Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M11105 Туризм в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазіргі заманғы туризм технологиялар ілімінің негізінде туристік қызметті дамытудың аймақтық және республикалық ғылыми негізделген бағдарламаларын әзірлей алатын және де туристік кәсіпорындар деңгейінде қызмет көрсетулерді дайындап, жылжытатын үрдісті басқаруға мүмкіндігі бар магистрларды даярлау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M147 Туризм
  • Білім беру саласы 7M11 Қызмет көрсету
  • Дайындық бағыты 7M111 Қызмет көрсету саласы
  • Аймақтық деңгейде туристік бизнес үрдістерді модельдеу
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудың мақсаты болып бизнес-процесстер үлгілерінің теориялық негіздерін меңгеру, сондай-ақ процесті бизнестік басқару саласы бойынша білім алу болып табылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 4

    Курстың мақсаты «Шетел тілі (кәсіби)» тілдік емес мамандықтардың шет тілді білім беру үдерісінде базалық стандарттық тыс деңгейінде магистранттардың мәдени-коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыру (С1). Курс академиялық хаттарды меңгеру нормасын, сыни талдау дағдылары, ғылыми шолуларға дайындықтарын дамыту, түйіндер, рефераттар жасау және тақырыптар бойынша жүргізілетін зерттеулердің библиографиясын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Туризмдегі статистикалық талдау
    Несиелер: 5

    Туризмдегі басқарушылық шешімдердің тиімді жүзеге асуы мен қабылдануы статистикалық талдаудың дұрыс жүргізілуіне байланысты. Талдауды дұрыс жасаудың ең маңызды мақсаты туризмнің аймақтар бойынша дамуының әдістемелік-ұйымдастырушылық мәселелерін жекелей зерттеуге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Туризм индустриясындағы франчайзингтік қатынастар
    Несиелер: 5

    «Туристік индустриядағы франчайзингтік қатынастар» пәнінің негізгі мазмұны негізгі ұғымдар мен категориялар негіздерінің мәні, ерекшеліктері, Қазақстандағы туризм саласының серпінді дамуын айқындайтын, әрі кәсіпкерліктің маңызды түрі ретіндегі венчурлік кәсіпкерлік пен франчайзингтер дамуының динамикасы, оның даму бағыттарын қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Туризмдегі өнімдерді әзірлеу және инновациялар
    Несиелер: 5

    Пәнді зерттеу туризмдегі инновациялық қызметтің теориялық негіздері, жалпы қағидаттары, факторлары мен үрдістері туралы толық түсінік береді, сондай-ақ туризмді дамытудың инновациялық аспектілерін Қазақстандағы тұрақты туризмді дамыту факторы ретінде жан-жақты талдауға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы және философиясы
    Несиелер: 4

    «Ғылым тарихы мен философиясы» курсы магистранттардың бойында ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырып, сараптамалық қабілет пен ізденіс қызметінің дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Туризм индустриясын зерттеудің кеңістіктік әдістері
    Несиелер: 5

    Курс кеңістік әлеуметтік-экономикалық құбылысты жүйелі және жан-жақты зерттейтін туризм жөніндегі бастапқы ғылыми пән болып табылады және туризм индустриясының дамуындағы әдіснама мен теорияның маңызын, туризм индустриясы мәселелерінің ғылыми зерттелуінің теориясы мен әдіснамасын, ішкі және сыртқы байланыстарды анықтаудың жүйелік тәсілін, әлемдік туризм индустриясының қалыптасу механизмдерінің орнығуын зерттеудің әдістемелік негізін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Туристика және туристік дестинацияларды жобалау
    Несиелер: 5

    Пән «Туристік дестинация» түсінігі туралы және туристік дестинация маркетингі тұжырымдамасы төңірегіндегі негізгі түсініктер туралы, олардың типологиясы және туристік дестинациялардың қызмет етуі мен басқарудың ерекшеліктері жайлы ұғым қалыптастыруға бағытталған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 4

    Аталмыш оқу курсының қажеттілігі магистранттардың негізгі заманауи психологиялық тұғырлар мен қағидаларды, жеке тұлғаға тән психикалық үрдістерін зерттеу әдістерін, іс-әрекет тетіктерін реттеуді жеке тұлға мен топтың мінез-құлық заңдылықтарын түсіну және оны қызмет барысында пайдалану ақылы дәлелденеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Туристік өнімнің бәсекеге қабілеттілігі
    Несиелер: 5

    Бұл пән бәсекеге қабілетті кластерлерді қалыптастырудың теориялық және әдістемелік аспектілерін, кластерлерді дамытудағы әлемдік тәжірибесін; туристік кластердің мәнін, құрылымын, картасын, жіктелуін; мемлекеттік саясаттың негізі ретінде және инновацияны ынталандыру үшін негіз ретінде мемлекет, аймақ, өнеркәсіп салаларының бәсекеге қабілеттілігін талдауда кластердің рөлі; сонымен бірге Қазақстанның туристік кластерін дамыту перспективалары және Қазақстанның аймақтарында туризмді дамытудың бас жоспарын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Туризм және қонақжайлылық саласындағы маркетингтік аналитика
    Несиелер: 5

    Туризм және қонақжайлылық саласындағы маркетингтік аналитика – бұл туризм және қонақжайлылық саласындағы қызметтер мен өнімді жылжыту, өткізу және сатудың ерекше және негізгі қызметін зерттейтін пән болып табылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Туризм саласындағы бизнес-коммуникациялар технологиялары
    Несиелер: 5

    Бұл пән туристік саласында болашақ мамандарды даярлаудағы басты тақырыптардың бірі болып табылады, ол өз кезегінде туризмнің барлық негізгі аспектілерімен келесідей кең ауқымдағы тақырыптарда, оның ішінде туристік қызметтерді жасау технологиясы, демалыс және туризмнің табиғи және мәдени-тарихи қорларының алуан түрлілігімен; серіктестермен және қызмет көрсетушілермен жұмыс ұйымдастыруды таныстырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Туризмдегі SMM маркетинг
    Несиелер: 5

    Курс туристік өнімді және қызметтерді әлеуметтік ресурстардын көмегімен мақсатты аудитория арқылы өткізу жолдарын қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Туризмдегі консалтинг
    Несиелер: 5

    Пәннің мазмұны туризм дамуына әсер ететін факторларға қатысты мәселелер шеңберін қамтиды. Туризм түрлерінің жіктелуі, олардың әлемдегі, Қазақстанның макроаймақтарындағы қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары егжей-тегжейлі қарастырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Туристік қызметті картографиялық жобалау
    Несиелер: 5

    «Туристік қызметті картографиялық жобалау» оқу курсы жоспарлаудың, кәсіби туристік қызметті іске асыруды және жобалау мен ұйымдастырушылық-басқарудың негізін оқудағы басты бөлім болып табылады. Басты назарда туризмді дамытудың заманауи жағдайларына талдау жасалады; туристік индустрияның мәселелері мен даму болашағына, туристік қызметтің дамуына, ұйымның нормативті- құқықтық базасына мән беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жоғары мектеп педагогикасы
    Несиелер: 4

    Бұл пәнді оқытудың қажеттілігі жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білім беру жүйесінде магистранттардың тұтас педагогикалық процессті ұйымдастыра білуін, кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктерді меңгеруін және табысты ғылыми шығармашылық белсенділіктерін дамыту болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Халықаралық туризм және Event менеджмент
    Несиелер: 5

    Курс халықаралық туризмнің дамуымен Event менеджмент саласының даму мәселелерін қарастырады. Event менеджмент – арнайы іс-шаралар мен жекелеген мереке-мейрамдарды, ойын-сауық іс-шараларын, фестивальдар,бизнес пен корпоративтік іс-шараларды (көрме, кездесу, жиналыс) саяси және мемлекеттік шараларды, мәдениет және спортпен байланысты іс-шараларды, жекелеген іс-шараларды (кештер, тойлар, отбасылық мерекелер) ұйымдастыруды зерттейтін қосалқы сала болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Smart-туризм технологиясы мен трендтары
    Несиелер: 6

    Пәннің мазмұны білімгерлердің туристік дестинациялардағы SMART технологияларын қолдану аясындағы теориялық және практикалық білім кешенін қалыптастыру қағидаларына негізделген

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Туризмнің тұрақты даму концептологиясы
    Несиелер: 6

    Курс білім алушыларға «тұрақтылық», «тұрақты туризм» және «туризмнің тұрақты дамуы» ұғымдарының негізгі қағидаларын таныстырады.Туризмнің тұрақты дамуы тұжырымдамасына сәйкес «Жасыл экономика» технологиясын қолданумен туристік ресурстардың артуын ескере отырып, туристік өнімдерді дамытуға қатысты әдіснамалық мәселелер қарастырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Автокаравандық турлар мен кемпингтік туризмді жобалау
    Несиелер: 5

    Курс тасымалдаудың тарифтері мен талаптарын ескере отырып, туристердің тасымалдауын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін автокаравандық турлар мен кемпингтік туризмді жобалау заңдылықтарын оқытады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Туризмдегі Big Data
    Несиелер: 6

    Туризм саласында ауқымды мәліметтерді қолдану бүгінгі таңда туризмді заманауи тұрғыдан дамыту үшін маңызды. Ауқымды мәліметтер туризм саласындағы қызметтер мен ұсыныстарды дамыту мен өткізудің жеңіл әрі тиімді жолы болмақ, сол себепті бұл пән мамандарды дайындауда үлкен маңызға ие

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Туризм және қонақжайлылық саласындағы әлеуметтік-экономикалық зерттеулер методологиясы
    Несиелер: 6

    «Туризм және қонақжайлылық саласындағы әлеуметтік-экономикалық зерттеулер методологиясы» курсы туризм индустриясында әлеуметтік-экономикалық зерттеулердің маңызды теориялық және әдіснамалық аспектілерін: әлеуметтік-экономикалық зерттеулердің көрсеткіштері және туризм индустриясында ғылыми зерттеулер жүргізудегі ғылыми тәсілдерді қолдану әдістері, тәсілдер мен шешімдер әлеуметтік-экономикалық зерттеулердің нәтижелерін келешектегі кәсіби қызметте пайдалану бойынша нақты міндеттерін қамтиды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON1

    ОН1 – Негізгі дүниетанымдық және әдістемелелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді талдау және кәсіби қызметте пайдалана білу.

  • Код ON2

    ОН2 –Заманауи педагогикалық технологияларды меңгеру және коммуникативтік мүмкіндіктерді игеру.

  • Код ON3

    ОН3 - Туристік қызметті әзірлеу мен жобалау шеңберіндегі ақпаратты іздестіру мен басқарудың заманауи тәсілдерін меңгеру.

  • Код ON4

    ОН4 – Туристік дестинациялар жұмысында болжам жасау және модельдеу.

  • Код ON5

    ОН5-Инновациялық, аймақтық және республикалық деңгейде туристік жобаларды әзірлей алу.

  • Код ON6

    ОН6- Тур өнімнің бәсекеге қабілеттілігін өзіндік бағалау мен туристік өнімді республикалық және халықаралық деңгейде туристік қызметті жылжытудың себеп-салдарлық байланысын анықтау.

Top