8D03205 Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты - теориялық және практикалық ойлауы, көшбасшылық қасиеттері бар, өзіндік дәлелді ұстанымын қалыптастыратын, қазіргі заманғы IT негізінде құжаттану, архивтану және педагогикалық қызмет салаларында іргелі және пәнаралық зерттеулерді ұсына алатын ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Докторантура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 180
-
Білім беру бағдарламаларының тобы D069 Кітапхана ісі, ақпаратты өңдеу және архив ісі
-
Білім беру саласы 8D03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
-
Дайындық бағыты 8D032 Журналистика және ақпарат
Пәндер
-
Басқару қызметін модельдеу
Пәннің мақсаты басқарушылық қызметті заманауи модельдеудің теориялық, әдіснамалық және қолданбалы мәселелерін тиімді ұйымдастырушылық ойлау негізінде талдау және шешу қабілетін қалыптастыру. Пәннің аясында мына төмендегі аспектілер қарастырылады:басқару жүйелерін моделдеудің теориялық-методологиялық негіздері; моделдеу бойынша жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру; басқарудың шағын жүйесін модельдеу; құжаттаманы және архив ісін басқару.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Архив ісіндегі инновациялық технологиялар
Мақсаты: архив мекемелері қызметінің негізгі үдерістерін (жинақтау, есепке алу, сақтау, пайдалану) автоматтандыру мәселелерін шешу үшін заманауи инновациялық технологияларды қолдану қабілетін қалыптастыру. Курста: архив ісіндегі ақпараттық-технологиялық (имиджинг, репрография, цифрлық имиджинг), инженерлік-техникалық және ұйымдастырушылық инновациялар, архив қызметінің әртүрлі бағыттарында ДБ құру, ДБ жіктелуі, архив ісінде жасанды интеллектті қолдану қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Архивтік деректанудың теориялық-методологиялық мәселелері
Пәннің мақсаты архивтанудың әртүрлі аспектілерін зерттеуде деректану әдістемесін қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс пәнаралық тәсіл негізінде архивтік деректанудың объектісі мен пәнін, деректану, археография және ақпарат теорияларын, отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми зерттеулеріндегі архивтік деректанудың әдіснамалық негіздерін, теориялық деректану жүйесіндегі архивтік эвристиканы зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құжаттану және архивтануды зерттеудің әдістемесі мен метатеориялары
Мақсаты: Архивтану және құжаттану саласындағы білімді пайдалана отырып, жүйелі ғылыми дүниетаным негізінде кешенді, оның ішінде пәнаралық зерттеулерді жобалау және жүзеге асыру қабілетін қалыптастыру. Курста қарастырылады: Ғылымның әдіснамасы мен әдістері: философиялық және ғылыми аспектілер. Интеллектуалды даму контекстіндегі ғылым әдіснамасы. Архивтану мен құжаттануды ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электронды құжаттардың метадеректерін басқару
Пәннің мақсаты - метадеректердің стандарттарын жүйелеу, түсіндіру және оларды ақпаратты қамтамасыз етуді басқаруда қолдану қабілетін қалыптастыру. Курста қарастырылады: электронды құжаттарды сақтауды қамтамасыз етудегі метадеректердің рөлі мен қажеттілігі; электронды құжаттарды басқарудың жалпы модельдері; электронды құжаттардың метадеректерін басқару бойынша нормативтік-әдістемелік құжаттар; электрондық құжаттардың метадеректерінің құрамы және жіктелуіне қатысты әртүрлі тәсілдер.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Заманауи аудиовизуалды коммуникациялар
Пәннің мақсаты мәдени-ақпараттық салада білікті практикалық қызмет дағдыларын қалыптастыру және аудиовизуалды коммуникацияның заманауи түрлерін қолдану. Аудиовизуалды коммуникациялар теориялары, аудиовизуалды коммуникацияларды зерттеудің әдіснамалық аспектілері (социологиялық, психологиялық, семиотикалық), аудиовизуалды коммуникациялар саласындағы құжаттау технологиялары, кешенді деректану саласындағы аудиовизуалды коммуникациялар, коммуникацияның қолданбалы модельдері, технотрондық коммуникация өнімдерін талдау әдістері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Аудиовизуалды және электронды құжаттар археографиясының проблемалары
Пәннің мақсаты -пәнаралық білімді аудиовизуалды және электронды құжаттарды жариялау мәселелері бойынша зерттеу үрдісіне интеграциялау қабілетін қалыптастыру. Курс аудиовизуалды және электронды құжаттарды архивтанудың қазіргі заманғы тұжырымдамаларын; электрондық форматта құжаттарды жариялаудың технологиялық аспектілерін, басылымдардың әртүрлі түрлері үшін аудиовизуалды және электрондық құжаттарды анықтау және іріктеу әдістемесін зерделеуге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеудің әдістері
Пәннің мақсаты –докторанттардың таңдап алған бағыт, дайындық саласында заманауи ізденіс әдістерін меңгеру, ғылыми ақпаратты өңдеу және қолдану ісінде шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, сонымен бірге жоспарлау, ұйымдастыру және ғылыми-зерттеу қызметін кезең-кезеңмен өткізу, кешенді зерттеуді жобалау және жүзеге асыру ғылыми-біліктілік жұмыс (диссертация) тақырыбына сәйкес зерттеудің эмпирикалық базасымен ғылыми-эксперименталды жұмыс жүргізу қабілетін дамыту
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Архивтану және құжаттанудағы ақпараттық жүйелер
Пәннің мақсаты - архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етуде қолданылатын заманауи ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру. Ақпараттық деректер базасын әзірлеу әдістері, олардағы құжаттарды жүйелеу, ДБ-дағы ақпарат иерархиясы, архивте құжаттық деректер базасын, мекеменің құжат айналымы жүйелерін әзірлеу кезінде техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу мен пайдалануды ұйымдастыру қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық жазу
Пәннің мақсаты – докторанттарда таңдалған тақырыпты негіздеу, зерттеу мәселесін тұжырымдау, жұмыс жоспары мен құрылымын құру, дереккөздерге шолу дайындау, өз деңгейінде ғылыми мәтіндер жазу қабілеттерін, қазіргі халықаралық әлеуметтік ғылымдардың заманауи стандарттарының дамыту. Курс импакт-факторы бар шетелдік журналдарда, ҚКСОН басылымдарында және т.б. ғылыми жұмыстарды жариялау саласында ғылыми, әдістемелік және әдістемелік білімдерді пайдалана білуді дамытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Студенттік орталықтандырылған оқыту және бағалау қағидаттарын ескре отырып, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және педагогикалық қызметті жүзеге асыру.
- Заманауи ақпараттық технологиялардың үдерісін, оның ішінде жасанды интеллектті қолдануды зерттеу және оларды архив ісі мен басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету салаларына енгізу жолдарын әзірлеу.
- Идеяларды қалыптастыру, басқару қызметтің нәтижелерін болжау, архив ісі мен құжаттамалық қамтамасыз ету саласында кең ауқымды өзгерістерді жүзеге асыру және оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.
- Метадеректерді басқарудың әдіснамалық және технологиялық алгоритмдерін пайдалана отырып, тақырыптық деректер базасын және архив саласы мен басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етудың бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін әзірлеу.
- IТ-технологиялар саласы, архивтік құжаттарды цифрлық форматқа көшіру, электрондық құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу және оларды архив ісінің тәжірибесі мен оқу үрдісіне енгізу.
- Архив ісі, құжаттану, деректану, аудиовизуалды құжаттардың археографиясы, ақпараттық технологиялар салаларында пәнаралық зерттеулер жүргізу және архивтік құжаттарды зерттеу, оларды анықтау мен іріктеу әдістері мәселелері бойынша пікірталас жүргізу.
- Зерттеу барысында алынған ғылыми нәтижелерді жоғары импакт-факторы бар халықаралық ғылыми журналдарда жариялау және оларды ғылыми-практикалық форумдарда, халықаралық және республикалық конференцияларда сыннан өткізу.
- Архивтану, құжаттану, аудиовизуалды құжаттар археографиясы мен деректанудың теориялық және практикалық мәселелерін түсіндіру және зерттеу нәтижелерін іс жүзінде жүзеге асыру үшін ішкі және сыртқы ғылыми мектептермен ынтымақтастық орнату.
- Ұжымды басқару мен басқаруда көшбасшылық таныту, құрылымдық бөлімшелердің орынбасарларының, басшылары мен қызметкерлерінің міндеттерін, олардың қызметін талдау негізінде тиімді бөлу.
- Зерттеу нәтижелерін кейін коммерцияландыра отырып ақпараттық өнімдер мен қызметтерді құру мақсатында меншіктің әртүрлі нысандарындағы ұйымдармен ғылыми бірлескен жобаларды іске асыру.