Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D07110 Материалтану және жаңа материалдар технологиясы в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Оқыту нәтижелері

  • Материалтану саласындағы заманауи құрылғылар мен зерттеу әдістерін жаңа материалдардың құрылымы мен қасиеттерін зерделеу, нақты нәтижелер және қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін зерттеу әдістерін біріктіру.
  • Материалтану және инженерия саласында жүйелік түсінік арқылы теориялық және эксперименталды зерттеулерді ұйымдастыру, негізгі құбылыстар мен процестердің принциптерін түсіндіру.
  • Дайын инженерлiк өнiмдердi ғылыми зерттеу, талдау, диагностикалау және енгiзудiң кешендi үдерiсiн әзiрлеу және бейiмдеу.
  • Зерттелетін салада сараптамалық талаптарға сай келетін, қолданыстағы білім көлемін кеңейтетін түпнұсқа инновациялық технологияларды әзірлеу.
  • Оқу технологиялары мен оқыту әдістерін пайдалана отырып, жоғары оқу орындарында сабақ өткізу және сабақтан тыс жұмыс жүргізу үшін оқу материалдарын әзірлеу.
  • Материалтану, инженерия және инженериялық іс саласында соңғы өнімдерді пайдаланудың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін физика-химиялық қасиеттер кешенін сыни талдау және болжау.
  • Нарықтық экономиканың сапалық талаптарына сәйкес келетін материалдар мен дайын өнімді өндіру және өңдеу технологиялық процестерін іс жүзінде енгізу және жетілдіру, сонымен қатар жобаларды басқару.
  • Қажетті қасиеттері бар өнімдерді алу үшін ғылыми бағыт аясында жоғары тиімділікті теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерін таңдау.
Top