Жаңа білім беру бағдарламасы

8D04114 Мемлекеттік және жергілікті басқару в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • Академиялық хат

    Пән аясында ғылыми-зерттеу жұмысын жалпы академиялық адалдық қағидалары шеңберінде ғылыми этикаға сай жазу, жобалау, жүргізу жолдары және оларды салыстырмалы талдау, бағалау әдістері көрсетіледі. Сондай-ақ, халықаралық ғылыми дерекқорлар мен әртүрлі ғылыми баспалар таныстырлып, қалай жұмыс жасау, олардың өнімдерін қалай және қай жерде пайдалануға болатындығы үйретіледі. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына сілтеме жасау және плагиатқа тексеру әдістері мен бағдарламалары таныстырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мемлекеттік және жеке серіктестік.

    Докторантарда мемлекеттік және жеке сектордың тиімді өзара іс-қимылы үшін бизнес-модельдер мен басқару құралдарын қолдана отырып тиімді шешімдер қабылдау дағдысы қалыптастырылады. Курс шеңберінде мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесіндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің рөлі, оны ұйымдастыру, жобалық қаржыландыру қарастырылады. Мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының әртүрлі салаларында жобаларды әзірлеу және іске асыру үшін зерттеу жүргізудің және әлеуетті мүмкіндіктерді іздестірудің әртүрлі әдістерімен таныстырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Докторанттарда диссертациялық жұмысты орындау және ғылыми мақалаларды жазу кезінде қолданылатын ақпаратты жинау, өңдеу және талдау әдістері туралы дағдылар мен білімді қалыптастыру. Бұл білім алушыға өзінің диссертациялық жұмысында зерттеудің сапалық және сандық әдістерін таңдауға мүмкіндік береді. Білім алушыға ғылыми әдісті ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданудың мәні мен ерекшеліктерін түсінуге, ғылымның қазіргі заманғы деңгейіндегі ғылыми мәселелерді қоюға және шешуге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сандық экономиканы басқарудағы жасанды интеллект

    Бұл пән сандық экономиканың трансформациялық үрдістерін басқаруда жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы күрделі жүйелерді талдау, модельдеудің ғылыми-теориялық және әдіснамалық аспектілерін терең зерттеуге бағытталған. Докторанттарға заманауи сандық платформалардағы басқарушылық шешімдерді автоматтандырудың инновациялық тәсілдерін меңгеруге жасанды интеллекттің сандық экономикасының макро және микродеңгейдегі процестерін бағалауға мүмкіндік береді

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мемлекеттік саясаттағы зерттеулердің қолданбалы әдістері

    Пән аясында мемлекеттік басқару және саясат саласындағы ғылыми зерттеулер нәтижелерінің дәйектілігін бағалауда зерттеулердің сандық және сапалық әдіснамасын, математикалық модельдердің әр түрлі формаларын қолдану әдістері көрсетіледі. Сондай-ақ экономикалық және әлеуметтік проблемаларды практикалық шешуге бағытталған зерттеудің әртүрлі қолданбалы әдістері үйретіледі. Сондай-ақ мемлекеттік басқару саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін қажетті ғылыми зерттеудің әдіснамасымен таныстырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Стратегиялық форсайт және мемлекеттік басқарудағы заманауи технологиялар

    Пән шеңберінде стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін жаһандық және әлеуметтік-экономикалық даму жүйесінде тез бағдарлана отырып стратегиялық ойлау дағдыларын қалыптастырады және ғылыми зерттеулерді жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып енгізу жолдары көрсетіледі. Білім алушыға ұзақ мерзімді мемлекеттік даму стратегияларын әзірлеу және іске асыру үшін стратегиялық форсайт технологиясын қолдану мүмкіндігі мен қажеттілігін бағалаудың әртүрлі әдістерімен таныстырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми-зерттеу еңбектерін жазуда, ғылыми этика шеңберінде академиялық адалдық қағидаларын қолданып, халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін пайдаланады
  • Кәсіби саласында қолданылатын заманауи зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдануға қабілетті
  • Зерттеу бағыты бойынша мақсаттар мен міндеттерді анықтай отырып, зерттеу нәтижелері негізінде қағидалар ұсынып, ғылыми еңбектерді әзірлейді және қорғайды
  • Мемлекеттік және жеке сектордағы үрдістердің сандық өзгерісін, мақсаттарға жетуін, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын талдап, басқару қызметін жасанды интеллект арқылы модельдеу және бағалау кезінде тиімді шешімдер қабылдайды
  • Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін жаһандық және әлеуметтік-экономикалық даму жүйесінде тез бағдарлана отырып, стратегиялық ойлау арқылы мемлекет пен жеке сектордың тиімді өзара байланысы үшін бизнес модельдер мен басқару құралдарын қолданады
  • Заманауи әдістер мен бағдарламаларды, зерттеулердің сандық және сапалық әдіснамасын пайдалану арқылы басқару мәселелерін шешуде математикалық модельдердің әр түрлі формаларын қолданады
  • Мемлекеттік басқару және саясат саласындағы ғылыми зерттеулерді жаңа инновациялық технологияларды және жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып жүргізеді, нәтижелердің дәйектілігін енгізу жолдарын көрсете отырып дәлелдейді
Top