәнін, жалақы қорын жоспарлауды, Қазақстанда жалақыны мемлекеттік реттеуді оқып меңгереді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Жылжымайтын мүліті басқару
Несиелер: 5Осы пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар жылжымайтын мүлік нарығын, жылжымайтын мүлік құнын бағалауды, жылжымайтын мүлікті басқару кәсіби қызметінің әлемдік тәжірибесін зерттеп меңгереді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Әлеуметтік экономикалық дамуды болжау
Несиелер: 4Осы аталған пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар әлеуметтік- экономикалық жоспарлау мен болжауды жүзеге асыру тетіктерін, жоспарлау мен болжаудың принциптері мен әдістемесін біліп меңгеріп шығады. - негізгі өндірістік салаларда басқарушылық шешімдерді қабылдау дағдыларын игеруге; - әлеуметтік- экономикалық жоспарлау мен болжаудың экономикалық обьектілердің қызмет етуінің нәтижелілігіне ықпалын түсінуге
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Интелектуалдық меншікті және материалдық емес активтерді бағалау
Несиелер: 4Осы аталған пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар теориялық, тәжірибелік және кәсіби міндеттерді шешу үшін машиналарды, құрал - жабдықтарды, көлік құралдарын бағалау тәсілдерін, қағидаларын, мүлікті кешенді бағалауды, қаржылық құралдарды бағалау, еңбек ресурстарын басқару мен бағалау, жерді бағалау және жер кадастры қағидаларын, қазба байлықтарын және табиғи ресурстарды экономикалық бағалаудағы, кәсіпорынның нарықтық құнын бағалау тәсілдерін игеріп шығады.
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Табиғи ресурстарды бағалау
Несиелер: 4Пәнді оқу барысында білім алушы қоғамдық дамудағы табиғи жағдай мен ресурстардың рөлін; табиғат ресрстарын ұтымды пайдалану, табиғатты қорғау, табиғат пен қоғамның біртұтастығығы,табиғат ресурстарының қоғамдағы, экономикадағы әлеуметтік–экономикалық ролді,табиғат пайданауды басқарудың құқықтық–экономикалық механизмі туралы, табиғи ресурстарды бағалауды біліп шығады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Табысты жобаларды бағалау
Несиелер: 5Табысты алып жүретін қызметті табысты деп түсіну
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Сақтандыру
Несиелер: 4Сақтандыру — ақша қорлары (сақтандыру қорлары) есебінен белгілі бір оқиғалар (сақтандыру жағдайлары) басталған кезде жеке және заңды тұлғалардың (сақтанушылардың) мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі қатынастар (сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы), олар төлейтін сақтандыру жарналарынан (сақтандыру сыйлықақысынан) қалыптастырылатын қатынастар.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Бағалау қызметін құқықтық реттеу
Несиелер: 3Осы пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар бағалау қызметі саласында нормативтік қор жөнінде хабардар болады, құқық орнатушы құжаттамасын сараптама жасаудыі; -бағалаушының негізгі құқықтары мен міндеттерін, сертификация мен лицензиялауды біліп шығады; -тәжірибеде өз білімдерін қолдана біледі; -бизнесті бағалаудың концепцияларын біліп игеріп шығады.
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Жерді бағалау және жер кадастры
Несиелер: 3Осы пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар жер кадастры дамуының теориялық және әдіснамалық негіздерін, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жер кадастрын енгізудің тәртібін, Қазақстан Республикасында жерді бағалау және реттеудің экономикалық механизмдерін біліп меңгеріп шығады.
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Табысты жобаларды ұйымдастыру
Несиелер: 4Осы пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар инвестицияларды талдаудың негізгі экономикалық тұжырымдамаларын;жобаны талдаудың негізгі кезеңдерін; бизнес – жоспарды дайындау және талдауды; сату нарығын бағалауды; бәсекелестерді бағалауды;проценттерді есептеу тәсілдерін және дисконттауды;ұзақ мерзімді қарыздарды қайтару жоспарларын; инвестициялық жобаларды қаржылық-экономикалық бағалауды;инфляция жағдайының инвестициялық жобаны бағалауға тигізетін әсерін талдап меңгереді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Кәсіпорынның қаржылық- жағдайын талдау
Несиелер: 4Осы пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар қаржылық жағдайды талдаудың негізгі әдістері мен тәсілдерін, баланс активтері мен олардың құрылым көздерінің ара қатынасын талдауды, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалауды, Іскерлік белсенділікті талдауды, қаржылық тұрақтылық пен қаржылық табыстылықты талдауды оқып меңгереді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Бағалау стандарттарымен кадастр
Несиелер: 4Осы аталған пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар ҚР мен шет елде жер кадастры тарихы және даму қарқынын; жер ресурстарын басқару саласындағы негізгі құбылыс, үрдіс, мәселелер мәнін;- мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібін, мәнін, жер-кадастрлық жұмыстарды ұйымдастыру принциптері және әдістерні;- жер заңнамасын; - аумақтарды зоналарға бөлу, жерлер мониторингін, жер құны түрлерін;- жерлерді бағалаудың әдістемелік принциптері және әдістерін оқып игереді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Жобаларды бағалау
Несиелер: 5Осы пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістерін, Қазақстан Республикасындағы компаниялардың инвестициялық стратегиясын,инвестициялық жобаларды қаржылық талдауды оқып меңгереді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 2
-
Мемлекеттік қаржы
Несиелер: 5Осы пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар мемлекеттік қаржы, оның мәні және қызметтерін, Қаржылық жүйе және оның бөлімдерін, Қаржы саясатын, Қаржылық механизмнің құрылымы және мазмұнын, Мемлекеттік түсімдерді жоспарлау мен болжаудың негізгі әдістерін, Шығындарды жоспарлаудың негізгі бағыттарын, Бюджет жүйесі және бюджеттік құрылымын оқып меңгереді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 2
-
Инвестицияны қаржыландыру несиелендіру
Несиелер: 5Осы пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар инвестицияларды қаржыландыру және несиелендірудің теориялық және тәжірибелік негізін; инвестициялық қызмет облысында ақпаратты жинау және талдауды;- кәіпорынның, қаржылық құралдардың сенімділігін бағалауды;- инвестициялық тәуекелдің дәрежесін бағалауды;- құңды қағаздар портфелін басқаруды оқып меңгереді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 2
-
Инвестициялық жобаларды бағалау
Несиелер: 5Осы пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістерін, инновацияны инвестициялау және ұйымдастыру негіздерін, инновациялық менеджментте басқару шешімдерін жасауды, қазақстанда венчурлық бизнестің дамуын, қзақстан Республикасында инновациялық қызметті дамыту ерекшеліктерін оқып меңгереді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 2
-
Ресурстарды үнемдеу
Несиелер: 5Осы пәнді оқу барысында білім алушылар өндіріс кәсіпорынның отын – энергетикалық балансын құрастыруды және талдауды;-халық шаруашылығы салаларында энергияны пайдалану тиімділігін бағалауды;-энергияны үнемдеу шараларың ойластыруды; - жылу технологиялық қондырғылар мен жүйелердің энергетикалық және эксергиялық баланстарын есептеуді оқып меңгереді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 2
-
Қаржылық нарықтар және делдалдар
Несиелер: 5Қаржылық нарықтың инфрақұрылымы және оның негізгі элементтері.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 2
-
Код ON1
ХХ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейін орын алған тарихи оқиғалар, тілдік қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру, жекелеген әлеуметтік тәртіптер, үдерістер мен топтар және олардың қоғаммен байланысы, саясат, саяси үрдістер, мәдениет дамуының және қалыптасуының негізгі заңдылықтары, психикалық құбылыстардың пайда болуы мен дамуы, қалыптасуы, "Рухани жаңғыру" патриоттық актінің мазмұны мен негізгі құндылықтары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлауы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын, ақпаратты іздеу, сақтау және өңдеу әдістері, сандық технологиялар арқылы ақпаратты жинау және беру тәсілдері, философиялық ойлар, елдегі экологиялық мәселелерді оқиды
-
Код ON2
Математикалық ұғымдар мен экономикалық есептер шығару, экономикалық зерттеу әдістері мен заңдылықтардың теориялық негіздері, басқару түрлері мен маркетингтік зерттеулер, қаржы құралдарының құрылу көздері, өндіруші мен тұтынушы арасындағы экономикалық қарым-қатынастар, макроэкономикалық көрсеткіштер, кәсіпкерлік түрлері және оны дамыту, бағалау нормативтері мен әдістері, экономикалық ахуалды жақсарту бағыттары және тауарды өткізу жолдарын анықтайды
-
Код ON3
Жылжымайтын мүлікті басқару кәсіби қызметінің әлемдік тәжіребиесі мен мүліктін құнын бағалау, кәсіпорындағы барлық шаруашылық қорлар мен олардың қозғалысын есептеу, баға саясаты және баға құру мәселелері, баға белгілеудің теориялық негіздері мен оған сер етуші факторлар, еңбек нарығындағы жағдайлар мен еңбек ресурстарын басқару тиімділігі, бағалау стратегиясын автоматтандыру, сапалық басқару формаларын біледі.
-
Код ON4
Жылжымайтын мүліктің физикалық және техникалық жағдайын сипаттау, жылжымайтын мүліктің нарықтың құнын анықтау мен бағалау шарттары, бухгалтерлік есепті компьютер бағдарламасында жүргізу және автоматтандыру,қызметкерлерді басқару әдістері, коммерциялық қызметті ұйымдастыру мен коммерциялық қызмет құпиялылығы, стандарттау мен сертификаттаудың мемлекеттік жүйесінің негізі мен ерекшіліктері, Экономикалық қауіпсіздіктің объективті негіздері мен дамуы, экономикалық тұрақты дамудың негізгі тұжырымдамалары
-
Код ON5
Қаржылық категориялар мен ұғымдар, кәсіпорын ресурстарын тиімді пайдалану жолдары, елдегі инвестициялық ахуалды анықтау, ұйымдағы қақтығыстарды басқару, халықаралық бағалау стандарттары мен ұлттық бағалау стандарттары негізінде бағалау түрлерін анықтау, салықтық есептеулер, сапа деңгейі мен көрсеткіштерін анықтау, өзгерістерді алдын-ала басқару, бағалау қызметін құқықтық реттеу түрлері, Ақшалай қаражатты шоғырландыру мен қаржы көздерінің қалыптасуы, шаруашылық қызметтің қаржылық жағдайын талдауды оқып үйренеді
-
Код ON6
Талаптарға сәйкес өлшем бірліктері, бизнесті ұйымдастыру ерекшеліктері, Консалтинг қызметінің бағыттары, кәсіпорынның меншік капиталын бағалау түрлері, зияткерлік меншікті анықтау мен патенттер алу тәртібі, табиғи ресурстарды бағалау түрлері мен оларды есептеу жолдары, жобалардың жасалу реттілігі мен табыс табу жолдары, жер қатынастарының тарихи даму негіздері, жер қорының жағдайы мен сипаттамасы, сақтандыру формалары мен ерекшеліктерін, экономикалық дамудың ғылыми болжамдарының түрлерін толық меңгереді.
-
Код ON7
Жылжымайтын мүлік нарығын тиімді басқару, еңбек ақы төлеу формаларын анықтау тәсілдерін оқып біледі
-
Код ON8
Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру шеңберінде отандық білімнің бәсекеге қабілеттігін дамыту барысында қазіргі білім технологиясын меңгерген заман талабына сай мамандар дайындау.
6B04106 Бағалау
БакалавриатҚазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
БББТ: B046 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша6B04106 Бағалау
БакалавриатҚарағанды техникалық университеті (Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті)
БББТ: B046 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі6B04106 Бағалау
БакалавриатГуманитарлы-техникалық академиясы
БББТ: B046 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский6B04106 Бағалау
Бакалавриат«Тұран-Астана» университеті
БББТ: B046 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша