7M03105 Психология (бейіндік) в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты 1.1.1 әлеуметтік ғылымдар саласында жоғары білікті психологиялық кадрларды даярлау: - білім берудің ғылыми-зерттеу институттары; - мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі жоғары оқу орындары; - әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталықтары; - психологиялық түзету және психотерапия орталықтары; - әлеуетті министрліктер мен ведомстволардың құрылымы, пенитенциарлық және әскери ұйымдар. 1.1.2 психологиялық процестер мен құбылыстарды зерттеу мен талдаудың ғылыми-зерттеу қызметінің әдіснамалық негіздерін және эксперименттік әдістерін меңгеру; 1.1.3 ғылыми ойлау және дүниетаным контекстінде жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарды қалыптастыру, өзгермелі еңбек нарығына бейімделу үшін қажетті құзыреттілікті дамыту.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 1 год
-
Кредиттер көлемі 60
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M066 Психология
-
Білім беру саласы 7M03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
-
Дайындық бағыты 7M031 Әлеуметтік ғылымдар
Пәндер
-
Психология бойынша эксперименталды зерттеулерді ұйымдастыру
Курстың мақсаты эксперименталды зерттеулерді жүргізудің теориясы мен тәжірибесі негіздерін меңгеру болып табылады. Психологиядағы ғылыми әдістер жүйесі туралы түсініктерді қалыптастыру. Психологиялық зерттеулердегі басқа әдістердің ерекше сипаттамаларында эксперименталды әдістің ережелерін меңгеру және осы негізде бағдарлау. Психологиялық болжамдарды эмпирикалық тексерудің мақсаты болып табылатын зерттеулердің негізгі үлгісі бойынша білімдерді меңгеру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Әлеуметтік психологиядағы қазіргі зерттеулер/ /
Пәннің мақсаты – әлеуметтік және ұйымдастырушылық психологияның орталық мәселелерін, үлкен топтарды психологиялық зерттеу ерекшеліктерімен таныстыру. Қалыптасатын дағдылар: теориялық және тарихи аспектілерде топ проблемасын қою, әлеуметтік психологиядағы топтарды талдау: композиция, құрылымдық деңгейлер мен компоненттер, топтық нормалар мен құндылықтар, топтық процестер.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ғылымның тарихы және философиясы
Ғылым философиясы. Мәдениеттегі ғылым, өркениет. Ғылымның пайда болуы, дамуы. Ғылыми білімнің құрылымы. Ғылыми революциялар. Ғылыми ұтымдылық. Заманауи ғылымның ерекшеліктері. Ғылым әлеуметтік институт ретінде Жаратылыстану ғылымдары. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар тарихы. Ғылыми қызметті ұйымдастыру. Білім эволюциясы. Қазіргі ғылымның этикалық қырлары. Коммуникативтік технологиялар, қазіргі ғылымдағы ақпараттық үрдістер. Жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Шет тілі (кәсіби)
Шет тілін С1, С2 деңгейінде меңгеру (тілдік мамандықтар), LSP қарым-қатынас монологиялық және диалогтық түрде (баяндама, презентация, әңгімелесу, пікірталас). Ғылыми стильдің грамматикасын ауызша, жазбаша түрде оқу. Ақпараттық және кәсіби хабарламаларды есту арқылы қабылдау. Ғылыми мақалаларды, баяндамаларды, жобаларды дайындау, рәсімдеу. Сөздікпен, анықтамалық әдебиетпен жұмыс жасау. Екі жақты аударма дағдылары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Әлеуметтік және эмоционалдық ақыл-ойды дамытудың психологиялық технологиялары
Пәннің мақсаты-магистранттарды шетелдік ғалымдардың әлеуметтік және эмоциялық интеллектінің мәнін зерттеумен таныстыру. Қазіргі психологиядағы эмоциялық және әлеуметтік интеллект түсінігі. Әртүрлі жас кезеңдерінде әлеуметтік және эмоциялық интеллект дамуының ерекшеліктері. Әлеуметтік және эмоциялық интеллект ұғымдарының дифференциациясы психологиялық мәселе ретінде. Алған дағдылары-эмоциялық және әлеуметтік интеллект дамуының технологияларын меңгеру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Заманауи психологиялық қызмет және әлеуметтік-психологиялық тәжірибе
Пәннің мақсаты – магистранттарды әлеуметтік-психологиялық практикалармен және психологиялық қызметтермен таныстыру. Пәннің мазмұны: пән, мазмұны, практика түрлері. Психологиялық практикалардың әдіснамалық негіздері. Психология және психологиялық практикадағы бағыттар. Психологиялық практиканың негізгі түрлері. Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің құрылымы мен міндеттері. Практикалық психологтың этикалық кодексі. Практикалық психологтың біліктілік талаптары, құқықтары мен міндеттері
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Басқару психологиясы
Психологиялық ғылым тұрғысынан басқару мәселелерімен, сондай-ақ басқару қызметінің әлеуметтік-психологиялық заңдылықтары туралы жалпы түсініктермен таныстырады. Басқару психологиясының пәні мен міндеттері. Басқару психологиясындағы жаңа тәсілдер. Басқарудың біртұтас біріктірілген тәсілі. Тиімді менеджмент принциптері. Тұлғааралық қарым-қатынасты құру қабілетін дамыту. Басшының жеке мінез-құлқының және қызметкерлермен өзара іс-қимылының тиімділігін бағалау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Психологиядағы психоөлшеу
Пәннің мақсаты магистранттарды психологиялық өлшеулердің теориясымен және әдістемесімен таныстыру болып табылады. Пәннің мазмұны: психометрияның қалыптасу және даму тарихы. Ф. Гальтонның ментальды өлшемдері. Психометрияның дамуына қосқан үлесі Дж. Кетел және Ч.Спирмен. Қазіргі психометриялық әдістер. Қалыптасатын дағдылар: психологиялық өлшеулердің әдістемесін меңгеру, оның ішінде білімді, қабілеттерді, көзқарастарды және жеке басының қасиеттерін өлшеу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстандағы психология ғылымының дамуы
Пәннің мақсаты – магистранттарды Қазақстандағы психологиялық ойдың дамуына баға жетпес үлес қосқан көрнекті ойшылдар мен ғалымдардың негізгі психологиялық бағыттарымен және көзқарастарымен, сондай-ақ қазіргі кезеңдегі отандық психологиялық ғылымның міндеттерімен таныстыру. Қазақстандағы психологиялық ғылымның даму жолдары мен кезеңдерін талдау дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Психология бойынша ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемелері
Пәннің мақсаты - магистранттарды ғылыми психологиялық зерттеуді ұйымдастыру және құру қағидаларымен және тәсілдерімен таныстыру, психологиялық әдістердің рөлін анықтау, зерттеу жұмысының практикалық дағдыларын меңгеру болып табылады. Пәннің негізгі бөлімдері: - ғылыми зерттеу жүргізу және құру логикасы; - әдістерді, әдістемелерді іріктеу қағидалары мен жіктелуі, - ғылыми нәтижелерді өңдеу, түсіндіру, таныстыру тәсілдері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Магистрлік диссертацияны рәсімдеу және қорғау (МДРжҚ)
Магистрлік диссертацияны рәсімдеу және қорғау (МДРжҚ)/ Оформление и защита магистерской диссертации (ОиЗМД)/ Design and defense of master's thesis (DaDMT)
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 12
Оқыту нәтижелері
- әлеуметтік ғылымдар саласындағы әдіснамалық және әлеуметтік-психологиялық білімдерді меңгерген, сондай-ақ өзінің практикалық және зерттеу қызметінде осы ғылымдардың жетістіктерін талдап, шығармашылықпен пайдалана алады;
- түрлі мақсаттағы топтардың субъектілерін сүйемелдеудің психологиялық траекториясын модельдеу дағдыларын меңгерген;
- Психологиялық пәндерді оқытудың заманауи технологияларын меңгерген, сонымен қатар тұтастай алғанда әр түрлі жас кезңіндегі адамдардың әлеуметтік, эмоционалдық ақыл-ой және тұлғалық дамуын зерттеу мен диагностикалауды меңгерген;
- Психологиялық ғылымдар мен оның практикасын теориялық, әдіснамалық және тарихи аспектілерін түсіну және талдауға, оның ішінде ағылшын тілінде қабілетті, ғылыми, сараптамалық-аналитикалық, тәжірибелік және ғылыми-зерттеу қызметінің кешенді құралдарын меңгерген;
- басқару жүйесіндегі жұмыстың тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында психологиялық жағдайлар мен басқару қызметінің ерекшеліктеріне талдау жасай алады;
- owns the ways of organizing the activities of psychological services in a multicultural environment, taking into account ethno-cultural and confessional differences and features of the socio-cultural structure of society;
- әр түрлі салалардағы кәсіби қызметті психологиялық сүйемелдеу бағдарламалары мен психологиялық курстарды дербес жоспарлауға және ұйымдастыруға қабілетті;
- психологиялық ғылым мен тәжірибенің даму тенденцияларын өз бетінше анықтауға, психологиялық қызметтің өзекті мәселелері мен міндеттерңн анықтауға және негіздеуге, сонымен қатар тұлға мен қоғамның психологиялық мәселелерін шешуде пәнаралық және ведомствоаралық өзара қызметке қатысуға қабілетті.