Жаңа білім беру бағдарламасы

7R01105 Терапия в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • Ауруханадағы терапия

    Пән "дәлелді медицина қағидаттарына" сүйеніп Қазақстан Республикасының "ауруларды диагностикалау мен емдеу хаттамаларын" пайдалана отырып, дәрілік препараттардың қауіпсіздігі мен тиімділігін ескере отырып, ішкі органдар ауруларын диагностикалаудың жаңа жоғары технологиялық әдістері бойынша білім мен практикалық дағдыларды, терапевтік бейіндегі пациенттерді жүргізу бойынша құзыреттерді; кенеттен жіті терапиялық жағдайлар кезінде шұғыл көмек көрсету машықтарын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 88
  • Клиникалық зертханалық диагностика

    Пән терапевтің теориялық білімін одан әрі тереңдетуге, сонымен қатар оған берілген кәсіби және қызметтік міндеттерге сәйкес тәжірибелік дағдыларды жетілдіруге клиникалық зертханалық зерттеу әдістерін түсіндіреді, адам ағзасының биологиялық материалдарының объективті химиялық және морфологиялық анализдерінің зертханалық тәсілдердің талдауының көмегімен организмнің және оның физиологиялық жағдайын, резервтік мүмкіншіліктерін бағалайды, патологиялық ауытқуларды анықтап, диагноз тұжырымдауға негіз беретін, динамикасын, ем нәтижесі мен реабилитацияны бақылауға көмектеседі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Ішкі аурулар клиникасындағы жетекші синдромдардың дифференциялық диагнозы

    Пән тыныс алу жүйесінің, жүрек-тамыр жүйесінің, ревматикалық аурулардың, ас қорыту жүйесінің, зәр шығару жүйесінің, гемопоэтическалық жүйенің аурулары, эндокриндік аурулар және метаболикалық бұзылулар кезігдегі клиникалық синдромдарды ерте анықтауға, жетекші синдром бойынша бір қатар ауруларды дифференциалды диагностикасын, емдеуін, медициналық тексеруін, оңалту шараларын жүргізуге көмек береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Амбулаторлы - емханалық терапия

    Пән біріншілік медициналық-санитарлық көмек деңгейінде ересектерге емдеу, алдын-алу көмегін ұйымдастыруды оқытады. Кардиология, пульмонология, ревматология, гастроэнтерология, нефрология, гематология, эндокринология ауруларының алдын алу, клиникалық синдром бойынша ерте диагноз қою, дифференциалды диагностика, емдеу, диспансерлеу, оңалту шараларын жүргізу. Бейінді маманнан алғашқы медициналық-санитариялық көмек дәрігеріне жіберілетін консультациялық-диагностикалық қызметтер, диспансерлік топтардың нозологиясының тізбесі мен көлеміне сәйкес пациенттерді бақылау. Медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелерін шешуге құзіретті.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 46
  • Клиникалық электрокардиография

    Пән жүрек және қан-тамырларының функционалдық пен органикалық патологияларын, жүректің ырғақ пен өткізгіштік қызметтері бұзылыстарының электрокардиографиялық диагностикасын қорытады. Пән игеру нәтижесінде резиденттер пацинетпен, басқа мамандарымен тиімді қатынас құра отырып, машықтарын кәсиби деңгейде тереңдетеді; өз бетінше оқуға, басқа резиденттерді оқытуға, медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде ұйымдастырылатын дөңгелек стөлдерде пікірталастарға, ғылыми-тәжірибелік және патологиялық-анатомиялық конференцияларға қатысуға қабілетін нығайтады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Егде жастағы терапиялық пациенттерді жүргізу ерекшеліктері

    Пән егде және кәрілік жастағы адамдарда ішкі ағзалар аурулар арасынан популяцияда таралған ауруларының (АГ, ЖИА, СЖЖ, СОӨА, тромбоздар, қант диабеті, остеоартроз, гипотиреоз) диагностикасы мен дифференциалды диагностикасы бойынша ағым ерекшеліктері мен практикалық дағдылардың теориялық білімін; әсіресе қарттарға тән коморбидтілікті және дәрілік препараттардың қауіпсіз жеке дозаларын ескере отырып емдік шараларын таңдау құзыреттілігін қалыптастырады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Жүктілердегі терапиялық аурулардың ағым ерекшеліктері

    Пән ҚР-дағы ана аурушаңдығы мен өлім-жітімінің статистикасын ескере отырып, біріншілік (гестациялық) және қайталама экстрагениталдық (вирустық пневмония, артериялық гипертензия, созылмалы пиелонефрит, гломерулонефрит, HELP-синдром, созылмалы вирустық гепатиттер, анемия, тромбоздар, АФС, қант диабеті және т.б.) патологиясы бар жүкті әйелдерді қазіргі заманғы диагностика және жүргізу бойынша білім мен практикалық дағдыларды; жіті жағдайлар кезінде жүктіліктің барысын ескере отырып, шұғыл көмек көрсету бойынша құзыреттерді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • пациентке жетекшілік жасау: медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәлелді практика негізінде клиникалық диагнозды тұжырымдайды, емдеу жоспарын тағайындайды және оның тиімділігін бағалайды;
  • коммуникация және коллаборация: пациент үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында пациентпен, оның айналасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасайды;
  • қауіпсіздік және сапа: медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бағалауға және неғұрлым тиімді әдістерді пайдаланады;
  • қоғамдық денсаулық сақтау: Республикасы Денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастыру саласы шеңберінде өз мамандығы бойынша әрекет етуге, төтенше жағдайларда базалық көмек көрсетуге, ұлт денсаулығын нығайту саясатын жүзеге асыру үшін кәсіби емес командалар құрамында жұмыс істейді;
  • зерттеулер: барабар зерттеу мәселелерін тұжырымдауға, кәсіби әдебиетті сыни бағалауға, өзінің күнделікті қызметінде халықаралық дерекқорларды тиімді пайдалануға, зерттеу командасының жұмысына қатысады;
  • оқыту және дамыту: өз бетінше оқуға және кәсіби команданың басқа мүшелерін оқытуға, пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың өзге де нысандарына белсенді қатысады.
Top