Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M03101 Саяси үдерістер және қауіпсіздік в Нархоз Университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Саяси ғылымдар мен қауіпсіздік саласындағы, саяси үдерістерді сыни тұрғыдан талдау және болжау дағдылары бар, әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялық құрылымдардың, сондай-ақ азаматтық бастамалардың негізінде әртүрлі саяси жобаларды тиімді басқара алатын мамандар даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
ЖОО атауы Нархоз Университеті
-
Оқу мерзімі 1 год
-
Кредиттер көлемі 60
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M063 Саясаттану және конфликтология
-
Білім беру саласы 7M03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
-
Дайындық бағыты 7M031 Әлеуметтік ғылымдар
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Өндірістік практика
Саяси психология
Зерттеу әдістемесі
Заманауи саяси технологиялар
Саяси талдау және болжау
Менеджмент
Қазіргі кезеңдегі ақпараттық қауіпсіздік
Қарулы қақтығыстар және қауіпсіздік
Әлемдік саясаттағы Қытай және Орталық Азия
Басқару психологиясы
Келіссөздер және медиация
Экономикалық қауіпсіздік
Қақтығыстардағы гендерлік фактор
Шетел тілі (кәсіби)
Оқыту нәтижелері
- Мемлекеттік саясаттың ұлттық басымдықтарын, құрылымдық бағдарламаларын, этикалық және мінез-құлық салдарын ескере отырып, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа алып, өзекті ақпараттарды талдап, әр түрлі аналитикалық әдістерді қолданып, тәуекелдер мен белгісіз жағдайларды ескере отырып, стандартқа сай емес және инновациялық шешімдер қабылдауға және олардың салдарын бағалауға қабілетті
- Саясаттану мен қақтығыстарды басқару саласында кәсіби қызметтерін орындауда цифрлық технологияларды қолдана біледі, өзінің дербес қорытындылары/ пікірлерін ауызша және жазбаша еркін білдіре алуға және оларды кәсіби және кәсіби емес аудитория алдында өз ана тілінде және шет тілінде дәлелдей білуге қабілетті.
- Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрақты даму мен гендерлік теңдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, тұлғааралық өзара іс-қимыл, ұжымды басқару және саяси психология әдістерін тиімді қолдана отырып, шешім қабылдаушылардың іс-әрекеті мен мінез-құлқына әсер ете алуға қабілетті.
- Озық аналитикалық құралдарды, сондай ақ сандық және сапалық зерттеу әдістерін қолдана отырып, ұлттық және аймақтық деңгейде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қақтығыстардың алдын алу саласындағы саясатты әзірлейтін бөлімнің немесе ұйымның стратегиялық қызметін анықтай біледі және тиімді жүзеге асыруға қабілетті.
- Хаттама мен ережелердің талаптарын орындай отырып, халықаралық және жергілікті деңгейдегі келіссөздер жүргізу кезінде ұйым деңгейінде жауапкершілікті өз мойнына алады және шешім қабылдау процесін және команда/жоба тобын басқара білуге қабілетті.
- Қазіргі саяси технологиялар мен тәсілдерге сәйкес, сараптамалық және кәсіби қызмет аясында, саясат пен стратегияларды іске асырудың өзі жасаған жаңа тәсілдерін ұсына білуге қабілетті.
- Болжау және стратегиялық жоспарлау, сондай-ақ сараптамалық қызмет аясында ұсынылған тұжырымдамаларды талқылау үшін жетекші ғылыми-талдау орталықтарымен (think tanks) көлденең байланыстар орната білуге қабілетті.
- Жеке клиенттерге, саяси партияларға, қауымдастықтар мен ұйымдарға саяси жағдайды және қоғамдық пікірді бақылау негізінде, сондай-ақ заманауи трендтерге өзіндік талдау жасау нәтижелері бойынша саяси кеңес беруге қабілетті.
- Барлық деңгейлердегі қатынастар барысында кросс-мәдени түйісулерді және келіссөз үдерісіне қатысушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, келіссөздер барысында пайдалану мақсатында мүдделі тараптар үшін коммуникациялық стратегияны жасай алуға қабілетті.
- Мемлекеттік органдар мен үкіметтің, жергілікті билік органдарының, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың тиісті құрылымдарының сұраныстары мен қажеттіліктеріне сәйкес аналитикалық есеп дайындауға қабілетті.
- Саяси диагностиканың нәтижелерін кәсіби салада заманауи тәсілдерді қолдану арқылы саяси үдерістер мен проблемалық жағдайларды болжауға, қажет болған жағдайда әлеуметтік-саяси үдерістерді түзетуге қолдануға қабілетті.
- Жетекші тұжырымдамаларды басшылыққа ала отырып, алға қойылған мақсаттарға жету үшін тиісті ақпараттық және саяси технологияларды қолданып, түрлі ұйымдардың қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, саяси үдерістер барысында қауіп-қатердің пайда болуын алдын-ала ескертуге қабілетті.