Дала мәдениетімен бірге қалыптасқан көшпелі мал шаруашылығына негізделген экономикалық және мәдени түрлерді зерттеу, қазақ халқының тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінде экономиканың негізгі нысандарын және жазылмаған дала заңы оның мәні тұрғысында зерттеу.
Селективті тәртіп«Ғылым тарихы мен философиясы» курсы магистранттардың бойында ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырып, сараптамалық қабілет пен ізденіс қызметінің дағдыларын дамытады.
Оқу жылы - 1Аймақтың топографиясы мен материалдық мәдениетін зерттеу:тарихи қорғалатын аймақтар мен әкімшілік аудандар, көшелер, сәулет және тарихи тұрмыстық кешендер мен ескерткіштер, тұрақтар, қыстаулар, тұрғын үйлер, мазарлар, кесенелер. Осы және басқа да объектілер арқылы өлкені тануға этнографиялық тұрғыда келу.
Селективті тәртіпҚазақстан археологиясын көне дәуірлерден бастап оқыта отырып оның әр кезеңдеріне қатысты өзекті мәселелерді жолға қоя білу. Сол арқылы жұмыс жасай отырып болашақ зерттеу тақырыптары қалыптасатын болады. Әрі осы пән арқылы археологияның негізгі мәселелері белгілі болып отырады.
Селективті тәртіпӘлем деңгейіндегі болып жатқан этникалық және этникаралық үрдістерді, әлем халықтарының материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктерін, этникалық жүйелілердің қалыптасуы мен дамуын және өзара әрекетінің заңдылықтарын іргелі мәселе ретінде қарастыра отырып зерттеу.
Селективті тәртіпҚазақ дәстүрлі қоғамында әлеуметтік, билік-басқару қатынастарды және саяси институттардың түрлерін (билік, әлеуметтік реттеу және басқару институттары, отбасы институты) тереңдете зерттеу арқылы Отандық үлгідегі ерекше озық үлгіні әлемдік этнологияға таныту.
Селективті тәртіпКурстың мақсаты «Шетел тілі (кәсіби)» тілдік емес мамандықтардың шет тілді білім беру үдерісінде базалық стандарттық тыс деңгейінде магистранттардың мәдени-коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыру (С1). Курс академиялық хаттарды меңгеру нормасын, сыни талдау дағдылары, ғылыми шолуларға дайындықтарын дамыту, түйіндер, рефераттар жасау және тақырыптар бойынша жүргізілетін зерттеулердің библиографиясын қарастырады.
Оқу жылы - 1Қазақстанда қалыптасып жатқан көптеген музейлердің ішіндегі этнографиялық музейтанудың рөлі, оны зерттеудің негізгі нысаналары, музейдегі этнографиялық жәдігерлердің түрлерінің сапасы мен тарихи құндылығын және салыстырмалы зерттеулер жасауға, тарихи туризмді қалыптастыруға белсенділігі артады.
Селективті тәртіпБұл пәнді оқытудың қажеттілігі жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білім беру жүйесінде магистранттардың тұтас педагогикалық процессті ұйымдастыра білуін, кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктерді меңгеруін және табысты ғылыми шығармашылық белсенділіктерін дамыту болып табылады.
Оқу жылы - 1Бағдарлама Орталық Азия халықтарының VI-XVII ғасырлардағы этномәдени және мәдени дамуының мәселелерін қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар осы уақыт аралығындағы қазақ халқының қалыптасуы мен дамуындағы орны бар ұлыстардың этникалық тарихы мен этногенезі қарастырылады.
Селективті тәртіпОрта Азия халықтарының дәстүрлі дүниетаным негіздерін, олардың аймақтық ерекшеліктері негізінде қарастыра отырып өзара ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне мән беріп зерттеу. Сонымен бірге осы аймақтарда тараған діни идеяларды қалыптастыру тарихын зерттеу.
Селективті тәртіпАрхеологияның ХХ ғасырда қалыптасқан теориялық ұстанымдары мен бағыттарының даму үдерісін бағамдай отырып соған қатысты қалыптасқан тұжырымдар негізінде заманауи антропология мен археологияның көкейкесті мәселелерін білу. Теориялық археологияның ұғымдары мен түсініктердің даму үрдісінің түсінігін қадағалау.
Селективті тәртіпАрхеология мен этнологиядағы ғылыми-зерттеу жұмыстың барлық сатысы деңгейінде ұйымдастыру жұмыстарын оқытатын бұл пән арқылы, ғылыми зерттеу жобаларын жасаудан бастап, ол жобаларда қандай бағыттарды дамыту және әдістемелігін, әдістерін, қазіргі заманғы теорияларын зерттеу.
Оқу жылы - 1Пәнде ерте қола дәуіріндегі Қазақстан жерінде тараған Петров, Нұртай сияқты мәдениеттермен қатар Оңтүстік Сібірдің, Орталық Азияның, Мохенджо-Даро, Хараппа, Шань-Ин, Шығыс Түркістанның сұр және безендіру керамикасының мәдениеті туралы мәліметтері бар.
Селективті тәртіпҚоғамның қазіргі кездегі дамуы жағдайында басқару процесінің психологиялық мазмұнының рөлі арта түсуде. Курсты оқу барысында студенттер басқару қызметінің көп қырлы психологиялық мазмұны туралы қазіргі заманғы көзқарастармен танысады, сондай-ақ ұйымдардағы адамдардың мінез-құлықтарын басқаруға көмектесетін тәжірибелік дағдыларды игереді, оларды болашақ кәсіби қызметінде қолдануға мүмкіндік алады.
Оқу жылы - 1Сібір мен Қазақстан аумағындағы этномәдени үрдістерді орта ғасырдың ортасынан бастап бүгінгі күнге дейін зерттеу. Сол арқылы ұлттар мен ұлыстардың өзара ықпалдастық негізінде дамыған мәдениеті мен дүниетанымын этномәдениет ретінде қарастыру тұрғысы жолға қойылады.
Селективті тәртіпҚазіргі таңда жаңадан қалыптасып үлгерген қала антропологиясы пәні арқылы қаланың әлеуметтік ұйымын, әлеуметтік ұйымның және әлеуметтік өмірдің түрлерін зерттеу. Сонымен қатар қала өміріндегі көне дәуірден қалыптасқан өзгеріске түспеген үрдістер мен шаруашылық жағдайлар салыстырыла қарастырылатын болады.
Селективті тәртіпҚазақ халқының этнофольклорын зерттеу тұрғысында түркі-моңғол халықтарының фольклорын тереңдете зерттей отырып, салыстыра қарастыру және оның этникалық тарихтың дерек көзі ретінде қарастыру. Сонымен қатар осы халықтардың жыр-аңыздарының мәтіндері арқылы да өткені мен бүгініне көз жүгірту.
Селективті тәртіпЕуразия аймағындағы қола дәуірінде мекендеген халықтардың кейінгі сақ қоғамымен сабақтастығы мәселесі және түркі, қазақ халқының мәденигенезіндегі оның алатын орны мен маңызы осы пәнде қарастырылады. Сонымен қатар қола дәуірінің мәдени дамуының тұжырымдамалық теориялық мәселелерін зерттеу.
Селективті тәртіпЭтнос және этникалық процестер теориясының әдістемелік мәселелерін, этнос және этнос теориясының отандық және шетелдік ұғымдарын, дәстүрлі мәдениетті оның өзге де халықтардағы белгілері мен халықтардың заманауи даму үдерістерінің негізгі проблемаларын зерттеу.
Селективті тәртіпОрталық Евразия жеріндегі көне түрік мәдени феномен ұғымын, соның ішінде материалдық жәдігерлердің кешенін, ғұрыптық кешендердің, жазба деректердің, петроглифтердің зерттеулері негізінде әлемдік көзқарастардың және оның археологиялық дерек көздерінің түрлеріндегі көріністерін зерттеу.
Селективті тәртіпОрта Азия мен Қазақстан территориясында кездесетін жартас өнеріндегі түрлі тарихи кезеңдердегі негізгі ескерткіштер мен оларда кездесетін элементтерді салыстыра отырып зерттеу мәселесі арқылы заманауи әдістерді қолдану нәтижесінде алынатын жетістіктермен пәндегі білімді меңгеру.
Оқу жылы - 2Негізгі дүниетанымдық және әдістемелелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді, талдайды және кәсіби қызметте пайдаланады
заманауи педагогикалық технологияларды және коммуникативті дағдыныигеру білу
Ғылыми таным әдіснамасын игеру
Бір аймақ ретінде Сібір мен Орталық Азиядағы ортағасыр дәуіріндегі тарихи-мәдени үдерістерді білу.
Кәсіби қызметте археологияның дамуы және жаңа тұжырымдар мен тәсілдер қалыптастыру бойынша теориялық білімді пайдалану.
Орталық Азиядағы қола дәуірі өркениеттерінің тарихи дамуын салыстыру, ежелгі мәдениеттердің пайда болуы бойынша білім қалыптастыру.
Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениеті, әлеуметтік-таптық құрылымы мен мемлекеттік билігінің тарихи даму заңдылықтарын зерттеу.
Теориялық антропология мен этнология бойынша негізгі білімін қолдану, антропология мен этнологиядағы зерттеу әдістерін игеру, Қазақстандағы ежелгі этностардың мәдениет генезисінің кезеңдерін білу.