Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02123 Актерлік өнер в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • Сахна тілі І

    Білімгер актердің шығармашылығындағы сөздің мағынасы, әдеби тіл және дыбыстық сөйлеудің орфоэпиялық нормалары туралы заңдылықтармен жұмыс жүргізеді. Ауыз қуысы, артикуляциялық жаттығулары арқылы дем мен дауысты шынықтырады. Мүсін және бұлшықеттері, дауыс аппаратының анатомиясы мен физиологиясымен танысады. Тыныс алуды қозғалыспен үйлестіріп, күрделі дикциялық комбинациялар мен жаңылтпаштарды айтып тіл кемшілігін реттейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Актер шеберлігі I

    Білімгер К.С. Станиславскийдің ілімі негізінде сахналық іс-әрекетте жүзеге асырылған актердің ішкі техникасының элементтерін кешенді игереді. Жаттығулардағы жеке элементтерді зерттеп, оларды этюд барысында қолданады. Актерлік өнер саласындағы әр қилы ағымдармен танысады. Қарапайым іс-әрекеттерге құралған жаттығулар арқылы шындық пен сенімнің сезімін тәрбиелеуге дағдыланады. Сахнада табиғи әрекет ету арқылы актер шеберлігінің техникасының негізгі элементтерін қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түрік тілі (А1)

    Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес білімгерлердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастырады. Курс білімгерлердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Актер шеберлігі ІІ

    Бұл пәнде студент "қарым-қатынас" элементін, серіктеске белсенді әрекет етудің және оның қарсы әрекетін дұрыс қабылдаудың күрделі зерттеулеріне көшеді. Байқағыштық пен ұғыну, мінез логикасы мен ойлау логикасы, сөз бен іс әрекеттердің сәйкестігі, психотехникаға әсер ету элементтерін этюд барысында қолданады. Шығармашылық элементтердің ара қатынасын ұғынады (назар, қиял, елестету, бақылау, қабылдау және т.б).

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Академиялық жазбаға кіріспе

    Пән академиялық жазбаның жанрлық ерекшеліктері мен құрылымын меңгеруге бағытталады. Білім алушылардың жазбаша ойды сауатты және жүйелі жеткізу, түрлі форматтағы академиялық мәтіндер (эссе, есеп, т.б.) құрастыру дағдылары дамытылады. Жазбаша тілдің лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормаларын сақтау, ресми-академиялық стильде жазу құзіреттіліктері қалыптастырылады. Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, халықаралық ғылыми дерекқорларды және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдылары игеріледі. Академиялық жазбалармен жұмыс барысында жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану тәсілдері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Сахна тілі ІІ

    Бұл пәнде студент сөйлеу аппаратының бұлшық еттерін қысымнан босаңсыту, резонаторлық дыбыстың үстіңгі және дауыс орталығын нығайту жаттығуларын орындап, үш регистрді анықтайды. Дикция тазалығы мен көркем әдебиет мәтінімен жұмыс жүргізеді. Мәтіндегі екпіннің дұрыс орналасу заңдылығымен танысады. Дауыстың тембрлік тербелістерін анықтайды. Мәтіндегі логикалық талдау әдісін, кідірістерді, тыныс белгілерін қолдануды біледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Түрік тілі (А2)

    Бұл курс түрік тілінің жалғастырушы деңгейін үйренуге арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне" сәйкес А2 деңгейінде білім алушылардың практикалық дағдыларын дамытады. Курс білім алушылардың тілдік деңгейіне байланысты жазбаша (оқылым, жазылым) және тікелей ауызша (айтылым, тыңдалым) коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы қарапайым күнделікті әлеуметтік тақырыптарда сөйлесе алады, қарапайым жағдайларды сипаттай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көшбасшылық теориясы

    Пән көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, әсер ету әдістерін тиімді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқару әдістемесі мен практикасын қарастырады. Пән мамандарды іргелі даярлаудың алғышарты болып табылады және қызметтің белгілі бір принциптерін талап ететін өзінің күшті жақтары мен қоршаған ортаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға қабілетті, шығармашылық белсенді тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Пән білім алушыларда адамның қоршаған ортамен өзара іс-қимылы, экологиялық және техногендік тәуекелдер, тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттары және қоғамның тұрақты дамуы тұжырымдамасы туралы білім жүйесін қалыптастырады. Білім алушы тұрақты даму мақсаттарын, инклюзивті орта ерекшеліктерін ескеріп, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және негіздеуді меңгереді. Төтенше жағдайлар мен тәуекелдерді бақылау, талдау және алдын алу құралдарын қолдануға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркі мемлекеттер тарихы

    Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Сахна қозғалысының негіздері І

    Пән актердің логикалық ептілігін тәрбиелеп, қозғалыстың үйлесімділігі мен жүйелілігін тауып, ішкі техниканы сыртқы бірліктермен біріктіреді. Жаттығулар арқылы ырғақ пен көркемдік инфрақұрылымды дамытады, күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік, тыныс алуды бақылап, үйлестіру мен техникалық пайдалану тиімділігін арттыруға арналған жаттығуларды дамытады. Зейін және есте сақтау қабілетінің үйлесімділігін арттырып, пантомимо, жонглерлік элементті үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ататүрік принциптері

    Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ән салу

    Білімгер осы пәнде музыкалық жанр, тыныс алу принциптері, резонаторлық дыбыс туралы түсінік қалыптастырады. Кантиленді ән айту және интонация негіздерін үйренеді. Әр түрлі дыбыстық регистрлерде сөйлеуге жақын дыбыстың дұрыс қалыптасуы мен бағытына ықпал ететін дыбыстануды тәрбиелейді. Музыкалық соққыларды, тыныс белгілерін, динамикалық реңктерді меңгеріп, вокалдық-техникалық және актерлік міндеттерді біріктіреді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері

    Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағыдаланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Актер шеберлігінің техникасы І

    Білімгер пьесаның идеясы мен тақырыбын ашады. Авторлық мәтінмен жұмыс жүргізіп, драматург ұсынған жағдайлардағы кейіпкердің қисынды мінез-құлқын зерттейді. Автордың ұсынған жағдайларында әрекет етуді үйренеді. Cахнада тұлғалық қатынастарды, ойларды, сезімдерді, мінездердің сыртқы және ішкі суреттерін әр қырынан көркемдеп, сөз бен қозғалыс өнерін меңгереді. Физикалық қатынастарды, сыртқы және ішкі іс-әрекет пен психологиялық іс-әрекетті зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қаржылық сауаттылық

    Пән студенттердің қаржылық қатынастарының маңызды салаларын бейнелейтін негізгі қаржылық-экономикалық түсініктерді дамыту арқылы қаржылық сауаттылық негіздерін қалыптастырады. Сондай-ақ қаржылық нарықтағы тұтынушының, инвестордың, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтандырушының, инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін тиімді орындауға және тұтынушыларды пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтан сақтандыруға бағытталған білім мен дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сахна тілінің техникасы І

    Фонациялық тыныс алу мен дикцияны дамыту, дауысты қою, оның ауқымын дамыту, дыбыс, күші, төзімділік және дыбыстың ұшуын білімгер жаттығу арқылы қалыптастырады. Дауыс аппаратының пластикалық еркіндігін, икемділігін меңгеріп, тыңдау және есту қабілетін жетілдіреді. Әдеби көркем шығармалар мен прозалық шығармаларды талдаудың негізгі принциптерін үйренеді. Тыныс күшіне арналған комплексті жаттығуларды орындайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жасанды интеллект негіздері

    Пән жасанды интеллект саласындағы (ЖИ) негізгі ұғымдарды, ЖИ технологияларының архитектурасы мен жұмыс істеу принциптерін, қолдану әдістері мен мүмкіндіктерін оқытады. Курсты оқу барысында білім алушылар ЖИ технологияларының теориялық және практикалық негіздерін меңгеріп, оларды құқықтық және этикалық нормалар аясында кәсіби салалардағы міндеттерді шешуде тиімді қолдану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ясауитану

    Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы Ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Актер шеберлігінің техникасы ІІ

    Білімгер бұл пәнде берілген рөлмен байланысын, рөлді бейнелі және эмоционалды түсіну қабілетін арттырады. Кейіпкердің "сахнадан тыс" өмірінде өз бетінше жұмыс істейді. Кейіпкердің өмір сүру кезеңін, мінезінің қалыптасуын, әрекеттерінің себептері мен мақсаттарын анықтайды. Кейіпкердің іс-әрекетінің логикасын анықтап, содан кейін өзін ұсынылған тосын жағдайларға қоя білу шеберлігін дамытады. Мизансцена шарттарымен танысады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Сахна тілінің техникасы ІІ

    Білімгер автордың стилистикалық ерекшеліктері (лексика, стилистика) мен пьесаның тақырып, идея мақсатын анықтайды. Өлең жолдарын оқудың өзіндік ерекшеліктерін, оқу стилін, пішін мен мазмұнын, құрылысын, ұйқасы, ырғағын, екпіні мен кідірісін оқу барысында дұрыс қолдануды үйренеді. Өлең жолдарымен жазылған поэма, эпостық шығармалар, монологтармен жұмыс жүргізу, мәнерлеп оқу және сахналауды меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Икемді дағдылар

    Пән адамның өзгермелі жағдайларға бейімделуге қажет икемді дағдыларды қалыптастырады. Курс барысында студенттер көпшілік алдында сөйлеу, презентация жасау, аудиторияның назарын аудару, сондай-ақ инклюзивті ортада тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады. Нәтижесінде студент проблемалардың басымдылықтарын анықтап, оларды шешуде креативті ойлауды және тәуекелдерді болжауды үйренеді. Сонымен қатар, студент өз мүдделері мен сұхбаттасушының мүдделері үшін екіжақты ақпарат алмасуды инклюзивті тәсілдерді ескере отырып тиімді қамтамасыз ете алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Сахна қозғалысының негіздері ІІ

    Білімгер қозғалыс және кедергілерді жеңудің әртүрлі тәсілдерін, сахналық құлау, соққыларды, қарсылық пен күрес элементтерін меңгереді. Серіктеспен және кеңістікпен өзара әрекеттесу, актердің психофизикалық аппараттарын дамыту, акробатикалық, жонглерлік жаттығуларын орындайды. Этюд және үзінділермен жұмыс жасай отырып, өзіндік қимыл әрекеттерін құру қабілетін жетілдіреді. Сахналық еркіндікті сезініп, ішкі және сыртқы қызуқандылығын арттырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазақ және шетел театр тарихы

    Білімгер қазақ және шетел театр тарихының, ежелгі театр мен драманың қалыптасу кезеңдерімен танысады. Қайта өрлеу дәуіріндегі Европа театры, Италия, Испания, Француз, Ағылшын, Орыс театрының тарихы мен көрнекі өкілдерінің шығармашылық жолымен танысады. Қазақ сахна өнері мен драматургиясының алғашқы қадамдары, театр репертуарлары мен режиссерлері, қазақ сахнасының шеберлері мен туындыларын саралайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Актердің рөлмен жұмысы І

    Білімгер драмалық шығармалардан алынған үзінділер бойынша жұмыс жүргізеді. Пьесаны, Драматургиялық шығарманың авторымен танысып, пьесаны талдау принциптерін үйренеді. Рөлдің іс-қимыл әрекеті мен сөйлеу әрекетін жүзеге асырады. Автордың ұсынған тосын жағдайларының аясында шынайы әрекет етуді меңгереді. Импровизациялық және жеке көзқарас әрекеттерін ұсынады. Бейне жасау үдерісінде суырыпсалмалық және эксперимент жасауды үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Дауыс және сөйлеу шеберлігі І (сахна тілі, вокал, эстрадалық ән)

    Білімгер сахна мәдениетін, сөйлеу этикетін, әдеби тіл нормаларының талаптарын сақтай отырып, мәтіндік тілге көркемдік шеберлігін енгізуді қалыптастырады. Дыбыс және тыныс алу, академиялық және эстрадалық ән айту техникасын жаттығулар арқылы шыңдайды. Түрлі бағыттар, жанрлар, формалар, стильдерде жазылған шығармаларды игере отырып, әншілік орындаушылық репертуарды меңгереді. Дауыс шынықтыратын кешенді жаттығуларды орындайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ музыкасының тарихы

    Бұл пән арқылы білімгер XIX және XX ғасырдың басындағы қазақ музыкасының тарихын зерттейді. Музыкалық мәдениеттің тарихи даму кезеңдерін сипаттайды. Кәсіби қазақ музыкасының, қазақ халық шығармашылығының пайда болуы мен дамуын зерттейді. Ежелгі түрік кезеңінің музыкалық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттайды, жіктейді. ХХ ғасырдағы кәсіби қазақ музыкасының туу, даму, қалыптасу кезеңдері қамтылады. Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің шығармаларын талдайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Музыкалық аспап (фортепиано, баян, аккордеон, домбра, қобыз)

    Білімгер аспаптық орындаушылық шеберлікті меңгереді. Музыкалық шығарманы аспапта ойнау дағдылары мен кәсіби біліктерін қалыптастырады. Аспаптың құрылымы мен аяқ, қол қою қалыптарын үйренеді. Музыкалық есту, есте сақтау дағдыларын дамытып, ноталық мәтінді талдайды. Шығарманың формалары мен техникасын, динамикалық шартты белгілерін сақтай отырып, шағын музыкалық шығармаларды орындау тәсілдерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жеке ән салу

    Вокалдық жаттығулар арқылы білімгер дауыс техникасының негіздерін қалыптастырады. Дауыс түрлерін анықтап, академиялық бағытта тәрбиелейді. Музыкалық есте сақтау механизмі, есту-танымдық процестердің ерекшелігі туралы түсінігін қалыптастырады. Дем алу әдістері, орфоэпиялық, вокалдық дикция тәсілдері, дауыс аппаратының құрылымы мен функциясының ережесін сақтап, ән айту техникасын үйренеді. Репертуар таңдап, шығарманы интерпретациялайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Сахналық сайыс І

    Пән арқылы білімгер сахналық сайыс негіздері, қауіпсіздік шаралары мен суық қаруларды қолдану әдісін меңгереді. Күрес белсенділігі, батылдық және табандылық, жылдамдық пен қимыл ептілігі, назар салу, икемділік, ырғақтық, мүсіндік қалыптарын дамытады. Сайыс тәсілдерін, қорғану және шабуылдау техникасын, тарихи кезеңдегі әдеп пен киімдерді қолдану тәсілін меңгереді. Физикалық және психофизикалық сапасын дамытатын жаттығуларды орындайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Классикалық би негіздері

    Пән арқылы білімгер буын-бұлшықет аппаратының дамуы, ырғақ пен музыкалық сезім, сахналық кеңістікте бағдарлау, классикалық бидің негіздерімен танысады. Станокта және залдың ортасында классикалық бидің тренаждық жаттығуларында би-пластикалық икемділікті дамытып, жетілдіріп, классикалық би элементін игереді. Бастапқы қалыптағы қол, аяқ, бас позицияларын қалыптастырады. Зал ортасындағы секіру жаттығулары мен станок жанындағы комбинацияларды орындайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Актердің рөлмен жұмысы ІІ

    Пьесадан алынған үзінділермен күрделі жағдайда жұмыс жасауды үйрену. Автордың шығармашылығын зерттеу. Рольдің әрекет арқауы мен негізгі мақсатын түсіну. Сөз арқылы әрекеттестік, мизансцена, серіктеспен қарым-қатынас әрекетін құру. Спектакльде актердің импровизациялық әл-ауқатын сақтап, тиімді талдау әдістемесі, сөз әрекетін игереді. Ой қисынына сәйкес әрекет етуді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Халық сахналық би негіздері

    Пәнді игеру арқылы білімгер халық сахналық билерінің орындалу техникасын және құрылымын меңгереді. Халық сахналық билеріндегі жүрістер, қадамдар (өкшемен алға, артқа, өкшені көтеріп секіру). Айналым, серіктеспен айналым, секіру, қол, аяқ қимылдары. ТМД елдерінің, қазақ және түрік билерінің орындалу техникасы. Халық сахналық бидің стиль мен жанрын, бидің мінез-құлқын анықтайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Би өнері

    Білімгер бидің негізгі элементтерін үйренеді, сүйек және бұлшық еттерінің дұрыс жұмыс істеуін калыптастыруға, координацияны дамытуға, музыкалық сауатты болуға тәрбиеленеді. Станок маңында және зал ортасында классикалық би элементтерін орындайды. Тарихи – тұрмыстық би элементтерін игереді. Үйлестіруді, би қалыптарының мәнерлілігін, орындаудың табиғилығын дамыту бойынша жұмыс істейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сахналық сайыс ІІ

    Білімгер тарихи драмалық шығармалардағы сайыс тәсілдерін меңгереді. Жұптық сайыс сахналарын құрады. Фехтование, күрес элементтерін үйреніп, қаруды қолдану тәсілін меңгереді. Қауіпсіздік негіздерінің арнайы ережелімен танысады. XVI-XVIII ғғ.драматургиялық шығармалардағы сахналық сайысының негізгі тәсілдерін үйренеді. Сахналық еркіндікті сезініп, ішкі және сыртқы қызуқандылығын арттыру мақсатында жаттығуларды орындайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Актердің режиссермен жұмысы І

    Қоюшы режиссердің басшылығымен білімгер дипломдық спектакльге дайындық жұмыстарын жүргізеді. Пьесамен танысу. Сөзден әрекетке көшу. Кәсіби терминология мен рөлмен жұмыс жүргізу әдістерін меңгереді. Спектакльдің құрылымдық ерекшеліктерімен танысу. Шығарманың көркемдік бейнесін және рөлдерді талдайды. Спектакльдің жаңа театрлық формаларын талдап, берілген спектакльдің режиссерлік шешімін шығарады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дауыс және сөйлеу шеберлігі ІІ (сахна тілі, вокал, эстрадалық ән)

    Білімгер сөз әрекеті, сөздің астарын ашу, қисынды әрекет, психологиялық әрекет, тыныстық әрекеттерді меңгеру арқылы драматургиялық шығармалардан алынған монологты меңгереді. Қазақстан комозиторлары мен шетел композиторларының әндері, романстары, арияларын және заманауи әндерді нақышына келтіріп орындайды. Актерлік шеберлік пен сахна мәдениетін меңгереді. Дипломдық спектакльдегі рольдердің сөзімен жұмыс жасап, дауыс мүмкіндігін жетілдіреді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Декорация және костюм

    Пән театр декорациясы мен костюмдердің шығу тарихына шолу жасайды. Әр спектакльдің өзіне тән декорация мен костюмді талдау жұмыстарын жүргізеді. ХХ ғасырдың Ренессанс дәуірінен бастап театр нысандарында қолданылған костюмдер, материалдарды жобалау туралы ақпаратты ұсыну, сахнаның техникалық қондырғылары, жабдықтары туралы түсінік. Спектакльге қажетті сахналық құрылғылармен танысып, қолдану заңдылығын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Аудио және бейне монтаж

    Пән компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін кәсіби дайындық барысында еркін пайдалана білуге үйретеді. Компьютерлердегі бейнемонтаж программаларымен таныстырады. Белгілі бір тақырыпта арнаулы бағдарлама көмегімен жоба жасап, монтаждау процесімен, әртүрлі эффектілер, бейне және аудионы кесуге арналған құралдармен жұмыс жасауды үйретеді. Бейне мен дыбыстың байланысын, компьютерде дыбысты өңдеудің әдіс-тәсілдерін таныстырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Грим

    Бұл пәнде білімгер сахналық бейнені көрсетудегі гримнің рөлі мен техникалық құралдар мен гримге қажетті заттармен танысады. Гримнің анатомиялық негіздерін, беттің гигиенасы және оның күтімі, бет схемасын, сахналық бейнені көрсетудегі гримнің рөлін меңгереді. Гримнің негізгі схемалары, мінездік және портреттік грим, әжім, тыртық салу және мұрт, сақал жабыстыру әдісін үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Вокалдық ансамбль

    Білімгер вокалдық ансамбль түрлерін (дуэт, трио, квартет, квинтет), ансамбльдік орындаушылық, серіктесімен үйлесімділігі, ансамбльде барлық партияларын есту, есте сақтау дағдыларын қалыптастырады. Қазақстандық және шетел композиторларының циклік формадағы вокалдық шығармаларын орындап, дауыс техникасын жетілдіреді. Күрделі музыкалық шығармаларды талдап, партияларды оқып үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Театр костюмінің тарихы

    Білімгер ежелгі және қазіргі таңдағы театр сахнасында орын алған костюмдер үлгілері мен қолдану тарихымен танысады. Готика және Романтика стилі. Жаңару дәуір стилі. Драматургиялық шығармалардағы тарихи кезең мен тұрмыстық жағдайларына байланысты кейіпкерлердің костюмдерін талдайды. Сахналық бейненің жаңа болмысын тудыратын костюмнің стиль, түс, материал, пішін, символика ерекшелігін таңдай білуді үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Монологпен жұмыс

    Бұл пәнде білімгер монологтың түрлері мен мәтінді талдау әдістерін үйренеді. Кейіпкерге мінездеме беріп, пунктуациялық және психологиялық талдау жұмыстарын жасайды. Монолог арқылы автор cөзiн өз cөзiндeй ceзiнe cөйлeугe машықтанып, логикaлық дәйeктi жәнe қиcынды cөйлeудi, cөздiң астарын түciнуді, тiлдiк қaтынacтa aйтaрлықтaй толық әрi caуaтты aуызшa түрдe кeйiпкeрдiң зeрттeлгeн тiлiмeн бaяндaуды үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Актердің режиссермен жұмысы ІІ

    Пәнді игеру арқылы білімгер спектакльдің музыкалық шешімі, жарықпен жұмыс жүргізу, драмалық спектакль құрылымындағы режиссердің рөлімен танысады. Сахналық кеңістіктің композициялық негіздері, спектакльдегі декорация мен костюмдермен безендіру туралы түсінік қалыптастырады. Режиссердің шешіміне байланысты жарықпен, музыкамен, декорациямен жұмыс жүргізеді. Драмалық туынды мен рөлдердің композициялық құрылым принциптерін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Актердің камера алдындағы жұмысы

    Камера алдында жұмыс істеу үшін білімгер психологиялық қимылды қолдану принциптерімен танысады. Жақыннан қарау: бет бұрыштары және көзқарас бағыты. "Маскамен" жұмыс-мимикалық "қысымдарды" алып тастау, кадрдағы дауыс пен сөйлеу техникасын жетілдіреді. Айқын сөйлеу-дыбыстық техниканы қолданады. Кадрдағы дене бітімі: экспрессивтілік заңдары және дененің қалыптары, кадрдағы көңіл-күй, сезімдер мен эмоцияларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Эстрадалық ән орындау өнері

    Пән эстрадалық әннің идеялық-көркемдік мазмұнын ашу, шығарманың стиль сезімі мен формасы, дыбысталу сапасы, вокалды – техникалық шеберлік, орындаушылық шеберлігіне ие болуды үйретеді. Қазақ және шетел эстрадалық әндерін орындау техникасын, әншілік тыныс алу және дыбыс шығару интонациясын қалыптастырады. Модуляция, музыкалық динамикалық белгілерді қолдану және орындау әдісін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Драматургия және мәтін

    Білімгер пәнді игеру арқылы драматургияның шығу тарихын, принциптерін, драмалық мәтін және оның сахнада орындалуын жүзеге асырады. Антикалық дәуірден бастап ХҮІІ ғ. дейінгі драматургтер мен олардың шығармаларымен танысады. Мәтін құрылымын жүйелеп, сөз астарын ашады. Түркі тілдес халықтар мен Орыс драматургтарының шығармаларын талдап, сахналайды. Драма кейіпкерлерінің репликасымен жұмыс жүргізеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Роль және партитура

    Білімгер пәнді игеру арқылы кейіпкердің мінез-құлқы, бейне жасау, кейіпкердің өзіне тән сөйлеу мәнерін меңгереді. Пьеса және рольмен танысу процесін жүргізіп, кейіпкерлердің әрекет аркауын тауып, мінездерін аныктайды. Рөлдің ұсынылған тосын жағдайы бойынша жасалатын іс әрекеттерінің партитурасын орындайды. Рөл мәтінін талдап, рөлді бейнелі және эмоционалды түсіну қабілетін арттырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Актерлік шеберлік әдісі

    Пән актерлердің қиял, іс-әрекет, дыбыстар, ой, метр, редакциялау, сөз ойындары, сілтемелер және т.б. мәтінді сезіну арқылы сахнада серпінді өмір құру және әрекет пен мақсаттардың көмегімен берілген тапсырманы зерттеуге үйретеді. Спектакльге қажетті сахналық қондырғылармен жұмыс жүргізеді. Пьесаның негізгі мақсатын мен түпкі әрекетінің практикалық орындалуын түсінеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Сахналық бейне жасау

    Пән сахналық бейнені тудырушы элементтердің жиынтығынан тұрады. Берілген рөлді сомдау үшін кейіпкердің өмір сүрген кезеңі және тұрмыстық тарихымен танысып, жас ерекшелігін ескеріп, мінез құлқының сол кездегі әрекетіне қарай өрбуін нақтылауға үйретеді. Сахналық бейнені тудыру үшін қолданылатын элементтерді тәжірибе жүзінде іске асырады. Сахналық бейнені тудыратын қосалқы костюм, грим, декорацияны қолданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Кәсіби актер шеберлігі

    Пән бойынша білімгер рольмен жұмыс жасауды игереді. Пьесаның жанры мен стилін, негізгі мақсатын, автордың идеясын айқындап, сахнада рөлін түсініп, жүзеге асырады. Ішкі монологты өрбітіп, сөз әрекеті мен қимыл іс әректін толықтырады. Рольге ену жұмысының күрделі сатыларынан өтеді. Физикалық іс-әрекет және бейімделу. Рөлдің көкейкесті мақсаты мен әрекет арқауының негізінде кейіпкерді сомдайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Спектакльдегі мәтінмен жұмыс

    Жалпы пән мәтінді талдау, тұжырымдама жасау немесе мәтін мен сахна арасындағы көпір ретінде әдеби шығармаларды іс жүзінде өңдеумен шектеледі. Спектакльдегі мәтіннің сөз астары мен сөз әрекетін ашып, сахналық қимыл іс әрекетімен үйлестіреді. Сөз әрекетінің ішкі техникасын (көңіл аудару, көру, қарым-қатынас) дамытады. Драматургиялық мәтінді талдап, мәтінді сахнада іске асырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сахна мәдениеті

    Пән болашақ мамандардың шығармашылық іс-әрекет дағдыларын, театр өнерінің заңдылықтарын және кәсіби мүмкіндіктерін режиссердің шешіміне сәйкес қалыптастыруды үйретеді. Сахналық құрылғылармен, репитициялық жұмыс барысымен танысып, сахналық ережелерді тиімді пайдалануға ұмтылу. Сахнамен байланысты іс-әрекеттің (қозғалыс, сөйлеу, киім кию, грим, микрофонмен, музыкамен, жарықпен жұмыс) негізгі заңдылықтарын сақтау. Сахнаға қажетті өндірістік сауаттылықты меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде, инклюзивті қағидаттарды ескере отырып, өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады
  • Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады.
  • Кәсіби қызметте ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазу негіздерін меңгереді, академиялық адалдық принциптерн негізге ала отырып жасанды интеллект технологияларын тиімді қолданады.
  • Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, қаржылық сауаттылық, құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды
  • Театр тарихын зерттеудің әртүрлі әдістемелерін, спектакльді эстетикалық құбылыс ретінде зерттеу әдістемесін, актерлік және режиссерлік өнерді, сөйлеу өнерін, драма мен сахнаның өзара ықпалын тәжірибе барысында қолданады
  • қазіргі және әртүрлі дәуірлердегі музыкалық мәдениеттің, театрдың эстетикалық принциптері туралы алған теориялық білімдерін пайдалана отырып, сахналық образ жасайды
  • Актерлік өнер заңдылықтары мен драматургияның алғашқы қадамдарын зерттеп, танымал өнер өкілдерінің драматургиялық шығармаларын талдайды
  • Дауыспен жұмыс жасау барысында сөйлеудің мәнерлі мүмкіндіктерін және вокалдық техниканың әртүрлі әдістерін игеріп, көркем мәтіндердің әртүрлі жанрларында авторлық сөзбен жұмыс істейді
  • рөліне қажетті театр нысандарында қолданылатын костюм, декорация, грим, реквизит және сахнаның техникалық қондырғыларымен жұмыс істейді
  • Актердің пластикалық дамыған дене аппаратының кәсіби дағдыларын меңгеріп, би өнері және сахналық сайыс техникасын жетілдіреді
  • Актерлік тренинг әдістерін жетілдіріп, рөлді құруда шығармашылық шешім тауып, және шығармашылыққа қажетті психофизикалық күй арқылы көркем бейнені жасайды
  • Бірыңғай көркемдік идея аясында шығармашылық ұжымда режиссермен, серіктестермен және сахналық топтың басқа мүшелерімен шығармашылық қарым-қатынас орнатады
  • Репертуарлық жоспарларды және театрдың шығармашылық қызметінің басқа да мәселелерін талқылауға қатысады
Top