Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B04114 Организация налогового учета и аудита в отраслях экономики в Қазақ-Орыс Халықаралық Университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты 6В04114 – «Экономика салаларында салықтық есеп пен аудитті ұйымдастыру» дайындау бағыты бойынша білім беру бағдарламасы түлектерді салықтық есеп және аудит саласындағы кәсіби қызметке дайындауға бағытталған. 6В04114 – «Экономика салаларында салықтық есеп пен аудитті ұйымдастыру» дайындау бағыты бойынша бизнес және басқару бакалавры өзін есеп-экономикалық, аналитикалық, ғылыми-зерттеу, ұйымдастыру-басқару жұмысында кәсіби түрде жүзеге асырады. Бизнес және басқару бакалавры типтік әдістемелерді пайдалана отырып және қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны ескере отырып, салықтық есеп пен аудитті дайындайды және жүргізеді. ББ мақсаты: -студенттердің салық салудың әдіснамалық негіздерін меңгеру жолымен аналитикалық ойлауын қалыптастыру, ұйымның пайдасына салық салу бойынша салық салу базасын қалыптастыруға әсер ететін операцияларды салықтық есепке алу бөлігінде теориялық-практикалық дағдыларды қалыптастыру; - салықтық есеп және аудит жүйесі туралы тұтас түсінік қалыптастыру; - әртүрлі меншік түріндегі кәсіпорындарда салық есебі мен аудит жүйесін ұйымдастыруды реттейтін салық заңнамасының ережелерін зерделеу. 6В04114 – «Экономика салаларында салықтық есеп пен аудитті ұйымдастыру» ОП түлегі салықтарды есептеудің практикалық дағдысы болуы, салық декларацияларын толтыру, салықтық есеп пен аудитті ұйымдастыру дағдысы болуы, салықтық тексеру, салықтық есеп пен есептілік, салықтық кеңес беру әдістемесін білуі тиіс.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B045 Аудит және салық салу
  • Дайындық бағыты 6B041 Бизнес және басқару
Top