Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B10155 Жалпы медицина в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Гистология негіздері
    Несиелер: 3

    Пәнінің мақсаты: - жасушалар мен олардың туындыларының, тіндердің негізгі элементтері ретінде, құрылысы, тіршілік әрекеттері, функциялық мамандануы жайлы; - гистологияның келесі бөлігі - жеке гистологияны оқып -білу үшін қажет негізгі тіндердің – эпителий, ішкі орта (қан, қан жасау), дәнекер, бұлшықет және нерв тіндерінің даму көздері, гистогенезі, құрылысы және функциялары жайлы білім қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Медицинадағы химияның теориялық негіздері
    Несиелер: 5

    Мақсаты – медицинадағы химияның теориялық негіздерін қалыптастыру, тірі организмде болатын маңызды биохимиялық процестер мен әртүрлі тепе-теңдік түрлерінің химиялық, физика-химиялық заңдылықтарын қолдана білуді үйрету. Тірі ағзадағы процестердің мәнін, механизмдерін түсінуге қажетті табиғи органикалық қосылыстар мен биополимерлердің негізгі кластарының құрылымы мен химиялық қасиеттері арасындағы байланыс туралы түсінік қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жасушалық биология
    Несиелер: 3

    Мақсаты - тіршіліктің жасушалық негіздері, жасушалардың түрлері мен құрылымы туралы қазіргі заманғы білімді қалыптастыру, жасушалық ұйымның бірлігін түсіну, қоршаған ортаның жасушаларға әсері, өсу механизмдері, метастаз және организмдегі иммундық жауап. Бұл ағзаның патологиясын емдеуде қолданылатын жаңа тәсілдерді дамытуға көмектеседі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Анатомия негіздері және медициналық терминология
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты жас, жыныс және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, дененің бөліктері мен мүшелерінің пішінін, құрылымын, позициясы мен топографиялық қатынастарының жүйелі сипаттамасын ұсыну; медициналық терминологияның морфологиялық құрылымдары терминдерін, адам ағзасына қалыпты жағдайдағы және олардың дамуының әртүрлі кезеңдеріндегі патологияларға тән процестерді атауларды қарастырады; адамның аурулары мен патологиялық жағдайлар сипаттау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Медициналық химия
    Несиелер: 5

    Мақсаты – студенттердің тірі жүйелердегі процестерді танып, зерттеу көзқарасын қалыптастыру, тірі организмде болатын ең маңызды биохимиялық процестер мен әртүрлі тепе-теңдік түрлерінің химиялық, физика-химиялық заңдылықтарын қолдана білуді үйрету. Тірі ағзадағы процестердің мәнін, механизмдерін түсінуге қажетті табиғи органикалық қосылыстар мен биополимерлердің негізгі кластары мен химиялық қасиеттері арасындағы байланыс туралы түсінік қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Молекулярлық биология және медициналық генетика
    Несиелер: 3

    Мақсаты – студенттерге ағзаның ең көп кездесетін ауруларды тиімді диагностикалау, алдын алу және емдеу үшін норма мен патологиядағы ағзаның негізгі молекулалық-генетикалық және жасушалық механизмдері туралы қазіргі заманғы білім беру, теориялық және практикалық медицинада молекулалық-генетикалық әдістер мен технологияларды қолданудың негізгі принциптері туралы түсінік беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымды жүйелі түрде білу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, күнделікті білім беру қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдауға сыни көзқараспен сыбайлас жемқорлық көріністері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге ықпал ететін факторлар туралы жалпы кешенді білімді меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік (Қазақ) тілі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және артикуляция, интонация ережелерін үйрету. Тілдік қызметтің төрт негізгі формаларында (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ядролық медицинаның физикалық негіздері
    Несиелер: 4

    Мақсаты – студенттерге пластикалық және энергетикалық зат алмасу, олардың өзара байланысы, су минералды заттар, ақуыз, майлар мен көмірсулар алмасуының ерекшеліктері сонымен қатар, метаболизм және энергия алмасуының тірі ағза үшін маңызы туралы теориялық білім қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Медициналық биофизика
    Несиелер: 4

    Медициналық биофизика пәнінің мақсаты биологиялық құрылымдардағы құбылыстарды физикалық заңдылықтар арқылы зерттеп және түсіндіру; болашақ дәрігерлерге денсаулық сақтау саласында қолданылатын медициналық құралдардың жұмыс істеу принциптерін оқып және оны қолдануды үйрету. Сонымен қатар, жасуша мембраналарының биофизикасын, биопотенциалдың пайда болуын, таралуын, электроқозғыш ұлпалардың биофизикасын, кванттық биофизиканы, ұлпалар мен мүшелер биофизикасын меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Физиология негіздері
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: организмнің құрылымдық функциональдық негіздерінің физиологиялық үрдістерін, мысалы, қозу, тежелу, синапстық беріліс, еттердің жиырылуы және секреция сынды, үрдістердіқоршаған ортаның қарым қатынасы тұрғысынан зерттеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ататүрік принциптері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – түркі тілдес елдерінің жастарын қазіргі заманғы жоғары білікті маман ретінде дайындау бағытында түркі әлемінде ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында орын алған Осман империясының тарихы мен маңызын көрсетуге бағытталады. Империяның құлауы мен өз жалғасын тапқан түрік ұлтының тәуелсіздік үшін күресі және мемлекеттің құрушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің принциптері пәннің мазмұнын құрайды. Түрік ұлтының басшысы ретінде Мұстафа Кемалдың мемлекетке байланысты ұстанған принциптерін түсіндіру көзделеді. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Гистология және эмбриология
    Несиелер: 4

    Пәнінің мақсаты: - мүшелер мен жүйелердің тіндік құрылысы, дамуы және тіршілік әрекеттері жайлы; адам мүшелерінің құрамында жасушалар мен тіндердің ультраструктурасы, функциялары және өзара қатынастары жайлы базистық білім қалыптастыру. - оқытылып жатқан гистологиялық фактілер мен тиімді диагностика, емдеу, болжау, аурулардың клиникалық белгілері арасындағы байланыстарды көрсету арқылы пәннің клиникалық бағытталуын қамтамасыз ету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Түркі мемлекеттер тарихы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - түркі тілдес елдерінің жастарынан қазіргі заманғы жоғары білікті мамандарды дайындау үшін өзінің төл тарихы мен мәдениетін, тарихи ерекшелігін ұғып білуді, сондай-ақ, жаһандану процесінде ұлттық болмысын сақтауда қажетті біліммен қаруландыруды көздейді. Түркі халқының этногенезі мен этникалық тарихын, мемлекетінің пайда болуы және оның өркендеуі қарастырады. Пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Медициналық микробиология
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты микроорганизмдердің классификациясына, морфологиясына және физиологиясына арналған тақырыптар мен бөлімдерін; адамдар үшін патогенді және шартты патогендік бактериялардың қасиеттерін, сондай-ақ, антропоноздар, зооотропоноздар қоздырғыштарын зертханалық диагностикалау әдістерін зерттеу және нақты терапияны жасау және енгізу, адамның жұқпалы ауруларының алдын-алу мәселелерін қарастыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Паразитология және вирусология
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты вирусология мен паразитологияның негізгі принциптерін, паразиттердің биологиясы мен өмірлік циклін, биологиялық жүйелер иерархиясының әртүрлі деңгейлеріндегі паразиттер мен вирустардың өзара әрекеттесуінің әртүрлі аспектілерін, сонымен қатар пайда болу және таралу мәселелерін студенттер арасында тұтас түсінуді қалыптастыруі. Сонымен қатар диагностиканың, емдеудің, алдын-алудың және патогендік агенттер тудыратын аурулардың заманауи әдістері туралы түсінік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Анатомия
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - адам мүшелері мен тіндердің құрылысын, жеке, жыныстық және жастық ерекшеліктеріне сәйкес қазіргі дамыған микро- макроскопиялық анатомия, физиология, биология жетістіктерін және оның пренатальды дамуын қоса, мүшелердің өзара анатомо-топографиялық қатынастарын зерттеу; дене ағзалары мен бөліктерін жастық, жыныстық және жеке ерекшеліктеріне байланысты пішінін, құрылысын, орналасуы мен топографиялық өзара қатынасын зерттеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жалпы эпидемиология айғақты медицина негіздерімен
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты эпидемиологияның негізгі түсінігі мен терминдерін, эпидемиологиядағы негізгі теорияларын, жұқпалы аурулар ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуді, табиғи ошақтар, берілу механизмі мен факторларын, иммундау мәселелерін, вакцинамен басқарылатын инфекцияларды, дезинфекция, дезинсекция, зарарсыздандыруды, иммунопрофилактика, нозокомиальды инфекцияларды қарастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Эпидемиология және биостатистика
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты жұқпалы аурулардың этиологиясын, берілу механизмі және алдын-алуын қарастыру. Эпидемиологияны зерттеу инфекциялық, паразиттік және жұқпалы емес аурулардың алдын-алу бойынша медициналық мекемелерде, халықтың әртүрлі контингенттері арасында жеке, топтық және популяциялық деңгейлерде, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде теориялық және практикалық дағдыларды қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экологиялық танымды қалыптастыра отырып, адамның тіршілік ету ортасымен арасындағы жарақатсыз қауіпсіздікке студенттерді дағдыландыру. Курста қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдері бойынша теориялық және практикалық білімді қалыптастыра отырып, апаттардан және дүлей зілзалалардан, қарсыластың жою құралдарынан қорғану мақсатында халықты қорғаудың әдістері мен құтқару жұмыстарын ұйымдастыру қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экономиканы оқудың теориялық негіздерін, кәсіпкерлік, кәсіпкердің іс-әрекеттері, кәсіпкерлік істің түрлері, ұйымдастыру әдістері, тактикасы, стратегиясы, кәсіпкерлік бәсекелестік, тәуекел мен бизнес білімін, бизнес-жоспардың құрылымын, мазмұнын және ұлттық экономиканың салаларында бәсекені күшейту жағдайындағы кәсіпкерліктің және бизнес–жоспарды құрудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Медицинадағы көшбасшылық және қоғамдық денсаулық сақтау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - денсаулық сақтау саласындағы көшбасшы, ұйымдастырушы және медицинадағы құрылымдардың жетекшісі дағдыларын қалыптастыру. Пәннің негізгі бөлімдері мен тақырыптары: денсаулық сақтауды ұйымдастырушының көшбасшылық қасиеттері; денсаулық сақтау жүйесіндегі жоспарлау, басқару, экономика, қаржыландыру; денсаулық сақтау жүйесіндегі ұйымдардың құрылымдары, бөлімдерінің жұмысына сапалы талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ясауитану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты діни және сопылық қайнар көздерден алынған ясауилік ілімінің мәнін сипаттау және бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы сопылық терминдер мен категориялардың мәнін, олардың метафоралығын түсінудің теориялық және әдіснамалық негізін, Қожа Ахмет Ясауидің «Дивани Хикмет» шығармасының сопылық мәнін талдауға және бағалауға, оның мәдени-рухани әлеуетін анықтауға қолдана білуді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Метоболизм және энергия
    Несиелер: 5

    Мақсаты – студенттерге пластикалық және энергетикалық зат алмасу, олардың өзара байланысы, су минералды заттар, ақуыз, майлар мен көмірсулар алмасуының ерекшеліктері сонымен қатар, метаболизм және энергия алмасуының тірі ағза үшін маңызы туралы теориялық білім қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Медицинадағы инновациялық (цифрлық) жүйелер
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: электрондық денсаулық сақтау саласын дамыту, медицинадағы инновацияның негізгі факторлары емдеу-диагностикалық үрдістің жаңа технологиялары, медициналық жабдықтар, халыққа жаңа медициналық қызмет, қызметкерлерді басқаруға сауатты көзқарас және медициналық мекеме қызметін ұйымдастыруды жүзеге асыру. Заманауи медициналық құрал-жабдықтарды қолдана отырып, инновациялық жүйелерді енгізу – медицина саласының көкжиегін кеңейтіп, медициналық көмектің сапасын жақсартуға жол ашады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қалыпты физиология
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: тіршілік үрдістерінің, мүшелер мен жүйелердің өзара байланысы, ағзаның әртүрлі әсерлерге тұтас реакциясын қалыптастыру және реттеудің жалпы принциптері туралы білімді меңгеруді қамтамасыз ету. Бұл қасиеттер болашақ дәрігерлердің клиникалық ой өрісінің негізін қалауы тиіс, онда жеке белгілердің негізінде туындайтын механизмдердің өзара байланысын, аурудың туындауының негізгі себебін анықтау мен патологиялық үрдістерді жоюды модельдеуге мүмкіншіліктер береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Медициналық биохимия
    Несиелер: 5

    Мақсаты – студенттердің тірі жүйелердегі процестерді танып, зерттеу көзқарасын қалыптастыру, тірі организмде болатын ең маңызды биохимиялық процестер мен әртүрлі тепе-теңдік түрлерінің химиялық, физика-химиялық заңдылықтарын қолдана білуді үйрету. Тірі ағзадағы процестердің мәнін, механизмдерін түсінуге қажетті табиғи органикалық қосылыстар мен биополимерлердің негізгі кластары мен химиялық қасиеттері арасындағы байланыс туралы түсінік қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Клиникаға кіріспе және коммуникативті дағдылар
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - практикалық денсаулық сақтауға, емдеу мекемелерінің жұмыстарын ұйымдастыруға, науқасқа күтім жасау мен оны бақылау тәсілдерін үйрететін және пациентпен, оның жанұясымен жақынырақ танысуға, оның жанұялық мәселелерін шешуге қалай көмектесуді үйрету. Студенттерде интегральды жүйеге қалыптастыруға үлес қосуға және медициналық көмек ұйымының барлық сатылары мен кезеңдерінде тұрақты кәсіби тұрғының стереотипін құру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Патологиялық физиология
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты теориялық және клиникалық пәндер қиылысында орналасып және интегративті медико-биологиялық ғылым бола отырып, ол дәрігерлік ойлау қабілетін дамытады. Патологиялық физиологияның негізгі мақсаты-студенттерді "науқас төсегінде дүниетануды қолдану" білуді үйрету. Жалпы патологиялық процестер ерекше болып келеді, өйткені олар адамның бүкіл патологиясын қамтиды

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жалпы хирургия
    Несиелер: 6

    Жалпы хирургия пәнінің мақсаты – адам денесінің барлық ағзаларының бөліктерін, сырқаттары мен жарақаттануын зерттейтін және оперативті емдеу әдістерін ұсынып қолданатын медицинаның саласы. Жалпы хирургия пәні негізі жөнінен пропедевтикалық хирургиялық пән ретінде хирургиялық науқастарды клиникалық тексеру және емдеу жүргізуді оқытуды көздейді. ЖОО студенттері жалпы хирургияны оқып үйрену процесінде өздерінің кәсіптік қызметіне керекті және қажетті практикалық дағдыларды меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қорғаныс механизмдері және аурулар
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білім алушыға ағзалық, жасушалық молекулалық деңгейде иммундық жүйенің құрылысы мен қызметі жөніндегі, сонымен қатар, дені сау ағзаның тіршілігіндегі иммундық патологиялық процестердің дамуындағы иммундық жүйенің маңызы туралы ғылыми көзқарастарды қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жалпы иммунология
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білім алушыға ағзалық, жасушалық молекулалық деңгейде иммундық жүйенің құрылысы мен қызметі жөніндегі, сонымен қатар, дені сау ағзаның тіршілігіндегі иммундық патологиялық процестердің дамуындағы иммундық жүйенің маңызы туралы ғылыми көзқарастарды қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Патологиялық анатомия
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты жалпы патологияның негізгі даму кезеңдерімен және оның басқа ғылымдар арасындағы алатын орны туралы, патологиялық процестердің пайда болуы, дамуы және нәтижелерін зерттеу кіреді. Олардың ішінде келесі топтар бөлінеді: зақымдалу, қан айналымы және лимфа айналымының бұзылуы, дегенерация, некроз, қабыну, иммунопатологиялық процестер, регенерация, бейімделу (бейімделу) және компенсациялық процестер, склероз және ісіктер.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Фармакология
    Несиелер: 5

    «Фармакология» пәнінің мақсаты - тірі ағзалармен дәрілік заттардың өзара әрекеттесуі мен әсер етуін зерттеу. Фармакология – теориялық білімді клиникалық практикамен, әсіресе, фармакотерапиямен біріктіріп оқытылатын мультидисциплинарлы ғылым. Фармакологиялық зерттеулердің құндылығының бірі - дәрілік заттардың клеткалық, субклеткалық және физиологиялық әсер ету механизмдерін анықтай отырып, фармакотерапияның бүкіл ағзаға әсерін зерттеу болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Педиатриядағы клиникалық дағдылар негіздері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - балалар ағзасының барлық жүйесінің өсу, даму, қалыптасу ерекшеліктері; балалардағы қарау, пальпация, перкуссия, аускультация әдістемесінің ерекшеліктері; балалар жасындағы аурулар кезіндегі науқастарды тексеру көлемі; балалардың рационалды тамақтануының принциптері және балалар организмінің принциптері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Науқас жанындағы оқыту
    Несиелер: 11

    «Науқас жанындағы оқыту» пәнінің мақсаты- студенттерге жүйелер бойынша ағза зақымдалғанда жиі кездесетін шағымдардың механизмдерін оқыту, толық физикалық тексеру жүргізуді меңгерту. Бұл пән қарым-қатынас дағдыларын дамыту, дәрігерлік этика және медициналық деонтология ережелерін ұстану; науқасты сұрастыру, қарау және физикальды тексеру; семиология, яғни науқасты зерттеу барысында алынған мәліметтерді талдауды зерттеүге бағытталған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Салауатты өмір салты
    Несиелер: 3

    Пән мақсаты: денсаулық туралы негізгі ұғымдар, денсаулықтың компоненттері мен көрсеткіштерін; денсаулық пен ауруды анықтайтын факторларын; денсаулық қауіпсіз өмір сүрудің негізі ретінде; салауатты өмір салты биологиялық және әлеуметтік проблема ретінде; халық денсаулығының жай-күйінің медициналық-статистикалық көрсеткіштерін қарастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Визуальды диагностика
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - ересектер пен балалардағы жүрек-тамыр, тыныс, асқорыту, несеп бөлу, эндокринді, жүйке жүйесінің, тірек-қимыл, қан түзу жүйелерінің қалыпты көрсеткіштерін визуалды аспаптық әдістерімен зерттеу үйрету; студенттерге жүрек-тамыр жүйесі, тыныс алу, асқорыту, несеп бөлу жүйке жүйесі, тірек-қимыл,эндокринді қан түзу жүйелерінің патологиялық ауытқуларын визуалды диагностикалау әдістерімен зерттеуді және нәтижелерін талдауды үйрету;

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Радиология және функционалды диагностика
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты объективті бағалау, ауытқуларды анықтау және ағзаның әр түрлі мүшелері мен физиологиялық жүйелерінің дисфункция дәрежесін анықтау; аспаптық немесе зертханалық зерттеу әдістерін қолдана отырып, олардың қызметінің физикалық, химиялық немесе басқа объективті көрсеткіштерін өлшеуге негізделген. . Әдістер: электрокардиография, фонокардиография, реография, спирография, пневмотахометрия, электроэнцефалография, әртүрлі органдар мен жүйелердің, рентген диагностикасының, радионуклидті диагностикалау, сенсорлық, эндоскопиялық, зертханалық диагностика.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жалпы гигиена
    Несиелер: 3

    Пән мақсаты адам ағзасына инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу мақсатында қоршаған орта факторларының әсер ету заңдылықтарын зерттеу. Сонымен қатар, тамақ гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, өндірістік және қоғамдық гигиена, профилактикалық және тұрақты санитарлық бақылау тақырыптары қамтылған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Клиникалық дағдылар негіздері
    Несиелер: 11

    Клиникалық дағдылар негіздері терапиялық пәнінің мақсаты – науқасты сұрастыруды, қарауды және физикальды тексеруді; семиологияны, яғни науқасты зерттеу барысында алынған мәліметтерді талдауды зерттеу. Синдромдық диагностикаға көп көңіл бөлінеді, себебі студентке ауруларды дұрыс анықтауды үйретудің фундаменті болып саналады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Балалар ауруларының пропедевтикасы
    Несиелер: 3

    «Балалар ауруларының пропедевтикасы» пәнінің мақсаты болашақ әр түрлі дәрежедегі медициналық қызметкерлеріне балалардың медициналық қызметін дұрыс жүйеге қоюды, инфекция ошақтарында алдын алу шараларын қамтамасыз етуді білу керек. «Балалар ауруларының пропедевтикасы» бағдарламасы балалар ағзасының анатомиялық және физиологиялық ерекшелітері мен ағзалардың зақымдану семиотикасын қамтып, педиатриядағы заманауи жетістіктерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мүшелер мен жүйелердегі патологиялық анатомия
    Несиелер: 5

    Ағзалар мен жүйелердің патологиясы ағзаның әртүрлі зиянды сәттерге реакциясын зерттейтін биологиялық ғылым болып табылады. Сондықтан пәннің мақсаты әртүрлі ауруларды танып білуге, диагноз қоюға және дифференциалды диагностикалауға арналған және ағзадағы ауру (жарақат) кезіндегі өзгерістерді зерттеу үшін қазіргі заманғы жетістіктерді қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мүшелер мен жүйелердегі патологиялық физиология
    Несиелер: 5

    Патофизиология пәнінің мақсаты жүйелік патофизиология жекелеген ағзалар мен жүйелердің дерттерін зерттеу. Организмнің тіршілігінде өтетін көптеген құбылыстардың реттелуі нерв және эндокриндік жүйелердің біріккен қызметтерімен қамтамасыз етіледі. Бұл жүйелер өзара бірімен-бірі тығыз байланысты. Сондықтан организмнің біртұтас өзін-өзі реттейтін күрделі жүйеге бірігуі нервтік-эндокриндік реттеулердің нәтижесінде болады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ішкі аурулар
    Несиелер: 13

    Ішкі аурлар пәніның мақсаты – ішкі ағза ауруларының этиологиясын, патогенезін, жіктемесін, клиникалық көріністерін, синдромдық диагностикасын, диагнозды дәлелдеу үшін қолданылатын зерттеу әдістерін оқыту. Айғақты медицина тұрғысынан тиімді емдеу принциптерін үйретеді. Сауығу критерийлерін, болжамын, алдын-алу шараларын оқытады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Балалар аурулары
    Несиелер: 10

    Пәннің мақсаты Балалар жасындағы кең тараған патологияларды диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша білім мен машықтарды қалыптастыру. «Балалар аурулары» пәнін оқу өздігінен жұмыс істеу кезінде білімгерлердің кұзыреттілігін және кұзіреттілік аясында бағалау, оқыту әдістерін жетілдіру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Клиникалық фармакология
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - дәрілік заттардың клиникада науқастардың ауру түріне және жасына байланысты қолданылу барысында тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында олардың адам ағзасына әсерін ғылыми негізде зерттейтін медициналық пән. Клиникалық фармакологияның негізгі бөлімдеріне фармакодинамика-дәрілік заттың жалпы әсері мен әсер ету механизмдерін зерттеу, және фармакокинетика-дәрілік заттардың ағзаға енгізу жолдарын, биотрансформациясы мен ағзадан шығарылауын зерттеу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Медицинадағы манипуляция және симуляциялық курс
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты – қауіпсіз ортада симуляциялық технологияларды қолдана отырып медицинадағы негізгі клиникалық дағдылар бойынша білім алушылардың білімін, тәжірибелік дағдыларын, іскерлігін жетілдіру. Тәжірибелік дағдыларды үйретуде және бағалауда озық тәсілдерді, робот- симуляторларды, манекен, муляждарды, медициналық құрал жабдықтарды қолдану.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Акушерлік іс және гинекология
    Несиелер: 10

    Пәннің мақсаты - жүктілікті, босануды және босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу мен диагноз қою мен шұғыл көмек көрсету бойынша білімін, іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру. Студенттерді акушерия мен гинекологиядағы диагностика мен емдеудің негізгі әдістерімен таныстыру; физиологиялық жүктілікті, босануды және босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізуге үйрету; акушериялық-гинекологиялық патология кезінде шұғыл көмек көрсетудің принциптерін үйретіп, коммуникативтік дағдыларды жетілдіру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Хирургиялық аурулар
    Несиелер: 13

    Пәннің мақсаты – нәтижелі кәсіби сұхбаттасу бағытында тәжірибелі қарым-қатынас жасай отырып, өте жиі кездесетін хирургиялық аурулардың жас ерекшеліктеріне байланысты типтік түрдегі клиникалық көріністерін сипаттауды, олардың симптомдарына, синдромдарына және аспаптық-лабораториялық мәліметтеріне сараптама жасауды үйрету. Сонымен қатар, ауруларды емдеуге және алдын алу арналған іс-шараларды жүзеге асыру үшін заманауи негізгі әдістер мен тәсілдерді қолдануды үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты– Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері пәні амбулаториялық жағдайда жалпы маман дәрігерінің негізгі қызметі туралы жалпы түсінікті алғашқы медико-санитарлық көмекті ұйымдастыруды, профилактикалық және диагностикалық шараларды, емдеудің принциптерін және динамикалық бақылау негіздері бойынша білім мен іскерлікті қалыптастыруды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Топографиялық анатомия
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты аймақтар бойынша тіндер мен ағзалардың өзара орналасуын және олардың басқа мүшелер мен тіндермен және орталық жүйке жүйесімен анатомиялық байланыстарын зерттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Балалар гинекологиясы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - студенттерге қызбалалар мен жасөспірім қыздарға акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді, жас топтарына байланысты қыздардың жыныс мүшелерінің анатомо-физиологиялық жетілу ерекшеліктерін анықтау, тексеру әдістері бойынша тұрақты білімді, іскерлік пен машықтарды қалыптастыру және бекіту. Жыныстық жетілудің және етеккір циклының бұзылуы, ювенилді жатырдан қан кетуді диагностикалау және емдеудің принциптерімен таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Жалпы дәрігерлік тәжірибе
    Несиелер: 14

    Пәннің мақсаты – амбулаториялық жағдайда жалпы маман дәрігерінің жұмысындағы алғашқы медико-санитарлық көмек кезінде кеңінен тараған жағдайлардың алдын алу, диагностикалау, емдеу және динамикалық бақылау, қаралуға келген әрбір науқастың жасы, жынысы, ауру түріне байланыссыз жүргізілетін алғашқы диагностикалықтексерілу мен арнайымамандарға жіберуінің жалпы принциптері бойынша білім мен іскерлікті қалыптастыруды оқыту.

    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Жедел жәрдем
    Несиелер: 10

    Пәннің мақсаты ішкі ағзаларының аурулары кезіндегі әртүрлі ауыр жағдайлардағы науқастарға жасына байланыссыз жедел жәрдем беру мәселелері бойынша білімдерін және іскерліктерін қалыптастыру, сонымен қатар төтенше жағдайларда (суға бату, тұншығу, жарақаттар, уланулар және т.б.) дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көлемінде жедел медициналық жәрдем беру.

    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Сот медицинасы және дәрігерлік құқық
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты медициналық сараптаманың себептерін, тағайындау және өткізу тәртібін, сарапшының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігін көрсетілген Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексімен танысыру. Сонымен қатар, әр дәрігер деонтология және медициналық этиканың негіздерін, медицина қызметкерлерінің кәсіптік құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершіліктерін білуі керек. Курсында құқық саласының негізін қалыптастыратын құқықтық нормалар мен негізгі түсініктер қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • ҚР-ның ЖДП-ғы емдеу және диагностика стандарттары
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - ҚР емдеу және диагностика стандарттары пәні ҚР емдеу және диагностика стандарттары негізінде, заманауи зерттеу алгоритмдерін, қосымша зерттеу және емдеу тәсілдерін оқытады. Дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін дұрыс мониторингтеуді үйрету. Нақты нәтижелі және қауіпсіз дәрілік заттарды адекватты таңдау, өзіндік дәрігерлік тәжірибелік сапасын арттыра отырып, қазіргі таңдағы диагностика, ажырату диагностикасы, емдеуді жүргізуді қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Заманауи диагностика әдістері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - студенттердің клиникалық пәндердегі патологиялық жағдайларды табысты меңгеруі үшін қажетті жаңа технологияларды, радиоизотопты диагностиканы қолдана отырып, жалпы сәулелік диагностикалық теориялық негіздері мен бірге практикалық сұрақтарын оқытып үйретеді. Сонымен қатар, әртүрлі патологиялық жағдайларда диагностика, дифференциальды диагностика жасаумен және емдік көмек көрсетудегі маңызды ролі түсіндіріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Клиникалық патоморфология
    Несиелер: 3

    Клиникалық патоморфологияның» негізгі мақсаты студенттердің патоанатомиялық қызметті ұйымдастыру, оның міндеттері мен биопсия-секциялық материалдарды клиникалық-анатомиялық талдауға қойылатын негізгі талаптарды, сонымен қатар патоанатомиялық (клиникалық анатомиялық) диагноз тұжырымдамасын қалыптастыру, клиникалық диагноздың сапасын бағалау, клиникалық диагноздың сәйкес келмеу себептері мен категорияларын білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 1
  • Науқас және қоғам
    Несиелер: 4

    Пән мақсаты: денсаулық сақтау мен денсаулық сақтаудың теориялық негіздері; демография, демографиялық процестерді зерттеу әдістері; халықтың аурушаңдығы және оны зерттеу әдістерін; халыққа профилактикалық көмекті ұйымдастырудың негіздерін; халықтың денсаулығын бағалау үшін статистикалық әдістерді қолдануды қарастыру

    Оқу жылы - 5
    Семестр 2
  • Отбасын жоспарлау
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - жалпы өлімді азайту мақсатында болашақ жалпы тәжірибелік дәрігерлерді репродуктивті денсаулық және отбасын жоспарлау бойынша халықаралық стандарттар мен дәлелді медицинаның қағидаларына сәйкес оқыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 2
  • Кәсіптік аурулар
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты - студенттерде зиянды және қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндерде кәсіптік ауруларының даму механизмдері туралы негізгі түсінігін қалыптастыру; кәсіптік аурулармен ауыратын науқастарды диагностикалау, алдын алу, емдеу, медициналық-әлеуметтік сараптама, оңалту әдістерін меңгеру, аурудың кәсіппен байланысын сараптау дағдыларын меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 2
  • Неврология, психиатрия және наркология
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты - негізгі неврологиялық, психикалық, наркологиялық ауруларға диагноз қою және емдеу шараларының жалпы принциптері, ургентті жағдайлар кезінде шұғыл көмек көрсету, сондай-ақ неврологиялық аурулардың алдын алудың, психикалық бұзылыстар мен тәуелділік ауруларының психогигиенасы мен психопрофилактикасының негіздерін қалыптастыру және сауықтыру мәселелері бойынша білім мен іскерлікті қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 2
  • Дерматовенерология
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты тері және оның қосындылары «шаш, тырнақ» және олардың әр түрлі ауруларын оқыту. Дерматология жалпы терінің анатомиясы мен физиологиясын, терінің ауруларының жалпы даму заңдылықтарын, оларды емдеу мен алдын-алу шараларын қарастырады. Венерология- венерологиялық аурулардың пайда болу себептерін, таралу жолдарын, аурулардың диагностикасы мен клиникалық ағымын зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 5
    Семестр 2
  • Код ON1

    Пациентті орталықтанған клиникалық бағалауды жүргізу және жүргізу тактикасы жоспарын жасау

  • Код ON2

    Медициналық көмектің сапасын және пациенттердің қауіпсіздігін үнемі жақсартуға жеке де, көмек көрсететін команда мүшесі ретінде де белсенді түрде үлес қосу

  • Код ON3

    Пациентке және оның отбасына денсаулық сақтау және одан әрі жоспарлар бойынша ақпарат беру

  • Код ON4

    Клиникалық шешімдерді қабылдауды оңтайландыру, пациенттің қауіпсіздігін, құпиялылығын және құпиялылығын сақтау үшін медициналық тексеру бойынша ақпаратты жазбаша және электрондық түрде құжаттау және ұсыну

  • Код ON5

    Денсаулық сақтау жүйесінің дәрігерлерімен және басқа да мамандарымен тиімді жұмыс істеу

  • Код ON6

    Жанжалдарды шешу, реттеу және болдырмау үшін денсаулық сақтау жүйесінің дәрігерлерімен және басқа да мамандарымен бірлесіп жұмыс істеу

  • Код ON7

    Кәсіби практикада көшбасшылықты көрсетеді

  • Код ON8

    Клиникалық ортада және одан тыс емделушінің мүдделерін қорғай отырып, пациент денсаулығының жеке қажеттіліктеріне ден қою

  • Код ON9

    Тұрақты оқыту арқылы өзінің кәсіби қызметін үнемі жетілдірумен айналысу

  • Код ON10

    Үздік тәжірибелерді қолдана отырып және жоғары этикалық стандарттарды ұстай отырып, пациенттерге бейілділігін көрсету

  • Код ON11

    Қоғамның Денсаулық сақтау саласындағы үміттерін мойындай отырып және ден қоя отырып, қоғамға бейілділігін көрсету

  • Код ON12

    Қазіргі статистикалық бағдарламалар негізінде деректерді статистикалық өңдеуді жүргізе білу

  • Код ON13

    Мақалаларды жазу дағдыларын меңгеру

Top