Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B03239 Журналистика в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Қазіргі журналистиканың жанрлық формалары мен қызметі
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты болашақ журналистерге қазіргі журналистика жанрларының ерекшеліктерін, мазмұнын, жазылу пішінін, деректерді іріктеп, сұрыптау немесе жинақтап, талдау ыңғайын, тілдік-стильдік әдісін меңгеруін қалыптастырады.Пән кәсіби шығармашылық шеберлігін жетілдірудің, баспасөз материалдарының сапалық деңгейін арттырудың әдіснамалық тәсілін игеруіне бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Журналистикаға кіріспе
    Несиелер: 4

    Пән мақсаты студенттің жоғары білімінің алғашқы теориялық курсын үйрету және тәжірибелік қызмет шеберлігінің негізін қалау болып табылады. «Журналистикаға кіріспе» пәнін оқыту барысында студенттер болашақ мамандықтары жөнінде толық танысады. Оқу курсы қоғамның әлеуметтік институты іспеттес журналистиканың қалыптасу үрдісі, журналистиканың басты элементтері мен қызметі, классикалық және күнделікті журналистиканың ерекшеліктерін білімгерлерге үйретуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 1)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және артикуляция, интонация ережелерін үйрету. Тілдік қызметтің төрт негізгі формаларында (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Құқықтық журналистика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты журналистің күнделікті шығармашылық жұмысының барысында қолданыстағы заңдарды басшылыққа алу қабілетін қалыптастыру. Заң ақпарат жинау, оны жазу, орналастару және журналистік еңбектерді жарыққа шығару барысында қолданылады. Пәнді оқыту барысында студенттер тарапынан журналистер басшылыққа алатын заңдар мен халықаралық құжаттармен таныстырылады, заң аясында жұмыс істеуге дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Саяси журналистика
    Несиелер: 3

    Пән мақсаты еліміздің әлемдік деңгейдегі саяси орнын, болып жатқан саяси оқиғаларды көрсетудегі бұқаралық ақпарат құралдарының формалары мен әдістерін оқытады. Пәнді оқыту барысында БАҚ-тың үкіметтік құрылыммен, саяси ұйымдармен, басқа да саяси субьектілермен өзара ақпарат алмасуын ұйымдастыру және сараптай білу қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 2)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің түрік тілінің грамматикалық құрылымы туралы білімдерін қалыптастыру, грамматикалық ережелерді үйрету, жазбаша тапсырмаларды орындау дағдыларын дамыту. Студенттердің белсенді және пассивті сөздік қорын кеңейту. Пән түрік тілінде күрделі сөйлемдерді қалыптастыруға бағытталған; түрлі тақырыптарда күрделі мәтіндерді қолдана отырып, түрік тілін меңгеруге бағытталған. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес негіздері
    Несиелер: 3

    Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстарға сипаттама беруге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстар түрлерінің мазмұны мен түсінігін білуге, қоғамға қауіпті дәрежесін айыра білуге және оларды алдын алып, әшкерелеуде қолданылатын әдіс-тәсілдерді білікті пайдалануды оқып үйретеді. Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер жағдайында елде қабылданған бағдарламалық құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне айрықша назар аударылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда барынша табысқа жеткен елдердің тәжірибесін талдау қоғамда сыбайлас жемқорлықты рухани-этикалық деңгейде қабылдамау ахуалын қалыптастыру мейлінше тиімді тәсіл меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Шетел журналистикасы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты Еуропа, Америка, Азия, Африка елдері журналистикасының даму тенденцияларынан студенттерге толыққанды мәлімет беру. Шетелдік БАҚ-тың экономикалық негізін, БАҚ-тың монополиялану процесін түсіндіру.Шетелдік күнделікті басылымдардың типологиясымен таныстыру: сапалы басылымдар, сарыжағал басылымдар, аралас басылымдар, сондай-ақ, БАҚ туралы заңдардың әр елдегі ерекшеліктерімен хабардар етуге бағытталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мәңгілік Ел
    Несиелер: 5

    "Мәңгілік Ел" пәнінің мақсаты – ұлттық сана-сезімнің, ұлттық рухтың, патриотизм рухының, тарихи сана мен әлеуметтік жадының, кәсібилік пен бәсекеге қабілеттілік рухының жоғары даму деңгейі бар; Қазақстан халқының тәуелсіздігін, қауіпсіздігін, тұрақтылығын, дамуы мен тұрмысын жақсарту жөніндегі белсенді де шешімді іс-қимылдарға дайын болатын, ұлттық мәдениеттің рухани құндылықтарын дамытып сақтауға жауапты, өзге мәдениеттер өкілдерімен сындарлы келісім құруға дайын мамандардың жаңа буынын, қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экологиялық танымды қалыптастыра отырып, адамның тіршілік ету ортасымен арасындағы жарақатсыз қауіпсіздікке студенттерді дағдыландыру. Курста қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдері бойынша теориялық және практикалық білімді қалыптастыра отырып, апаттардан және дүлей зілзалалардан, қарсыластың жою құралдарынан қорғану мақсатында халықты қорғаудың әдістері мен құтқару жұмыстарын ұйымдастыру қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ журналистикасының тарихы
    Несиелер: 6

    Пән мақсаты қазақ журналистикасының өткен тарихының «ақтаңдақ» тұстарын қайта қарап, кезінде нақақ жаламен жабылып қалған басылымдар туралы мағлұмат беру. Оқыту барысында, қазақ халқының жазба мұрасы оқу-оқыту процесіне орай ғылыми айналымға түсіп, тарихи саралауымызға қолайлы мүмкіндік беруге бағытталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көшбасшылық теориясы
    Несиелер: 5

    Ғылымдағы лидерлік туралы әдебиеттерді шығармашылық тұрғыдан талдайды, қоғамда өмір сүрген көшбасшылардың өмір деректері мен көзқарастарын талдайды. Кәсіптік қызметінде азаматтық, төзімділік секілді ұстанымдар негізінде оң бағыттағы коммуникативті дағдыларды, лидер мен қызметкер арасындағы қатынасты, субординацияны сақтау мәдениетін қалыптастырады. Қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экономиканы оқудың теориялық негіздерін, кәсіпкерлік, кәсіпкердің іс-әрекеттері, кәсіпкерлік істің түрлері, ұйымдастыру әдістері, тактикасы, стратегиясы, кәсіпкерлік бәсекелестік, тәуекел мен бизнес білімін, бизнес-жоспардың құрылымын, мазмұнын және ұлттық экономиканың салаларында бәсекені күшейту жағдайындағы кәсіпкерліктің және бизнес–жоспарды құрудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - қазіргі саяси, экономикалық, күнделікті-тұрмыстық, қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени байланыс, барлық ғылым саласы мен мемлекеттік басқарушы органдардағы терминологиялық және арнайы лексиканы, сондай-ақ іскер хаттар жазысу ережелерін, шарттар мен келісім жасай білуге және іскерлік қарым-қатынаста сөйлеуге қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • БАҚ этикасы
    Несиелер: 3

    Пәнде әрбір студент этика, эстетика ғылымдарын терең меңгере отырып, кәсіби журналистің әдебі мен моральдық-этикалық міндеттерін, журналистік этиканың құқықтық негіздерін қызмет бабы барысында жете тануы шарт екені туралы түсіндіріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ататүрік принциптері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – түркі тілдес елдерінің жастарын қазіргі заманғы жоғары білікті маман ретінде дайындау бағытында түркі әлемінде ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында орын алған Осман империясының тарихы мен маңызын көрсетуге бағытталады. Империяның құлауы мен өз жалғасын тапқан түрік ұлтының тәуелсіздік үшін күресі және мемлекеттің құрушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің принциптері пәннің мазмұнын құрайды. Түрік ұлтының басшысы ретінде Мұстафа Кемалдың мемлекетке байланысты ұстанған принциптерін түсіндіру көзделеді. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Түркі мемлекеттер тарихы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - түркі тілдес елдерінің жастарынан қазіргі заманғы жоғары білікті мамандарды дайындау үшін өзінің төл тарихы мен мәдениетін, тарихи ерекшелігін ұғып білуді, сондай-ақ, жаһандану процесінде ұлттық болмысын сақтауда қажетті біліммен қаруландыруды көздейді. Түркі халқының этногенезі мен этникалық тарихын, мемлекетінің пайда болуы және оның өркендеуі қарастырады. Пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мультимедиялық журналистика
    Несиелер: 4

    Мультимедиялық журналистика - бұл журналистік материалды жеткізудің қандай да бір түрі. Бұл бір тақырыпта жазылған, бірақ құрамында бірнеше формат - фото, видео, мәтін, инфографика, интерактив бар медаиөнім болып табылады. Форматтардың үйлесімділігі әртүрлі, алайда сол материалда ортақ мағына, мақсат, тақырып, идея және мәселе болуы тиіс. Осы пән арқылы білімгерлер кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Журналистика және ұлттық бірегейлік
    Несиелер: 3

    Қазақстан қоғамы жағдайында ұлттық, жалпыұлттық идея және одан туындайтын ұлттық бірегейлік мәселелерінің бұқаралық ақпарат құралдарында талқылануы пәннің негізгі мақсаты болып табылады. Пән арқылы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін қазақстандық қоғамды біртұтас мақсат төңірегінде шоғырландыру және интеграциялау үрдісі мен ел азаматтарының ұлттық бірегейлігіне сәйкес деңгейін қалыптастыру идеясын негізге алатын журналистерді дайындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ясауитану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты діни және сопылық қайнар көздерден алынған ясауилік ілімінің мәнін сипаттау және бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы сопылық терминдер мен категориялардың мәнін, олардың метафоралығын түсінудің теориялық және әдіснамалық негізін, Қожа Ахмет Ясауидің «Дивани Хикмет» шығармасының сопылық мәнін талдауға және бағалауға, оның мәдени-рухани әлеуетін анықтауға қолдана білуді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Интернет-журналистика және жаңа медиа
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты интернет–журналистиканың ерекшеліктерімен таныстыра отырып, қазіргі қоғамдағы жаңа медианың артықшылықтарымен таныстыру. Интернет қарқынды дамып келеді және бүгінгі ақпарат алудың сенімді де жедел көзі ретінде қалыптасып үлгерді. Адамдардың өмір суруіне, оның ақпарат алуына ceптiri тиетін жаңа жүйелердіңосы пән арқылы тиімді қолдануды, ақпараттық жаңалықтарды пайдалануды, жазуды үйретуге бағытталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мерзімді баспасөз дизайны
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты студенттерге газет пен журналды беттеуге қажетті компьютерлік бағдарламалардың жұмыс істеу жүйесімен таныстыру. Басылымдар макетін жасаудағы бағдарламалармен қалай жұмыс істеу қажеттігі сөз болады. СогеlDRAW, inDesign, Photoshop, PageMaker графикалық бағдарламаларының артықшылықтары, қалай жұмыс жасау қажеттігі ұғынықты түсіндіріледі. Пән студенттердің мерзімді басылымдардың дизайнын толықтай игеруіне бағытталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Конвергентті журналистика
    Несиелер: 3

    Конвергенттік журналистика пәні арқылы студенттер заманауи технологияларды, жаңа аудио-видео мүмкіндіктерді жан-жақты пайдалануды үйренеді. Пәнтың ізденістерге,тың формаларға жол ашу, ғаламтордың инновациялық, жаңғыртушылық мүмкіндігін пайдалана отырып, медиаөнімді дамытып беруге, оқытуға бағытталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазіргі баспасөз қызметі
    Несиелер: 5

    Пән мақсаты болашақ журналистердің баспасөз хатшысы жұмысын толықтай игеруіне септігін тигізу. Мекеменің беделін, имиджін қалыптастыруына, заман талабына сай баспасөз хатшысының жақсы маман ретінде стратегиялық жағынан мықты саясаткер болуына қажетті мағлұматтар алады. Пән ресми, бейресми құжаттарды рәсімдеуді, келіссөздер жүргізуді, БАҚ-ты ақпараттандыруды, лауазымды тұлғалармен әңгімелесуді басты назарға ала отырып, өз жұмысын тиянақты, аса жауапкершілікпен атқаруына, баспасөз хатшысы ретінде менеджерлік тәсілін игеруіне бағытталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Телехабар жасау технологиясы
    Несиелер: 5

    «Телехабар жасау технологиясы» пәні журналистика саласында қызмет атқаратын мамандардың кәсіби біліктілік талаптарына сәйкес оқытылады. Пәнде телережиссер жұмысының ерекшелікеріне қатысты мәселелер сөз болады. Фильм түсірудегі режиссердің қызмет сипаты ұғынықты түсіндіріледі. Сол себепті пән студенттердің салалық журналистиканы толықтай игеруіне бағытталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Дата-журналистика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты ақпарат беру үшін қоғамдық қолжетімді мәліметтер базасын (осыдан және атауы), яғни статистикалық мәліметтерді, графиктерді, тізімдерді, карталарды және т.б. пайдалана отырып, материал дайындауға үйретеді. Data-журналистика журналистиканың жаңа түрі. Деректер өмірдің кез келген саласына: экономика, саясат, ғылым, білім және т.б. қатысты болуы мүмкін.Пән мәліметтер базасын пайдалануды үйретуге бағытталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Телерадио-журналистика
    Несиелер: 5

    «Телерадиожурналистика» пәні: студенттерді радио мен теледидардың теориясы мен тәжірибесінің негізімен таныстырады. Қазақстандағы, ТМД елдеріндегі радио мен телевизияның заман талабына сай дамуына нақты талдаулар жасайды. Сондай – ақ, кеңестік замандағы телерадиохабарларын тарату, хабарларды дайындау ерекшелігімен қатар қазіргі заманғы телерадиоарналардың жаңаша жұмыс тәсілдерін теориялық негізде меңгеруге бағытталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Телемонтаж негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты телевизиядағы монтаждың жасалу жолдарын үйрету. Тележурналистиканың бейнелеуші құралдары: бейне, дыбыс, сөз, музыка арқылы сюжет әзірлеу процесі. Пән студенттерге бейнематериалдарды іріктеу әдіс тәсілдерін үйретеді, монтаждың жасалу бағдарламаларымен таныстыруға бағытталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қоғаммен байланыс
    Несиелер: 5

    Пән мақсаты болашақ журналистердің баспасөз хатшысы жұмысын толықтай игеруіне септігін тигізу. Мекеменің беделін, имиджін қалыптастыруына, заман талабына сай баспасөз хатшысының жақсы маман ретінде стратегиялық жағынан мықты саясаткер болуына қажетті мағлұматтар алады. Пән ресми, бейресми құжаттарды рәсімдеуді, келіссөздер жүргізуді, БАҚ-ты ақпараттандыруды, лауазымды тұлғалармен әңгімелесуді басты назарға ала отырып, өз жұмысын тиянақты, аса жауапкершілікпен атқаруына, баспасөз хатшысы ретінде менеджерлік тәсілін игеруіне бағытталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Медиа менеджмент
    Несиелер: 5

    Пән мақсаты болашақ журналистердің редакциялар мен телеарналарды басқарудағы жаңа технологияларын меңгеруіне көмеуктеседі.Пән олардың жұмыс стилдерін талдай алуына, менеджерлік шеберліктің, редакция жұмысының қыр-сырын игеруіне бағытталады. Медиаменеджменттің басты ұстанымы-редакциялардың өзін-өзі қаржыландыру десек, бұл мәселе барлық қырынан жан-жақты ұғындырылады, студенттің бойында тиісті машықтар қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Web-дизайн
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты компьютерлік бағдарламаларды меңгеріп, медиа өнімді безендіруде көркемдік элементтерді дұрыс қолдануды меңгертеді. Қазіргі цифрлық технология тәжірибелеріне сай медиа дизайнының қыр-сырын меңгеруге бағытталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Телеоператор шеберлігі
    Несиелер: 5

    Пән болашақ журналистердің қазіргі операторлық өнердің жаңа технологияларын меңгеруіне, цифрлық технологияның телеоператор өнеріне ықпалын талдай алуына, болашақ журналистер үшін операторлық шеберліктің қыр-сырын игеруіне бағытталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Практикалық журналистика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсатыстуденттердің белгілі бір салаға мамандануына ықпал жасау. Пән негізінен практикалық-журналистер мен редакторлардың, БАҚ жетекшілерінің, PR-мамандарының, сонымен қатар ақпараттық даулар мен заңнамалық қызмет саласында маманданған заңгерлердің жинақталған тәжірибелерін оқытуға бағытталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ақпарат жинау және жазу шеберлігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты ақпарат жинау мен оны жазу жолдарын үйрету.Журналист қызметінің негізгі және жауапты бөлігі ақпарат жинаудан тұрады. Пән сапалы ақпаратты қалай алуға болатынына, оны қалай пайдалану керектігіне бағытталған. Студентке мақаланы қалай бастау, оны қалай жазу, қалай аяқтау керектігі жан-жақты түсіндіріледі және болашақ журналистің бойында жақсы мақала дайындау машықтары қалыптастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Спорт журналистикасы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты студенттерді спорттық тақырыпқа бейімдеу. Спорттық бағыттағы басылымдар, арнайы бағдарламалар немесе салалық бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс жасайды. Спорттық тақырыптағы материалдарға сұраныс артқандықтан қоғамда спорт мәселесін халыққа шынайы әрі көркем де бейнелі етіп жеткізудегі шеберлікті шыңдауға бағытталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Фотожурналистика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты фотосуретті негізгі ойды білдіру құралы ретінде қолданатын журналистиканың ерекше түрі фотожурналистика жайында мағлұмат беру. Фотожурналистика фотосуреттің басқа жанрларынан келесі қасиеттерімен ерекшеленеді: уақыт — түсірілімдер оқиғаның даму контектісінде хронологиялық мәнге ие. объективтілік — журналистің оқиғаны бүкпесіз, шынайы түсіруі шарт. Ақпараттылық - түсірілімдер мәтінмен қоса алғанда белгілі бір ақпарат беріп, оқырманға оқиға барысын баяндайды. Пән осы жәйттарды түсіндіруге бағытталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Іскерлік журналистика
    Несиелер: 5

    Пәннің негізгі мақсаты экономикалық тақырыптарға студенттердің салалануына ықпал жасау. Іскерлік журналистика – экономика төңірегінде мәліметтер жинақтап, халыққа ұсынатын кәсіби сала. Пән іскер журналистер ұсынған мәліметтер мен ақпараттар билік басындағылар мен бизнес өкілдеріне жоспар құруға, жалпы аймақтық немесе халықаралық жағдайларды бағамдауға мүмкіндік беруге бағытталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Радио хабарларын монтаждау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты радиода берілетін хабарларды монтаждау процесімен таныстыру. Эфирдегі жүргізушінің жеке өзінің, ал кейде оның студия қонағымен әңгімесі есебінде жүзеге асады. Жүргізуші журналистің жеке өзінің әңгімесі. Теориялық негізге сүйенсек, журналистің жеке әңгімесі радиокомментарий журналистің өзін әйгілі етіп таныстыруы үшін емес, қоғамдағы құбылыстардың мәнін ашып көрсетіп, айқын түсіндіру үшін жасалуы керек екендігін үйрету арқылы қалыптастырады

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Арт-журналистика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты өнер әлемінің, шоу-бизнестің БАҚ нұсқасындағы ерекшелігін, салалық сипатын ұғынықты түсіндіру.«Арт-журналистика» пәні журналистика саласында қызмет атқаратын мамандардың кәсіби біліктілік талаптарына сәйкес оқытылады. Пән өнер саласына қатысты мәселелерін сөз етіп, студенттердің салалық журналистиканы толықтай игеруіне бағытталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Радиодағы жаңалық
    Несиелер: 6

    Пән мақсаты радиожурналистиканың ақпараттық жанрлары арқылы радионың табиғатын танытып, оның тек бұқаралық ақпарат кұралы ғана емес, үлкен өнер саласы екенін көрсету. Пән білімгерлерді ақпараттық жанрлардьң түрлерін, радиожурналистика мен радиодраматургияның үйлесімі мен үндестігі аясында дүниеге келетін радиотуындыларды айқындай отырып, радио табиғатын меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • БАҚ тілі мен стилі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты студенттердің тіл, стиль сияқты журналистік шеберліктің маңызды жақтарына ден қоюына ықпал етеді. Суденттердің құзыретін арттырып, тіл мәдениетін арттыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді.Пән газет-журнал материалдарының, телевизия және радио хабарларының тілдік, стильдік ерекшеліктерін саралай білуге үйретуге бағытталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Телесценарий өнері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты сценарий жазу дағдыларын қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Курс драматургия тарихын және драманың негізгі формаларын зерттеуге, дамытуға, медиа саласында қабылданған сценарийді рәсімдеу форматтарын білуге бағытталған. Курс сценарий жоспарын әзірлеу әдістемесін, сценарийлік-режиссерлік жүрісті іздестіруді, сценарийлердің типтерін және олардың сипатты белгілерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сөз өнері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: жазбаша және ауызша публицистикалық мәтінді түсіну дағдыларын қалыптастыру, басылымдық мәтіннен түрлі деңгейдегі ақпаратты, телевизиялық публицистиканы (сұхбат, ток-шоу, авторлық бағдарламалар) және жаңа түрдегі коммуникативтік ортадан (блогтар мен постылар) алу және түсіндіру. Курсты оқу барысында студент - қоғамдағы идеологиялық, әлеуметтік және жеке маңызды мәселелер мен процестерді түсіну және талдаутөмендегідей білімдерді меңгереді:; Пәнді оқу нәтижесінде студенттер түрлі әлеуметтік процестерді зерттейді, жазу теориясы мен практикасы бойынша публицистикалық деректерді алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Журналистиканың социологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты журналистика социологиясының ғылыми және оқу пәні ретіндегі әдістемесін, құбылысты социологиялық талдау әдістерінің журналист еңбегіндегі қолданылуы мәселелерін қарастырады. Сондай-ақ, жалпы журналистикадағы, аймақтық баспасөздегі социологиялық зерттеу әдістерінің қолданылуы нақты мысалдармен оқытуға бағытталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ғылыми коммуникация
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты академиялық ортада әсерлі жазбаша қатынасты қамтамасыз ету үшін жазбаша ғылыми коммуникация компетенциясын дамыту. Оқу курсы әр түрлі жанрдағы ғылыми мәтіндерді: аннотация, реферат-шолу, аналитикалық эссе, филологиялық түсіндірме жазуға үйретеді. Пән әр түрлі жанрдағы ғылыми мәтіндердің құрылымдық-композициялық, стилистикалық ерекшеліктерін оқытуға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Публицистің шығармашылық шеберханасы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты болашақ журналистер үшін практикалық-журналистер мен редакторлардың, БАҚ жетекшілерінің, PR-мамандарының журналистік шығармашылықтарының ерекшелігін көрсету. Сонымен қатар ақпараттық даулар мен заңнамалық қызмет саласында маманданған журналистердің жинақталған тәжірибелерінен мағлұмат бере отырып оқытуға бағытталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Талдамалы журналистика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: қоғамдық даму саласында білімді қалыптастыру және қазіргі заманғы шындықты публицистикалық құралдармен масс медиада талдау. Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: өзекті қоғамдық құбылыстарды, оқиғаларды, процестерді, жағдайларды және олармен байланысты қоғамдық дамудың теориялық және практикалық мәселелерін зерделеуге бағытталған; даму үрдістерінің қазіргі заманғы қайшылықтарын, әр түрлі көзқарастар негізділігін анықтауға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Факт-чекинг
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге жалған жаңалықтар феномені қызметінің табиғаты, эволюциясы және заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру; жалған ақпаратпен, ақпараттық манипуляциялармен, жалған жаңалықтармен күресу қабілеті. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Фактчектің тәжірибесі мен әдіснамасы, заманауи медиалық ортада дезинформацияға қарсы әрекет ету тәсілдері, оқырмандарға желідегі контенттің дұрыстығын тексеруге көмектесетін жаңа бағдарламалар мен қосымшалар зерттелетін болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Телевизия хабарларын монтаждау
    Несиелер: 6

    Пән мақсаты студиядағы технологиялық құралдар арқылы аудиотехника жайында жанжақты мағлұмат беру Оның кино өндірісіндегі классикалық үлгісі негіз ретінде алынады. Журналистикадағы техникалардың ерекшеліктері мен олардың өзіндік табиғатын меңгереді; БАҚ-ғы техникалық құралдардың қалыптасу, даму кезеңдері жайлы толық мағұлмат алады; Пән негізінен студенттердің теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануды үйреуге, кәсіби зерттеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Телевизиядағы жаңалық
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты көрерменге тың әрі нақты мәліметтерден тұратын жаңалықтарды дайындайтын болашақ журналистерді дайындау. Теледидар көрермендері қызықсыз, тартымсыз хабарларға көңіл аудармайды. Ақпарат әлемі талай жылдарды, ғасырларды артқа тастап дамып келеді. Бүгінгі журналистика минут сайын жаңарып, даму үстінде. Журналистер ақпарат тасқынын реттеп, сараптап, сапалы дүние етіп бұқараға жариялауға міндетті.Телевизия саласындағы барлық шығармашылық әдіс тәсілдері мен шеберлігін шыңдау осы пән аясында жүреді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жаңа медиа
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты соңғы технологиялар арқылы журналистиканың жаңа бағытында жұмыс жүргізуді үйрету. Дәстүрлі медианың дамуына технологиялардың ықпалы, медианың жаңа түрлерінің пайда болуы, технологиялардың озық түрлерінің пайда болуы журналистика деген ұғымды жаңа мазмұнмен және жаңа пішіндермен толықтырды. Медиатехнологиялар көпшіліктің санасына ықпал етудің жаңа құралына айналды. Мемлекет интернет жүйесіндегі ақпараттар тасқынын реттеп, әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында кешенді жұмыстар жүргізуді қолға алуда.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ақпараттық агенттіктер
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты алыс және жақын шет елдердегі немесе еліміздегі өзекті жаңалықтарды сұрыптап, өңдеп, редакциялап таратудағы, халыққа жеткізудегі ақпарат агенттіктерінің жұмыстарымен таныстыру. Пән арқылы ақпарат агенттіктерінің жұмысы көрсетіледі. Бас редактор (баспа, газет және журнал редакциясы) редакция меңгерушісі жауапты редактор құрылымдық агенттіктің (редакция) жауапты хатшысы) секілді мамандық иелерінің атқаратын қызметтері айқындалады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Журналистиканың психологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты журналистика заңдылықтарын, сұхбат берушімен журналист әрекеттерінің психологиялық ерекшеліктерін көрсету және кәсіби құзіреттілік, ақпарат жасау, ұйымдастыру, басқару заңдылықтарынан хабардар ету. Нәтижесінде мұның барлығы журналистік қызметтің тиімділігін, өміршеңдігін анықтауды түсіндіруге бағытталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    -мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілетін қолдану; -жеке және топта ақпаратты басқаруды, цифрлық технологияларды тарату процесін немесе жолдарын түсіндіреді; -барлық салада экономикалық кәсіпкерлік шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастырады

  • Код ON2

    -жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді реттей алады; - мемлекеттік және шет тілдерінде табысты академиялық, кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас орнатады

  • Код ON3

    - қоғамды сақтау және дамыту үшін рухани құндылықтардың маңыздылығын ұғыну мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын қолданады,сыни тұрғыдан ойлау қабілетімен әрекет етеді, тарихи деректер мен қағидаттарды қолданады; - қоғамның өмір сүру ортасы мен экологиялық танымды білу, өзіне қатысты құқықтық, адамгершілік міндеттемелерді, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға үйретеді, кәсіби қызметте осы білімдерін қолдана алады

  • Код ON4

    -Ақпарат көздерімен жұмыс істеу арқылы кәсіби желіні дамытуға әрекет етеді және әлеуметтік желілердегі оқиғаларды білуге қабілетті

  • Код ON5

    - Материалды дайындауға қажетті қазіргі әдеби тілдердің ережелері мен нормаларын білу, оқырмандарды (көрермендерді, тыңдаушыларды) өзіндік қорытынды жасауға итермелейтін түрлі журналистік жанрлардың стилистикасын білу, жеке жазу стилін пайдалану және дамытуды қалыптастырады.

  • Код ON6

    - Мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, кәсіпорындармен, азаматтармен, басқа да бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрақты байланыс жасауды қалыптастырады. -Журналистік жарияланымдардың міндеттері мен әдістерін анықтайды, технологиясы мен техникасы, олардың мазмұндық және құрылымдық-композициялық ерекшеліктерін үйренеді.

  • Код ON7

    -Материалдарды жариялауға (беруге) дайындау туралы шешім қабылдау және мақсаттылығын анықтау қабілетін қалыптастырады. -Ақпаратты жинау және құрылымдау, материалды дайындау үшін, оның ішінде құзыретті көздермен өзара іс-қимыл жасау арқылы әрекет етеді. -Қоғам өміріндегі өзекті оқиғаларды және олардың жаңа көзқарастарын зерттеу тұрғысынан жүзеге асырады

  • Код ON8

    -Оқырмандарды (көрермендерді, тыңдаушыларды) өзіндік қорытынды жасауға итермелейтін түрлі журналистік жанрлардың стилистикасын қалыптастырады

  • Код ON9

    -Материалдарды өңдеу, оның ішінде келтірілген дәйексөздердің, есімдердің, цифрлардың және басқа да нақты деректердің дұрыстығын қамтамасыз ете отырып, құрастырады.

  • Код ON10

    -Мақсатты аудитория үшін қолжетімді нысанда ақпаратты интерпретациялау және объективті түрде, бұрмалауға жол бермей жариялау. -Ньюсмейкерлер мен оқиғалар қатысушыларымен, куәлермен, басқа да өзекті ақпарат көздерімен байланыс орнатып, мәліметтер жинақтайды, оқиға орнына барып, оқиғаларды тікелей эфирде жариялауды ұйымдастырады. -Әр түрлі жанрдағы хабарларды (теледидар, радио, интернет эфирде жұмыс істеу кезінде) дайындап үйренеді, аудио (бейне) жабдықтарымен жұмыс істейді.

  • Код ON11

    - Маңызды құжаттарды, баспа материалдарын және ақпараттық агенттіктерді талдау үшін білімін пайдаланады - Көпшілік кәсіптердің белгілі өкілдерін (саясаттанушыларды, әлеуметтанушыларды, ғалымдарды және өзге де құзыретті тұлғаларды) шолуға тартуға қабілетті.

  • Код ON12

    -Пайдаланылатын ақпараттың шынайылығы мен өзектілігін тексеріп, жазады. -Контентті оңтайландыру үшін дайындалған (оның ішінде жеке) материалдарды (сценарийлерді) бейімдеу/редакциялауды орындайды. - Әдеби шығармаларды сценарийге қайта өңдеу, бағдарламалар мен көрсетілімдердің сценарийін жазып көрсетеді

Top