Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B04119 Есеп және аудит в Нархоз Университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазақстандық және халықаралық нарықта сұранысқа ие экономикалық ортаның тез өзгеретін талаптарына оңай бейімделетін, есеп, аудит және қаржы бойынша кәсіби білімі мен дағдысы бар бизнес және басқару саласында мамандар даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
ЖОО атауы Нархоз Университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B045 Аудит және салық салу
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және География
-
Білім беру саласы 6B04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 6B041 Бизнес және басқару
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Қаржылық есепке кіріспе
Макроэкономикаға кіріспе
-
2 Оқу жылы
Басқарушылық экономика
Шетел тілі (ағылшын B2-1)
Шешім қабылдау үшін есеп
Қаржы негіздері
Бизнес үшін сандық әдістер
Шетел тілі (IELTS Foundation)
Шетел тілі (ағылшын B1-2)
Шетел тілі (Narxoz Talks - шешендік өнер және презентация өткізу дағдылары)
Кәсіпкерлік
Шетел тілі (A1-A2, француз, неміс, қытай және корей)
Шетел тілі (Әлеуметтік-мәдени мәселелер)
Аралық қаржылық есеп 1
Шетел тілі (B1 француз, неміс, қытай және корей)
Шетел тілі (ағылшын B2-2)
Шетел тілі (ағылшын B1-1)
Басқару есебі және бақылау
Шетел тілі (Бизнес әлеміне кіріспе)
-
3 Оқу жылы
Зерттеу әдістері
Жобалық менеджмент
Қаржылық есептілікті талдау
Ілгерілемелі қаржылық есеп
Салық салу негіздері
Брендтерді басқару
Ілгерілемелі басқару есебі
Менеджмент негіздері
Аралық қаржылық есеп 2
Көшбасшылық коммуникациялар дағдылары
Маркетинг негіздері
Аудит және ілеспе қызметтер
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары
-
4 Оқу жылы
Ілгерілемелі салық салу
Перспективті зерттеулер және болжау
Тиімділікті ілгерілемелі басқару
Халықаралық қаржылық сәйкестік
Есептегі өзекті тақырыптар
Бухгалтерлік есептегі жағдайлар
Корпоративтік басқару және құқық
Есептің ақпараттық жүйелері
Ұйымдық мінез-құлық
Ішкі аудит және бақылау
Қаржылық құралдар есебі
Оқыту нәтижелері
- Стандартты емес шешімдерді, сондай-ақ кәсіби пікірді білдіру, өзекті ақпараттарды талдау, әртүрлі аналитикалық әдістерді пайдалану арқылы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын, зерттеулердің этикалық салдарлары мен нормаларын, академиялық адалдықты ескере отырып, олардың салдарын дербес қабылдауға және бағалауға қабілетті.
- Бизнес және басқару саласында кәсіби қызметтерді жүзеге асыра отырып, тиісті сандық технологияларды, құралдар мен теорияларды қолдануға қабілетті.
- Ауызша және жазбаша, коммуникативтік дағдыларды көрсете отырып, дәлелдерді тұжырымдап, фактілер мен зерттеулерге сүйене отырып, сондай-ақ топ ішінде жұмыс істей білуді көрсете отырып, шешім қабылдайтын тұлғалардың да, ұйымның мүдделі тараптарының да іс-әрекеттері мен мінез-құлқына әсер етуге қабелетті.
- Басқару және бизнес саласындағы кәсіби қызметтерді жүзеге асыру үшін негізгі тұжырымдамаларды, күрделі және айқын емес тәуелділіктерді, парадигмалар мен менеджменттің, маркетингтің, болашақты болжау және деректерді талдаудың функционалдық салаларындағы теориялық әзірлемелерді біріктіруге қабілетті.
- Академиялық хат пен көпшілік алдында сөз сөйлеудің тұрақты дағдыларын көрсете отырып, ішкі және сыртқы мүдделі тараптар үшін қаржылық, басқарушылық ақпаратты талдауға және ұсынуға қабілетті.
- Кәсіби саладағы алдыңғы қатарлы білімге негізделген, жеке әлеуетті ашу және кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыру үшін, сондай-ақ қоғамға қызмет ету үшін көшбасшылық қасиеттерді көрсетуге және өз бетінше оқытуды тәжірибеде іске асыруға қабілетті
- Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына (IAS, IFRS), қаржылық және салық заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп пен салық саясатын әзірлеуге қабілетті.
- Зерттелетін саладағы зерттеу және кәсіби есептерді шешу үшін экономикалық үрдістер мен құбылыстардың заңдылықтарын ескере отырып, алынған нәтижелерді талдап және мазмұнды түсіндіре отырып, стандартты теориялық және экономикалық модельдерді құруға қабілетті.
- Әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдардың есептілігінде қамтылған қаржылық, басқарушылық және салықтық ақпаратты талдап және түсіндіре алады, соның ішінде үлкен деректерді талдау мен визуалдауды байқау үшін теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды қолдана алады.
- Ұйымның қаржы ағындарын басқару үдерістерін ақпараттық және жедел-талдамалық қолдауды қамтамасыз ете отырып, стратегиялық мақсаттарға бағдар ала отырып, ұйымның және жобалардың бюджетін жасауға қабілетті.
- Аудит пен қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық базасын қолдана отырып, ішкі және сыртқы аудит негізінде қаржылық есепілік мәліметтерінің дұрыстығын дәйектілікпен бағалауға қабілетті.
- FATF стандарттарына және ЭЫДҰ қағидаттарына сәйкес кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы қаржылық бұзушылықтарды болдырмауға қабілетті