Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B03239 Журналистика в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Журналистика және ақпарат бағыты бойынша білім алушыларды даярлауда білім беру бағдарламаларының негізгі мақсаты: -Білім алушылардың қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтарын, мемлекеттік тілді, ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде орыс және шетел тілдерін білу негізінде әлеуметтік-гуманитарлық білімді, іскерлікті меңгеруін; -Отансүйгіштік, Қазақстан Республикасы халықтарының достығы, әр түрлі мәдениеттерге, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету рухында тәрбиеленуін қамтамасыз ету; - білім алушыларды этикалық, рухани, мәдени құндылық, әлеуметтік мінез құлықты реттеу формалары мен негізгі заңдылықтарды, тұлғаға деген әлеуметтік ұстаным жайында түсініктерді білу; - әр түрлі әлеуметтік жағдаяттарды бағдарлай білу, креативті ойлау іскерлігі, басқа ұлттың мәдениетіне, салт дәстүрлеріне шыдамдылық таныту, белсенді өмір позициясын ұстану; -тұлғалық және ақпаратты игеру жағынан дамытуға, сондай-ақ білім беру үрдісінің түрлі салаларын үйлестіруге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыруға және бәсекеге қабілетті халықаралық талаптарға сай кәсіби біліктілігі жоғары журналисттерді даярлау; «6В032-Журналистика және ақпарат» бағыты бойынша (Журналистика) білім беру бағдарламасы шеңберінде кәсіби білімді және тәжірибелік дағдыларды, қазіргі заманғы заманауи ақпараттық технологияларды меңгеруді қамтамасыз ету; - Білім алушылар түрлі ақпарат агенттіктермен байланыста жұмыс істей алуы, ақпарат тауып, іріктеп, өңдеп, өнім күйінде дайындауы, тікелей эфирде, электронды поштамен, жергілікті медиа және баспасөз орталықтарымен жұмыс істей алуды қамтамасыз ету.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B042 Журналистика және репортер ісі
Top