Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D03102 Мәдениеттану в Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Мәдениеттану ғылымының әдістемелік негізі мен теориялық тереңдете оқыту негізінде мәдени зерттеу мен мәдени антропология шеңберінде инновациялық қызметке қабілеттілік, жоғары деңгейлі ғылыми және ғылыми педагогикалық кадрларды дайындау, сондай-ақ, сандық технологиялар мен ғылым шеңберіне байланысты әдістемелер мен жүйелі білімді қолдану; мәдени зерттеу шеңберінде педагогикалық қызмет пен ғылыми-зерттеуге қабылеттілік, мәдениеттану ғылымы аясында өзекті теориялық және қолданбалы міндеттерді қою мен оны шешу, жаңа тұжырымдамалық білімді құру, ғылыми іс-шара ұйымдастыруға ғылыми дискуссия құра алатындай, халықаралық деңгейдегі мамандарды дәлелді түрде көрсету.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D062 Мәдениеттану
  • Дайындық бағыты 8D031 Әлеуметтік ғылымдар
  • Мәдени-релятивизм мәдениеттанулық және мәдени-антропологиялық зерттеулер әдіснамасы ретінде
    Несиелер: 5

    Пәнінің мақсаты «Мәдени-релятивизм мәдениеттанулық және мәдени-антропологиялық зерттеулер әдіснамасы ретінде» мәдени зерттеулердегі әдіснама ретінде релятивизмнің мәнін оқыту: - мәдени зерттеулердегі әртүрлі әдіснамалық тәсілдердің спецификасына компративистикалық талдау жасау; - дәстүрлі және жаңғыртылған қоғам кеңмәтінінде мәдени объектілерді зерттеудің мәдени-релятивизм принциптері, ұғымдар мен әдістерін қолдана білу; - дәстүрлі және қазіргі заманғы мәдениеттің зерттеу әдістері мен релятивистік тәсілдерін ажырата алу және сыни түсіндірме жасау; - халықтардың мәдени ерекшелігін ескере отырып, нақты тарихи және мәдени жағдайдағы адамдар тобының қарым-қатынастарының әртүрлі түрлерін бағалау мен түсіну тәсілдерін сыни тұжырымдау; - мінез-құлық модельдерінің ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі этникалық мәдениеттердегі адамдар тобының қарым-қатынастары мен мінез-құлықтарының әртүрлі формаларын зерттеуде қолданылатын мәдени-релятивизм әдістері мен принциптерін қолдану; - қазіргі заманғы мәдениетті талдаудағы мәдени-релятивизм принциптерін қолдану. Пәннің маңыздылығы. «Мәдени-релятивизм мәдениеттанулық және мәдени-антропологиялық зерттеулер әдіснамасы ретінде» докторанттарды мәдени антропологиядағы мәдени-релятивизм әдіснамасымен, мәдени-релятивизм әдіснамасының теоретиктерімен, мәдени-релятивизм форматындағы мәдени құбылыстарды зерттеудің постмодернистік зерттеушілерімен таныстыруға бағытталған. Пән теориялық курсты қамтиды, докторанттың мәдени нысандардың ерекшелігі мен айырмашылығына байланысты ғылыми-тұжырымдамалық және әдіснамалық көзқарасын қалыптастырады. Пән жүйелі білім негізінен құралған: мәдени-релятивизмның теориялық-концептуалды негіздері (релятивистік концепцияның қалыптасу тарихы, ұғымдық-терминологиялық аппараты, мәдениеттің өзгермелі концепциясы ретінде релятивизмнің дамуының негізігі кезеңдері, мәдени-релятивизмдік әдіснама теоретиктерінің жұмыстары), өзгермелі мәдени құбылыстарды түсіндіру принциптері, мәдени-релятивизм форматындағы мәдени құбылыстарды постмодернистік зерттеу теоретиктерінің жұмыстарымен таныстыру жатады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Академиялық жазу
    Несиелер: 2

    Пәннің мақсаты- академиялық дискурс ерекшелігін ескере отырып әр түрлі ғылыми және ғылыми-ақпараттық мәтіндер жасау, өзіндік идеяларын құрылымдық тұрғыдан баяндау қабілетін қалыптастыру. Пән ғылыми стилдің ғылымилығын, дұрыстығын, жаңалығын, өзектілігін, ерекшелігін құрылымын, қисынын, ерекшеліктерін ашады. Ғылыми мәтіндердегі нормативті-стилистикалық қателерді тәсілдерін талдау. Докторлық диссертация тақырыбы, таңдап алынған бағытына сай ғылыми мәтіндерді құру

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мәдени зерттеулердің теориясы және әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Пәнінің мақсаты - мәдени зерттеулердің әдіснамасы мен әдістерінің негізгі бағыттары, теориялық тұжырымдамалар, мәселелер, негізгі қағидаларды докторанттардың жүйелік түсінуі мен білуін қалыптастыру болып табылады. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: - мәдени зерттеулердің тақырыптық және мәселелік салаларын білуін көрсете алу; - негізгі түсіндірмелік, терминологиялық, әдіснамалық аппаратын сыни талдау; - мәдени зерттеулер саласындағы тұжырымдамалық және әдіснамалық тәсілдерді ажырату және жүйелеу; - Қазақстан қоғамындағы мәдени үрдістер, түрлі этникалық топтар мен қауымдастықтарға байланысты қолданылатын мәдени зерттеулердің тұжырымдамалары мен терминологиясы, әдістері мен принциптерін қолдану; - мәдени зерттеулердегі әртүрлі әдіснамалық тәсілдерді бағалау.- Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Мәдени зерттеулердің теориялық және тұжырымдамалық принциптер аналитикасы (теориялар, категориялық және ұғымдық аппарат, зерттеудің қағидаттары мен пәндік саласы), мәдени нысанды зерттеудің негізгі әдіснамалық тәсілдерін негіздеуге, алынған нәтижелерін сипаттау және негізгі зерттеу әдістерін талдауға, алынған ғылыми нәтиженің объективтілігін дәлелдеуге, мәдени теоретиктердің басты зерттеулерін (теоретиктердің шығармалары, герменевтикалық талдау, түсіндіру мен талдауға) негізделеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мәдени талдаудағы мәселелер мен әдістер
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: мәдени антропологияның маңызды мәселелерін зерттеудің негізгі әдістері мен әдіснамалық принциптерін зерттеу болып табылады. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - әдістемелік тәсілдерін, тұжырымдамалық бағдарламасын сыни талдау; - далалық зерттеулер жүргізу; - дәстүрлі қауымдастықтар және қазіргі заманғы әлеуметтік-мәдени топтардың және субмәдени құралымдарды зерттеу әдістерін қолдану; - далалық зерттеу жоспары және бағдарламасын әзірлеу қабілетінің болуы; - мәдени ареалдың кеңістіктік және уақыт параметрлерін салыстыру; - субмәдени құбылыстардың, дәстүрлі қоғамдастықтардың ерекше нормалар мен құндылықтарды анықтау. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Пән білім жүйесіне (теориялар, тұжырымдамалар, ұғымдық аппарат, зерттеудің құрылым бағдарламасының қағидаттары), әдіснамалық негіздерге (әдістер, зерттеу әдіснамасы, жіктеу принциптері, ақпараттардың жүйелігі, зерттеу нысаны және тақырыпты таңдау), тәжірибелік зерттеу жүргізуге (бағдарлама құру, мәдени нысандарды талдауда қолданылатын әдістер) сүйенеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мәдениеттанулық зерттеулердегі этноәдіснама
    Несиелер: 5

    Пәнінің мақсаты «Мәдениеттанулық зерттеулердегі этноәдіснама» докторанттарды этномәдени құбылыстардың репрезентациясы мен әдіснамалық түсінулерімен, мәселелік түсіндірмелермен таныстыру: - мәдени зерттеулердегі этноәдіснамалық тәсілдердің мәні мен айырмашылығын түсіну; - нақты тарихи және мәдени жағдайында адам топтарының қарым-қатынастарының әртүрлі түрлерін бағалау және түсіну жолдарын сыни тұжырымдау және салыстыру; - дәстүрлі және қазіргі заманғы, этникалық және қазақ мәдениетіндегі мәселелерді зерттеудің тәсілдері мен әдістерін ажырата алу және түсіндіру; этноәдіснамалық зерттеулердегі ұғымдарын, әдістері мен принциптерін қолдана білу; - түрлі этникалық мәдениеттердің адамдары топтарының күнделікті өмір сүру моделін ескере отырып қарым-қатынастары мен мінез-құлық ерекшеліктерінің әртүрлі нысандарын зерттеуде қолданылатын этноәдіснамалық әдістерін және принциптерін қолдану; - қазіргі заманғы мәдениеттің ескерткіштері мен мәдени артефактілердің электрондық, ауызша мәдениетін, нысандар, пәндер, жазбаша дерек көздерін талдау үшін этноәдіснамада герменевтика (түсіну) принциптерін қолдану. Пәннің маңыздылығы. «Мәдениеттанулық зерттеулердегі этноәдіснама» пәні әлеуметтік топтар мен индивидтердің арасындағы қарым-қатынастарды түсіну мәнін зерттейді. Этникалық топтардағы мәселелер түсінігінің мәні мен маңыздылығын, этникааралық қарым-қатынастардың, этномәдени мәселелерді зерттеудегі әдіснамалық түсініктерді ашып көрсетеді. Пән білім жүйесіне негізделген: этноәдіснаманың теориялық және тұжырымдамалық негіздері (санатты аппарат, этноәдіснаманың принциптері); жеке тұлғалар, этникалық топтар арасындағы қарым-қатынасқа байланысты қолданылатын , герменевтикалық принциптерін қолдану мазмұны; этномәдени мәселелерді зерттеудегі түсінудің әдіснамалық мәнін ашу маңыздылығы, этносаралық , этникалық топтардың өзара қарым-қатынасын түсіну мәселесінің маңыздылығы мен мәнін ашып көрсету және сипаттау қабілетіне ие болу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шығыс елдері мен Азия елдеріндегі мәдени антропология мәселелері
    Несиелер: 5

    Пәнінің мақсаты «Шығыс елдері мен Азия елдеріндегі мәдени антропология мәселелері» Шығыс елдері мен Азия елдеріндегі мәдениантропологиялық зерттеулердегі дәстүрлі мәдениеттің өзекті аспектілері мен қазіргі заманғы ангажирлік мәселелермен таныстыру. - Мәдени антропологияның әртүрлі мектептеріндегі зерттеулерде қолданылатын әдістер кешенін синтездеу; - далалық зерттеулерде қолданылатын сандық және сапалық әдістерді қолдану; - жазба дереккөздері туралы ақпаратты жіктеу; - антропологиялық материалдарды сипаттау барысы мен принциптерін анықтау; - далалық зерттеулерде өздігінен қолданылатын мәдени антропологиялық зерттеудің әдіснамасын бейімдеу және сыни баға беру; - мәдениет нысанын зерттеу бағдарламасын құру, далалық зерттеуді жоспарлау, зерттелетін материалдар көлемін кезеңмен қайта жасау. Пәннің маңыздылығы. «Шығыс елдері мен Азия елдеріндегі мәдени антропология мәселелері» пәнінің мақсаты Шығыс елдері мен Азия елдеріндегі мәдениантропологиялық зерттеулердегі дәстүрлі мәдениеттің өзекті аспектілері мен қазіргі заманғы ангажирлік мәселелермен таныстыру. Пәнді оқу барысында қарастырылатын аспектілер: Азия елдерінің мәдени антропология мәселелері бойынша теориялық және әдіснамалық көзқарастары (санатты-терминологиялық және ұғымдық аппараты, сипаттау принциптері, алынған артефактілердің жіктеу және жүйелеу), мәдени антропологиялық зерттеулердің басты кезеңдерінің мазмұны, мәдени нысан туралы ақпараттарды өңдеу және сипаттауда қолданылатын әдіснамалық тәсілдер, ерекшелігін ашып көрсету, алынған фактінің шынайлық деңгейін анықтау туралы ғылыми-кешенді және әдіснамалық көзқарасын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Антропологиядағы қазіргі мәселелер: теория және әдістер
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: қазіргі зерттеулерінің пәндік саласын үйретуге бағытталған. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - өркениеттің қазіргі заманғы қауіп-қатерлерін зерттеуде қолданылатын антропологиялық әдістері мен теориялық принциптерін қолдану қабілеті; - антропологиялық сапалардың діни-теологиялық және нәсілшілдік түсіндірмелері мен альтернативті антропологиялық гипотезаны сыни бағалау; - антропологиялық ғылымдардағы қазіргі заманғы мәселелерді сипаттау және логикалық дәлелдеуге сыни негіздеу; - әлеуметтік және мәдени антропологияның әдіснамалық бағыттарын жүйелік түсінігін көрсету.- Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: теориялық-әдіснамалық негізі (ұғымдық аппарат, мәдени объектісі принциптері, мәдени нысан туралы ақпараттарды классификациялау және жүйелеу), зерттеудің таңдалған нысанымен жұмыс мазмұнына акцент жасаудың қолданбалы негізіне (ғылыми фактілерді жинау, жинақтау, сипаттау, зерттеу жүргізу процедурасы), олардың дұрыстығы мен объективтілігі дәлелдеу аспектісінде алынған нәтижелерді тұжырымдаудан тұрады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мәдени антропология териясына кіріспе мен талдау
    Несиелер: 5

    Пәнінің мақсаты мәдени антропологияның маңызды мәселелерін зерттеудің негізгі әдістері мен әдіснамалық принциптерін зерттеу болып табылады Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: - әдістемелік тәсілдерін, тұжырымдамалық бағдарламасын сыни талдау; - далалық зерттеулер жүргізу; - дәстүрлі қауымдастықтар және қазіргі заманғы әлеуметтік-мәдени топтардың және субмәдени құралымдарды зерттеу әдістерін қолдану; - далалық зерттеу жоспары және бағдарламасын әзірлеу қабілетінің болуы; - мәдени ареалдың кеңістіктік және уақыт параметрлерін салыстыру; - субмәдени құбылыстардың, дәстүрлі қоғамдастықтардың ерекше нормалар мен құндылықтарды анықтау. Пән докторанттарды мәдени антропология пәндік саласын зерттеудің әдіснамалық принциптерімен, әдістерімен және негізгі мәселелерімен таныстырады. Пән теориялық-тәжірибелік курс, олдокторанттардың ғылыми және әдіснамалық білімін қалыптастырады. Пән білім жүйесіне (теориялар, тұжырымдамалар, ұғымдық аппарат, зерттеудің құрылым бағдарламасының қағидаттары), әдіснамалық негіздерге (әдістер, зерттеу әдіснамасы, жіктеу принциптері, ақпараттардың жүйелігі, зерттеу нысаны және тақырыпты таңдау), тәжірибелік зерттеу жүргізуге (бағдарлама құру, мәдени нысандарды талдауда қолданылатын әдістер) сүйенеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әлеуметтік-мәдени антропология әдістері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: әлеуметтік антропология пәндік зерттеу саласын үйрету. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - өркениеттің заманауи қауіп-қатерлеріне байланысты қолданылатын әлеуметтік антропологияның теориялық принциптері мен әдістерін қолдана алу; - адамзаттың антропологиялық қасиеттерін нәсілшілдік және діни-теологиялық тұрғыдан түсіндіруде, баламалы әлеуметтік-антропологиялық гипотезаны сыни бағалау; - әлеуметтік антропологияның қазіргі заманғы мәселелерін айшықтау және логикалық дәлелдемелерді сыни негіздеу. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Пән әлеуметтік антропологияның теориялық пәндік саласындағы (негізгі мектеп немесе бағыты, теориялық проблемаларын) білімге, әлеуметтік антропологияның теориялық пәндік саласы (зерттеу объектісін таңдау ерекшелігі, оның спецификасы, сипаттамалары, жүйелеу принциптері, әлеуметтік фактілерді жіктеу, зерттеу әдістері) негізделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеудің әдістері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты докторанттардың таңдап алынған бағыт, дайындық саласында заманауи ізденіс әдістерін меңгеру, ғылыми ақпаратты өңдеу және қолдану ісінде шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, сонымен бірге жоспарлау, ұйымдастыру және ғылыми-зерттеу қызметін кезең-кезеңмен өткізу, кешенді зерттеуді жобалау және жүзеге асыру ғылыми-біліктілік жұмыс (диссертация) тақырыбына сәйкес зерттеудің эмпирикалық базасымен ғылыми-эксперименталды жұмыс жүргізу қабілетін дамыту

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Код ON11

    Өзіндік ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми жобаны әзірлеу, мәдени және мәдени-антропологиялық зерттеулер әдіснамасында алынған жаңа әлеуметтік және мәдени мақсаттарға бейімдеу, алынған нәтижелерді аяқталған ғылыми жұмыс түрінде қорғау;

  • Код ON7

    Мәдениеттану және мәдени антропологияның әлеуметтік-мәдени міндеттерін зерттеу саласындағы цифрлық технологияны қолдану, компьютерлік және үш тілде сауаттылық деңгейін жүзеге асыру;

  • Код ON10

    Қойылған ғылыми білімді шығармашылық тұрғыдан шешу үшін алғашқы теориялық ұстанымдарды таңдау кезінде осы білімді әрі қарай қолдану мақсатында мәдени антропология және мәдениеттанудың жаңа бағыттарының ғылыми теориясы мен тұжырымдамаларын синтездеу және интерпретациялау.

  • Код ON4

    Мәдени қатерлерді теориялық талдау негізінде мәдени ауытқулар көріністерінің гендерлік, нәсілдік, нәсілдік және этникалық, гендерлік, сәйкестілік, алуантүрлілігінің сыни және қолдану, оларды шешу жолдарының синтезін жасау;

  • Код ON6

    Жаңа идеялар мен күрделі мақсаттарды қалыптастыруға, мәдени зерттеулер мен мәдени антропология саласындағы жаңа проблемалар мен ғылыми шешімдерді өзіндік түпнұсқа көзқарас негізінде ұсынуға;

  • Код ON1

    Мәдени және мәдени-антропологиялық зерттеулердегі теориялық және әдіснамалық тәсілдерді еліміздің заманауи мәдениеті мен мәдени өміріндегі заманауи жаһандық өзгерістер контексінде, түрлі мәдени салаларда кездесетін әлемдік үрдістер саласындағы категориялық аппаратты, ғылыми және ғылыми әдістерді меңгеруді жүйелі түрде сыни түрғыдан бағалау;

  • Код ON8

    Мәдени антропология және мәдени зерттеулер саласындағы жетекші ғылыми бағыттар мен ғылыми-зерттеу бағдарламаларының тұжырымдамалары мен теориялық принциптерін қоғамдық сана-сезімін жаңғырту, құндылыққа бағдарлау, компаниялар мен корпорацияларда мәдени мінез-құлық моделін түзету бойынша ұсыныстарды әзірлеу негізінде тәуелсіз ғылыми зерттеулер түрінде қолдану, сондай-ақ басқарудың стильдері мен әдістерін жүзеге асыру;

  • Код ON5

    Этникалық мәдениет теориясы мен мәдени-антропологиялық зерттеулердің, нәсілдік және ұлтаралық қақтығыстардың, этникалық және нәсілдік теңсіздіктің идеялары мен қағидаларын білуге негізделген әр түрлі мәдени үрдістерді, өзгерістерді, трансформацияларды критикалық түрде бағалау, жүйелеу, түсіндіру, заманауи өркениеттің ықтимал сын-қатерлерін болжау, билік үстемдігінің көріністерін тану, постколониализм және кемсітушіліктің әртүрлі түрлерін сыни бағалауға;

  • Код ON3

    Мәдениеттану және мәдени антропология саласындағы болжамдарды ұсынуға, этникалық топтардың мәдени және мәдени өмірінің қазіргі заманғы аспектілерін аймақтық және ғаламдық форматта зерттеудің авторлық көзқарастарын қалыптастыруға;

  • Код ON12

    Кәсіби біліктіліктерді игеру негізінде мәдениеттану, мәдени антропология тақырыбында ғылыми диалог жүргізу, ғылыми төзімділік, ынтымақтастық, адамгершілік принциптері тұрғысынан кең ғылыми қоғамдастықта әріптестерімен шығармашылық пікірсайыстар өткізу үшін ғылыми категориялық аппаратқа сауатты ғылыми және іскерлік қағидаларды сақтау этика, командалық жұмыс істей білу.

  • Код ON2

    Мәдениеттану және мәдени антропология саласындағы теориялық идеяларды, қағидаларды сыни талдауға, түсінуге және қорытындылауға, ғылыми нәтижелерді сыни түрғыдан талдауды жасау;

  • Код ON9

    Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін, қазіргі заманғы теорияларды, проблемаларды және тәсілдерді сыни түрде бағалау, мәдени антропология және мәдени зерттеулер мәселелерін зерттеудің жаңа үрдістерін жүзеге асыру;

Top